Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата08.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#3661
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 
Ақсақал сай 
Кіші 
Қаратаудың 
шығыс 
беткейіндегі 
Қарабастау 
елдімекенінен  8  шақырым  батысқа  қарай  орналасқан  шатқалды 
Ақсақал  сай  деп  атайды.  Бұл  жерде  бұрын  шағын  ауыл  болған. 
Шатқалдың ішінде түрлі жеміс – жидек ӛсімдіктері ӛседі.  
Шатқалдың  Ақсақал  сай  аталуы  сол  жерде  мекен  еткен 
кісінің есіміне байланысты қойылған антропонимге жатады.  
 
 Ақсу-Жабағылы 
 Талас  Алатауының  солтүстік  -  батыс  бӛлігін  алып  жатқан, 
Жуалы  және  Түлкібас  аудандарының  аумағында  орналасқан 
қорық  Ақсу  -  Жабағылы  аталады.  Ол  1926  жылы  құрылған,  жер 
аумағы  75,09  мың  гектарды  құрайды.  Ақсу  -  Жабағылы  қорығы 
ЮНЕСКО  -  ның  дүние  жүзілік  қорықтар  тізіміне  енген.  Жан  - 
жануарлар және ӛсімдіктер әлемі ӛте бай. 
Қорық  негізінен  Ақсу  және  Жабғылы  атты  екі  ӛзеннің 
аумағында  орналасқан.  Ӛзеннің  Ақсу  аталу  себебі  тереңдігі  500 
метрге дейін жететін аңғарлардағы су ақшыл жыныстарды жарып 
ӛтетіндіктен  су  ақшыл  түске  ие  болады.  Сондықтан  ӛзеннің 
орысша атауы «Белые воды» болып аталған.  
Ел  аузында  сақталған  аңыздарға  құлақ  түрсек,  Ақсу  - 
Жабағылының  аталуына  байланысты  екі  түрлі  аңыз  әңгіме 
айтылады.  
Бірінші  нұсқасы,  ертеде,  жаугершілік  заманда  тау 
аңғарларын  паналап  жаудан  тығылған  елден,  бір  жылдан  соң 
хабар  білмек  болып  шыққан  іздеушілердің  алдынан  жабағы 
кездесіпті, содан жердің аты «Жабағылы» аталыпты - десе, екінші 
нұсқасы  бұл  аймақ  «Жабағылы»  деген  байдың  жайлауы  екен  – 
дейді.  Сондықтан  жер  атауы  Жабағылы  болып  аталған  деп 
түсініктеме  береді  Ақсу  –  Жабағылы  қорығының  бұрынғы 
ғылыми қызметкері Бектұр Тӛлеуішұлы. 
Ал  шындығына  келгенде  Ақсу  -  Жабағылы  аталуы  Ақсу 

57 
 
және Жабағылы ӛзендерінің атымен байланысты екендігі  даусыз. 
Еркінбек 
Қойшыбаевтың  Қазақстанның  жер 

су 
атауларының  сӛздігі  кітабында,  Ақсу  –  Жабағылы  туралы 
тӛмендегідей  анықтама  береді:  «Ақсу  –  Жабағылы  бұл  қос 
тұлғалы атау: Ақсу және Жабағылы ӛзендерінің қосарланған түрі.  
Махмұд  Қашғари  Жабағы  этнонимі  жӛнінде  оны  «йабақұ» 
деп  кӛрсеткен.  ХІ  ғасырда  ӛмір  сүрген  кӛне  түркінің  йабақұ 
тайпасына  –  лы  қосымшасы  жалғану  арқылы  жасалған  – 
«жабағылы»  -  деп  кӛрсетеді.  (Қазақстанның  жер  –  су  аттары 
сӛздігі. Алматы: Мектеп, 1985, 100бет.)  
 
Ақтасты 
Ел  аузында  «Ақтасты»  немесе  «Ақтасты  әулие»  аталатын 
бұл тарихи жер қазіргі Рысбек батыр ауылының шығысында 2,5 – 
3  шақырымдай  жердегі  қыратта  орналасқан.  Ақтасты  әулие  деп 
аталатын  осы  жерде  ӛте  кӛнеден  келе  жатқан  ескі  қорым  бар. 
Бейіттердің  бастарына  арабша  жазулары  бар  тақталар 
орнатылған. 
Ақтастыдағы  атақты  тарихи  оқиға  туралы  Қазыбек  бек 
Тауасарұлы  «Түп – тұқияннан ӛзіме шейін» атты тарихи шежіре 
кітабында мол мәлімет береді.  
«1107  –  тауық  жылы  наурызда  ойраттар  мен  торғауыттарға 
қытайлар  шабуыл  жасап  енді  қалмақтардың  күші  екіге  бӛлінді. 
Біз  қалайда  еліміздің  қалың  ортасында  бүлік  салғандарды 
құртуды ойластырдық. 
Жолбарыс  хан  да  Тӛле  де  ордаға  кетті.  Орда  ол  кезде 
Қаратаудың  ығында  еді.  Ол  жер  бүгінде  Жолбарыс  қамалы 
аталады.  Сондықтан  хан  кеткен  соң,  13  мың  ұлы  жүз  қолына 
басшылық ету маған жүктелді. Біз Қаратауға – Екітұраның батыс 
жағына  орналастық.  Бұдан  әрі  Ақтасты  тӛңірегінде  қалмақтар 
жатыр»  -  делінген.  (Қазыбек  бек  Тауасарұлы.  Түп  –  тұқияннан 
ӛзме шейін. Алматы: Жалын, 1993,  236 бет). 
Ақтасты жері атақты Рысбек батырдың балалық шағы ӛткен 
жер.  Ол  туралы  «Сиқым  Рысбек  батыр»  және  «Тӛле  би  мен 
Қойгелді» кітапшаларында да жазылған. 

58 
 
1757  жылдың  жазында  Рысбек  батырдың  қолы  қалмақтарға 
тұтқиылдан  шабуыл  жасап  ордаларын  талқандап  Ақтастыда 
жауды шығынға ұшыратқаны туралы бізген ӛткен тарихымыздан 
белгілі.  Сол  соғыста  қаза  тапқан  қазақ  жауынгерлері  сол 
Ақтастыға  жерленген.  Бұл  жердің  «Ақтасты»  аталатын  себебі, 
ӛзінің  тіке  мағынасында  ақ  және  тас  компонентерінен  құралған 
атау. 
Ол  жерде  үйдің  орнындай  үйілген  ақ  тастар  бар,  атау  сол 
үйілген ақ тастарға байланысты қойылған.       
 
Алмалы 
Алмалы  -  Қошқарата  аймағының  солтүстік  батысындағы 
Боралдай  тауындағы  шатқалдың  аты.  Тау  шатқалының  ішінде 
қалың жыныс, жабайы алма, жабайы жүзім т.б. табиғи ӛсімдіктер 
кӛп ӛседі. 
Республикада  Алмалы  аталатын  атау  таулы  ӛңірлерде  кӛп 
кездеседі.  Қазақ  тілінің  үндестік  нормасына  сай:  Арқарлы, 
Аршалы, Бұғылы, Қарағайлы, Тобылғылы сынды атауларда «лы» 
қосымшасы  арқылы  пайда  болған  атаулар  тобына  Алмалы  да 
жатады. 
Шатқалдың Алмалы аталуына ондағы ӛсетін қалың жабайы 
алма негіз болған. 
 
Амансай 
Шақпақата 
елдімекенінің 
батысындағы 
екі 
таудың 
ортасындағы аңғар осылай аталады. Бұл жердің Амансай аталуы 
туралы  ел  аузында  екі  түрлі  аңыз  айтылады.  Бірінші  нұсқасы, 
жаугершілік  кезде жан сауғалаған шағын ауыл қалың жынысты 
осы  сайдың  түкпіріне  паналап  аман  қалыпты  делінеді.  Екінші 
нұсқасы  бойынша  бір  -  бірін  сүйген  қос  ғашық  қуғыннан  осы 
сайға жасырынып құтылған екен - деп айтылады. 
Бұл  екі  нұсқаның  қайсысы  ақиқат  болса  да,  әйтеуір  «аман 
қалыпты» деп аяқталады,  осы сӛз жердің Амансай аталуына негіз 
болғаны даусыз. 
  Ақын  Дәулетжан  Жамалбекұлы  ӛзінің  туып  ӛскен  мекені 
«Амансай-атамекенім»  атты  ӛлеңі  біздің  осы  пікірімізді  растай 
түседі. 

59 
 
…Сырын шертсе шежіре абыз дала, 
Бізге жеткен бір – екі аңыз ғана 
Жаугершілік заманда аман қапты
Жан сауғалап бір ауыл шағын ғана. 
 
Ӛтіпті қилы кезең, қатал заман, 
Жер тӛсін дүбірлетіп ат ойнаған 
Қос ғашық осы сайдан пана тауып
Қуғыннан құтылыпты атойлаған. 
 
Әйтеуір бір шындықтың басы анық-ты, 
Ақиқат, аңыз сырдан жиналыпты 
Адамзатқа амандық тілеген жер, 
Осылай Амансай деп аталыпты -  деп жырлайды. 
 
Аралтӛбе 
Жуалы  ауданының  солтүстік  шығысында  Билікӛлге  асатын 
асуға жақын маңдағы тӛбелер тізбегі «Арал тӛбе» - деп аталады.  
Аралтӛбенің  маңы  қара  топырақты  келеді.  Кӛктемде  егін 
сазды  болғандықтан  себілмейді,  тек  қана  күздік  себіледі.  Ол 
жерде  бұрын  үлкен  қырман  болған.  Аралтӛбені  ілгеріректе 
Шымырлар мекендеген.  
Физикалық  география  тұрғысынан  алғанда  қазақ  тілінде 
аралдың екі түрлі мәні бар, біріншісі су айдынының ортасындағы 
жер,  екіншісі  ӛзен  немесе  кӛл  аралықтарындағы  жер.  Аралтӛбе 
осы  сипаттаманың  екіншісіне  келеді,  яғни  жер  атауы  жан  – 
жағынан су мен сазды жер қоршап жатқандықтан осылай аталған. 
«Арал» және «тӛбе» деген сӛздерден құралған оронимдік атау.   
          
Арбатас 
Тянь - Шань тау жүйесінің солтүстік батысында орналасқан 
Кіші Қаратау жотасы Жамбыл облысының, соның ішінде Жуалы 
ауданының  шығысында,  оңтүстіктен  солтүстікке  қарай  созылып 
жатыр. 

60 
 
Осы  Кіші  Қаратау  жотасының  Қошқарата  аймағының 
тұсынан  Билікӛлге  қарай  немесе  керісінше  асып  түсетін  асуды 
жұрт «Арбатас асуы» деп атайды. 
Жуалы  аймағындағы  жұрт:  «Жотадан  –  ылдиға  Арбатас 
арқылы  асып  түстік»  -  деп  жиі  айтады.  Мұндағы  «жота»  дегені 
Кіші Қаратаудың «күнгей» жағы да, «ылди» дегені оның теріскей 
жағы.  
Осы  жотадан  асатын  Арбатас  асуының  ӛзі  екеу,  «Кіші 
Арбатас» және «Үлкен Арбатас» делінеді. Тік жартастау келетін 
«Кіші  Арбатас»  үлкен  Арбатастан  сәл  жоғарылау,  солтүстікке 
таман  орналасқан.  Үлкен  Арбатас  болса  Кіші  Арбатасқа 
қарағанда  жайбағыстау,  жұрт  кӛбіне  осы  асуды  пайдаланған, 
оның  ӛзінде  арбалардың  артқы  дӛңгелектерін  айналмайтындай 
етіп байлап тастайтын болған. 
Арбатас  асуындағы  жол  тек  қана  бір  кӛлік  сиятындай  ғана 
тар болып келеді. Оның екі қапталында үлкен – үлкен тастар бар. 
Ол тастардың нобайы жүк артқан арбаға келеді. 
Арбатас    атауы  жүк  артқан  арбаға  теңеу  ишаратымен 
қойылған атау. 
Бүгінде  Билікӛл  жаққа  қатынайтын  кӛлік  атаулы  Алматы  – 
Ташкент  автомобиль  жолымен  Күйік  асуы  арқылы  ӛткен  соң, 
Қаратау бағытындағы асфальт жолмен айналып жетеді.    
 
Арқарлы 
Боралдай  тауының  Қошқарата  аймағындағы  биік  асуы 
«Арқарлы»  -  деп  аталады.  Арқарлы  тауы  туралы  Бақтияр 
Әбілдаұлының 
«Сиқым 
Рысбек 
батыр», 
Е.Тұрысовтың 
«Темірлан»,  «Бәйдібек»  кітаптарында  жазылған.  Таудың 
«Арқарлы» аталу себебі ол арқар (жабайы тау қойы) мекендейтін 
тау деген мағынаны білдіретін этимология.  
Қошқарата  ӛңірінің  тӛл  перзенті,  ақын  Бауыржан  Үсенов 
Арқарлы тауы туралы былай деп жырлайды: 
                             Шыңдары кӛкке атылған белең алып, 
                             Арқарлы тау бар ма екен сенен алып? 
                             Туысы Қазығұрттың аты шыққан. 
                             Ғайыптан биігінде кеме қалып. 

61 
 
                             Шалғайдан сағындырып ел – аналық, 
                             Келемін бауырына мен оралып 
 
 
 (Бауыржан Үсенов Табиғат терезесі. Алматы: Балауса, 1992, 
20бет.) 
 
 Арыс ӛзені 
 Арыс  ӛзені  Оңтүстік  Қазақстанның  басты  ӛзендерінің  бірі 
саналғанмен  ол  Жуалы  жерінен  бастау  алады.  Атап  айтқанда, 
Жуалы  ауданының  Түлкібасы  ауданымен  (Оңт.  Қазақстан) 
шектесер 
жерінде 
ортағасырлық 
Абарадж 
(Мыңбұлақ) 
қаласының түбінен батысқа қарай аққан бұлақтардан Арыс ӛзені, 
шығысқа  қарай  кӛптеген  бастаулардың  басын  құрап  Шақпақ 
ӛзені бастау алады. Екіншіден Жуалы ауданының Оңтүстігіндегі 
Боралдай, Қошқарата ӛзендері де осы Арысқа барып қосылады.  
Ерте  кездерде  батысында  Сырдарияны,  шығысында  Кіші 
Қаратау  жотасын,  оңтүстігінде  Арыс  ӛзенінің  аңғарын, 
солтүстігінде  Арысқұм,  Арыс  кӛлі  арқылы  Ұлытау,  Кӛкшетау 
ӛңірлерінің  аралығын  ежелгі  сақтың  Арыс  (Арыстар,  Арсақтар) 
тайпасы мекендеген.  
«Арыс  тайпасының  негізгі  бӛлігі  б.д.д.  2  мың  жылдықта 
Еуропаға  қоныс  аударған.  Әйгілі  ғұлама  Анарис  (Анахарсис) 
б.д.д.  8  ғасырда  ӛзінің  ата-жұрты  Қазақ  Даласы  туралы 
«Аримаспалар  эпосын»  жазып  қалдырған.  Анарыс  туралы 
мағлұматтарды  Т.Жұртбаев  ӛзінің  «Дулыға»  1994ж.  тарихи 
шығармасында  да  Арыстар  (Аорстар)  Арыс  тайпасы  туралы 
кӛптеп кездеседі» - деп деректер келтіреді Ә.Байбатша. (Алматы: 
Санат, 2002, 64 бет.). 
Осы  еңбегінде  Арыс  тайпасының  Сарыарқа, Жезқазғандағы 
тау  -  кен  ісін  менгергені,  Абайыл  кен  орнын  тапқаны  туралы 
құнды деректер келтірген. 
«Арыс»  сӛзі  –  түркі  тілінде  «ірі,  жойқын  тайпа»  -  ұғымын 
білдіреді. Бұл этнонимдік атау. 
Қорыта  айтқанда,  Арыс  ӛзенінің  атырабын  мекендеген 
қазіргі  Арыс  ӛзені,  Арыс  қаласы,  Арыс  кӛлі  т.с.с.  атаулар  осы 
тайпаның мекендеген атын қалдырған жер - сулар. 
 

62 
 
 Аса ӛзені  
Жуалы  жерінен  басталып  Талас  және  Жамбыл  аудандары 
арқылы  ағып  ӛтіп  Билікӛлге  құятын,  ұзындығы  105  шақырым 
болатын  ӛзен.  Оның  кішігірім  30-ға  жуық  саласы  бар.  Жуалы 
ауданының жерінде ол Шақпақ, Теріс, Ақсай, Кӛксай, Күркіреусу 
ӛзендері   қосылған   соң   Аса   ӛзені   аталады.  Асаның  әсіресе 
Күркіреусу  ӛзенімен  қосылған  тұсы  таулы  аңғамен  ӛтеді,  ағысы 
ӛте жылдам. 
Ӛте  ерте  кездегі  табиғаттағы  тектоникалық  ӛзгерістердің 
әсерінен  Қаратау  жоталарының  кӛтерілуі  үдей  түскені  белгілі. 
Бірақ, ӛзендер алғашқы бағытымен кӛтерілген жоталарды шайып
тілгілеп ӛзіне арна салып отырған. 
«Шамамен  350  мың  жылдың  ішінде  алғашында  ӛзендердің 
табаныныда жатқан беткейлердің қазіргі кезде 500 метрден астам 
«ӛскенін»  кӛреміз.  Теріс  ӛзені  де  аққан  бағытын    ӛзгертпей, 
жолындағы  Кіші  Қаратаудың  кӛтерілуінен  болған  кедергіні 
«қиып»  түскен.  Су  жарып  аққан  жота  Маймақ  бекетінің 
тӛңірегінде  Күркіреусу  ӛзенімен  қосылған  тұсында  кӛтеріліп, 
оның  биіктігі  300  метрден  асады»  -  деп  жазады  Әділхан 
Байбатша.  (  Қазақ  даласының  ежелгі  тарихы.  Алматы:  Санат, 
2002, 13 бет). 
Осы тұста ӛзен тау шатқалында күркіреген дыбыс шығарып 
аққандықтан ел оны «Күркіреусу» - деп атап кеткен. Ш.Айтматов 
«Жәмила» повесінде Күркіреусу ӛзенін, Маймақ пен Шекерді  тіл 
жеткісіз тамаша етіп суреттеген. 
Жамбыл  ауданының  жерінде  Аса  ӛзені  Ақкӛл  ауылының 
шығыс  жағынан  ағып  ӛтеді.  Ол  жерде  ортағасырда  салынған 
әйгілі  Айша  Бибі  кесенесі  орын  тепкен.  Ӛзеннің  «Аса»  деп 
аталуына байланысты ел аузында мынандай аңыз айтылады:  
Тараздың жас батыры Қараханға ғашық  болған Айша сұлу 
сүйгеніне келе жатып осы ӛзеннің жағасына жетіп жуынып, дем 
алмақшы  болады.  Осы  кезде  сәукеленің  ішіне  жасырылған  улы 
жылан Айшаны шағып ӛлтіреді. Қос ғашық арманына жете алмай 
арманда  кетеді,  яғни  қыз  әлгі  ӛзеннен  аса  алмай  кӛз  жұмады. 
Сондықтан  жұрт   ӛзенді  «Аса алмаған» кейін «Аса» атап кеткен 
дейді. 

63 
 
Бұл  әрине  аңыз  ал,  енді  Геродоттың  дерегі  бойынша  Қазақ  
Даласын  мекендеген  сақ  тайпасының  ең  үлкені    Асы  (Ассақтар) 
атымен байланысты екендігіне кӛз жіткіземіз. Асылар батысында 
Кіші  Қаратау  арқылы  шектесіп,  шығысында  Талас,  Шу,  Іле, 
Тарбағатай мен Алтай аралығына дейін мекендегені, негізгі ата 
мекені Жетісу болғандығын тарихтан білеміз. 
Тарихшы  У.Шалекенов,  Асылардың  Тұйық,  Жайсан, 
Шатырқұл  кен  орындарын  игергенін  жазса,  Ә.Марғұлан 
Асылардың Сарыарқадағы кӛптеген мәдени ескерткіштерін ашып 
берді. 
«Ассақтар, яғни Асы тайпасы б.д.д. 5  - 6 ғасырда құрылған 
Ұлы  жүз  одағының  бірі  болып  үйсін  мемлекетінің  құрамына 
енген.  Б.д.д.  2  ғасырда  грек-бактриялықтарды  тас-талқан  етіп 
жеңген үйсін мемлекетінің Асы, Арыс тайпаларынан жасақталған 
жауынгерлер  еді»  -  деп  жазады  Ю.Зуев.  (К  этнической  истории 
усуней / труды и АЭ АН Каз ССР, 8т, 1960г).  
Е.Қойшыбаев,  Қазақстанның  жер  –  су  атаулары  сӛздігі 
кітабында  «Аса»  сӛзіне  басқаша  анықтама  береді:  «Аса  кӛне 
түркі,  моңғол  тілдеріндегі  аша  –  ача  «айрық»  сӛзінің  баламасы. 
Ежелгі  дәуірде  Аша  түрінде  ӛмір    сүргендей.  Ӛйткені  бұрынғы 
Әулие  –  ата  уезінде  Аша  болысы  атты  әкімшілік  бӛлім  болғаны 
бар»  -  деп  жазады.  (Қазақстанның  жер  –  су  атаулары.  Алматы: 
Мектеп, 1985, 52 – 53 беттер.)  
  Біздің  пікірімізше,  «Аса»  -  ӛзенінің  атауы  осы  аймақты 
мекен  еткен  сақ  тайпасының  атымен  аталған.  Бүгінде  Жамбыл 
ауданының  орталығы,  теміржол  бекеті,  бірқатар  елдімекендер 
осы Аса тайпасымен аталады. 
   
Асансай  
Жуалы  ауданының  Ақтасты  аталатын  елдімекенінің  шығыс 
жағында  6  шақырым  қашықтықта  «Асансай»  аталатын  жер  бар. 
Бұл  Асансай  аталатын  сай  қонысқа  және  малға  ӛте  жайлы  жер. 
Кӛлтоған аталатын жерден ығысып, 1910 жылдардан кейін орыс 
переселендерінің  келіп  шұрайлы  жерлерді  иемдене  бастаған 
кезінде  Сиқым  руының  Асан  атасының  ұрпақтары  яғни, Асан 
сиқымдар осы жерге келіп қоныстанған.  

64 
 
Сондықтан  бұл  сай  Асан  сиқымның  есімімен  аталған 
этникалық атау.  
 
Ащыбұлақ 
Жуалы  ауданының  шығыс  жағындағы  Күйік  асуының 
күнгей жағынан басталып Теріске құятын шағын бұлақ. 
Теріс ӛзені мен Ащыбұлақтың қосылған жерінен 1963 жылы 
бӛгет салынған. Ол Теріс – Ащыбұлақ бӛгені аталады. 
Бӛген  суының  ұзындығы  13  шақырым,  сиымдылығы  158,0 
млн  м

болады,  ал  бӛгеннің  ӛзінің  биік  жері  32  метр,  ұзындығы 
1800  метрді  құрайды.  Бӛгеттің  суы  аудан  шаруашылығының 
алқаптарын суғаруға пайдаланылады. 
Ащыбұлақтың  аталуына  тоқталатын  болсақ  аты  айтып 
тұрғандай  бұлақ  суы  мал  ішпейтін  ащы  (тұзды)  болып  келеді. 
Осы  бұлақтың  суын  ертеректе  тері  және  іш  ауруларын  емдеуге 
пайдаланған.  
«Ащыбұлақ» атауы – бұлақ суының ащылығын сипаттайтын 
атау.  Бұл  компоненттес  атаулар  Республикамыздың  барлық 
ӛңірлерінде кездеседі. 
  
Бақай және Бӛкей таулары 
Жуалы  ауданының  батыс  жағындағы  Құлан  тауымен 
жалғасып  Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  Шаянға  дейін 
созылып  жатқан  Боралдай  тауының    биік  шоқылары  «Бақай» 
және «Бӛкей тауы» – деп аталады. 
Бақай  тауы  Қоңыртӛбе  елдімекенінің  (бұрынғы  Успеновка) 
батысында  орналасқан,  Бӛкей  тауы  Жуалы  ӛлкесіндегі  ең  биік 
шоқы  аталады.  Бақай  одан  солтүстікке  қарай  біршама  жер, 
Кӛлтоған  ауылының  батысында.  Жуалы  жұртында,  «Бӛкейдің 
басына бұлт ілінсе Жуалыға жауын жауады» - деген ұғым бар. 
Боралдай  тауының  ӛңірлерін  1864  –  1866  жылдар 
аралығында  генерал  Черняев  әскерімен  Ресейден  келген  орыс 
ғалымы  Н.А.Северцев  мұқият  зерттеу  жұмысын  жүргізген. 
Боралдай тауының осы екі шоқысының  Бақай және Бӛкей аталуы 
кісі есімдеріне байланысты.   Дәлірек айтқанда Рысбек батырдың 

65 
 
немерелері  Бақай  мен  Бӛкейдің  есімдерімен  қойылған 
антротопонимге жатады. 
            
Бақалы 
Бақалы  –  Жуалы  ауданының  орталығы  Б.Момышұлы 
ауылының шығыс жағында он шақырым жерде. Теріс ӛзенінің оң 
жағасына  орналасқан  шағын  елдімекен.  Ауыл  ортағасырлық 
Баркуаб қалашығының шығысында орналасқан. 
Бақалы  ауылының  тұрғындары  негізінен  диқаншылықпен 
және  мал  шаруашылығымен  айналысады.  1960  –  1975  жылдар 
аралығында  ауыл  диқандары  республика  кӛлемінде  картоп 
ӛсіруден  ӛте  жоғары  кӛрсеткіштерге  қол  жеткізген.  Әр  гектар 
алқаптан  330  –  350  центнерден  ӛсірген  Социалистік  Еңбек  Ері 
Мүсірепбек Бектаев осы ауылдың азаматы. 
Бұл  жерде  негізінен  Қаңлы  руының  Бақа  қаңлы  (кейбір 
шежіреде  Теңіз  қаңлы  деп  те  атайды)  аталатын  тармағы 
мекендегендіктен ауыл «Бақалы» - деп аталады. 
 
Бақаты 
Жуалы ауданындағы Кӛсегенің кӛк жоны аталатын аймақтан 
басталып,  Теріске  құятын  шағын  ӛзен.  Ұзындығы  шамамен  30 
шақырымды құрайды.  
«Бақаты»  -  атауы  жұрт  аузында  айтыла  келе  «Бақатей»  - 
болып  ӛзгерген.  Бақаты  ӛзенінің  аймағы  мал  жайылымына  ӛте 
қолайлы,  сондықтан  ол  жерде  аудан  шаруашылықтарының 
фермалары орналасқан.  
Бақаты  атауының  шығуы,  бұл  сол  ӛңірде  бұрынғы  кезде 
жайлаған  Бақа  ата  қаңлының  атына  байланысты  «Бақа  ата»  сӛзі 
Бақаты болып ӛзгеріске ұшыраған қазақтың этникалық атауы. 
   
Белбұлақ 
Кіші Қаратаудың шығыс беткейіндегі кӛп шатқалдардың бірі 
«Белбұлақ»  -  деп  аталады.  Оның  орналасқан  жері  Кӛлтоған 
елдімекенінің  тұсы.  Билікӛлдің  батыс  жағында  15  шақырым 
жерде орналасқан.  
Белбұлақ  шатқалының  табиғаты  ӛте  кӛрікті,  түрлі  жабайы 

66 
 
жеміс – жидекке толы. Ол жерден ағып шыққан бұлақ Билікӛлге 
барып құяды. 
Белбұлақ шатқалында бұрын шағын 50 – 60 үйлі  Құттықтар 
руы жайлаған. 
Белбұлақ атауы шатқалға әрі ондағы бұлаққа да байланысты. 
Мұндай  Белбұлақ  аталатын  жерлер  әсіресе  Қазақстанның 
оңтүстік  облыстарына  тән  атау.  Белбұлақ  атауына  «Асабұлақ» 
немесе  «Кезеңбұлақтың»  түп  тӛркініне  жақындау,  «белдегі 
бұлақ» мағынасын беретін гидроним. 
 
Берікқара  
Жаугершілік  заманда  жұртты  бастап  жауға  қарсы  қол 
бастаған,  бейбіт  заманда  тау  аңғарында  елді    егіншілікке  үндеп  
арық  қаздырып  елге  шарапаты  тиген  Берік  есімді  кедей  жігіттің 
есімімен  қойылған  атау  деген  болжамды  біз  сол  аймақтың 
тұрғындарынан  естіп  білдік.  Ал  негізінде  Берікқараның  бұлай 
аталуы  туралы  жазушы  К.Баялиев  «Жаңарған  Жамбыл  ӛлкесі»  - 
атты  кітабында  жоңғар  шапқыншылығы  кезінде  бұл  шатқалда  
берік  қамал  болған  деп  кӛрсетеді.  Сондықтан  елді  жаудан  аман 
алып  қалған  осы  қамалды  Берікқара  атаған  деп  кӛрсетеді. 
Берікқара  атауына    байланысты  осы  ӛңірде  кӛктем,  күз 
айларында тұратын алапат желдің атын да жұрт осылай атайды. 
Берікқара  шатқалынан  тӛмен  Ленинский  путь  ауылының 
оңтүстігінде  Тараз  –  Қаратау  автомобиль  жолының  екі  жағында 
орналасқан  б.з.д  ІІ  –  б.з  ІV  ғасырларына  жататын    Берікқара 
қорымдары бар.  
Берікқара  шатқалында  Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесінің 
1971  жылғы  қаулысымен  мемлекеттік  табиғи  қорықшасы 
ашылған. Бұл жерде қызыл кітапқа енген Берікқара терегі, кәдімгі 
пісте, Недзвецский алмасы, қызғалдақтың бірнеше түрі, рауағаш 
сияқты сирек ӛсімдіктер ӛседі. Қорықшаның жалпы аумағы 17,5 
мың гектар жерді құрайды. 
 
 
 
 

67 
 
  Билікӛл  
Жуалы  ауданының  солтүстік  шығысында,  Тараз  қаласының 
солтүстігінде  60  шақырым  жердегі  кӛл.  Қаратаудың  солтүстік 
беткейіндегі  тектоникалық  ойыста  орналасқан.  Теңіз  деңгейінен 
биіктігі  438  метр.  Аумағы  88  шаршы  шақырым,  ұзындығы  18 
шақырым ені 7,5 шақырымға дейін, орташа тереңдігі 3,5 метр, ең 
терең жері 8 метрге дейін жетеді.  
Суы  тұщы.  Билікӛлге  Аса  ӛзені  шығыс  жағынан  құйып, 
солтүстігінен  ағып  шығады.  Жайпақ  құм  жағалауларында  қоға 
аралас қамыс ӛседі.  Кӛлде  сазан,  шабақ,  табан  балық, ақ амур, 
майшабақ  жылан,  балық  т.б.  бар.  (Бұл  мәлімет  Жамбыл 
облысының энциклопедиясынан алынды. 184 бет).  
 
«Түркі  тілдес  халықтар  терминологиясында  билли  немесе 
белли тұлғаларының қазақ тіліндегі синонимдері: белді, кӛтерме, 
қайқы  түрлерінде  келеді.  Билікӛл  гидронимін  қазіргі  қазақ  тілі 
нормасы  бойынша  «Белді  кӛл»  немесе  «Асулы  кӛл»  деп 
тұлғалауға  болады»  -  деп  кӛрсетілген  (Еркебай  Қойшыбаев. 
Қазақстанның жер – су атаулары. Алматы: Мектеп, 1985, 76 бет). 
 Билікӛлге  байланысты  халық  этимологиясы  туралы  дерек 
жоқ.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет