Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата08.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#3661
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

 
Қошқарата 
Жуалы  ауданындағы  аудан  орталығы  Б.  Момышұлыдан 
солтүстік  –  батысқа  қарай  54  шақырым  жерде  орналасқан  елді 
мекен. Қаратау  мен Боралдай жоталары аралығында орналасқан. 
Сол жерден Қошқарата атты ӛзен басталып Бӛгенге қосылады. 
Кӛнекӛз  қариялар,  басқа  да  дерек  кӛздерінде  бұл  жердің  не 
себептен Қошқарата  аталғандығын тап басып айта алмайды. 
Алайда    Ә.  Қайдардың  «Қаңлы»  атты  тарихи  шежіре 
кітабынан  бұл  сұраққа  жауап  табылатын  сияқты.  «Оңтүстік 
Қазақстан аймағындағы аты аңызға айналған әулие, пір тұтып, ел 

104 
 
сыйлаған  ата  –  бабаларымызға  бағышталған  ескерткіштер,  
кесенелер,  мазарлар  кӛптеп  кездеседі.  Мысалыға:  Шопан  –  ата, 
Қашқар  –  ата,  Шақпақ  –  ата,  Бекет  -  ата,  Масат  –  ата  т.с.с.  Бұл 
ӛңірде  Қошқардың  «Шопан  Атаның»  сырт  бейнесі,  тұлғасы 
тастан  қашалып  салынған  мүсіндерді  жиі  кездестіреміз». 
(Ә.Қайдар Қаңлы. Алматы, 2004, 160 – 161 бет).  
 «В  названиях  Кошкара  барана  производителя,  одного  из 
найболее  почитаемых  животных  еще  у  саков  символа 
плодородия,    здоровья,    покровительства»    -  деп  кӛрсетеді  К. 
Рысбергенова.  (Историко  –  лингистической  анализ  топонимов 
Южно – Казахстанской области. Алматы, 1993, 29 стр). 
Осыған  қарағанда  «Қошқарата»  -  аталуына  сол  мал 
тұқымына  пір,  қамқоршы  болған  киелі  адамдар,  қасиетті 
тұлғалардың (Қошқар атаның) негіз болғаны анық. 
 
Құдияр сазы 
Бұл  атақты  Рысбек  батырдың  Наршадан  (лақап  аты  Бӛдене 
болған екен) туылған Құдияр, Данияр, Молдияр, Бәзіл есімді тӛрт 
ұлының  үлкені  Құдиярдың  есімімен  қойылған  жер  атауы.  Яғни, 
Рысбек  батырдың  тұңғышы  Құдиярдың  жайлаған  жайлауы 
болған жер. 
Бӛкей  тауының  етегіндегі  бұлақтардың  әсерінен  бұл  аймақ 
сазданып  жатады  екен  де,  оны  жағалай  Құдияр  байдың  ауылы 
отырады екен. 
Ӛткен  ғасырдағы  патшалы  Ресейдің  кӛршілес  жатқан 
бұратана  халықтарды  күшпен  отарлау  саясатының  салдарынан 
орыс  кулактары  осы  аймақты  иелене  бастағанда  Құдиярдың  елі 
Бӛкей  тауының  сай  –  салаларын  паналап  кӛшіп  кеткен  екен.  Біз 
бұл  ауызекі  әңгімені  сол  Құдияр  байдың  ұрпағы  Қананов 
Жақаннан жазып алдық. 
Сонан соң бұл жер Кӛлтоған кейін Алексеевка аталғандығы 
туралы «Кӛлтоған» - атауы туралы жазғанда баяндағанбыз. 
 
Құлантау 
Құлантау  Үлкен  Қаратаудың  Шақпақ  белі  арқылы 
Алатаудың  Жабағылы  сілемімен  жалғасып  жатқан  Боралдай 

105 
 
тауының  солтүстік  бӛлігі.  Құлантаудың  бӛктерінен  жанға  шипа 
мӛлдір  сулы,  кӛптеген  бұлақтармен  қатар  Құлан  ӛзені  бастау 
алады.  Құлантаудың  батыс  бӛктерінен  Әулиесайда  Ұзынбұлақ 
аталатын  бұлақ  ағып  шығады.  Әулиесай  аталу  себебі  Үйсін 
дүниеге  келген  киелі,  әулие  саналғандықтан  болса  керек  деген 
болжам айтылады. 
         Үйсіннің тарихына байланысты: 
         Ұзынбұлақ – үйсін конысы,  
         Малға  майдан  Қаратаудың  сонысы  -  деген  ӛлең  сӛздері 
бұған  айғақ  болса  керек  –  деп  кӛрсетеді  Ә.Байбатша.  (Қазақ 
даласының ежелгі тарихы. Алматы: Санат, 2002, 73 - 74 беттер.) 
  Б.  Момышұлының  «  Ұшқан  ұя»  кітабында:  «Алтын  күн 
Құлан тауына иек артып, тӛңіректеп қоштасқысы келмей қызара 
қиналып  тұрғандай  сезіледі.  Батыс  жақ    нарттанып,  күлгін 
шапаққа  шомылып  тұрған  кез  Шақпақ,  Жабағылы,  Боралдай 
жондарына сол шапақ бұлаң қаққандай сезіледі»  -деп туған жер 
келбетін  шабыттана  суреттеген.  (Б.Момышұлы.  Ұщқан  ұя. 
Алматы, 1976, 52 бет). 
  Атақты  тарихшы  Л.Гумилев  болса  «Құлантаудың  етегіндегі 
кӛп  бұлақты  қоңыр  салқын  жазықта  1223  жылы  Орта  Азияға 
жасаған  жарықтардан  қатты  қалжыраған    Шыңғыс  хан 
нӛкерлерімен сауық құрып дем алған» - деген мәлімет келтіреді. 
(Л.Гумилев. Кӛне түріктер. Алматы, 1994, 103 бет).   
  Алатаудың 
баурайы  осы  Құланбасыда  1224  жылы 
құрылтайға  бара  жатып  Шыңғыс  ханның  үлкен  ұлы    Жошы 
Қаратаудың Орда қонған деген жерінде Үйсін сіргелінің бір топ 
билерімен  кездескені  туралы  ел  ішінде    сақталып  қалған  аңыз 
бар. 
  «1328  –  ші  ұлу  жылы  Ақсақ  Темір  Загрестің  биік  тау  асуы 
арқылы, Фарс – Хорасан керуен жолымен Самарқандқа жорыққа 
аттанады.  Ол  барша  қосындардан  таңдап  алынған  қырық  мың 
атты  әскермен  Сейхун  –  дариясынан  ӛтіп  наурыздың  орта 
тұсында Алатау мен Қаратаудың тоғысар жеріндегі Құлан асуына 
келіп ат басын тіреді. Айналасы ат тағасындай иіліп тау қоршаған 
Құланбасы  жазығының  тепсеңді  биігіне  ордасын  тікті»  –  деген 

106 
 
мәлімет келтіреді жазушы Е.Тұрысов (Бұл мәлімет Е.Тұрысовтың 
Темірлан романынан қысқартылып алынды. 82 – 83 беттер). 
  Құлан  тауының  не  себептен  бұлай  аталғаны  туралы  нақты 
дерек жоқ. Кейбір қариялар Құлан тауы қаңлыдан шыққан Құлан 
батырдың атымен қойылған деген болжам айтады. 
  Ұлы  Жібек  жолымен  ӛткен  жиһангерлердің  жазбаларында 
Құлантау туралы шағын ғана деректер айтылады, соның бірінде, 
Мыңбұлақ  қаласынан  Құлантаудың  солтүстік  тұмсығын  орап 
Құлан  ӛзенін  жағалап  барып  асатын,  Әулиесаймен  жүріп 
Тамтадж (Түлкібасы) қаласына әкелетін негізгі желімен түйісетін 
де тармақ жол болғандығы айтылады. 
  Таудың  Құлантау  аталу  себебіне  байланысты  Ә.Байбатша 
тӛмендегідей  пікір  айтады:  «Құлан  жортқан  жазық  далалардың 
құланға  байланысты  аталуы  түсінікті.  Тауларды  құлан 
мекендемейді,  сонда  Құлан  тау  деген  атау  қайдан  шыққан? 
«Құлан  таза»  -  деген  сӛз  тіркесін  білеміз.  Тіркестегі  құлан  мен 
таза сӛздерінің  мағынасы бір, тазаны білдіреді» дейді. 
  Ал  Құлантаудың  басында  шындығында  да  ешқандай  бұта, 
арша  сынды  ӛсімдіктер  ӛспейді  жалтыр  тастар  жататыны  рас. 
Сондықтан да осы пікірді растауға болады. 
 
Құлан асуы 
Жуалы  ауданының  батысындағы  Құлан  тауының  Боралдай 
тауымен  түйісер  жеріндегі  асу  «Құлан»  -  асуы  деп  аталады. 
Орналасқан  жері  бұрынғы  Шаңышқылы  руының  ата  қонысы 
Бірлік ауылының үстінде. 
Бұл  асумен  асқан  адам  тау  шатқалдарымен  жүріп  отырып 
Түлкібас  ауданының  (Оңтүстік  Қазақстан  облысы)  Құлан 
аталатын  елдімекеніне  жеткізеді.  Бұрынғы  кезде  Кӛкірек 
(таудың  тӛсі  мағынасын  беретін  атау)  базарына  баратындар  осы 
Құлан асуы арқылы асатын болған. 
Революциядан  бұрын  ағылшындар  Шақпақ  кӛмірін  осы  асу 
арқылы  Түлкібасы  станциясына  дейін  арбалармен  осы  Құлан 
асуы арқылы тасмалдаған. Асудың алдындағы аршадан салынған 
кӛпір әлі күнге дейін сақталып қалған. 
Құлан асуындағы шатқалда жоңғар шапқыншылығы кезінде 

107 
 
Шегір руынан шыққан Ақпан батыр жау мергенінің оғынан мерт 
болған. 
Құлан 
атауына 
байланысты 
Әділбек 
Байбатшаның 
болжамынан  басқа  мағынадағы  пікірді  Еркебай  Қойшыбаев 
Жамбыл  облысының  Құлан  мекеніне  берген  анықтамасында 
келтірілген. «Кейбір топонимнің әуелгі аты «Құлан» болу лайығы 
жоқ.  Тегінде,  кӛне  түркілердің  «Қойлан»  этнонимінің  қазақ 
тілінің  бейімділген  түрі  болса  керек»  -  деп  кӛрсеткен. 
(Е.Қойшыбаев Қазақстанның жер – су аттарының сӛздігі Алматы: 
Мектеп, 1985, 176 бет).  
Құлан асуына байланысты осы екі болжамды сараптай келе 
біз Е.Қойшыбаев берген екінші нұсқаға тоқталамыз.  
 
Құрама 
Құрама  аталтын  жер  Жуалы  ауданының  шығыс  жағындағы 
Бақаты ӛзенінің бойында орналасқан.  
Біз  бұл  жердің  Құрама  атлуына  байланысты  деректер 
іздестіріп,    кӛне    кӛз,      қалталы    құлақ      қарияларға  
жүгінгенімізден  ешқандай  нәтиже  шыққан  жоқ,  сондықтан 
болжам  жасауға  тура  келеді.  Бұл  аймақты  түрлі  кезеңдерде 
қазақтың  түрлі  руларының  ӛкілдері  мекендеген.  Мәселен 
«Бақаты»  атауына  байланысты  қаңлы  руының  Бақа  қаңлы, 
«Еңке»  атауына  байланысты  Еңке  қаңлының  мекендегенін 
жазғанбыз.    Бақатының  жоғарғы  жағын  атам заманнан бері 
Шымыр  руы,  етек  жағын  Байтана  руы  қоныс  еткен.  Біздің 
ойымызша  осы  Қаңлы,  Шымыр,  Байтана  рулары  бірігіп 
мекендеген  жері  «Құрама»  аталған.  Себебі  қазақтың  «құрама» 
сӛзіне  «түрлі  рулардан  құрылған  этностық  топ.  Құрама  атауы 
«Ақтабан  шұбыранды  алқакӛл  сұлама»  жылдарынан  кейін  (1723 
– 1729 жылдары) қалыптасқан» - деп анықтама берілген.  (Қазақ 
Совет энциклопедиясы Алматы, 1975, 42 бет). 
Осы  мәліметке  сүйеніп  біз  «Құрама»  -  атауы  «құрама  ел» 
деген ұғымнан қалыптасқан атау деп білеміз. 
 
 
 

108 
 
Құртты бұлақ 
«Құрттыбұлақ»  -  аталатын  жер  Жуалы  ауданындағы 
Талапты  елдімекенінің  үстіңгі  жағындағы  Қараүңгір  аталатын 
жерден екі шақырымдай жоғары тау беткейіндегі бұлақ. 
Құрттыбұлақтың  аумағы  шағын  ғана.  Ол  үш  –  тӛрт 
шақырым аққан соң ешқандай ӛзенге қосылмай тастақты аңғарға 
сіңіп кетеді. 
Бұлақтың  бұлай  аталуына  тоқталатын  болсақ  бұлақта 
жанбасқұрт, жұмарқұрт, түрлі шіркейлер сияқты т.б. құрттар кӛп 
болғандықтан осылай «Құрттыбұлақ» - аталады. 
 
Қыз әулие  
Жуалы  ауданы,  Шақпақ  елдімекенінің  солтүстік  батыс 
жағында  3  шақырым  жерде  Құлан  тауының  етегіндегі  шатқал 
«Қыз әулие» - аталады. Бұл жерден шағын бұлақ басталып ол 
таудың  етегіндегі  егінді  алқаптарды  суғаруға  пайдаланылады. 
Бұлақтың  басталар  жері  қалың  жынысты,  аңғарында  итмұрын, 
қара долана, шеттік т.б. талдар ӛседі. 
Қыз  әулиеге  зиярат  етіп  барған  жұрт  бұлақтың  басындағы 
талға мата байлап, суын ем санап жатады.  
Шақпақ  ата  елдімекенінде  тұратын  діндар  қария  Дербіш 
Дүйсенбіұлының  айтуына  қарағанда  бұл  жерде  қасиетті  әулие 
қыз жерленген дейді.  
Аңғарда ӛскен талдарды қырқып отынға пайдалануға ол жер 
қасиетті әулие саналғандықтан рұхсат етілмейді. 
Мұндағы  «Қыз  әулие»  -  атауындағы  «қыз»  сӛзі  этноним 
болып саналады. 
 
Қыз құлаған 
Ақсу  -  Жабағылы  қорығының  Түлкібас  ауданының  шығыс 
бӛлігінде  орналасқан  тау  беткейінде  «Қыз  құлаған»  -  аталатын 
шағын  кӛл  бар.  Кӛлдің  бұлай  аталу  себебін  Ақсу  -  Жабағылы 
қорығының 
мұражайымен 
таныстырушы 
қызметкерінің 
пікірінше,  ілгері  заманда  сол  кӛлдің  жасағын  жайлаған  бір 
байдың кӛрікті қызы болыпты. Бай қыздың қарсылығына қарамай 
бір  саудагерге  бермекші  болады.  Оған  кӛнбеген  қыз  тастан  сол 
кӛлге құлап ӛліпті деген мәлімет береді. 

109 
 
Қызмола 
Бақаты  аталатын  шағын  ӛзеннің  шығыс  жағында, 
Сарықайқаң аталатын жерде «Қызмола» - атты жер бар. Қызмола 
туралы  аңызды  біз  ертеректе  Қаңлы  руының  шежірелі  қариясы 
Сегізбай ақсақалдың аузынан естіген едік. Ерте кезде бір ханның 
жалғыз  қызы  бойжеткен  кезде  белгісіз  сырқаттан  қайтыс 
болыпты.  Ол  қыздың  кӛріпкелдік  қасиеті  болған  ұқсайды. 
Ұрпақсыз  қалған  хан  қатты  қайғырыпты,  сол  Бақаты  ӛзенінің 
жағасына  жерлеп  басына  екі  қаратал  егіпті.  Қарияның  айтуы 
бойынша  не  себептен  екені  белгісіз,  қараталдарды  қанмен 
суғарыпты.  Бақаты  бойындағы  сол  үлкен  қара  талдың  бірін 
орыстар  келген  кезде  шауып  алып,  арбаға  тиеп  алып  бара 
жатқанда қиядан аунап, қайтыс болыпты дейді.  
Қыз  моланы  бүгінгі  күнге  дейін  ел  қасиетті  санайды.  Ал 
оның  басына  егілген  үлкен  қара  тал  нешеме  ғасыр  ӛтсе  де  әлі 
күнге жапырақ жайып кӛктеп тұр. 
Жердің  «Қызмола»  -  аталуы  аңызда  айтылғандай  кӛріпкел 
әулие қыздың жерленген жері.  
 
Қызтоған 
Боралдай  ауылдық  округіне  қарасты  Жуалы  ауданының 
солтүстігінде  Шаянға  жақын  орналасқан  ауылдардың  бірі- 
«Қызтоған» - аталады. Бұл елді мекеннің бұлай «Қызтоған» аталу 
себебі, Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан сұрапыл кезеңде тылдағы 
бар ауыртпашылық бала - шаға мен  қыз - келіншектерге түскені 
баршамызға  белгілі.  Сол  тӛңіректегі  атыраптағы  егінді  суғару 
мақсатында  шағын  ӛзенге  қыз-келіншектер  тоған  салған. 
(Тоғанның  орны  әлі  күнге  сақталған).  Сол  кезден  бері  ауыл 
Қызтоған аталады. 
Е.Қойшыбаевтың  Қазақстанның  жер  –  су  атаулары 
кітабында,  Қызтоған  атауына  байланысты  мынандай  анықтама 
береді:  «Қызтоған  –  халық  аңызында  «қыздар  қазған  тоған». 
Түркі тілдеріндегі ротацизм заңдылығы «р» дыбысының алмасуы 
бойынша  қыр  //  қыз  тұлғалары  ауыс  –  қағыс  айтыла  береді. 
Қызтоған  –  «қырға  шығарылған  тоған»  мәніндегі  атау».   
(Алматы: Мектеп, 1985, 179бет). 

110 
 
Қызыл дала 
 Қызыл  дала  –  Республика  бойынша  кӛп  кездесетін  дала 
аттары.  «Қызыл  дала»  -  аталатын  жер  Жетітӛбенің  оңтүстік 
жағында  Бауыржан  Момышұлы  –  Қошқарата  автомобиль 
жолының үстінде, таудың етегіне дейін созылып жатқан дала. Ол 
Қарасаз  ауылдық  округінің  аймағына  жатады.  Қызыл  даланың 
етегіндегі  сайлардан  басталатын  бұлақтардың  суын  бӛгеп 
жасалған «Қызыл даланың кӛлі» - аталатын кӛл бар. 
  Алыстан  қараған  кісіге  Қызыл  даланың  күнгей  жағы 
қызғылт  тартып  жатады.  Бұл  жердің  аталуы  осы  беткейдің 
қызғылт түсіне байланысты қойылған ороним.   
          
  Қызылжар 
  Талас  Алатауының  баурайындағы  Ақсай  аталатын  ӛзеннің 
шығыс жағындағы сілемнің орта тұсы «Қызылжар» - аталады. 
  Орналасқан  жері  Ақсай  ӛзенінің  шатқалдан  ағып  шығар 
жеріндегі қорықшы үйінің шығысында 300 метрдей жерде. 
  Тауға  шығатын  адам  осы  Қызылжардың  үстіндегі  қылта 
жолмен  кӛтеріледі.  Етектен  қараған  кісіге  Қызылжар  жоғарғы 
және  тӛменгі  жағы  кӛкорай  белдеу  болып  ерекшеленіп,  45  –  50 
метрдей жері қып – қызыл болып айқын кӛрінеді. 
  Қызылжардың  ӛзен  жағасынан  бетон  құюға  эксковатормен 
құм алатындықтан батыс беткейі жарлауыт болып келеді. 
  Бұл  жердің  «Қызылжар»  -  аталуына  тоқталатын  болсақ, 
мұндағы «қызыл» сӛзінің жер қыртысының реңімен байланысты 
атау екендігін аңғару қиын емес. 
        
  Қыдыр қонған сай 
  Ақтасты  елдімекенінің  солтүстік  шығысындағы  Кіші 
Қаратаудың бір сілемінің қойнауындағы сайды жұрт - «Қарасай» 
немесе  «Қыдыр  қонған  сай»  -  деп  атайды.  Ол  сайдың  орын 
тепкен  жері,  Ақтасты  елдімекенінің  солтүстік  шығысында  7 
шақырым  жерде.  Бұл  сайды  Қарасай  атауға  негіз  болатын 
ешқандай белгі жоқ, ал Қыдыр қонған сай аталуына байланысты 
ӛте бір қызық құбылыс бар. Сайдың табанында шағын бұлақ бар, 
оның  оң   жақ  қапталында  үлкен – үлкен  екі  түп  долана ӛседі. 

111 
 
Сол доланалардан сәл тӛменірек кішігірім киіз үйдің кӛлеміндей 
«Қыдыр  қонған  жер»  -  аталатын  орын  бар.  Ол  жердің  бір 
ерекшелігі  қыс  күндері  жауған  қар  бірден  еріп  кетеді  де 
дӛңгеленіп  қарайып  бу  шығып  жатады,  ал  жаздың  күндері 
кӛкпеңбек дӛңгелек болып кӛгеріп жатады.  
Жергілікті  тұрғындар  бұл  жерді  «Қыдыр  ата  қонып 
аттанған»  -  деп  қасиетті  санайды,  басына  зиярат  етеді.  Қыдыр  – 
мұсылман дінінде ел аралап жүрген адам бейнелі «әулие», адамға 
қамқоршы,  бақыт  дәулет  сыйлаушы  кейіпкер  ретінде  танылады. 
Діни  наным  бойынша,  әрбір  нәрсенің  иесі  болады  –  мыс, 
солардың бірі Қыдыр әулие.  
Сай  атауы  жоғарыда  айтылған  Қыдыр  атаға    байланысты  - 
«Қыдыр қонған сай» аталады. Сай атауы сӛйлемнен қалыптасқан  
жалқы есім болып саналады. 
 
Қыстаубай кӛлі 
Бұл  шағын  кӛл  Ынтымақ  елдімекенінің  солтүстік  батыс 
жағында  бір  шақырым  жерде  орналасқан.  Кӛл  табиғи  емес, 
Ынтымақ ауылының батысынан шағын бұлақтардың суына бӛгет 
салып қолдан жасалған. Бұл кӛл Ұлы Отан соғысынан кейін сол 
ауылдың  тұрғыны  Қыстаубай  қарияның  жанқиярлық  еңбегі 
арқасында  пайда  болған.  Сондықтан  да  кӛл  сол  кісінің  есімімен 
«Қыстаубай кӛлі» - деп аталады. 
Қыстаубай  қария  кӛлдің  жағасына  айнала  қара  тал  егіп, 
балық ӛсірген, үйрек – қаз асыраған. 
Бүгінде  Қыстаубай  кӛлінің  жағасындағы  қара  талдар  әбден 
қартайып  қурай  бастаған,  ал  кӛл  ұйыққа  толып,  суы  таязданып 
кеткен.  Аумағы  кішірейіп  қалың  қоға  мен  қамыс  басқан.  Бір 
кездері базары тарқамаған айдын кӛл шүрегей мен жабайы үрек, 
кӛл бақаларға ғана мекен болып қалған жағдайы бар. 
 
Қыстаубай шатқалы 
Жетітӛбе  ауылдық  округіне  қарасты  Қоңыртӛбе  ауылынан 
оңтүстікке  қарай  3  шақырым  жерде  орналасқан  сайды  ел 
«Қыстаубай шатқалы» - деп атайды. Шатқал жоғары ӛрлеген соң 
екіге  бӛлінеді:  бірі  «Құрғақсай»  деп,  (сайдың  арнасы  сусыз 

112 
 
құрғақ болған соң осылай аталған) екіншісі «Қалмаққырылған» 
- аталады. Осы Қалмаққырылған сайының жоғарғы бітер жері құз 
жартас болып келеді. 
Қалмаққырылған  сайдың  тарихы  туралы  кӛргені  мен  ойға 
түйгені  кӛп,  ел  мен  жер  тарихын,  шежіресін  жетік  білетін 
Кәріқорған  ауылының  тұрғыны  Елубай  Исмайлов  былай 
баяндайды:  «Жоңғар  шапқыншылығы  кезінде  Аққошқар  батыр 
бастаған  қазақ  жасақтары  қашып  бара  жатқандай  айла  жасап, 
соңдарынан  қуған  қалмақтарды  осы  шатқалға  қамап  қырып 
салған екен» - дейді. 
ХІХ  ғасырдың  аяғында  Батырбек  датқа  Қоңыртӛбе 
аймағынан  Найман  руына  жер  бӛліп  беріп  қоныстандырғаны 
тарихтан  белгілі.  Осы  шатқалдың  аузында  Найман  руының 
Қыстаубай есімді беделді қариясы ӛзінің әулетімен мекен еткен. 
Сондықтан шатқал күні бүгінге дейін «Қыстаубай шатқалы» - деп 
аталып келеді. 
Осы  шатқалдың  шыға  берісінде  VІІІ  –  ХІ  ғасырлардың 
археологиялық  нысаны  –  қарауыл  мұнарасы  болған.  Ол  туралы 
мәлімет  тарихшы  Күзенбай  Байбосыновтың  зерттеулерінде 
кӛрсетілген. 
 
Майбұлақ 
Республикамыздың  оңтүстік  атыраптарында  кӛп  кездесетін 
бұлақ  атауларының  бірі  –  «Майбұлақ»  деп  аталатын  жер 
Таңшығыс  атты  ескі  қоныстың  солтүстік  жағындағы  шағын 
бастау.  Бұл  бұлақтың  шығыс  жағынан  Әкбастау,  (жоғарғы 
жағынан  ел  үй  әктеуге  әк  қазып  алғандықтан  осылай  аталған) 
және  шығыс  жағынан  Кӛкбастау  (жағалауы  кӛк  майса 
болғандықтан аталған атау) бұлақтары басталып үшеуі бір арнаға 
қосылып,  солтүстік  шығысқа  қарай  ағып  барып  Теріс  ӛзеніне 
қосылады. 
 «Майбұлақ  атауы  кӛне  түркінің  «май»  және  «бұлақ» 
сӛздерінен  қалыптасқан  атау.  «Май»  тұлғалас  тіркестер  түркі 
тілдерінің кӛкке табыну дәстүрінен елес береді, қазақ тілінде: «от 
ана,  май  ана»,  алтай  тілінде  «май  эне»,  орхон  жазбаларында 
«ұмай»  ұғымындағы  атау».  (Еркебай  Қойшыбаев.  Қазақстанның 

113 
 
жер – су аттары сӛздігі. Алматы: Мектеп, 1985, 184бет.)  
Ал  «Майбұлақ»  атауына  бұрынғы  Таңшығыс  аталатын 
жерде туып ӛскен Құттыбай Есенбекұлы басқаша түсінік береді:  
«Майбұлақтың  тӛңірегіндегі  шағын  ауылдың  тұрғындары 
қарынға,  ыдысқа  салған  майларын  осы  бұлаққа  салып  қоятын. 
Бұрын  тоңазтқыш  жоқ  кезде  бұлақ  суына  батырылған  май 
бұзылмай  жақсы  сақталғандықтан,  Майбұлақ  аталатыны 
сондықтан» - деп кӛрсетеді.  
Біз  «Майбұлақ»  -  атауының  екінші  нұсқасына  тоқталамыз. 
Бұл  «май  салынған  бұлақ»  -  деген  ұғымды  білдіретін  гидроним 
деп білеміз.    
 
Майтӛбе 
Қаратау-Тараз автомобиль жолының шығысында Билікӛлден 
10  шақырым  шамасындағы  тӛбе  «Майтӛбе»  -  аталады.  Бұл 
тӛбенің  осылай  аталуы  туралы  қариялар  бұл  жерден  бұрынғы 
кезде  мұнай  ӛндірілген,  сондықтан  Майтӛбе  -  аталған  дейді. 
(Бірақ қай кезде, кімдер ӛндіргені туралы ешкім дәйекті  ештеңе 
айта алмайды). 
Екінші  біреулердің  айтуынша  бұл  тӛбенің  Майтӛбе  аталу 
себебі жаугершілік кезде қаза тапқандарды осы тӛбеге жерлеген, 
сондықтан  ол  «Мәйіттӛбе»  -  аталған,  айтыла  келе  Майтӛбеге, 
айналыпты кеткен деп баяндайды. 
Тарихи  мәліметтерге  суйенсек,  Майтӛбе  аталуының  екінші 
нұсқасы  шындыққа  жақын  сияқты.  Б.Әбілдаұлы  Тӛле  би  мен 
Қойгелді  батыр  кітабында    былай  баяндалады:  «Қотырбұлақ, 
Майтӛбе,  Ақкӛл  жеріндегі  шайқастардың  іздері  әлі  күнге  дейін 
сайдап жатыр. Сол соғыстарда қырылған қалмақтардың обалары 
тӛрткүл  тӛбелер  ретінде  сақталса,  туған  жерін  қорғауда  шейіт 
болған қазақтардың зираттары да айқын байқалады. Туған жерді 
жоңғарлардан  босатқаннан  кейін  Қойгелді  еліне  қоныс  бӛлгенде 
осы  бауырлары  қаза  тапқан  жерлерді  таңдапты.  «Майтӛбе» 
совхозы  орналасқан  Майдан  тӛбені  Қойгелді  басқарған 
жауынгерлер  әуелі  қалмақтардан,  одан  кейін  қырғыздардан, 
үшінші рет түрікпендерден азат еткен» - деп кӛрсетеді. (Алматы. 
Қазақстан «Мерей» 1992 110 бет).  

114 
 
Демек,  «Майтӛбе»  -  атауы  Мәйіттӛбе  немесе  Майдантӛбе 
болсын,  сол  кезеңде  жаугершілікте    туындаған  атаулардың 
бүгінге жеткен жаңғырығы деп білеміз. 
Осы  маңдағы  Талас  ауданына  қарасты  елдімекен  де 
«Майтӛбе» - аталады. 
 
 Маңқасай 
 «Маңқасай» - Шақпақ ата елдімекенінен тоғыз шақырымдай 
жерде  Амансайдың  солтүстік  батысында  жатқан  жан  жағын  тау 
қоршаған терең сай. Бұл жерді «Маңқасай» -деп аталуына жылқы 
малында болатын маңқа ауруы себеп болған. Ол адамға да, малға 
да жұғатын жұқпалы ауру. Індет таратпау үшін маңқа ауруымен 
ауырған  жылқы  малын  осы  сайға  алып  келіп  атып,  ӛлексесін 
ӛртеп отырған. 
  Сол  оқиғаны  кӛзімен  кӛрген  қариялардың  айтуынша  Ұлы 
Отан соғысының алдында яғни, 1930 – 1940 жылдары болған. Ол 
жерді  әлі  күнге  дейін  ақ  сӛңке  болып  қураған  жылқы  малының 
сүйектері шашылып жатады. 
  Жер  атауы  маңқа  ауруымен  ауырып  жойылған  жылқыларға 
байланысты «Маңқасай» - деп аталған. 
 
Марының сазы 
Жуалы  жерінің  солтүстік  шығыс  жағындағы  Қаратау 
жоталарының  арасында  Кӛсегенің  кӛк  жонына  жақын  жердегі 
Аралтӛбенің бергі жағында орналасқан. Жан – жағы жоталармен 
қоршаған  ойыстау  жер  болғандықтан  қысы  –  жазы  саздап 
жатады.  Ол  жердің  аумағы  ӛте  үлкен,  бұрын  бұл  жерде  сол 
маңдағы ас, той, бәйге сияқты үлкен жиындар ӛтетін жер болған.  
Ол жерді халықтың «Марының сазы» - деу себебі сол маңды 
жайлау еткен Мары деген кісінің есімімен қойылған атау. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет