Үшінші себеп. Жалқаулық.
Жайшылықта жұмыстан қолдары тимейтін адамдар жалқау
болады. Күн кӛріп табыс табу үшін, барлық күшін салып жұмыс
164
істейтін адамдарды білеміз. Ол отбасын толық қамтамасыз етуге
тырысады. Түнге дейін жұмыста болады, демалыс күндерінде де
жұмыс істейді. Күндердің-күнінде үйінің бос қалып, ешкімнің жоқ
екенін кӛреді. Әйелі балаларын алып кетіп қалады. Ол, әйелімен
екеуінің арасында кикілжіңнің бар екенін білетін, бірақ ӛз-ара қарым-
қатынасты дұрыстауға жұмыстан қолы тимейтін. Енді жұмыс оған
сүйкімді және соншалықты тартымды емес, жұмысқа салғырттығынан
басшылар тарапынан ескертулер кӛбейе бастайды. ақырында
жұмыстан шығарады.
Бай болмақ түгіл, оны ойлауға да қолдары тимейтін адамдарды
білемін.
Жұмыстан
қолдарың
босамаушылығы
соншалықты,
денсаулықтарына да мән бермейтіндерді де жиі кездестірем.
Мәселе біреу-ақ. Олар ӛз проблемаларымен бетпе-бет кездеспеу үшін,
әдейі жұмыстан қолдары тимеушілікке ұмтылады. Оған мұны
түсіндірудің қажеті жоқ, іштей оның бәрін жақсы біледі. Ал, оған бұл
туралы айтсаң, ызалануы және ӛкпелеуі мүмкін. Егерде жұмыста
болмаса, телевизор кӛруден, гольф ойнаудан немесе аңға шығып,
балық аулаудан қолы тимейді. Дегенмен, ең терең ой түкпірінде
маңызды бірдеңеден қашып жүргенін ол сезеді. Бұл жұмыспен
кӛлегейленген нағыз сұрқия жалқаулықтың түрі.
Бұдан қалай құтылуға болады?
Рецепт біреу-азғана сараңдық қосу керек. Бала кезімізде,
барлығымызга да сараңдық жаман деп айтылатын. Менің шешем:
«сараң адам-ол жаман». -дейтін. Дегемен, барлығымызда іштей жақсы
бағалы, сұлу заттарды немесе жаңа бірдеңелерді алуды жақсы кӛреміз.
Ата-аналарымыз бұл қылығымызды бақылауға алып, кӛңілімізді
басқаға аудару үшін, кӛбіне кінәләйтін. «Сен тек қана ӛзің туралы ғана
ойлайсың, Сенің інілерің мен қарындасыңның бар екенін білмейсің
бе?»дегендер менің шешемнің сүйікті сӛздері болатын. Ал, әкем
болса: «Мен саған не алайын? Немене бізді ақшадан құрылды дейсің
бе, әлде ақша ағаштың бұтағында ӛседі дейсің бе? Біз миллионер
емеспіз», деп айтатын. Маған әсер ететіні ақшаның жоқтығы емес,
осындай сӛздердің астарындағы олардың ашуы мен ӛкпелері еді. Ал,
165
кӛршіміз болса, кедейлігіне қарамай балаларының қолдарын қақпай,
сұрағандары мен қалағандарын орындайтын.
Бай әкем: «Мен мұны, ӛзіме істей алмаймын», "дегенді айтуға
тыйым салатын. Керісінше, ӛз үйімде мұндай сӛздерді жиі еститінмін.
Бай әке болса: «Мен мұны ӛзіме қалай істей алам?»-деген
сӛздерді айтыңдар, деп талап ететін. «Мен мұны ӛзіме істей
алмаймын» деген сӛз, адамның ойлау қабілетін әлсіретеді. —деп
есептейтін бай әке. Ал: «Мұны ӛзіме қалай істеймін?» деген сұрақ
адамды ойлануға және оған жауап табуға итермелейді. «Мен мұны
ӛзіме істей алмаймын» деген сӛздің ӛтірік екенін, бай әке жақсы
түсінетін. Осылай екенін, адам ӛзіде іштей сезінеді. «Адамның рухы
күшті. Ол барлығын істей алатындығын біледі», -дейді бай әке. Ал, Сіз
жалқау әрі ойлануды қаламасаңыз, онда Сіздің алдыңыздан: «мұны
істей алмаймын...» ӛмірбақи кетпейді. Мұндай пиғыл: әлсіздікке,
енжарлыққа, тіпті депрессияға ұрындырады.
Ал: «Мен мұны ӛзіме қалай істеймін?»-деген сұрақ жаңа
мүмкіндіктерді, ұйқыда жатқан ойыңызды түрткілеп оятып кӛруге,
жаңалыққа қарай итермелеп, бір нәрсеге түбегейлі қол жеткізуге
ықпал етеді. Сондықтан бай әкені бізге не керек екендігі
толғантпайтын ӛздеріңе: «мен ӛзіме мұны қалай істей алам?» ,-деген
сұрақты
жиі
қойып,
ақыл-ойымызды
жаттықтырып,
алға
ұмтылуымызды қатты талап ететін. Солай, ол Майк екеуімізге
жарытып ештеңеде бермейтін. Оның орнына: «мұны қалай істей
аласыңдар?»-деп сұрайтын. Сӛйтіп, біз колледждегі оқуымызды да
ӛзіміз тӛлегенбіз. Ол біздің кӛңілімізді мақсаттың ӛзіне емес, оған
жету тәсілдеріне аударуымызды қадағалайтын.
Кӛп адамдардың, ӛздеріңің армандарына жете алмағандарына
ӛкінетіндіктерін мен сезінем. Оларға бала кӛзінен бастап: «Сен мұны
істей алмайсың», «Бұған біздің қолымыз жетпейді», «Байлардың бәрі
сараң» деген сӛздер теріс ұғым беріп, аяғы кедейшілікке, жоқшылыққа
әкеліп соқтырған.
Мен «егеуқұйрық жүгірісінен» шығуды ойлағанымда : «Жұмыс
істеушілікті қалай тоқтатсам екен?», —деген сұрақты қойдым. Сонда
166
менің ойым сан-саққа жүгіріп, жауаптар мен әртүрлі амалдарды
іздестіре бастады. Сонда бала кезден қалыптасып қалған: «Мұны біз
істей алмаймыз». «Жалғыз ӛзің туралы ойлауды кысқарт» немесе
«Басқалар туралы неге ойламайсың?»,-деген басқа да осындай
догмалар етегімнен тартып, оларды жеңу қиынға түсті.
Сӛйтіп, жалқаулықты қалай жеңуге болады?
Сараңдықтың бір кішкентай бӛлігімен, -дер едім мен.
Бір уақытта отырып, асықпай мыналарға ойлану керек: «Егер,
менің денсаулығым мықты әрі сауатты, кісілерге ұнамды болсам, мен
не мақсатқа жетемін?», «Менің ӛмірім не болады, егер жұмыс
істемесем?» немесе «Менде барлығына жеткілікті ақша болса, маған
не қажет?» Біздің әлем қашанда даму үстінде, адамдар қай уақытта
болсын жақсы ӛмірге ұмтылады. Мектепке,колледжге барып оқимыз,
себебі: бірдеңеге қол жеткіземіз, -деп ойлаймыз. Сондықтан, бірдеңені
істеуге міндетті болып, бірақ одан қашқақтап жүрсеңіз, онда ӛзіңізге:
«Ал,бұдан мен не пайда табамын?» деген сұрақ қою ғана қалады.
Кішкене сараң болсаңыз, ол Сізді қуалайды. Бұл жалқаулықтың жақсы
дәрісі. Алайда, орынсыз сараңдық, басқа да теріс қылықтар секілді
зиянды. Майкл Дуглас «Уолл стрит» киносында: «Сараңдық-ол
жақсы»-дейді.
Бай әке бұл жӛнінде кішкене басқаша айтады. «Ӛкініш
сарандықтан да жаман. Ӛйткені, ол адамның жанын жейді» дейтін.
Маған бәрінен бұрын Элеанор Рузвельттің: «Ӛзіңді дұрыс дегенді
істеңіз, бәрібір қандай жағдай болсада Сізді сынайды. Істесеңізде
қарғайды, істемесеңізде қарғайды». -деге сӛзі ұнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |