Байдалиев Д. Д


Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған



Pdf көрінісі
бет22/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   91
5. Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған тағы 
бір тарихи мемориал ескерткіш Шақпақата ауылдық округіне 
қарасты Ынтымақ ауылындағы мектеп ауласына орнатылған.
Мемориал 2006 жылы 9 мамыр - Жеңіс күніне орай ашылды. 
Оның тұғырымен қоса есептегендегі биіктігі 4,5 метр болады
композициясы үш бӛлек гранит тастан тұрады. 
Бірінші биік гранит тақтаға осы Ынтымақ ауылынан Ұлы 
Отан соғысында қайтыс болғандардың тізімі жазылған. Екінші 
орташа гранит тақтада Ұлы Отан соғысына қатынасып, кейін 
бейбіт кезде қайтыс болғандардың аты – жӛні кӛрсетілген. 
Үшінші одан аласалау тақтаға тылдағы майдан үшін еңбек етіп 
жүріп қайтыс болғандардың тізімі қашап жазылған. 
Бұл Ынтымақ ауылындағы мектеп ауласына орнатылған бұл 
тарихи ескерткіш жастарды отаншылдыққа, ерлікке тәрбиелейтін 
бірден – бір қасиетті орын болып табылады. Ескерткіш Ынтымақ 
ауылының тұрғындарының қаржысына салынған. 
6. Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлерге 
арналған ескерткіш. Қарасаз ауылдық округіне қарасты 
Ақбастау ауылында да бар. Ескерткіш Ақбастау ауылындағы 
Б.Майлин атындағы орта мектептің алдына орнатылған. 
Ескерткіш қабырғасындағы мрамор тақтаға Ақбастау ауылының 
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің аты – жӛні 
жазылған. Ескерткіш 2005 жылы ашылды, ол ауыл 
тұрғындарының қаржысына салынды.
7. Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш 
мемориал. Қызыл арық ауылдық округіне қарасты Теріс 
ауылындағы әкімшілік ғимаратының алдына орнатылған. Онда 
автомат ұстаған жауынгер бейнеленген. Тұғырмен есептегенде 
ескерткіш мемориалдың биіктігі 4 метр болады. Ескерткіш 
алдындағы мрамор тақтада осы елдімекеннен аттанып, Ұлы Отан 
соғысында опат болған жауынгерлердің аты – жӛні қашалып 
жазылған. 


46 
Осы жоғарыдағы кӛрсетілген патриоттық рухтағы Ұлы Отан 
соғысының құрбандарына қойылған ескерткіш Тасбастау және 
Қарбастау елдімекендерінде де бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет