Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата08.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#3661
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

 
Жалпақ саз 
Шақпақата  ауылдық  округіне  қарасты  Шақпақ  ауылынан 
солтүстік  –  батысқа  қарай  2  шақырым  жерде  Қоңыртӛбенің 
солтүстік  –  шығыс  баурайындағы  жасыл  ӛлке  –  «Жалпақ  саз»  - 
аталады. Саздың кӛлемі 18 – 20 шаршы шақырымдай жерді алып 
жатыр.  Ол  солтүстік  жағы  Қызылдаламен,  ал  оңтүстігі 
Қоңыртӛбемен шектеседі.  
Жалпақ  саз  ӛткен  замандарда  сол  маңда  тұратын 
Шаңышқылы  руының  жаз  жайлауы  болған.  Бұл  жер  сазды 
болғандықтан ешуақытта егіншілік мақсатқа жыртылған емес. 
Тек  1975  жылы  тау  етегіндегі  бес  гектардай  бӛлігі  жыртылған 
кезде ол алқапты арам шӛп, тікен және қурай басып кеткен, сонан 
кейін ол қателік қайталанған жоқ.  
 
Жалпақ саз бұрынғы К.Маркс атындағы совхоздың (Қарасаз) 
ең    негізгі    малға    шӛп    дайындайтын    жері    болған.  Жер  атауы 
сырт 
кӛрінісіне  (жалпақтығына)  қарай  «Жалпақ  саз»  -  аталған.  Бұл 
атаудың  кӛне  дуплеті  «чалпақ»  немесе  «шалпақ»  түрлерінде 
келеді. 
 
Жетімтау 
Бұл  шағын  тау  Бӛкей  тауының  шығыс  жағындағы  кішкене 
бір сілемі. Кеңес елдімекенінің батыс тұсында 5 шақырым жерде 
орналасқан. Кӛлемі мен биіктігі жағынан онша үлкен емес, Бӛкей 
тауынан   оқшаулау    орналасқандықтан оны  жергілікті   жұрт 

79 
 
 «Жетімтау»  -  деп  атайды.  Жетімтау  аталу  себебі  таудың  оқшау, 
жеке  орналасқандығына  байланысты  қойылған  атау  болып 
табылады. 
Жетімтаудың  шығыс  жағындағы    қия  беткей  «Жидебай»    - 
деп аталады. Бұл жердің «Жидебай» - деп аталуына негіз болатын 
жиде  ағашы  мүлдем  ӛспейді.  Не  себептен  бұлай  аталатындығы 
туралы сұрастырғанмен ешқандай мәлімет ұшырастыра алмадық. 
Соған қарағанда бұл жердің атауы Жидебай есімді кісінің атымен 
байланысты ма? - деген жорамалға тоқтаймыз. 
 
  
Жетітӛбе 
Б.Момышұлы  -  Қошқарата  автомобиль  жолының  19  –  20  - 
шы шақырымының батыс жағында Құлан тауының етегіне дейін 
қаз - қатар орналасқан тӛбелер осылай «Жетітӛбе» - аталады. Бұл 
тӛбелердің саны негізінен тоғыз. Бірақ соның жетеуінің шоқтығы 
биік,  кӛзге  айқын  кӛрінеді.  Бұл  тӛбелер  табиғи  тӛбелер  емес, 
қолдан  үйіліп  жасалғандығы  айқын  байқалады,  биіктіктері  7  -  9 
метрдің  шамасында  да,  диеметрі  25  -  35  метрді  құрайды. 
Орналасуы  жағынан  бір  түзудің  бойында  болғандығына  қарай 
бұл  тӛбелер  жаугершілік  кезеңде  қорғаныс  үшін  қолдан  үйілген 
тӛбелер екендігін дәлелдейді.  
Осы  ауылдың  байырғы  тұрғыны  Әшен  Айманбетұлының 
айтуына  қарағанда,  бұл  тӛбелер  Құлан  тау  мен  Теріс  ӛзеніне 
дейін созылып жатқан жотаға жаудан қорғану үшін үйілген екен, 
мұның ұзын саны тоғыздан да кӛп - деп баяндайды. 
«Тӛле  би  мен  Қойгелді  батыр»  кітабында  Жетітӛбе  туралы 
қысқаша мынандай мәлімет берілген. 
«Шежіре  қарттардың  айтуы  бойынша  жоңғарлардың 
қарауыл  тӛбесі  Бӛкей  тауының  етегінде  болған.  Қалмақтар 
қарауыл  қарап,  жау  келгенде  түнде  от  жағып  белгі  беру  үшін 
үйген  жеті  тӛбе  әлі  күнге  дейін  тұр»  -  делінген.  (Бақтияр 
Әбілдаұлы  Тӛле  би  мен  Қойгелді  батыр.  Алматы:  Қазақстан, 
1992, 107 бет). 
Жетітӛбе орналасқан жота Ұлы Жуалы мен Орта Жуалының 
шекарасы,  бұл  арадан  табиғат  та  күрт  ӛзгеріске  ұшырайды. 
Жетітӛбе  атауына  байланысты  осы  кездегі  Кәріқорған 

80 
 
елдімекенінде осы аттас орта мектеп және шаруа қожалығы бар. 
 
 Жолбарысқамал 
 Қошқарата, Боралдай ӛзендері мен Ұзынбұлақтың қосылған 
жеріндегі  алапты  жұрт  «Үшқаспа»  -  деп  атайды.  Ілияс 
Есенберлиннің  Кӛшпенділер  тарихи  триологиясында,  бұл  жер  - 
Үшашы деп кӛрсетілген. Ұлы жүздің ханы Жолбарыс кезінде осы 
Қаратаудың ең құйқалы, қордалы жайлауын жайлаған. 
Жазушы  Еркінбек  Тұрысовтың  «Бәйдібек»  атты  кітабында: 
«Қаратау  атырабын  жаудан  тазартуды  армандаған  Тӛле  би, 
Жолбарыс  ханмен  бірге  ұлы  жүздің  орда  туын  Балабӛгеннің 
шығысындағы  Дегерез  биігіне  кӛшірген  еді.  Ұзынбұлақтың 
кӛкмайса  жотасында  атағы  күркіреген  қалмақтың  бас  батыры 
Ботхишар  жекпе  -  жекте  Ӛтеген  найзасынан    жайрап,  мүрдем 
кеткесін,  басынан  бағы  тайған  қалмақтар  тоз  -  тозы  шығып 
Қошқарата,  Үш  сүңгіні  ӛрлеп,  шығысқа  Қаратау  жонын  асып, 
қарасын  біржолата  батырды.  Сол  жасынды  жорықтардың 
елесіндей  келер  ұрпаққа  жер  сақтаған,  ел  сақтаған  белгісі  – 
Жолбарсықамал,  Садырқамал,  Байқамал  деген  аты  қалды 
артында». (Е. Тұрысов. Бәйдібек. 1998). 
Сиқым  Рысбек  батыр  кітабында  Б.Әбілдаұлы  мынандай 
мәлімет  келтіреді:  «Үшқаспа  жайлауын  Жолбарысхан  ӛлтірілген 
соң  жоңғарлардың  хантайшысы  Қалден  Сереннің  ӛзі  иемденген 
еді»  -  деп  жазады.  (Бақтияр  Әбілдаұлы.  Сиқым  Рысбек  батыр. 
Алматы: Мерей, 1994). 
Бұл  тарихи  мәліметтерді  қорыта  келе  Жуалы  ауданының 
Қошқарата ӛңіріндегі Жолбарысқамал атты жер Ұлы жүздің ханы 
Жолбарыстың  есімін  байланысты  қойылған  антротопонимдік 
атау деп білеміз. 
  
Жосалы 
 Жуалы  ауданының  Билікӛл  ауылының  солтүстігінде  10 
шақырым    шамасында  Тараз  -  Қаратау  автомобиль  жолының  оң 
жағында  орналасқан  қорған  тӛбелер  ертедегі  темір  дәуірінің 
ескерткіштері  болып  табылады.  Ол  қорған  тӛбелердің 
диаметрлері әртүрлі. Жосалы туралы дерек Жамбыл облысының 

81 
 
энциклопедиясында (265 бет) келтірілген бірақ,  онда «Жасалы» 
деп кӛрсетілген. 
Бұл  тӛбеледің  Жосалы  аталуына  ол  жердің  қып  -  қызыл 
болып  жатқан  топырағы  мен  жоса  аталатын  шӛп  себеп  болған. 
Қазақтың тұрмысында «қан - жоса», «жосадай» - деген теңеу сӛз 
тіркестері  бар,  мағынасы    қан  түстес  қып  -  қызыл  дегенді 
білдіреді.  
Кӛнекӛз  қариялардың  айтуынша,  бұл  жерден  ертеректе  әр 
түрлі бұйымдарды, ағашты бояйтын жоса бояуы ӛндірілген. Сол 
себепті бұл жердің атауы «Жосалы» - деп аталған. 
Бұл  қорған  тӛбе  ескерткіштерді  А.Досымбаева  жетекшілік 
еткен  Ш.Уәлиханов  атындағы  Қазақстан  Ғылым  академиясының 
Тарих,  археология  және  этнологиясының  институтының 
экспедициясының отряды ашқан. 
 
Жұрынсай 
Билікӛл аймағындағы Кіші Қаратаудың шығыс беткейіндегі 
шатқалдардың бірі «Жұрынсай» - деп аталады. Оның орналасқан 
жері  Ленинский  путь  ауылының  жоғарғы  жағында  Тараз  – 
Қаратау  автомобиль  жолынан  батысқа  қарай  8  шақырым  жерде 
орналасқан.  
Жұрынсай  шатқалын  бұрын  Шымырлар  мен  Құттықтар 
мекендеген,  кейін  олар  Билікӛл  аймағындағы  Қарабастау, 
Ленинский путь, Майтӛбе елдімекендеріне қоныс аударған. 
Бұл  шатқалдың  «Жұрынсай»  -  аталу  себебі  сол  жерді 
мекендеген  Жұрын  атты  кісінің  есімімен  байланысты 
антротопоним.  
Бұл  сайдың  аңғарынан  мӛлдір,  таза  бұлақ  ағып  жатады,  су 
аңғары тастақ болғандықтан ол ешқашан лайланбайды. Бұлақтың 
екі  жағасында жеміс – жидек, тал – терек, алма басқа да жабайы 
ӛсімдіктер қалың ӛседі. 
1980  –  1995  жылдар  аралығында    Жұрынсайда  Жамбыл 
облысының  кәсіптік  –  техникалық  білім  беру  училищелерінің 
оқушыларына  арналған  демалыс  -  сауықтару  лагері  жұмыс 
істеген.  
                 

82 
 
Жыланды сай 
«Жыланды»  -  аталатын  терең  сай  Тәттібай  ауылының 
солтүстік  жағында,  Түрксіб  темір  жолының  үстінде.  Жыланды 
сай аталатын жерлер Қазақстан жерінде кӛптеп кездеседі, соның 
ішінде Жуалы ауданының жерінде де осы аттас бірнеше сай бар. 
Бұл  жердің  «Жыланды»  -  аталуының  себебі  бұрын  ордалы 
жыландар мекендеген. Соғыс жылдарында осы сайда шӛп шауып 
жүрген  әйелді  жылан  шағып  ӛлтірген  -  деп  еске  алады  сол 
маңдағы  Тәттібай  ауылының  тұрғындары.  Жыланы  кӛп 
болғандықтан «Жыланды» аталуы ономалық нормаға сияды.   
 
Жылбұлақ 
Билікӛл  ауылдық  округіне  қарасты  «Жылбұлақ»  -  аталатын 
шағын  елдімекен  Қарбастау  елдімекенінен  оңтүстік  шығысқа 
қарай  9  шақырым  жерде  орналасқан.  Бұрын  бұл  ауыл  «№2 
Ферма» аталатын. 
Ауыл маңындағы ойпаң жерге кӛктемдегі тау суы мен бұлақ 
сулары  кӛп  жиналады.  Сол  себепті  су  арнасынан  асып  Дарбаза 
ауылына қауіп тӛндірмес үшін арнайы канал салынған. 
Кӛктем  айларының  ӛзінде  сол  Билікӛл  аймағындағы 
бұлақтардың  жылы  болатын  ерекшелігі  бар,  балалар  шомылып 
балық аулай береді. 
Ауылдың және бұлақтың «Жылбұлақ» - аталуы қазақ тілінде 
«жылы  бұлақ»  тіркесі  айтыла  келе  жылы  сӛзінің  аяққы  дыбысы 
түсіп, жылбұлақ түрінде қалыптасып кеткен гидронимдік атау. 
  
Ирекасу 
«Ирекасу»  -  аталатын  асу  Тәттібай  ауылының  жоғарғы 
жағында  Алатаудың  Жуалыға  қараған  белінен Кӛксалаға  асатын 
асуы.  Аты  айтып  тұрғандай  асудан  асатын  осы  жол  аңғарды 
бойлай ирек – ирек жоғары кӛтерілетін сүрлеу жол. Ирекасудың 
сұлабасы әлі күнге жақсы сақталып қалған. 
«Аңғармен  бойлап  жоғары  кӛтерілген  соң  жота  –  жотаны 
қиялап  аттан  түспей  –  ақ  Кӛксаладағы  Байдалы  атамыздың 
жайлауына талай асқанбыз» - деп менің әкемнің әкесі Жамалбек 
атамыз айтып отырушы еді. 

83 
 
Сол ирек асумен 1932 – 1934 жылдарғы ашаршылыққа дейін 
жазда  жайлау  асып,  күзге  қарай  қайта  түсетін  жол  болған. 
Соғыстан  кейінгі  жылдары  бұрынғы  Кременевка  совхозының 
жылқыларын  Кӛксалаға  осы  Ирекасумен  айдап  барып,  айдап 
келіп  отырған.  Жазы  ӛте  салқын  әрі  шӛбі  шүйгін  болғандықтан 
жылқыларды  сол  Кӛксаланың  жайлауында  ұстаған.  Жердің  кӛк 
шалғынды болуына байланысты «Кӛксала» - аталған.  
 
  Кәріқорған 
 «Кәріқорған»  –  аудан  орталығы  Бауыржан  Момышұла 
ауылынан   солтүстік    батысқа   қарай   25   шақырым   жерде 
орналасқан. Ауыл Жетітӛбе ауылдық округіне қарасты, ол бұрын 
«Казанка» - аталып келген ал, 1993 жылдан кейін ӛзінің байырғы 
Кәріқорған атауын қайта иемденді. 
 Бұл  жердің  «Кәріқорған»  -  деп  аталуына  Құлан  тауының 
қойнауындағы кӛне қорған себеп болған. Орта ғасырларда тастан 
соғылған бұл ескі қорған Түркісіб аталатын алма бағының үстіңгі 
батыс жағында 4 шақырым жерде. 
 Кәріқорған  ауылынан  оңтүстік  батысқа  қарай  6  шақырым 
жерде  Х  –  ХІІ  ғасырларға  жататын  қарауыл  мұнарасы  болған 
және  сол  маңда  б.з.д  ІІ  –  б.з  ІІ  ғасырларына  жататын  обалар 
кездеседі. 
Қазіргі  кезде  сол  Кәріқорған  елдімекенінің  жанынан  ағып 
ӛтетін шағын ӛзеннің жағасынан кӛне дәуірдің мәдениетінен сыр 
шертетін  тұрмыстық  бұйымдар  әлі  де  табылып  жатады.  Жер 
атауы осы қорғанға байланысты қойылған. 
 
  Кеңбұлақ 
 Боралдай  тауынан  басталатын  Қошқарата  ӛзенінің  бір 
саласындағы  жалпақ  сайды  жұрт  «Кеңбұлақ»  -  деп  атайды.  Ол  
Талдыбұлақтың  солтүстік  жағында  орналасқан.  Ол  жер  1960 
жылдарға  дейін  Сиқым  руының  Есті  атасының  мекені  болған. 
1954  жылға  дейін  онда  жеті  жылдық  мектеп  және  Сталин 
атындағы колхоз болған.  
Жер  атауының  «Кеңбұлақ»  -  аталуы  ӛзен  саласының 
кеңдігіне байланысты;  «Кең»  және «бұлақ»  сӛздерінен құралған 
 гидронимдік  атау.                

84 
 
 Кӛксай 
 Ақсай  ӛзені  сияқты  Кӛксай  ӛзені  де  Талас  Алатауынан 
басталып  Теріс  ӛзеніне  барып  құяды.  Кӛксай  ӛзені  Жуалы 
жеріндегі  басты  ӛзендерінің  бірі.  Талас  Алатауының  биік 
шатқалынан басталғандықтан ӛзеннің ағысы қатты. Кӛксай ӛзені 
тӛменгі 
шаруашылықтың 
егінді 
алқаптарын 
суаруға 
пайдаланылады. 
 Ӛзеннің  «Кӛксай»  -  аталуына  тоқталатын  болсақ  «кӛк»  сӛзі 
түспен байланысты анықтауыш яғни, кӛк сол аңғардың «кӛгеріс, 
ну жынысты» - екендігін айқындап тұр. «Кӛк» және «сай» сӛздері 
қосылып Кӛксай атауын құрап тұр. 
 Жазушы  Шерхан  Мұртаза  ӛзінің  туған  ӛлкесінің  келбетін  
«Мылтықсыз  майдан»  атты  повесінде  Қаратаудың  Бурыл,  Теріс 
алабы  мен  Алатау  баурайындағы  Ақсай,  Кӛксай  ӛзендерін 
тамаша етіп суреттеген. 
 
 Кӛсегеннің кӛк жоны 
 Күні  бүгінге  дейін  кӛнекӛз  қариялар  Бурно  -  Октябрь  елді 
мекенінің  оңтүстігінен  басталып  Бақаты,  Аралтӛбе  арқылы 
Шаянға дейін созылып жатқан қырат үстіндегі жонды «Кӛсегенің 
кӛк  жоны»  -  деп  атайды.    Бақатыдан  басталып  оңтүстіктен 
солтүстікке  қарай  шағын  бұлақ  ағып  шығады  да  Теріске 
қосылады.  
  Бұл  ӛңірдің  табиғаты  ӛте  кӛркем,  жылдың  кӛктем,  күз,  жаз 
айларында  да  бұлақтың  екі  жағасы  кӛк  майса  болып  жатады, 
малға ӛте қолайлы. 
  Ескілікті  кісілердің  аузында  кӛп  айтылатын  Кӛсегенің  кӛк 
жоны  туралы  жазушы  Әбіш  Кекілбайұлының  Үркер  романында 
да  Әбілқайыр  ханның  Кіші  жүздің  қалың  қолын  бастап  Сары 
Арқаның  сары  белінен  жаудан  қалған  ата  тау  Қаратауға 
келгендігі туралы былай жазады: 
  «Суыт  жүрісті  Кіші  жүз  қолы  жапырық  таудың  аласарып, 
болдыртқан  кӛрттің  мүжілген  жамбасындай  боп  сілемденіп 
біткен  күн  батыс  құйрығына  ілікті.  Сонау  Жәнібек,  Керей 
заманынан бермен қарай талай шайқасты кӛріп, талай боздақтың 
басын жұтқан аран шатқал сілтідей тынып тұр екен... 

85 
 
  Әбілқайыр,  Бӛкенбай,  Есет,  Батыр  тұра  қалып  ойға  батты. 
Жау  Балқаш  беттен  келе  жатса  Қаратаудың  теріскей  бетінде 
отырған  Орта  жүз  бен  Ұлы  жүз  ауылдарын  жапырып  ӛтпей, 
сонау  Қошқар  ата  жақ  тұмсықтан  айналып  Түркістанға  беттей 
қоймас.  Әскерінің  бір  парасын  әлгі  айтқан  Қошқар  ата  жағымен 
Арыс  бойлатып  күнгей  аттандырар  да  қалған  жағына  Кӛсегенің 
кӛк  жоны  арқылы  кеп  Баба  –  Ата,  Шолаққорған,  Созақты 
шаптырып, Торлан мен Сұғындық арқылы құбылаға ӛткізіп алуға 
асығар...» (245 бет) 
Әбілқайырдың  қолымен  бірге  келе  жатқан  үш  жүздің 
аузында  аты  жүрген  атақты  Мәті  бидің  ұлы  Тайлан  батырдың 
Кӛсегенің  кӛк  жонында  отырған  ӛз  ауылына  асығуын  былай 
суреттеген: 
«Иә, оның есіл – дерті – сонау Кӛсегенің кӛк жонына шығар 
жердегі  оңаша  бұлақ  басында  отырған  ӛз  ауылына  жету, 
жетпістен  ӛтіп  сексенге  аяқ  басқан  кәрі  әкесін  кӛру,  енді  –  енді 
тәй – тәй басып жүре бастаған ұлын кӛру, жалғыз кӛк ала атпен 
жүрсе де қалған қазақты кӛрмегендей, ӛзін қалап келген қазақтың 
асқан  байы  Садыр  Жомарттың  әлпештеп  баққан  жалғыз  қызы 
Пәтшәйімді  кӛру.  Әбілқайыр  ат  үстінде  құс  болып  ұшып  кетуге 
амал  таба  алмай,  зорға  шыдап  келе  жатқан  Тайланды  кӛріп  аяп 
кетті».  (Ә.Кекілбайұлы.  Үркер,  «Сӛздік  –  Словарь»,  Алматы  – 
1999, 247 – 248б).  
 
Еркебай  Қойшыбаевтың  Кӛсегенің  кӛк  жонына  берген 
анықтамасы тӛмендегідей: «Кӛсеге сӛзінің кӛнедегі «шымылдық» 
немесе  «қоршау»  мәндері  семантикалық  та,  логикалық  та 
жағынан  кӛптеген  қазіргі  түркі  тілдерінде  сақталып  келеді. 
Этимологиясы:  «қоршаулы  кӛктің  жоны»  мағынаны  береді» 
(Қазақстанның  жер  –  су  атаулары.  Алматы:  Мектеп,  1985,  136 
бет.)  
Қариялардың  айтуынша  бұрын  бұл  жерден  Шаянға  ӛтетін 
жол  болған  дейді.  Соған  қарағанда    орта  ғасырлық  Теріс 
жағасындағы  Баркубе  қалашығынан  осы  Кӛсегенің  кӛк  жоны 
арқылы  Жібек  жолының  қосымша  тармағы  ӛткен  сияқты. 
Сондықтан  бұл  жол  «Кӛсегеннің    кӛк  жоны»  -  аталады  деп 
пайымдаймыз.  

86 
 
Кӛктӛбе 
Жуалы  ауданындағы  елдімекен  аты.  Кӛктӛбе  ауылдық 
әкімшілігі  округінің  орталығы.  Аудан  орталығы  Бауыржан 
Момышұлы  ауылының  шығыс  жағында  2  шақырым  жерде 
орналасқан. 
Кӛктӛбе  аталатын  жер  атауы  Қазақстан  аймағында  кӛптеп 
кездеседі. 
Еркебай  Қойшыбаев  ӛзінің  Қазақстанның  жер  –  су  аттары 
деп аталатын сӛздігінде Кӛктӛбе атауына тӛмендегідей анықтама 
береді:  «Бұл  арада  Кӛктӛбедегі  «кӛк»  сӛзі  «заңғар  биік»  немесе 
тіпті  аспан  мәніне  сай  келеді.  Оған  «тӛбе»  сӛзі  қосылып  заңғар 
биік  тӛбе  деген  ұғымды  білдіреді».  (  Қазақстанның  жер  –  су 
атаулары. Алматы: Мектеп, 1985, 135 бет). 
Алайда  біз  топонимикалық  атауын  сипаттап  отырған 
Кӛктӛбе атауы «Заңғар биік» деген анықтамаға келмейді. Кӛктӛбе 
аталатын  елдімекеннің  батысындағы  шағын  тӛбе  ондай 
тӛбелердің  санатына  жатпайды,  тұрқы  аласалау.  Мұндағы  «кӛк» 
сӛзі  түспен  баланысты  «тӛбеге»  қосылып  «Кӛктӛбе»  -  атауын 
құрап тұр. 
 
Кӛкшебұлақ   
Қоңыртӛбенің  шығысынан  басталып  оның  солтүстігін  орай 
жағалап  барып  бес  шақырымдай  ылдиға  бет  түзеп,  Шақпақ 
ӛзеніне қосылатын бұлақ «Кӛкшебұлақ» - аталады. 
Қоңыртӛбенің солтүстік баурайындағы осы Кӛкшебұлақтың 
сағасында  «Ақтабан  шұбыранды»  жылдарында  Қаратаудың 
Майтӛбе  аймағын  паналап  басқа  Шегір  руластарына  ілесіп 
кӛшпей  қалып,  кейінірек  1760  жылдары  Құрман  батыр    60  үйлі 
әулетін  осында  алып  келіп  қоныстандырған.  Одан  кейін,  яғни 
1780  –  1790  жылдары    Құрман  батырдың  әулетін  сағалап 
Қазығұрттан  үш  ата  Айт,  Түнқатар,  Қарқара  балалары  осы 
Қоңыртӛбенің  баурайындағы  Кӛкшебұлаққа  келіп  қоныс  тебеді. 
Жанға  да,  малға  да  жайлы  Кӛкшебұлақтың  тӛңірегінде  егін 
салып,  мал  бағып  күн  кешкен.  Кеңес  ӛкіметі  құрылған  соң  олар 
қазіргі Ынтымақ елдімекеніне жиылып ұжым құрған.  
Ал  бұлақтың  «Кӛкшебұлақ»  -  аталуына  тоқталатын  болсақ, 

87 
 
Қоңыртӛбенің  бауырындағы  бұлақтың  саласы  қысы  –  жазы 
кӛкпеңбек болып кӛгеріп жатқандықтан жергілікті жұрт осындай 
атау берген.  
 
Кӛлбастау 
Кӛлбастау  –  Жуалы  ауданындағы  елдімекен  аты.  Ол  Ақсай 
ауылдық  әкімшілігінің  құрамына  кіреді.  Аудан  орталығы 
Бауыржан Момышұлы ауылының оңтүстігінде 2 шақырым жерде 
орналасқан. Елдімекен аумағының ӛсуіне байланысты Кӛлбастау 
қазір  аудан  орталығы  Бауыржан  Момышұлы  ауылымен  бірігіп 
кеткен.  
Орыс  переселендерінің  келуімен  байланысты  1916  –  шы 
жылдары  бұл  жер  «Евгеньевка»  -  деп  аталған.  1993  жылы  бұл 
елдімекен ӛзінің тарихи «Кӛлтоған» - атауын қайта иемденді. 
Кӛлтоған  туралы  Бауыржан  Момышұлының  «Ұшқан  ұя» 
Шерхан  Мұртазаның  «Ай  мен  айша»  атты  еңбектерінде  жақсы 
сипаттама берілген. 
Жуалы перзенті ақын – сатирик Толымбек Әлімбекұлы: 
                                 Алатауы, Қаратауы Құланы, 
                                 Асу Күйік басын иіп тұрады. 
                                 Мейіріңді, пейіліңді қандырар, 
                                  Кӛлбастаудай 
мӛлдір  шипа  бұлағы!»  -  деп 
сипаттайды. 
  Елдімекеннің 
«Кӛлтоған»  -  аталуы,  бұлақты  буып 
жасалынған кӛл деген мағынаны білдіретін гидротопоним.  
 
  Кӛлтоған 
  Кӛлтоған  –  Жуалы  ауданындағы  ауыл,  Боралдай  ауылдық 
әкімшілігі  округінің  орталығы.  Ол  аудан  орталығы  Бауыржан 
Момышұлы ауылынан  солтүстік  батысқа  қарай 42 шақырым 
 жерде орналасқан.  
Бұл елдімекен 1992 жылға дейін Алексеевка аталып келген. 
Оған  дейін  бұл  жер  Кӛлтоған,  онан  да  бұрынырақ,  орыс 
переселендерінің келуіне дейін «Құдияр сазы»  - аталып келген. 

88 
 
 Елдімекеннің 
не 
себептен 
Кӛлтоған 
аталатынына 
тоқталатын  болсақ,  ол  орыс  переселендерінің  Жуалы  жеріне 
келетін  1910  жылдан  басталады.  Орыс  кулагы  Алексеев  бұл 
жерді  иемденген  соң  Бӛкей  тауының  баурайынан  тӛмен  қарай 
ағатын бұлақтарды бӛгеп,   тоған   салдырып,  егін   егеді.   Осы   
ӛңірде  ӛсірілген  дәні баданадай,  қарыс келетін бидай масағын 
Петербургке  мақтаныш  ретінде  пошта  жәшігіне  салып 
жібергендігі туралы да мәлімет бар. 
Елдімекен 
тоқсаныншы 
жылдардың 
бас 
кезіндегі 
тәуелсіздіктің,  еркіндіктің  лебі  есе  бастаған  кезде  «Кӛлтоған»  -
деген тарихи атауына қайта ие болды.  
Кӛлтоған  атауы  «кӛл»  және  «тоған»  сӛздерінен  құралған 
гидронимдік атау. 
1997  жылдан  бастап  Кӛлтоғанда  және  округке  қарасты 
Қошқарата,  Қызтоған,  Ақтасты,  Рысбек  батыр,  Кеңес 
ауылдарында 
осы 
елдімекендердің 
атымен 
аталатын 
кооперативтер мен шаруа қожалықтары құрылды.   
 
 Күйік асуы 
  Жуалы  ауданы  шығысында  Жамбыл  ауданымен  шектесер 
тұсында  кіші  Қаратау  қатпарлы  белдеуімен  шектеседі.  Оның 
жалпы ұзындығы 200 шақырым, ені 35 - 40 шақырымды құрайды. 
Сол  кіші  Қаратау  белдемі  арқылы  Алматы  –  Ташкент  –  Бішкек 
кӛлік  жолы  Күйік  асуы  арқылы  ӛтеді.  Абсалюттік  биіктігі  1200 
метр.  Күйік  асуын  Жамбыл  облысының  энциклопедиясында 
«Қиын асу» деп кӛрсеткен.  
  Бұл  аймақты  жазушы  Ш.Мұртаза  ӛзінің  «Мылтықсыз 
майдан»  атты  повесінде  былай  суреттейді:  «Теріскейдегі 
Қаратаудың күйік асуы тұсынан мұнартып, баланың жаңа шығып 
келе  жатқан  тісіндей  боп  үлкен  Бурылдың  қос  ӛркеші  кӛрінеді. 
Тескентау,  Маймақ  тұсынан  Қапшағай  қиялай  Күркіреусу 
ирелеңдеп,  Манастың  қойнына  кіріп  зым-зия  болады».
 
(Ш.Мұртаза. 3 том, Алматы: Қазығұрт, 2002, 50бет).
      
Бұл аймақты 1922 жылы ақпан айының соңында жүріп ӛткен 
жауынгер  жазушы  Д.Фурманов  «Мятеж»  атты  романында  Күйік 
асуы  туралы  мынандай  күнделік  жазып  кеткен.  «Каюк  (Күйік) 

89 
 
асуында  табиғат  тез  ӛзгереді  екен,  бұралаң  тастақты  жолмен 
тӛмен  құлдилай  бердік.  Жолдағы  үлкен  тастар  татар 
молаларының басындағы белгі тастарға ұқсайды екен. Асу біткен 
кезде алдымыздан ескі керуен сарайдың орнына тап болдық. Бұл 
жерде  арғы  –  бергі  ӛткен  жолаушыларға  қарақшылық  шабуыл 
жасалып  тұрған  да,  ел  кӛтеріліп  керуен  сарайды  иесімен  қоса 
ӛртеп  жібереді.  Жер  атауы  сондықтан  Күйік  аталады»  -  дейді. 
(Д.Фурманов  Мятеж.  Москва:  Правда,  1980,  19  –  20  беттер) 
(мәтін ықшамдап аударылды). 
 Асудың  «Күйік»  аталуы  туралы,    Бӛгенге  жақын  «Шошқа 
бұлақ»  атты  ауылдың  тұрғыны  Базен  қарияның  аузынан 
Мұхаметжан Тынышбаев тӛмендегідей аңыз әңгіме жазып алған: 
«Есім хан жауға аттанар алдында Түркістанға Тұрсын ханды 
шақырып алып ел билігі мен отбасын аманат етіп тапсырады. Екі 
жыл  жорықта  болып,  еліне  қайтар  жолда  Әулиеатадан  40 
шақырым  жердегі  таудан  Тұрсын  ханның  бұзауларын  бағып  зар 
еңіреп  жылап  жүрген  кейуанаға  кездеседі.  Байқап  қараса  кемпір 
ӛз  шешесі  екен,  соның  күйігінен  жер  атауы  «Күйік»  аталыпты 
делінеді».    «(Есым  узнал    в  старухе  свою  мать;  им  овладела 
«Каюк» (злоба, ненависть), откуда и местность стала называться 
«Куюк»)
 
(История 
казахского 
народа. 
Алматы: 
Қазақ 
университеті  1993,  157стр).  Жер  атауының  «Күйік»  аталуы 
осылай баяндалады. 
Осы Күйік асуында Шыңғыс тағының иесі Күйік хан қайтыс 
болғандығы  туралы  І.Есенберлиннің  Кӛшпенділер  тарихи 
триологиясының  бірінші  кітабында  мынандай  тарихи  оқиғаны 
келтірген:  «Еділ  ӛзенінің  сағасындағы  Алтын  Орда  астанасы 
Сарай  қаласынан  «Сарыарқадағы  елімді  кӛремін»  деген 
сылтаумен он түмен қолмен Бату Күйікке қарсы жүрген. 
Қалың  қол  екі  жақтан  таяй  берді.  Күйік  пен  Бату  алыстан 
айбат кӛрсетіп, аяқтарымен жер қопарып сүзісуге келе жатқан екі 
бұқа  тәрізді.  «Қайсысының  мүйізі  сынбақ?  Ал  сынбаса 
қайсысының  мүйізі  мұқалып,  намысқа  шыдай  алмай  қан  қақсап 
сырқырамақ? 
Бүкіл  Шыңғыс  әлеті  болып  демін  ішіне  тарта  күтті.  Бірақ 
заңғар мүйіздер сарт – сұрт ұрысқан жоқ. Күтпеген жерден жол – 

90 
 
жӛнекей  Күйік  екі  күн  ауырып  қаза  тапты».  (І.Есенберлин 
Кӛшпенділер. Алматы: Жазушы, 1976, 11бет).  
Бұл  мәліметті  М.Тынышбаев  та  растайды:  «Каюк, 
укропивший власть в обширном владении Чингис – хана, динулся 
в  1248  году  на  улус  Джочи;  Батый  также  пошел  навстречу. 
Однако  до  открытого  столкновения  дело  на  этот  раз  не  дошло: 
Каюк  умер  (по  некоторым  источникам  был  отравлен 
подосланным  лицом  Батыя)  еще  до  встречи  войск». 
(М.Тынышбаев История казахского народа Алматы, 219 стр). 
Жолдасбек  Тұрлыбаевтың  «Райымбек  батыр»  романында 
Күйік  асуының  әрбір  тӛбесінде  қазақ  жасақтары  от  жағып  аз 
адаммен қалың жаудың алдын кескендігі туралы сӛз болады. 
2006  жылы  сәуір  айында  «Қазақстан»  телеарнасынан 
жүргізілетін «Атажұрт» бағдарламасында, асудың «Күйік» аталу 
себебі  ақтабан  жылдарындағы  елдің  күйік  –  зарынан  туындаған 
атау деп айтылды. 
Жазушы  жерлесіміз  Ш.  Мұртаза  «Жұлдызы  биік  Жуалы» 
атты очеркінде: «Күйік» - Қаратаудың атақты асуы. Неге «Күйік» 
деп аталғаны белгісіз. Мүмкін, «Қаратаудың басынан кӛш келеді» 
заманындағы қорлықтың күйігі ме екен? … кейбір кӛктемде осы 
«Күйіктен»  алты  –  жеті,  тіпті  одан  да  кӛп  күндер  бойы  бір 
азынауық  жел  тұрады.  Сонда  жайқалып  ӛсіп  келе  жатқан    кӛк 
желең шынжау тартып, мешел баладай ілмиіп, кӛк тұрмақ, мал – 
жанның  да  реңі  қашып  берекесі  кетеді.  Асудың  «Күйік»  аталуы 
бәлкім  содан  шығар»  -
 
деп  жазады.  (Шерхан  Мұртаза  Не 
жетпейді? Алматы: Жазушы, 1990, 59 бет).  
Кӛктем  айларынан  басқа  кездерде  бір-бірімен  жалғасқан 
жоталар да, асфальт жолдың екі қапталындағы ентелеген жақпар 
тастардың да реңі  қара қошқыл, бейне күйіп қалған жер іспетті. 
Мүмкін  «Күйік»  атауы  да  осы  себепке  байланысты  ма  деген 
болжам да жоқ емес.  
Бұл  асу  туралы  болжам,  дерек  аңыздардың  барлығы  да 
күйік,  зар,  қорқыныш  сынды  сезімдермен  байланысты 
болғандықтан асудың аты «Күйік» - аталған деп жорамалдаймыз.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет