Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020


Информатикадан факультативтік сабақтар



Pdf көрінісі
бет19/92
Дата18.10.2022
өлшемі1,47 Mb.
#43818
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92
Информатикадан факультативтік сабақтар мектепте негізінен сегіз 
сыныптан бастап жҥргізіледі. Факультативтік сабақтардың басты мақсаты 
білімді тереңдту мен кеңейту, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын 
дамыту, 
олардың 
қабілеттерін 
дамыту, 
оқушылардың 
бойында 
қызығушылықты 
қалыптастыру, 
олардың 
шығармашылығы 
мен 
ықыластарын дамыту болып табылады. Факультативтік сабақтар ӛткізудің 
қазіргі уақыттағы басты тҥрлері берілген факультативтік курстың тҥйіндік 
сҧрақтарын мҧғалімнің баяндауы (дәрістік тәсілмен), семинарлар, 
әңгімелесулер (пікірталастар), есептер шығару, оқушылардың рефераттары 
(теориялық сҧрақтар бойынша да, есептер циклын шешу бойынша да), 
оқушылардың баяндамалары, т.б. болып табылады. 


34 
Информатикадан факультативтік сабактарды ӛткізудің мҥмкін болатын 
тҥрлерінің бірі әрбір сабақты екі бӛлімге бӛлу болып табылады. Бірінші 
бӛлім жаға материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы 
тапсырмалар бойынша оқушылардың ӛз бетімен жҧмыстарына арналады. 
Сабақтың бҧл бӛлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның 
қосымшаларын оқу бойынша ҥй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың екінші 
бӛлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және ерекше қиын немесе 
қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналады. Факультативтік 
сабақтарды ӛткізудің бҧл тҥрі мектептегі оқытудың тҥрлері мен тәсілдерін 
ойдағыдай ӛтуге септігін тигізеді. 
Олимпиадалар. Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында 
алға қойған мақсатқа жетудегі табандылықты, ӛз бетімен жҧмыс істеу әдетін 
қалыптастыру мақсатында олимпиадалар ӛткізіледі. Информатикадан 
олимпиадалар сыныптан тыс жҧмыстың бҥтіндей бір кешеннің (дәрістер, 
кештер, ҥйірме жҧмыстары, т.б.) қорытынды кезеңі болғанда кӛп пайда 
келтіріледі. Олимпиада тек жыл бойғы сыныптан тыс жҧмыстың 
қорытындысы ғана емес, сонымен бірге сыныптан тыс жҧмысты кең жолға 
қоюдың тамаша ынталандырмасы. Олимпида – оқушыларды білім жағынан 
ӛсуге ынталандыратын, олардың бойында информатикаға қызығушылықты
табандылықты тәрбиелейтін жарыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет