Байдалиев Д. Д


  Жуалы    ауданындағы    жаңа    заманның    тарихи



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата08.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#3661
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

9  Жуалы    ауданындағы    жаңа    заманның    тарихи 
ескерткіштері 
 
  Жуалы 
ауданында  жоңғар  шапқыншылығы  кезінде 
қаһармандық  пен  батырлықтың  ерен  үлгісін  кӛрсеткен 
батырларға  арналған  екі  ескерткіш  бар.  Оның  бірі  Есім  ханның 
тұсындағы  атамекен  жерін  қорғаған  Садыбай  және  Байтана 
батырларға қойылған ескерткіш кесенесі, екіншісі сиқым руынан 
шыққан Шінетұлы Рысбекке қойылған ескерткіш. 
 
  Рысбек батыр ескеркіші 
  Жоңғар  шапқыншылығынан  Атамекен  жерін  азат  ету 
жолында  ерен  ерлік  кӛрсеткен  Сиқым    руының  батыры  Рысбек 
Шінетұлыға  арналған  ескерткіш.  Жуалы  ауданының  орталығы 
Бауыржан  Момышұлы  ауылының  солтүстік  –  шығысында 
Алматы  –  Ташкент  автомобиль  жолынан  220  метр  жерде 
орналасқан. 
  Рысбек  батыр  ескерткіші  екі  баспалдағы  бар  тұғырға 
орнатылғандай әсер береді. Бетоннан құйылған мүсіннің биіктігі 
2,6  метр.  Қаратаудың  кӛк  мраморымен  қапталған.  Ескерткіш 
тұғырының биіктігі 2 метр. 
  Рысбек  батыр  ескерткіші  батырдың  туғанына  250  жыл 
толуына  байланысты  1991  жылы  қазан  айында  ұрпақтары 
орнатқан.  
  Батыр ескерткішінің авторы сәулетші З. Тасбеков. 
 
  Садыбай – Байтана ескерткіш кесенесі   
  Есім ханның тұсында қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан 
қорғауда  шейіт  болған  Садыбай  мен  Байтана  батырларға 
арналған ескерткіш. 
  Садыбай  –  Байтана  ескерткіш  кесенесі  Жуалы  ауданының 
орталығы  Бауыржан  Момышұлы  ауылының  солтүстік  – 
шығысында,  Алматы  –  Ташкент  автомобиль  жолынан  250  метр 

43 
 
жерде орналасқан. 
  Ескерткіш  кесененің  биіктігі  6  метр,  ал  кӛлемі  8  шаршы 
метр.  Ақ  селикат  кірпіштен  ӛрілген,  тӛрт  бұрышы  мұнара 
тәріздес болып келген де тӛбесіне күмбез орнатылған. Кесененің 
алдындағы алаңға қуғын – сүргін, ашаршылық, Ұлы Отан соғысы 
және  тылдағы  қайтыс  болғандарға  арналған  мрамор  тақталар 
орнатылған. 
  Ескерткіш  1993  жылы  24  қазанда  ашылды.  Бұл  кесене 
ескерткішті  батыр  бабаларының  ерлік  -  ӛнегесін  қадір  тұтқан 
Садыбай мен Байтананың бүгінгі ұрпақтары тұрғызған. 
 
  Бауыржан Момышұлының мұражайы мен ескерткіші 
  Батыр  жерлесіміз  –  Кеңес  Одағының  батыры,  Екінші 
дүниежүзілік соғыстың даңқты қаһарманы, полковник Бауыржан 
Момышұлының  мұражайы  мен  ескерткіші  аудан  орталығының 
оңтүстігінде,  Қайрат  елдімекенінің  аймағында,  Мыңбұлақ  орта 
мекетбінің шығыс жағында орналасқан. 
  Мұражай 1995 жылы 5 мамыр күні батырдың 85 жылдығына 
орай  салтанатты  түрде  ашылды.  Мұражай  алдына  Бауыржан 
Момышұлының 
бюсті 
орнатылған. 
(Бұрын 
ол 
бюст 
Кременевский  (Шақпақата)  совхозының  әкімшілік  үйінің 
алдында  болатын)  Батыр  ескерткішінің  тұғыры  екі  баспалдақ 
мрамор  текпішектен  тұрады.  Ескерткіштің  тұғырымен  қоса 
есептегенде  биіктігі  3,5  метр  болады.  Батыр  мұражайының 
композициясы  ашылған  кітап  пен  ортасынан  жоғары  шығып 
тұрған жазу қаламсабын бейнелейді. 
  Мұражайдың  ішінде  Бауыржан  Момышұлының  Екінші 
дүниежүзілік  соғыс  жылдарындағы  ерлігін  баяндайтын  мол 
мәліметтер  жинақталған.  Батырдың  пайдаланған  жеке  заттары, 
әскери  құралдары,  жазған  еңбектері,  Бауыржан  туралы  басқа 
авторлардың кітаптары т.б. заттар қойылған. 
  Мұражайдың  басқа  бӛлігінде  батырдың  майдан  кӛрінісі 
туралы кӛптеген суреттері мен хаттары, Куба сапары, Жуалылық 
батыр  жауынгерлер  туралы  кӛптеген  деректі  құжаттар  орын 
алған. 
  Мұражай  алдындағы  алаңда  сәнді  гүлзарлар  жасалып, 
гүлдер  егілген.  Бауыржан  Момышұлы  мұражайының  жобасын 

44 
 
сәулетші Т.Жылыбаев жасаған.   
 
  Ұлы  Отан  соғысының  құрбандарына  арналған  тарихи 
ескерткіштер  Жуалы  ауданында  10  шақты  елдімекендердің 
орталықтарында  орнатылған. Ол  ескерткіштердің композициясы 
әртүрлі,  ал  негізгі  мақсаты  болашақ  ұрпақты  ерлік  дәстүрге, 
отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. 
  1. 
Бауыржан 
Момышұлы 
ауылындағы 
Жауынгер 
жерлестерге  арналған  ескерткіш.  Бұл  тарихи  ескерткіш  аудан 
орталығы  Бауыржан  Момышұлы  ауылының  орталығында, 
әкімшілік  ғимаратының  жанына  орнатылған.  Ескерткіш 
мемориалдың  тұғырымен  қоса  есептегендегі  биіктігі  5  метр. 
Алдына мәңгілік алау орнатылған. 
  Жауынгер  Жуалылық  жерлестерімізге  арналған  бұл  тарихи 
ескерткіш  тӛрт  бұрышты  мрамор  тасынан  тұрғызылып  ең 
тӛбесіне  жұлдыз  орнатылған.  Бұл  ескерткіш  те  жеңіс  күнінде, 
басқа  да  салтанатты  жағдайларда,  сол  сияқты  жаңадан  отау 
құрған жас жұбайлар гүл шоқтарын қойып, тағзым етіп жатады. 
  2.  Ұлы  Отан  соғысының  құрбандарына  арналған 
ескерткіш.  Қарасаз  ауылының  орталығындағы  мәдениет  үйінің 
алдына орнатылған. Бұл ескерткіштің алдындағы тақтаға соғыста 
опат  болған  Қарасаз  елдімекенінің  жауынгерлерінің  аты  –  жӛні 
жазылған. 
  3.  Ұлы  Отан  соғысының  құрбандарына  арналған 
ескерткіш.  Жаңаталап  ауылындағы  мәдениет  үйінің  алдына 
орнатылған.  Бұл  тарихи  ескерткіш  соғыстан  баласын  күткен  ана 
бейнесінде  жасалған,  биіктігі  тұғырмен  есептегенде  3  метр. 
Ескетркіштің  жанына  орнатылған  мрамор  тақтатасқа  сол 
елдімекеннің  Ұлы  Отан  соғысында  қаза  тапқан  жауынгерлердің 
есісмдері қашалып жазылған. 
  4.  Ұлы  Отан  соғысында  құрбан  болған  жауынгерлер 
мемориалы.  Қошқарата  елдімекенінің  орталығына  орнатылған. 
Бұл тарихи ескерткіш 1978 жылы қойылды. Ескерткіштің биіктігі 
тұғырмен қоса есептегенде  4,5 метр. Онда соғыстан ұлын күткен 
ана образы бейнеленген. Ескерткіштің артқы жанындағы мрамор 
қабырғаға  Қошқарата  аймағынан  соғысқа  кетіп  оралмаған 

45 
 
жауынгерлердің  аты – жӛні қашалып жазылған.  
  Бұл тарихи ескерткіш бұрынғы ХХІІ партсъезд колхозының 
тӛрағасы, ХХІІІ - съезд делегаты болған Жұрынбай Медетовтың 
басшылығымен  салынды. 
  5.  Ұлы  Отан  соғысының  құрбандарына  арналған  тағы 
бір  тарихи  мемориал  ескерткіш    Шақпақата  ауылдық  округіне 
қарасты Ынтымақ ауылындағы мектеп ауласына орнатылған.  
  Мемориал 2006 жылы 9 мамыр - Жеңіс күніне орай ашылды. 
Оның    тұғырымен  қоса  есептегендегі  биіктігі  4,5  метр  болады, 
композициясы үш бӛлек гранит тастан тұрады. 
  Бірінші  биік  гранит  тақтаға  осы  Ынтымақ  ауылынан  Ұлы 
Отан  соғысында  қайтыс  болғандардың  тізімі  жазылған.  Екінші 
орташа  гранит  тақтада  Ұлы  Отан  соғысына  қатынасып,  кейін 
бейбіт  кезде  қайтыс  болғандардың  аты  –  жӛні  кӛрсетілген. 
Үшінші  одан  аласалау  тақтаға  тылдағы  майдан  үшін  еңбек  етіп 
жүріп қайтыс болғандардың тізімі қашап жазылған. 
  Бұл Ынтымақ ауылындағы  мектеп ауласына орнатылған бұл 
тарихи ескерткіш жастарды отаншылдыққа, ерлікке тәрбиелейтін 
бірден – бір қасиетті орын болып табылады. Ескерткіш Ынтымақ 
ауылының тұрғындарының қаржысына салынған. 
   6.  Ұлы  Отан  соғысында  құрбан  болған  жауынгерлерге 
арналған  ескерткіш.  Қарасаз  ауылдық  округіне  қарасты 
Ақбастау  ауылында  да  бар.  Ескерткіш  Ақбастау  ауылындағы 
Б.Майлин  атындағы  орта  мектептің  алдына  орнатылған. 
Ескерткіш  қабырғасындағы  мрамор  тақтаға  Ақбастау  ауылының 
Ұлы  Отан  соғысында  қаза  тапқан  жауынгерлердің  аты  –  жӛні 
жазылған.  Ескерткіш  2005  жылы  ашылды,  ол  ауыл 
тұрғындарының қаржысына салынды.  
  7.  Ұлы  Отан  соғысы  құрбандарына  арналған  ескерткіш 
мемориал.  Қызыл  арық  ауылдық  округіне  қарасты  Теріс 
ауылындағы  әкімшілік  ғимаратының  алдына  орнатылған.  Онда 
автомат  ұстаған  жауынгер  бейнеленген.  Тұғырмен  есептегенде 
ескерткіш  мемориалдың  биіктігі  4  метр  болады.  Ескерткіш 
алдындағы мрамор тақтада осы елдімекеннен аттанып, Ұлы Отан 
соғысында  опат  болған  жауынгерлердің  аты  –  жӛні  қашалып 
жазылған. 

46 
 
  Осы жоғарыдағы кӛрсетілген патриоттық рухтағы Ұлы Отан 
соғысының  құрбандарына  қойылған  ескерткіш  Тасбастау  және 
Қарбастау елдімекендерінде де бар. 
 
  Депортацияланған поляк халқының ӛкілдеріне арналған 
ескерткіш 
 
  Бұл  ескерткіш  Шақпақата  ауылдық  округіне  қарасты 
Шақпақ  станциясындағы  теміржол  маңындағы  тоғайдың  ішінде. 
Ескерткіштің  пішіні,  биіктігі  3,5  метр.  Ескерткіштің  алдыңғы 
бетінде осы Жуалы жеріне келіп қайтыс болған депортацияланған 
поляктардың аты – жӛні жазылған. 
  Бұл ескерткіштің осы Жуалы жеріндегі Шақпақ станциясына 
орнатылу 
себебі, 
1940 
жылдың 
желтоқсан 
айында 
депортацияланған поляктар эшолоннан осы станцияда түсірілген. 
Сонда  жол  -  жӛнекей  поезда  қайтыс  болғандарды  алғаш  осы 
жерге жерлепті. 
  Ескерткішті  2002  жылдың  маусым  айында  поляктар 
тұрғызды.  Жыл  сайын  бұл  ескерткіштің  басына  сонау  алыстағы 
поляк  жерінен  сол  депортацияның  құрбаны  болғандардың 
ұрпақтары,  жақындары  келіп  еске  алып,  гүл  шоқтарын  қойып 
тұрады.  
  Біздің тарихымыз – Атамекен туған жеріміздің тӛл шежіресі, 
оны келер ұрпақтың санасына сіңіру бүгінгі күннің басты талабы.  
  Мәдени  мұраларды  зерттеу,  сақтау,  қорғау  және  оны 
қолдануға  игі  бетбұрыс  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  бүгінгі 
Қазақстанның  алдында  тұрған  маңызды  міндеттермен  қатар 
мәдени  мұрамызды  дамыту  мәселесі  туралы  Үндеуімен  тығыз 
байланысты.  
  Осыған  байланысты  «Мәдени  мұра»  атты  мемлекеттік 
бағдарлама да жасалды. 
  Қазіргі 
кезде 
археологиялық 
деректер 
негізінде 
Қазақстанның 
ежелгі 
және 
ортағасырлардағы 
тарихы 
жинақталуда. Мұндай археологиялық зерттеу жұмыстары Жуалы 
жерінде де жүргізе бастады. 
 

47 
 
 
        Жуалы ӛңіріндегі тарихи – мәдени ескерткіштер 
 
 

48 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ІІІ Жуалы жерінің жер – су атауларының тарихы 
 

49 
 
 
 
 
Атамекен  жеріміздегі  жер  тарихы  мен  ел  тарихы 
атауларының  кӛзі  ғасырлар  бойы  тарих  кӛшінде  алмасқан 

50 
 
ұрпақтар  санасында  сақталып,  жалғастық  дәстүр  негізінде 
тұрақтанып  қорланған  жиынтығының  бір  кӛрінісі.  Қазіргі  кезде 
тарихи зерденің бір саласы ретінде танылған адамзат баласының 
тербеліп  ӛскен  тал  бесігі  –  Жер  ананың  –  атауларына  дейін 
жаңаша мән - мағына берілуде. 
Қазақстан  Республикасы  білім  беру  саласының  алдында  ӛз 
ӛлкесінің тарихын, рухани байлығын, табиғатын елін, жерін жас 
ұрпаққа  терең  таныта  білу  міндеті  қойылып  отыр.  Бұл  мәселе 
Қазақстан  Президентінің  2004  жылғы  Жолдауында  «мәдени 
мұраны сақтауда» баса кӛңіл аудару қажеттілігінен   туындайтын 
ұлт  мәдениеті  мен  дүниетанымын  зерделеудің  біртұтас  жүйесін 
жасауды  мақсат  тұтатын  «Мәдени  мұра»  бағдарламасында  да 
кӛрсетілген. 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Жалпақ  жұртыңды,  иісі  алашыңды 
құрметтеу  алдымен  ӛзің  тұрған  ӛлкеңнің  тарихын,  табиғатын 
танудан басталады» - деп баға берген. 
Осы  тұрғыдан  ізденіс  жасап,  әлі  де  болса  тереңірек  ұғына 
түсетін мәселелердің бірі - халқымыздық кіндік қаны тамған ата 
мекені, ӛлкеміздің жер – су атаулары болмақ. «Жер – судың аты  - 
тарихтың хаты» - деп ұрпақтан  - ұрпаққа ауысып, жалғасып келе 
жатқан  географиялық  жер  атауларының  қатпарынан  халық 
даналығының ізін кӛреміз. Осы халық даналығын терең ұғынған 
Шоқан  Уәлиханов:  «Кӛне  түркі  салт  –  сана,  әдет  –  ғұрпының 
қаймағы  бұзылмаған  қазақтарда  ӛмірдің  бір  саласын  қамтитын 
тарихи оқиғалармен байланысты адам аттары, жер - су атаулары, 
тағы  басқалары есте  сақталып,  атадан  балаға  жалғасып  жатады» 
деп  баға  берген.  (Ш.Уәлиханов  Таңдамалы.  Алматы,  1985,  115 
бет). 
Халқымыз  ғасырлар  бойы  кӛшіп  қонып  келген  ӛзінің 
атамекен 
атауларын 
кӛп 
жағдайда 
жер 
бедері 
мен 
ерекшеліктеріне  орай  ӛте  дәл,  кӛркем  ұғымдармен  ерекше  етіп 
бере  білген.  Олардың  кейбіреулерінде  кісі  атымен  (антропоним) 
атау  тәжірибесі  де  кездесіп  отырған.  К.Г.  Паустовский:  «Жер 
атаулары дегеніміз – халықтың ӛз елін ақындық тілмен бедерлеуі. 
Бұлар – халықтың мінез – құлқы, тарихы, ой аңсары мен тұрмыс - 
салт  ерекшеліктері  туралы  сыр  шертеді»  -  деп  тамаша  етіп 

51 
 
анықтама 
берген.(Мекемтас 
Мырзахметов. 
Қазақ 
қалай 
орыстандырылды? Алматы: Атамұра, 1993, 58 бет). 
Кӛне  заманнан  бүгінгі  күнге  дейін  ата  мекен  жер  –  су 
атауларының  қалыптасуы,  сан  алуан  тарихи  оқиғалардың 
әсерінен  ӛзгерістерге  ұшырап  жатуы  заңды  құбылыс.  Олардың 
жаңаша 
дүниетанымның 
ықпаламен 
алмасып 
жатуына 
жаугершілік, 
отаршылдық 
сияқты 
саяси 

әлеуметтік 
жағдайлардың әсер етуіне тікелей байланысты болған. 
Жер  атауларының  ерекшеліктерімен,  олардың  уақыт 
талабына  сай  ӛзгеруінде  белгілі  территорияға  қоныс  аударған 
адамдардың  ішкі  және  сыртқы  миграциясын  айқын  кӛруге 
болады. Мысалы: Сақ тайпасы, олардың орнын басқан Үйсіндер 
мен  Қаңлылар.  Оларды    алмастырған  Түркі      қағанаты  мен 
түргештер.  Араб жаулауы, Тан династиясы, қарлұқтар, оғыздар, 
қыпшақ  хандығы.  Монғол  шапқыншылығы,  Ақ  орда  мемлекеті, 
Қазақ  хандығы,  Жоңғар  шапқыншылығы  мен  миграциясы, 
Қырғыз  елінің  территориялық  ұлғаюы,  Дулат  тайпасының  бел 
алуы,  Қоқан  хандығының  ықпалы,  Орыс  колонизациясы, 
жергілікті халықтың демографиялық жарылысы. 
Қазақ 
хандығының 
ішкі 
миграциясы: 
ашаршылық 
жылдардағы  Сарысудағы  тама  –  табын  руларының  Жуалыға 
қоныс аударуы, тыңды игерудегі сыртқы миграция, ХХ ғасырдың 
90 – шы жылдарындағы оралмандар миграциясы ауданның жер – 
су атауларына ӛз лебін қосты. 
Жер – су атауларының ӛзіндік танымдық және ағартушылық 
маңызы  бар.  Бұл  географиялық  атаулар  еліміздегі  егемендіктің 
бекігендігі  мен  ұлттың  басымдығы  мен  қайта  жаңғыруының 
айғағы.  
Жуалы  жерінің  жер  -  су  атауларын  тарихтың  хаты  десек, 
олар  негізінен  әр  кезеңдегі  тарихи  оқиғаларға,  жеке  тұлғаларға, 
табиғи жағдайларға байланысты қойылғандығын кӛрсетеді. 
             
Жуалы ауданы. Жамбыл облысының оңтүстік – батысында 
орналасқан.  Ол  алғашында  1928  жылы  құрылып,  бұрынғы 
Шымкент  облысының  (қазіргі  Оңтүстік  Қазақстан  облысы) 
құрамында  болған.  1951  жылы  Жамбыл  облысының  құрамына 

52 
 
кірді. Жер кӛлемі 4,2 мың шаршы шақырым. Аудандағы 52 елді 
мекен 15 ауылдық әкімшіл округке біріктірілген. Аудан орталығы 
Бауыржан Момышұлы ауылы. 
Жуалы  ауданы  Теріс  (Асы)  ӛзенінің  жоғарғы  және  орта 
ағысында,  жерінің  басым  бӛлігін  Жуалы  таулы  үстірті  алып 
жатыр.  Ауданның  жері  таулы  келеді:  солтүстігінде  Қаратау, 
батысында  Құлан,  Боралдай  таулары,  оңтүстігі  мен  оңтүстік  – 
шығысында  Талас  Алатауы,  шығысында  Қырғыз  Алатауы 
қоршап  жатыр.  Ауданның  солтүстік  шығысында  Билікӛл 
қазаншұңқыры  орналасқан.  Жуалы  жерінен  Теріс,  Шақпақ, 
Ақсай, Кӛксай, Боралдай, Қошқарата, Бахаты ӛзендері ағып ӛтеді. 
Теріс ӛзенінің бойында Теріс – Ащыбұлақ су бӛгені салынған. 
Жуалы  ауданының  жер  қойнауынан  тас  кӛмір  мен  түрлі 
құрылыс 
материалдары 
кездеседі. 
Климаты 
қоңыржай 
континентті,  қысы  суық,  жазы  ыстық,  қуаң  болып  келеді. 
Ауданның  таулы  үстіртінің  сұр  топырағында  жусан,  астық 
тұқымдас ӛсімдіктер, боз, селеу, қызыл қоңыр топырағында түрлі 
шӛптер  жуа,  кекіре  т.б  ӛсімдіктер  ӛседі.  Талас  Алатауының 
беткейлері – альпілік және субальпілік шалғын болып келеді. Бұл 
ӛңір  Ақсу  –  Жабағылы  қорығының  солтүстік  бӛлігі    саналады. 
Аудан аймағында қасқыр, түлкі, аю, қоян, арқар, таутеке, борсық, 
суыр, кекілік және тағы басқа да аң – құстар мекендейді. 
Аудан жерінен Түркістан – Сібір темір жолы және Алматы – 
Ташкент, Б.Момышұлы – Қошқарата автомобиль жолдары ӛтеді. 
 Жуалы  ауданының  жері  Боралдай,  Жетітӛбе,  Шақпақата, 
Күреңбел,  Қарасаз,  Кӛктӛбе,  Б.Момышұлы,  Ақсай,  Билікӛл, 
Ақтӛбе ауылдық округтеріне бӛлінген. 
 Бұл  ӛңір  ерте  заманнан  тау  баурайларынан  бастау  алатын 
бұлақтарының  кӛптігінен  «Мыңбұлақ»,  кейінірек  сай  – 
салаларында  ӛсетін  жуаның  кӛптігіне  байланысты  «Жуалы» 
атанған.  Кӛнекӛз  қариялар  Жуалы  аймағын  үш  бӛлікке  бӛліп 
атайды.  «Ұлы  Жуалы»  -  ол  Талас  Алатауынан  басталып 
Жетітӛбеге  дейінгі  аймақты  алып  жатыр.  «Бел  Жуалы»  -  деп 
Жетітӛбеден  басталып    Күреңбел  жотасының  арасын  атайды. 
«Кіші  Жуалы»  Күреңбелден  басталып  Қошқарата  аймағымен 
аяқталады. 

53 
 
  Жуалы  аймағының  осындай  географиялық  объектілердің 
баршасы  ӛзіне  тән  топонимдік  атауларға  ие.  Онда  осы  мекенді 
ежелгі ата – бабаларымыздың қоныстануының тарихи кезеңдері, 
шаруашылық  іс  –  қимылдары,  қарым  –  қатынастары,  кӛп 
ғасырлар  бойы  орын  алған  тарихи,  саяси  және  әлеуметтік 
ӛзгерістері  кӛрініс  тапқан.  Халықтың  рухани  байлығы  мен 
даналығының  қоймасы  сияқты  осы  тарихи  жер  –  су  атауларын 
халқымыздың  ауызша  шығармашылығы  ретінде  сақтауды  және 
қорғауды  қажет  етеді.  Олардың  әрқайсысының  атауларында 
терең  тарихи  сыр  мен  шежіре  жатыр.  Енді  осы  Жуалы  жерінің 
тарихи  жер  –  су  атауларының  шығу  тарихына  жеке  –  жеке 
тоқталайық.       
      
Адыраспантӛбе  
Жуалы  ауданында  «Адыраспантӛбе»  аталатын  үш  тӛбе  бар. 
Оның  біріншісі:  Бауыржан  Момышұлы  ауылының  батысында 
Алматы – Ташкент автомобиль жолының 400 метр солтүстігінде 
орналасқан. Ол жерде ХVІІІ – Х ғасырлық қала да шартты түрде 
Адыраспантӛбе қалашығы аталады. 
Екіншісі:  Шақпақ  ата  елдімекенінің  оңтүстігінде  Алматы  – 
Ташкент  автомобиль  жолының  батыс  іргесінде  орналасқан. 
(Бұрынғы ортағасырлық Шақпақ қалашығының орны). 
Үшіншісі:  Б.Момышұлы  ауылынан  солтүстікке  қарай  2 
шақырымындағы 
Ақбастау 
елдімекенінің 
шығысында 
орналасқан.  
Бұл  жерлердің  Адыраспантӛбе  аталу  себебі  онда  дәрілік 
қасиеті  бар  адыраспанның  ӛсуіне  байланысты  қойылған  атау. 
Адыраспан  –  түйетабандар  тұқымдасына  жататын  кӛп  жылдық 
шӛптесін ӛсімдік.  
Адыраспанның  құрамында  алкалоидтер  бар,  оларды 
медицинада  түрлі  ауруларды;  қан  тоқтатуға,  безгек  ауруына, 
суық тиіп ауырған адамды емдеуге қолданады.   
 
 
Айнакӛл 
Ақсу  -  Жабағылы  қорығының  солтүстік  шығыс  жағында, 

54 
 
Жуалы  ауданы  мен  Түлкібас  ауданының  шектесер  жеріндегі  Іле 
Алатауының  Кӛксала    шатқалында    Айнакӛл  аталатын  кӛл  бар. 
Ол  кӛлге  жан  –  жағынан  келіп  екі  –  үш  шағын  бұлақтар  келіп 
құяды.  Бұлақтар  тастақты  жермен  аққандықтан  суы  таза  келеді.  
Кӛлдің Айнакӛл аталуына себеп оның суының мӛп - мӛлдір таза 
болуы. Тау үстіне шыққанда алдыңнан айнадай болып жарқырап 
жатады. Бұл жерде революцияға дейін Шақпақ аймағында  мекен 
еткен  байлардың  жазғы  жайлауы  болған.  Кӛлдің  атауы 
гидронимдік атау болып саналады. 
 
Ақбастау 
Жуалы жерінде Ақбастау аталатын екі бастау бар: біріншісі 
Құлан  тауындағы  Құлан  асуының  жанындағы  Үлкен  Ақбастау 
екіншісі,  Ақбастау  (бұрынғы  Ясная  поляна)  ауылының  тӛменгі 
жағындағы  кіші  Ақбастау.    (Біз  екі  Ақбастауды  шатыстырмас 
үшін  шартты  түрде  әдейі  «үлкен»  және  «кіші»  Ақбастау  деп 
алдық). 
Үлкен Ақбастаудың орналасқан жері бұрынғы Шаңышқылы 
руының  ескі  жұрты  Бірлік  ауылынан  600  метр  жоғары  Құлан 
асуының оңтүстігінде. 
Үлкен  Ақбастаудың  батыс  жағы  биік  жарлауыт,  оңтүстігі 
мен  солтүстігін  үлкен  қыраттар  қоршаған  үлкен  қазаншұңқырда 
орналасқан.  Жартастардың  түбінен  екі  жерден  бұрқырап  үлкен 
бір арық су ағып шығады, судың кӛптігі сондай кешіп ӛткен атты 
адамның  үзеңгісіне  жетерліктей.  Ал  қазаншұңқырдың  ішіндегі 
гүрілдеген  дауыстан  құлақ  тұнады.  Суы  тіс  сындырардай  тастай 
суық.  
Ақбастауды жергілікті жұрт  «Әулие бастау» деп те атайды. 
Бұрын  осы  бастаудың  басына  Бірлік  ауылының  тұрғындары 
жиылып кӛктемде тасаттық (құдайы тамақ) беретін болған. 
Ақбастау  кезінде  тӛменгі  жағындағы  егінді  бау  –  бақшаны 
сол  сияқты  Бірлік  ауылын  суландырған.  Бастау  суы  Бірлік, 
Шақпақ  ауылдарының  ортасынан  ағып  ӛтіп  Шақпақ  ӛзеніне 
қосылады. 
Бұлақтың Ақбастау аталуы оның ешқандай сындық сипатқа 
байланысты  емес,  ӛйткені  оның  тӛңірегінде  ақ  сынымен 

55 
 
ерекшеленетін  белгі  жоқ,  оның  этимологиясы  «тұнық  бастау» 
мәніндегі гидронимдік атау. 
 
Ақсай 
Ақсай  топонимдері  Республикамыздың  және  Қырғызстан, 
Әзірбайжан,  Түркия  т.с.с.  ӛзге  республикалардың  аймағында  да 
кӛптеп кездесетін ӛзен, елдімекен, сай атаулары. 
Біздің  Жуалы  жерінде  Ақсай  аталатын  ӛзен  бар.  Бұл  ӛзен 
ауданымыздың  оңтүстік  шығысындағы  Талас  Алатауының 
баурайынан  басталып,  Теріс  ӛзеніне  барып  қосылады.  Ӛзеннің 
тау  баурайындағы  ағысының  арыны  ӛте  қатты.  Ақсай  ӛзенінің 
жағасында  осы  Жуалының  тӛл  перзенті  Бауыржан  Момышұлы 
балалық шағын ӛткізген. Ақсай ӛзені туралы ол былай жазады: 
                               Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай. 
                                Ішсем суы татиды шекер - балдай. 
                                Қызғалдақ, қалың егіс, кӛк жоңышқа, 
                                Сенен артық жер шіркін ӛтер қандай. 
                                  
                                Кӛк орай шалғын кең ӛлкем жерің дәнді, 
                                Жазың салқын, жайлауың малға жайлы, 
                                Сағынып алыс жерден келгенімде, 
                                Кӛзім тойып кӛркіңе, мейірім қанды. 
 
 
(Бауыржан  Момышұлы.  Қанмен  жазылған  кітап.  Алматы: 
Қазақстан, 1991, 375 – 376 бет.) 
Түркия, Қырғыз, Әзірбайжан халықтарында «Ақсу» сӛзі сай 
тұлғалары  «чай»  түрінде  келеді  де  ол  «ӛзен»  (су)  мәнін  береді. 
(Еркебай  Қойшыбаев.  Қазақстанның  жер  –  су  аттары  сӛздігі. 
Алматы:  Мектеп,  1985,  34  –  35  бет).  Ал  «ақ»  сӛзі  тау 
жыныстарының  ақ  түстілігіне  байланысты  я  болмаса, 
К.К.Юдахин  айтқандай  «шалғынды  жота»  мәнінде  болуы 
мүмкін»  -  деп  кӛрсетеді.  (Юдахин  К.К.  Киргизско  –  русский 
словарь. Изд. Советская энциклопедия. Москва 1965, 226 стр.)  
Қорыта 
айтқанда 
Ақсай 
сӛзі 
«ақ» 
және 
«сай» 
компонентерінен құралған атау.                            

56 
 
Ақсай  ӛзенінің  тау  шатқалынан  ағып  шығар  жерінде  1970 
жылға  дейін  шағын  электростанция  аудан  тұтынушыларына  ток 
кӛзін беріп тұрған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет