Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата08.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#3661
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

            
 

91 
 
Күреңбел 
Күреңбел  -  Жуалы  ауданындағы  ауыл,  ауылдық  әкімшілік 
округінің  орталығы,  ауыл  шаруашылық  кәсіпорын,  ӛндірістік 
кооператив атауы. 
Бұл аймақтың «Күреңбел» - аталуы туралы Кеңес ауылының 
тұрғыны  Жаманқұлов  Ділдәбек  мынадай  аңыз  әңгіме  айтады: 
«Тӛңкерістен  бұрын  мына  жатқан  Батырбек  Датқаның  сазында 
үлкен  дуан  ӛткен  екен.  Жан  –  жақтан  дуанға  жиналған  атты 
адамдарда  есеп  болмапты.  Аттарын  жақын  беткейге  тұсап 
жіберіп  таң  ертең  қараса  аттары  ӛліп  жатыр  екен.  Сӛйтсе  ол 
―күреңсе‖  деген  улы  шӛпті  жегеннен  болыпты.  Ал  жергілікті 
жердің  жылқысы  бұл  шӛпке  үйреніп  кеткендіктен  уланбайды 
екен.  Сондықтан  мына  жатқан  үлкен  бел  Күреңбел  аталған»  – 
дейді. 
Күреңбел  елдімекені  XIX  ғасырдың  80  жылдары  орыс 
генералы  Самсоновтың  атына  қойылуы  туралы  ғалым  Мекемтас 
Мырзахматов былай баяндайды: 
  «Жамбыл  облысы  Жуалы  ауданындағы  Самсоновка  селосы 
да  Түркістан  ӛлкесіне  генерал-губернатор  болып  келгенде, 
болыстыққа тек орыс тілін білетін бұратаналарды сайлау идеясын 
ұсынып,  соны  жүзеге  асырған  генерал  Самсоновтың  атына 
қойылған  болатын  -  ды».  (Қазақ  қалай  орыстандырылды? 
Алматы: Атамұра, 1993, 79 бет). 
  «Күреңбел»  -  атауының  шығуы  -  «күреңсе»  сӛзінің 
қысқарған  түріне  «бел»  сӛзін  жалғау  арқылы  жасалған  атау. 
Атаудың  түспен  байланысы  жоқ,  күреңсе  -  ӛсімдік  аты,  яғни 
«күреңсе ӛсетін бел» - деген сӛз. 
  
 
 Күркіреусу 
 Жуалы  грабенінің  (ойысының)  ортасынан  басталып  Кіші 
Қаратау бағытына қарай ағатын Теріс ӛзенінің шығыс жағындағы 
бір  саласы  «Күркіреусу»  деп  аталады.  Күркіреусу  атымен  сол 
ӛзеннің  жағасындағы  елдімекен  де  аталады.  Күркіреусу  Теріс 
ӛзеніне  Жуалы  ауданының  шығысындағы  Қырғызстанның 
Маймақ бекетіне жетпей қосылады. Ӛзен Кіші Қаратаудан терең 
антецедентті  аңғарлардан  ӛткендіктен  гүрілдеген  (күркіреген) 
дыбыс шығарып ағады.  

92 
 
 Бір  сӛзбен  айтқанда  «Күркіреусу»  -  атауы  «күркіреу»  және 
«су»  сӛзінен  шыққан  ӛзен  суының  дыбыс  шығарып  ағуына 
байланысты қойылған гидронимдік атау. 
 
Қақты  
Қақты - кӛктемдегі қар және жауын суынан пайда болған екі 
жотаның ортасындағы шағын кӛл.  
Қақты  аталатын  бұл  жер  Жуалы  ауданындағы  «Кӛсегенің 
кӛк жоны» аталатын жонның екі ортасында. 
Қақтының  ұзындығы  200  метр  ал  ені  50  –  60  метр 
шамасында.  Жазғы  шілдеден  кейін  кӛл  құрғап,  орнында  ақшыл 
түстес қақ қалады. Бұл жердің «Қақты» - аталуы сондықтан.   
 
Қалмақ қырған 
«Әсіресе  қазақ  халқында  бір  жақсы  қасиет  бар,  ол  тарихи 
оқиға  болған  жерге  ат  қойып  әйгілеп  кетеді»  -  деп  жазған 
Мұхамеджан Тынышбаев.  
Жуалы ауданы мен Алғабас ауданының шектесер жеріндегі 
Қошқарата  ауылының  бас  жағындағы  кең  жазықта  шашылған 
адам  сүйектерін  әлі  де  кездестіруге  болады.  Әсіресе 
Б.Момышұлы  -  Қошқарата  автомобиль  жолын  салған  кезде 
жергілікті жердің тұрғындары бұған куә болған. 
Бұрын  бұл  жер  «Қалмақ  қырған»  аталған,  ол  қазіргі 
ұрпақтың  да  есінен  шыққан  емес.  Бұл  жердің  Қалмақ  қырған 
аталу  себебіне  деректі  Шоқан  батыр  туралы  айтылған  «Тӛле  би 
мен Қойгелді батыр» кітабынан кездестіреміз.  
Қойгелді  батыр  елуден  асқан  шағында  Жуалыдағы  елді 
аралап  Байтана  ағайындарының  ауылына  түседі.  Бұл  туралы 
құлақтанған  қалмақтар  тоғыз  батырының  жанын  жаһаннамға 
жіберген батырға аса кекті еді. 
Қалмақ  батыры  Қойгелдіні  жекпе  -  жекке  шақырған  кезде 
орнына  батыр  Садыбайдың  ұрпағы  Шоқан  шығып  қалмақ  
батырының  басын  кесіп  Қойгелдінің  алдына  тастайды.  Жекпе  – 
жектің  аяғы  қырғын  шайқасқа  ұласып,  аруақтанған  қазақтар 
қалмақтарды  шетінен  қырады.  Кейін  шапқан  қалмақтардың 
басын  тӛбедей  етіп  үйген  екен. Сондықтан  бұл жер  күні  бүгінге 
дейін «Қалмақ қырған» -аталады. 

93 
 
 Қанай асуы  
Жуалы  ауданындағы  Кӛлтоған  елдімекенінің  батысындағы 
Боралдай  тауының  бір  асуы  осылай  «Қанай  асуы»  аталады.  Бұл 
асу  Оңтүстік    Қазақстан    облысының  Қанай  атты  шағын 
елдімекенімен  байланысты     қойылған     атау.    Ол     жерде    мал 
бордақылау пункті болған. 
 Қанай  асуы  Кӛлтоған  ауылының  батысында  таудың 
күнгейінде осы аттас шағын ӛзен де бар. Қанай асуымен іргелес 
жатқан Жыланды және Бозторғай аталатын асуларда бар. 
 «Қанай»  -  этимологиясының  шығуына  келетін  болсақ  ол  – 
қазақ  ұлыстарының  этникалық  топтарының  аты.  Қанай,  Данай, 
Жанай аталатын антропонимдері бір мағыналас.  
 
Қарабастау 
Қарабастау  -  Жуалы  ауданының  солтүстік  шығыс 
жағындағы Билікӛл аймағындағы елдімекен мен бастаудың аты.  
Бастау  елдімекеннің  оңтүстік  жағындағы  үлкен  жотаның 
астынан шығып жатыр. 
Қарабастау  атауындағы  «қара»  сӛзі  судың  түсіне  қатысты 
атау  емес.  «Қара»  ұғымы  ежелден  –  ақ  «мӛлдір  су»,  сусын 
мағынасын  береді.  «Қара  суға  зар  болдық»,  «Бір  ұрттам  қара  су 
кӛз  кӛрім  жерге  апарады»  -  деген  халқымыздың  сӛз  тіркестері 
бар.  
Кӛне  түркі  тіл  топонимдерін  зерттеушілердің  дәлелдеуінше 
қарасу – үлкен ӛзен емес, жер астынан, сайлардан шығып жатқан 
қайнар  су.  Қарабастау  атауындағы  «қара»  сӛзін  түркі  тілдес 
халықтар  «жер»  мәнінде  қолданған.  Сондағы  мағынасы  «жер 
суы» деген ұғымды білдіреді. Е.Қойшыбаев бұл жӛнінде: «Адам 
мен  мал  шоғырланған  жер  мәніндегі  атау»  -  деп  кӛрсетеді.  
(Қазақстанның  жер  –  су  атауларының  сӛздігі.  Алматы:  Мектеп, 
1986, 150 бет).  
Қорыта  келгенде;  бастаудың  және  елдімекеннің  атауы 
«қара» және «бастау» деген компоненттерден құралған атау.  
 
 
 

94 
 
Қаражол 
Бауыржан  Момышұлы  ауылынан  5  шақырым,  ал  Қайрат 
елдімекенінен  3  шақырым  жердегі  ескі  жолдың  арнасы 
«Қаражол» - аталады.  
Бұл  Қаражол  аталатын  жолдың  тарихы  Жуалы  жерінен 
Талас  Алатауын  етектеп  ӛткен  Қытай  мен  Батыс  елдерін 
байланыстырып  отырған  сауда  мен  мәдени  қарым  – 
қатынастардың күре тамыры Ұлы Жібек жолымен байланысты. 
Бұл  ӛлкеден  ӛткен  Ұлы  Жібек  жолының  негізгі  арнасы 
туралы  Араб  жиһангері  Убейдаллах  ибн  Абдуллах  ибн 
Хордадбектің  846  жылы  және  Кудама  ибн  Жафардың  Х 
ғасырдың  басында  жазып  кеткен  деректерінде  мол  мәліметтер 
келтірілген.  Сол  сияқты  Қазақстан  тарихының  І  томында 
«Тараздан  шыққан  керуен  Шауғар,  Баркуаб  арқылы  тау  етектеп 
Абарадж арқылы Тамтаджға асқан» - деп кӛрсетілген. (Қазақстан 
тарихы І том Алматы: Атамұра, 1996, 351 бет). 
Осы Қайрат елдімекенінің үстіңгі жағында осы Қара жолдың 
бойында бекет болғандығы туралы да деректер бар. 
  Бұл  жолдың  «Қаражол»  -  аталуына  тоқталатын  болсақ, 
қазақта «қара жол» деген сӛз тіркестері кӛп қолданылуы мұндағы 
«қара»  сӛзі  жолдың  түстік  сын  есімнің  сипаты  емес,  үлкен  жол 
деген мағынаны беретін этимология. 
 
Қарамұрын 
Жуалы  ауданына  қарасты  Шыңбұлақ  елдімекенінің 
солтүстік шығыс жағында Үлкен Қоңыртӛбенің жанындағы жота 
«Қарамұрын» - деп аталады. Жотаның етегінен Қарасай аталатын 
бұлақ  ағып  шығады.  (Сайдың  екі  қапталы  қатпарлы  қара  тас 
болғандықтан  Қарасай  аталады).  Қарамұрын  жотасынан  1 
шақырымдай  тӛмен  Сарқырама  аталатын  бұлақ  ағып  шығады. 
(Суы  шағын  болса  да  тастардан  дыбыс  шығарып  ағатындықтан 
солай аталған).  
Қарамұрынның  жотасына  шыққан  кісіге  шығыстағы  Кіші 
Қаратау  жоталары  мен  батыстағы  Боралдай  мен  Құлан  таулары 
айқын кӛрінеді.  
Жотаның  «Қарамұрын»  -  деп  аталуы  ол  жотаның 

95 
 
орналасуын  дӛңес  мұрынға  теңегендіктен  туындаған  атау. 
«Қарамұрын»  -  атауы  қаратұмсықпен  бір  мағыналас,  «мұрынға 
ұқсаған қара жота» - деген ұғымды беретін ороним. 
 
Қарасаз 
Аудан орталығы Б.Момышұлы ауылынан солтүстік батысқа 
қарай  8  шақырым  жерде  орналасқан  елдімекен  аты.  Ол  1993 
жылға  дейін  Петровка  аталып  келген.  Батыс  жағынан  Шақпақ 
ӛзені ағып ӛтеді. 
Мұндағы  «Қара»  сӛзі,  «жер»  деген  мағынаны  береді.  Бұл 
атаудың ӛзіндік сипаты сол – жер асты суы жер бетіне тым таяу 
жатады. Сондықтан да бұл атау кӛнедегі «жер - су» немесе «саз - 
су» ұғымындағы сӛз тіркесін толық дәлелдеп тұр. 
Қариялардың  айтуы  бойынша,  бұл  атыраппен  сазды  жер 
болғандықтан  кӛлік  айланып  ӛтетін  болған.  Бұны  бұрын 
«Қараой»-  деп та атаған кӛрінеді.    
 
Қарасай 
Қарасай – Қазақстанның оңтүстік аймағында кӛп кездесетін 
жер  атауларының  бірі.  Сондай  Қарасай  аталатын  жер  Жуалы 
жерінде  екеу.  Біріншісі:  Талас  Алатауының  етек  жағындағы 
Талапты 
елдімекенінің 
маңында, 
екіншісі: 
Шыңбұлақ 
елдімекенінің  солтүстік  шығысындағы  Үлкен  Қоңыртӛбенің 
жанында. 
Бұл екі Қарасайдың аталу этимологиясы екі бӛлек. Талапты 
елдімекенінің  үстіңгі  жағындағы  Қарасай,  ол  аймақтың  малға 
жайлы  «отты»  мағынасын  беретін  атау.  Бұл  атау  жердің  түріне 
байланысты атау емес, ӛйткені ол маңда қараға лайық кӛз тартар 
ешқандай белгі жоқ. 
Екінші  Үлкен  Қоңыртӛбенің  жанындағы  «Қарасай»    - 
сайдың екі қабағындағы қара қошқыл тастардың түсіне қатысты 
қойылған атау.  
      
Қаратас 
 Жуалы  ауданындағы  Жетітӛбе  ауылдық  округіне  қарасты 
Күреңбелден  солтүстікке  қарай  7  шақырым  жерде  орналасқан 
шағын таудың және елдімекеннің аты. 

96 
 
 Орыс  тілінен  енген  топонимикалық  отаршылдықтың  ортақ 
таңбасынан  Жуалы  жеріндегі  «аман  қалған»  бірден  –  бір  жер 
атауы  осы  Қаратас  болатын.  «Қаратас»  -  атауы  реңмен 
байланысты  «қара»  және  «тас»  деген  сӛздерден  қалыптасқан 
атау.  Оның  себебі  сол  аймақтың  шығысындағы  тау 
қыраттарының және ондағы қатпарлы тастардың түсі қара. 
 Сондықтан  бұл  жер  Қаратас  аталады  ал  оның  етегіндегі 
шағын елдімекен Қаратас ауылы аталады.  
 
Қараүңгір 
Қараүңгір  –  бұл  Жуалы  ауданының  оңтүстік  жағындағы 
Б.Момышұлы  ауылынан  16  шақырым  жерде  Талас  Алатауының 
шатқалындағы  үңгір  атауы.  Орналасқан  жері  Талапты  аталатын 
елдімекеннің  жоғарғы  жағындағы  тар  шатқалдың  аузында. 
Қараүңгірдің айналасында шеттік, бұталар қалың ӛседі. Үңгірдің 
аумағы  бір  отар  қой  (шамамен 600  –  700  бас)  сыйып  кететіндей 
кӛлемді  алып  жатыр.  Қараүңгірдің  ішінде  жағалай  жақпар 
тастарды  тесіп  мал  байлауға  арнайы  жасалған  тесіктер  бар. 
Үңгірдің бітер жеріндегі түкпірінде киіз үй сиятындай орын бар. 
Әсіресе  осы  үңгір  түкпіріндегі  қабырғаларынан  от  жаққаның 
белгісін кӛрсететін қап – қара ыс басқан. 
Бұл үңгір ӛте ерте замандарда алғашқы адамдардың қонысы 
болғандығы даусыз. 
1960  –  1970  жылдардың  шамасында  Қараүңгір  бұрынғы 
Ленин атындағы колхоздың отарларының тұрағы болған. Прораб 
Тоқтасын  Тілеуқабыловтың  басшылығымен  Ақсай  бұлақтарын 
буып,  үш  шақырым  жердегі  Қараүңгірге  құбыр  тартылып  су 
әкелінген. 
Енді осы «Қараүңгірдің» - атауына тоқталатын болсақ - бұл 
қара  және  үңгір  сӛзінен  туындаған  атау  (ороним).  Қазақ  тілінде 
«қара» сӛзінің ұғымы әр түрлі мағынада қолданылатыны белгілі.  
Мысалы: Қарадаладағы «қара» сӛзі «отты дала», Қара қамыстағы 
«қара»  сӛзі  «қалың  қамысты»,  Қаракемердегі  «қара»  сӛзі  «жар 
қабақты», Қарақоныстағы «қара» сӛзі «қоныс» атауын білдіретін 
т.с.с. кӛптеген атаулар тізбегі жатады. 

97 
 
Осы жоғарыдағы мысалда келтірілгендей қара сӛзі «қоныс», 
«пана»  мағынасында  қалыптасқан  деп  ой  түйеміз,  яғни 
«Қараүңгір»  -  сӛзі  «қоныс  үңгір»  деген  сӛзден  туындаған 
оронимдік этимология.  
 
Қоғалы  
Жуалы  ауданының  Рысбек  батыр  (бұрынғы  Луначарка) 
аталатын  елдімекеннің  оңтүстік  жағында  2,5  шақырым  жетпей, 
үлкен  жотадан  басталатын  шағын  бұлақтың  аңғары  «Қоғалы»  - 
аталады. Бұлақ суы Рысбек батыр елдімекенінің ортасынан ағып 
ӛтіп      Боралдай      ӛзеніне      қосылады.    Бұлақтың      басталар  
жерінде қалың қоға ӛседі. 
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Рысбек батыр Оңтүстік 
Қазақстан  облысының  жерінен  40  –  50  түтін  қыпшақтарды  осы 
Жуалы  жеріндегі  Қоғалыға  алып  келіп  қоныстандырған  екен  - 
деген  әңгімені  біз  сол  Рысбек  батыр  ауылының  тұрғындарының 
аузынан  естідік.  Қазір  Қоғалы  аталатын  жерде  сол  қыпшақ 
ауылының ескі қонысының орны ғана бар. 
Бұл  жердің  «Қоғалы»  -  аталуы  сол  бұлақтың  басындағы 
ӛскен  қалың  қоғаға  байланысты  қойылған.  Арқарлы,  Алмалы, 
Жыланды,  Қақты  атаулары  сияқты  «қоға»  сӛзіне  «лы»  жалғауы 
жалғанып «қоға ӛскен жер» - деген мағынаны беретін атау.   
 
Қоңыртӛбе 
Шӛккен  нардай  болып  қазіргі  Шақпақ  ата  елдімекенінің 
солтүстігінде  оқшау  орналасқан  тӛбені  жергілікті  жұрт 
«Қоңыртӛбе»  -  деп  атайды.  Бір  құдірет  осы  аймаққа  әдейі  алып 
келіп орнатқандай; күн шығысқа қарай маңдайын, Құлан тауына 
қарай сауырын тӛсей жығылған оқшау тӛбенің ұзындығы мен ені 
жарты  шақырымнан  асып  түседі.  Осы  тӛбе  басына  шығып 
қараған кісінің кӛз алдына Жуалы ӛлкесінің солтүстігіндегі Жеті 
тӛбе аймағы мен оңтүстігінде жер мен кӛктің арасын тұтастырып 
ала  шұбар  ұзын  кӛштің  кӛшбасындай  асқақ  Алатау, 
шығысындағы  барыстың  жонындай  болып  шұбатылған  Қаратау, 
Күйік асуларының торабы сайрап жатады. 
Алатау  етегіндегі  Мыңбұлақтан  басталып  Қоңыртӛбенің 

98 
 
батыс  жағын  жанап  ӛтетін  Шақпақ  ӛзені  Теріске  қосылуға 
асығады. 
Қоңыртӛбенің  әсіресе  Шақпақ  ата  елдімекені  орналасқан 
шығыс  және  солтүстік  баурайы  ұйысқан  кӛк  майсалы,  етегі 
былқылдаған  сазды  келеді.  Жазғы  шілдеде  тӛбедегі  ӛсімдік 
біткеннің  барлығы  аптапқа  күйіп  қоңыр  реңге  еніп,  қоңыр 
тақиядай  дӛңгеленіп  жатады.  Тӛбенің  шығысы  жағынан 
қыздардың қос бұрымындай қосарланған қос бұлақ бастау алып, 
бірі  оң  жағынан,  тӛбені  айналып  ӛтіп,  екіншісі  сол  жағынан 
айналып ӛтіп Шақпақ ӛзеніне қосылып тынады. 
Кең  жазыққа  оңаша  отаудай  оқшау  біткен,  кӛпті  кӛрген 
кӛненің  кӛзіндей,  кезінде  осы  аймақтың  игі  жақсылары  иеленіп 
бас қосып, жұрттың басындағы мұң мен қамның барлығын ортаға 
салып ақыл түгелдесер тӛбесі осы Қоңыртӛбе болған. 
Осы  тӛбе  маңын  жайлаған  ел  арасында  Шегір  руының  сӛз 
ұстар  Байсейіт,  Түнқатар  сынды  шешендері  мен  Ақпан,  Итаяқ, 
Құрман  батырлары  хақында  олардың  ұрпаққа  мұра  етіп 
Қоңыртӛбеде,  Құлан  тауында,  Шегір  қамалда  қалдырған 
ерліктері мен кемел даналықтарына жетелейтін аңыз, шежірелер 
әлі күнге сақталып қалған.  
Қоңыртӛбе  аталатын  тӛбелер  Жуалы  аймағында  тӛртеу. 
Біріншісі  біз  жазып  сипаттаған  Шақпақ  елдімекенінің 
солтүстігіндегі  Қоңыртӛбе,  екіншісі  бұрын  Успеновка  (қазір 
Қоңыртӛбе)  аталатын  елді  мекеннің  солтүстігіндегі  Бӛкей 
тауының 
етегіндегі 
Қоңыртӛбе, 
үшіншісі 
Шыңбұлақ 
елдімекенінің  солтүстік  шығысындағы  Үлкен  Қоңыртӛбе, 
тӛртіншісі  бұрынғы  Бірлік  аталатын  елдімекеннің  тӛменгі 
жағындағы Құлан асуының тұсындағы Қоңыртӛбе.  
Барлық  «Қоңыртӛбелердің»  -  аталу  себебі,    түркі  тіліндегі 
«қоңыр (отты) тӛбе»  - деген мағынаны беретін атау.    
 
 Қорымтас 
 Жуалы  ауданының  солтүстігіндегі  Қошқарата  ӛңірінде 
Қорымтас  аталатын  жерлер  бірнешеу.  Қорымтастардың  пайда 
болуы  жоңғар  шапқыншылығымен  байланысты.  Бұл  Қорымтас 
аталатын  тастан  үйілген  тӛбелердің  кӛлемі  онша  үлкен  емес 

99 
 
әртүрлі болып келеді. Биіктіктері үйдің биіктігінен аспайтын тас 
пен топырақтан үйіп жасалған. 
Қорымтас  атауының  топонимикасына  байланысты  Еркебай 
Қойшыбаев мынандай түсініктеме берген: «Қорым сӛзінің тӛркіні 
жалпы  түркі  және  монғол  тілдерін  былай  қойғанда,  одан  арғы 
кӛнеге,  тіпті,  санскритке  келетіні  байқалады.  Ол  тұжырымға 
Қарақорым  топонимі  түрткі  бола  алады.  Қарақорым  жалпы 
азиялық  атау:  Орхон  билеген  мемлекеттің  астанасы  сол  сияқты 
Үндістанның қиыр теріскейіндегі тау аймағының аты» (173 бет). 
Қошқарата ӛңіріндегі сонау жаугершілік заманның сұрапыл 
жорықтарының белгісіндей болған осы қорымтастарды  жазушы 
Еркінбек  Тұрысов  былай  суреттеп  жазады:  «Қазіргі  ел  арасын 
жалғап  жатқан  қасқайған  қара  жолдан  аз  кем  шығып,  айналаға 
кӛз  жіберген  жолаушы  Шыбықбел  мен  Мұзбелдің  жон  – 
жотасында,  Хорен  мен  Сарытаудың  биігінде,  Үсіктас  пен 
Үзгендінің адырлы арқасында Жамантас пен Шоқанның асуында 
Тарақты мен Садырдың Тау қамалында жайдақ – жайдақ жер де 
тозып біткен, жермен – жексен болып пәсейген Қаратас тӛбелерді 
кӛреді.  Білетін  кӛнекӛздер  оны  Қорымтас  дейді».  (Е.Тұрысов 
Бәйдібек. 41 бет).  
Осы  жерде  біз  құба  қалмақтардың  будда  дінін  ұстанғанын 
айта  кетуіміз  керек.  Будда  дінінде  ӛлгендерді  жерлеу  рәсімі  де 
бӛлек  болған.  Олар  ӛліктерін  биіктеу  тӛбелерге  үйіп,  сонан  соң 
оны  ӛртеп,  сүйек  қалдықтарын  тастармен  кӛміп,  үйіп  тастайтын 
болған.  Сол  себепті  осындай  қорымтастар  пайда  болған.  Демек 
бұл тӛбелер құба қалмақтардың шаһит болған шеріктерін топтап 
жерлеген тӛбелері деп білеміз.  
Қазақ тілінің қосымша мағынасында «Қорымтас» - сӛзі бейіт 
-  дегенді  білдіреді  яғни  бұл  атау  тастан  жасалған  қорым 
мағынасын береді.  
          
  Қосбӛлтек 
 Аудан  орталығы  Бауыржан  Момышұлы  елдімекенінің 
шығыс  жағында  7  шақырым  жерде  орналасқан  елдімекен  - 
«Қосбӛлтек»  аталады.  Бұрын  бұл  елдімекен  1993  жылға  дейін 
Кастальевка аталып келген.  

100 
 
 Ол 
жерде  бұрынғы  колхоздың  негізінде  Қосбӛлтек 
шаруашылық қожалығы ұйымдастырылған. 
 Жуалы  аймағында  Қосбӛлтек  аталатын  жер  Қайрат 
елдімекенінің үстіңгі жағындағы таудың етегінде де бар. 
 Бұл  жерлердің  «Қосбӛлтек»  -  аталуына  бір  –  біріне  жақын 
орналасқан  егіз  тәріздес  екі  тӛбе  негіз  болған.  Мұндағы  «қос» 
сӛзі  екі  деген  мәнді,  ал  бӛлтек  сӛзі  қазақта  айтыла  беретін 
«бӛлтек - салтақ» деген сӛз тіркесіндей бӛлек тӛбе деген ұғымды 
білдіретін атау. 
       
Қосмұрат 
«Қосмұрат»  –  Шыңбұлақ  елдімекенінің  солтүстік  шығыс 
жағындағы Қоңыртӛбеден 1 шақырым жердегі жер атауы. 
Қосмұрат  аталатын  жердің  екі  қапталынан  үлкен  
Сарқырама, кіші Сарқырама аталатын бұлақтар басталады.  
Қосмұрат  есімді  кісінің  есімімен  аталатын  жер  қасиетті, 
әулие  жер  аталады.  Ол  жердегі  бұлақтың  жанында  Қосмұрат 
әулиенің бейіті бар. Бейіт тӛмпешіктің аумағы 5х4 метр болады. 
Қосмұрат  әулие  туралы  шағын  аңыз  әңгімені  біз  кӛпті 
кӛрген  шежіреші  қария  Сейітқұл  Ысмайылұлының  аузынан 
жазып алдық. 
Қосмұрат  әулие  ӛте  денелі,  әулие,  батыр  кісі  болған 
кӛрінеді.  Соңына  ерткен  жігіттерімен  талай  жорықтарға 
қатысады.  Сондай  бір  жорықтан  жігіттерімен  келе  жатып, 
Кӛсегенің кӛк жонынан ӛткенде айдалада тігулі тұрған киіз үйді 
кӛреді.  
-  Айдалада  тұрған  киіз  үй  тегін  емес,  не  кіріп  –  шығып 
жатқан  адамдары  байқалмайды,  соқпай  –  ақ  қояйық  –  дейді 
батырдың жанындағы серіктері.  
Сонда  Қосмұрат  батыр:  «Егер  киіз  үйдің  құпиясын  білмей 
кетсем  кӛкейімде  ӛмір  бойы  сұрақ  қалып  қояды,  онан  да  не  де 
болса  барып  кӛрейін»  -  дейді,  киіз  үйдің  есігін  байлаған  қыл 
арқанды  қылышпен қиып ішке кірсе, онда оба ауруымен ауырған 
адамдардың толы ӛліктері жатыр екен. Сонан Қосмұрат батыр да 
ауырып қайтыс болыпты. 

101 
 
Бүгінде сол Қосмұрат әулие басына әсіресе кӛзіне ақ түскен 
ауру  кісілер,  бала  кӛтермей  жүрген  әйелдер  барып  зиярат  етеді. 
Тіпті сол маңдағы колхоздың қойына топалаң ауруы тиген кезде 
де Қосмұрат әулиенің шарапаты тиіпті.  
Жердің  «Қосмұрат»  аталуы  –  ол  кісі  есімімен  байланысты 
антропоним.     
 
 Қостӛбе 
 «Қостӛбе»  -  аталатын  жер  Жуалы  ауданындағы  Кеңес 
елдімекенінің 
оңтүстігінде, 
Б.Момышұлы 
– 
Қошқарата 
автомобиль  жолының  шығыс  жағында  400  метрдей  жерде  қатар 
орналасқан  тӛбелер.  Бұл  қатар  жатқан  екі  тӛбенің  биіктігі  онша 
биік  емес  15  –  16  метрді  құрайды  ал  диаметрі  40  метрдің 
шамасында 
 Қостӛбе табиғи тӛбе емес, қолдан үйіп жасалғаны байқалады. 
Қостӛбе  туралы  Кеңес  ауылында  туып  -  ӛскен  Күлән 
Досанқұлқызы  былай  деп  баяндайды:  «Аталарымыздан  осы 
Кеңес  ауылының  алдындағы  жазықта  жаугершілік  кезде 
жоңғарлармен  үлкен  шайқас  болыпты  деп  естігенбіз.  Сол  кезде 
шейіт  болған  жоңғарлардың  ӛлігін  осы  екі  тӛбеге  топтап 
жерлеген екен. Содан осы екі тӛбе пайда болыпты да, жұрт мұны 
«Қос тӛбе - деп атапты» -дейді.      
 
Қостұра  
Ертедегі тектоникалық құбылыстардың әсерінен Жуалының 
оңтүстік  батыс  бағытында  ағатын  Қошқарата,  Боралдай 
ӛзендерінің жарып ӛткен жоталарының кӛтерілуі үдей түскен. 
Ӛзендер  аңғарларын  тереңдетіп  аға  берген  де,  нәтижесінде 
антецедентті аңғарлар пайда болған. Жуалы ауданының Шаянмен 
(Оңт.  Қазақстан)  шектесер  жеріндегі  Үлкен  тұра  мен  Алакүшік 
биіктері  тұсындағы  жар  қабағы  600-700  метрлік  деңгейге  дейін 
жеткен.  
 Ерекше табиғатымен тамсандырып кӛптеген жазушылардың 
шығармаларына  арқау  болған,  талай-талай  тарихи  қилы 
кезеңдерді  бастан  кешірген  осы  Қостұраны  ел  кейде  жекелеп 
«Үлкентұра» және «Алакүшік» деп те атайды. 

102 
 
 Жазушы  С.Сматев  «Елім-ай»  романының  бірінші  кітабында 
Қостұраны  кӛркем  тілмен  суреттей  келе  серттесіп  тұрған      қас  
батырға теңеген.  Жазушы Е.Тұрысов «Бәйдібек» 
атты   тарихи    хикаят   эссесінде  «Ел  мен жер үшін жан талас 
шайқастар  1710,1712,1718  жылдары  әйгілі  «Ақтабанның» 
қарсаңында  осы  Қаратау  ӛлкесінде  –  Бӛген,  Шаян,  Қостұра, 
Қошқарата,  Боралдай  ӛзендерінің  торабында  ӛткен  еді»  -  деп 
кӛрсетеді.  Қостұра  Үшашыдағы  шайқас  туралы  Ӛтеген  мен 
Бохтишардың  жекпе-жегі  туралы  Қазыбек  бек  Тауасарұлы  да 
біршама  деректер  келтірген.  Тарихшы  М.Тынышбаевтың 
«История  казакского  народа»  кітабында  Садыр  руының  батыры 
Жомарттың  тоғыз  ұлымен  бірге    Қостұраға  дейін  шегініп,  мерт 
болғандығы туралы жазып қалдырған.  
 
Жазушы  Әбіш  Кекілбаев  Жуалы  ауданының  солтүстік 
ӛңіріндегі Боралдай ӛзенінің бойында Үлкен Тұра мен Кіші Тұра 
маңында  болған  1723  жылғы  жоңғар  шапқыншылығын 
суреткерлік толғаныспен былай етіп баяндайды. 
  «Дүниенің  тӛрт  бұрышын  сықсия  баққан  сығыр  жау 
қазақтарды  қапыда  қалдырды.  Сәуірдің  жарқырап  атқан  жақсы 
таңында  Боралдай  ӛзенінің  бойында  Үлкен  Тұра  тауының 
қасында бір алқапты бір ӛзі толтырып тәтті ұйқыда жатқан садыр 
Жомарттың  ауылына  жау  шапты.  Оны  әуелі  түзге  шыққан  бір 
кемпір кӛріпті... 
  -  Ойбай!  Жау!  Жау  шапты!  –  деп  айқай  салыпты  сыртқа 
атып шыққан кісілер. 
 Сӛйтсе,   ауылдан бір де бір ат табылмапты. Бәрі жайылыста 
екен. Ыңыранған бай ауылы ұйқы – тұйқы болыпты да қалыпты. 
Кӛп  ойбай,  кӛп  айқай.  Құр  ойбай,  кӛп    айқай.  Сегіз  қанат  ақ 
орданың  қақ  тӛрінде  манаурап  жатқан  Жомарт  орнынан  атып 
тұрып,  кереге  басындағы  кӛк  найзасы  мен  қылышын  қолына 
ұстап, кӛйлек – дамбалшаң сыртқа жүгіре шығыпты. Жан – жақта 
жӛңкіген дүрбелең. Есі кеткен халық анадайда аңырайып тұрған 
Үлкен Тұра мен Кіші Тұра – егіз     таудың     арасындағы    қара    
аңғарға      қарай      босып  барады  дейді.  Қара  аңғарға  тығылып 
қайдан құтылсын, алдарынан  анталаған жау  тағы шыға келіпті.   

103 
 
Сүйтсе,  қаскӛй  дұшпан      кӛп      әскерін      сонда      қалдырып,   
ұйқыдағы    ауылды  үркітуге  азғантай  тобын  жіберген  екен.  Сай 
бойындағы сатыр – сұтыр сайыс кӛпке созылмапты. 
  Бейхабар отырған ауылдың еркек кіндігі сәскеге дейін түгел 
жер  құшыпты».  (Ә  Кекілбайұлы  Үркер,  Сӛздік  –  Словарь, 
Алматы – 1999, 264  бет).      
  Жазушы  Е.Тұрысов  «Бәйдібек»  атты  тарихи  хикаят-
эссесінде Қаратау атырабындағы Қостұра, Қанжауған, Боралдай, 
Жолбарысқамал,  Сауырқамал  ӛңірлерінде  болған  шайқастар 
туралы бірқатар тӛмендегідей деректер келтіреді.  
 
«...Соның  ішінде  Қостұра  арасында  тау  асуға  қамалған  құба 
қалмақтың  тағы  бір  қосын  шерігі  жаныс  Сеңкібай  мен  Ботбай 
Сәменнің  жасағынан  қырғын  тапты.  Қалмақтар  шегіне  ұрыс 
салып  Бұланты  мен  Қанжауған,  Қарасуда  кеткен  есесін  осы 
Қаратаудың  қалың  қуыс-қойнауында  қайтармақ  еді.  Бекінген 
жері  Қостұра,  Боралдайдың  аңғары  еді.  Сол  жерге  табан  тіреген 
тӛрт  мыңдай  ойрат  шерігін  тұс-тұсынан  қамаған  шымыр 
Қойгелді,  ошақты  Саңырақ,  сиқым  Қарабатыр,  жаныс  Ӛтеген,  
Сеңкібайдың  бір  түмен  қолы  тӛрт  күндік  қиян-кескі  ұрыста  тас-
талқан  еткен-ді».  (Е.Тұрысов  Бәйдібек.  Алматы:  Нұрлы  әлем, 
1998, 50 бет).   «Қостұранның» - «Тұра» аталуы бұл аймақты жүз 
жылдай  жайлаған  ойраттардың  сӛзі,  мағынасы  қамал  дегенді 
білдіреді. 
Оған дейінгі Тұранның қазақы атауы: «Сеңгір» болған деген 
мәлімет бар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет