Реферат тақырыбы: Манаш Қозыбаевтың отан тарихының өзекті мәселесін зерттеуде қосқан үлесі



бет1/2
Дата09.05.2023
өлшемі0,95 Mb.
#91239
түріРеферат
  1   2

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Манаш Қозыбаевтың отан тарихының өзекті мәселесін зерттеуде қосқан үлесі

Орындаған: Б(о)-22к студенті Оразбай М.Б
Тексерген:Бекмурзина А.Н

Петропавлк 2023


Манаш Қозыбаев Ұлы Отан соғысына байланысты «Қазақстан коммунистері Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Бессмертие», «Как
Гастелло», Нүркен Әбдіров туралы, «Ауыл-село партия үйымдары Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Арсенал Отечественной войны», «Батыр Мәншүк», «Бессмертие», «Как
Гостелло», «Ғибратты өмір», «Аңызға айналған батырлық», «Политрук Клочков», «Борец за народное дело», «Герой Советского Союза-казахстанцы», деген мақалалары мен кітаптары баспасөз беттеріне бірінен соң бірі шығып жатты. Ұстазы Сақтаған Бәйішевтің жетекшілігімен, оппоненттері Ақай Нүсіпбеков пен Ермұхан Бекмахановтардың көмегімен 1962 жылы «Қазақстан Компартиясы Ұлы Отан соғысы кезінде өнеркөсіп пен транспортқа басшылық жасаудағы тәжірибесі» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шығады. Кейін осы тақырыбын кеңейтіп, «Қазақстан Коммунистік партиясы Ұлы Отан соғысы жылдарында» -
деген тақырыпта Мәскеуде докторлық диссертациясын қорғап шығады.
«Ең алдымен Манаш Қозыбаев Қазақстаннан майданға алынған, тыл армиясына аттанғандар екі миллионға жуық екендігін айтып, шығыстағы ұлттық аймақтар генофонының әлсіреп қалғанын дәлелдеді. Гитлер тотальдық мобилизация жасап, халқының12%-ын әскерге алса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 25%-ға жеткен екен. Диссертант оның
себептерін- республиканың аграрлық сипатымен, ұлттық республикалардағы тыл еңбекшілеріне бронь берілмегенін, осының салдарынан Қарағандыдағы кеншілердің соғыстан бұрыңғы құрамының 84%-ының майданга кетуімен түсіндірді. Қазақстан өзінің ұлттық жұмысшы кадрларын майданға аттандырып, олардың орнына Донбасс кеншілері мен металлургтерін қабылдап, оларды аман сақтап қалды» -дейді.
Ғалым партия құрылысында да көптеген жаңа тұжырымдамалар жасады. Ленин құрған коммунистік партия әскери ұжым болды. Азамат соғысы кезінде ол одан әрі милитаризацияланды. Соғыс біткен кезде милитаризацияланған партияда демократияландыру процесі жүргізілмеді. Докторанттың келтірілген теорялық пікірлері дәлелденді. Соғыс жылдары 1937-1938 жылдардағыдай «үштіктер» қайта пайда болды,
партияда командалық бұйрық, жарлық, өктемдік кең етек алды. Кейбір жерлерде жұмысқа әскери тәртіппен-колоннаға тұрғызып апару пайда болды. Манаш Қабашұлы Қозыбаев Қазақстан партия ұйымының коммунистерді мобилизациялауды ұлттық аудандардағы жергілікті партия ұйымдарын қансыратып кеткенін, қатардағы ауыл коммунистері майданға
кетіп, оның орнына әйелдер, жастар алынғанын, партия құрамының 1937-1938 жылдардан кейін тағы бір зор қырғынға ұшырғанын баяндады.
Манаш Қозыбаев көтерген үлкен мәселелердің бірі - ұлт мәселесі болды. 1916 жылғы патша ағзамның маусым жарлығыңдағыдай Қазақстанның 1941-1945 жылдары тыл жұмысына адам алу мәселесіне арнайы тоқталды. Қозыбаев өз зерттеуінде социализм тұсында қалыптасқан ұлттық жұмысшы табы мен ауыл шаруашылығындағы механизаторлардың, зиялы қауымының соғыс жылдары жаппай мобилизацияға ілінуі - ұлт
саясатына қайшы деген пікірге келді. Ал, өндіріске әйелдердің, оның ішінде қазақ әйелдерінің келуі — шын мәнінде партияның табысы емес, ауыр еңбекке аналардың жегілуі патриоттық ұлтшылдықтан гөрі амалсыздық жолы екендігіне ғалым тарихнамада тұңғыш рет Мәскеуліктердің назарын аударды.
Отан тарихы мен тарихнамасын зерттеудің жаңа концептуалдық тұжырымдарын айқындау және жинақталған материалдарды жаңа тұрғыдан зерделеу нәтижесінде М.Қозыбаев басқарған тұста институт 1993 және 2001 жылдары орыс және қазақ тілдерінде көне заманнан бүгінге дейінгі «Қазақстан тарихының очерктерін» шығарды. Академик М.Қозыбаевтың басшылығымен көне заманнан бүгінге дейінгі «Қазақстан тарихының» 5 томдық академиялық басылымға дайындалып, оның үш томы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді, төртінші және бесінші томдары баспаға әзірленді. Бұл ТМД мемлекеттерінің арасындағы тұңғыш басылым еді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет