Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет16/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64
Байланысты:
Байынқол Қалиев

«Қазақ әдебиеті» 
28 қазан, 1994 ж.
 
ТЕРМИН ТАҒДЫРЫ ДА ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС! 
«Халық кеңесі» газетінің өткен 1994 жылғы шілденің 5-індегі 82-
нөмірінде Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің бір топ 
философтары мен филологтары қол қойған «Тіл тағдыры ойыншық емес» 
атты мақала жарияланды. Мақалада қазақ тілінің бүгінгі мүшкіл халі жан-
жақты айтыла, әртүрлі мысалдармен дәлелдене келіп: «Егер дәл осындай 
жағдайда орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл дәрежесі беріле қалса, ол 
қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде өлуіне әкеліп соғады», - деген 
қорытынды жасаған. Обалы не керек, төлиелер көтерген мәселесін жақсы 
айтқан және жеріне жеткізе айтқан. Бірақ,
41 


неге екенін қайдам, мақаланың соңына қарай олар алған тақырыптарынан 
жалт бұрылып, халықаралық сөздер мен терминдер туралы сөз етеді. Біздің 
көңіл аудармағымыз да осы соңғы мәселе жайында болмақшы.
Төлиелер жазады: «Қазіргі кезде кейбір қазақ тілі мамандары, қазақ 
газет-журналдарының қызметкерлері мен журналистер және басқалар 
қазақ тілін еуропалық тілдерден ауысқан интернационалдық сөздер мен 
терминдерден тазартуға талпынумен, олардың бәрін қазақ тіліне 
аударумен әуестеніп жүр. Бұны қазақ тілін басқа тілдерден оқшаулануға 
бағытталған, мемлекеттік қазақ тілінің қалыптасуына кедергі жасайтын 
кертартпа әрекет деп есептейміз», - дейді. Сондағы келтірген мысалдары: 
проспект
(даңғыл), 
телеграмма
(жеделхат), 
аэропорт
(әуеайлақ), 
ракета
(зымыран), 
программа
(бағдарлама), 
космос
(ғарыш), 
фонтан
(бұрқақ, 
бұрқақсу), 
гипотеза
(көкейкөз), 
интуиция
(көземел), 
логика
(қисын) – 
деген он сөз. Бұлардың ішіндегі 
проспект,
п
рограмма, космос, логика
дегендерді қазақшаға аударғандар, мақала иелері айтқандай, «кейбір қазақ 
тілі мамандары, қазақ газет-журналдарының қызметкерлері (?) мен 
журналистер» емес, Қазақстан Министрлер кабинеті жанындағы 
мемлекеттік терминология комиссиясы. Ол терминдерді бекіткен де сол 
құқықты комиссия. Мұны философ жолдастардың білмеуі кешірімді-ақ 
делік, ал оны филолог жолдастардың білмеуі, әрине, өкінішті. Дегенмен, 
бұл жердегі әңгіме олардың мұны білу-білмеуінде емес, әңгіме 
жоғарыдағы терминдерді қазақшаға аударудың «зардабы» туралы мақала 
төлиелерінің айтқан ой қорытындылары жайында.
Олардың айтуынша (жазуынша) жоғарыдағы сөздерді қазақшаға 
аудару «қазақ тілін басқа тілдерден оқшаулайды» екен, «мемлекеттік қазақ 
тілінің қалыптасуына кедергі жасалынатын» көрінеді. Аудармашылар 
халықаралық сөздерді «ғылыми емес, түсініксіз сөздермен қазақшалапты». 
Қазақшалаған сөздердің «бар кінәсі – ол сөздердің қазақ тіліне орыс тілі 
арқылы енгендігінде» ғана екен. Қазақшалаушылардың бұл істері 
«кертартпа әрекет» болып табылыпты, т.с.с. 
Қазақ тілінің қыр-сырын, қазіргі жайын жақсы білетін адамдардың 
өздері де байқап отырған болар, бұл пікірлердің бәрінің де аяғы жерге 
тимей, аспанда салбырап тұр. Жақын маңда олардың
42 


ақиқат ауылына жуықтар түрі жоқ. Өйткені оның төлиелері басынан 
аяғына дейін жалған пайымдауларға ұрынған.
Ойымыз жүйелі болуы үшін жоғарыда келтірілген пікірлерге 
толығырақ тоқталғанымыз жөн болар. 
Бірінші, халықаралық сөздер мен терминдерді қазақшаға аударсақ, 
қазақ тілі басқа тілдерден оқшауланады деу мүлде қате. Өйткені, әрбір 
жеке тіл (егер оның өз алдына жеке тіл екендігі рас болса), сөзсіз басқа 
тілдерден ерекше болады. Сондықтан да, ол басқа тілдерден оқшау 
тұрады. Оқшау тұрмаса, ол жеке тіл болып есептелінбейді де.
Екінші, халықаралық терминдерді қазақшаға аударсақ, олар қазақ 
тілінің мемлекеттік тіл болып қалыптасуына кедергі келтіреді деу де 
негізсіз. Қайта, керісінше, егер қазақ тілі жат жұрттық сөздердің 
тасқынына көміліп кетсе, шетел сөздерімен араласып, әбден 
қойыртпақтанса, ол өзінің мемлекеттік тіл қызметін ойдағыдай атқара 
алмайтындығы айдан анық.
Үшінші, «тілімізді жат жұрттық сөздердің (варваризмдердің) 
тасқынынан сақтайық, ол үшін халықаралық сөздердің бәрін болмаса да, 
біразын қазақшаға аударайық», - деу неге «кертартпа әрекет» болып 
табылатындығы бізге түсініксіз. Керісінше, шөптің басын сындырмай, 
тұяқ серіппей, бұрынғысынша: шет жұрттық сөздер тілімізді басса, баса 
берсін, бұған дейін қазақ тіліндегі терминдердің 70-80 пайызы орыс тілінен 
және орыс тілі арқылы басқа еуропа тілдерінен келген сөздер болса, енді 
оның саны одан да арта түссін деу, кешірерсіздер, кертартпалықтың нағыз 
өзі болып табылмай ма? 
Төртінші, «интернационалдық сөздер ғылыми емес, түсініксіз 
сөздермен қазақшаланыпты» деген айыптың да реті жоқ. «Ғылыми, 
түсінікті сөздермен қазақшалау» деген не? «Ғылыми емес, түсініксіз 
сөздермен қазақшалау» деп нені айтамыз? Мақала төлиелері келтірген 
жоғарыдағы сөздердің әрі ғылыми, әрі түсінікті қазақша баламалары 
қайсы? Бар болса, оны авторлар неге келтірмеген? Қысқасы, тиянағы, 
тұрлауы жоқ, қисынсыз пікірге қойылар сұрақтар да қисапсыз көп болады 
екен. 
Төлиелер одан әрі қарай былай деп жазады: «Бұл әрекетті («кертартпа 
әрекеттің» деп түсініңіз – Б.Қ.) қазақ тілінің мемлекеттік болашағына 
тигізетін мынандай үш зиянды әсері бар. Олар: 1) Бұл
43 


әрекет қазақ тілінің сөздік қоры мен құрамын жұтаң күйге түсіреді; 2) 
Барлық интернационалдық сөздер мен терминдерді қазақшалау – орыс 
тілінде ғана сөйлейтін қазақ жастарының өз ана тілін меңгеруіне 
көмектеспейді, қайта оларды қазақ тілінен алшақтата түседі; 3) Бұл 
кертартпа әрекет Қазақстанның дүние жүзілік бірлестікке енуіне кедергі 
жасайды». 
Міне, көріп отырсыздар, мақала төлиелерінің пікірлері осындай. Бұл 
пікірлермен ел санаса ма, санаспай ма, келісе ме, келіспей ме, онда 
олардың жұмыстары жоқ. Айттым – бітті, кестім – үзілді. Көнсең де осы, 
көнбесең де осы дейді. Онымен қоймай, «Тіл білімі ғылымымен азды-көпті 
таныс адамдар біздің бұл пікірлерімізді құптайды ғой деп ойлаймыз», - 
деп, қосып қояды. 
Бесінші (жоғарыдағы реттілікті сақтағанымыз жөн болар), 
халықаралық сөздерді қазақшаға аудару – «қазақ тілінің сөздік қоры мен 
құрамын жұтаң күйге түсіреді» деу күлкілі нәрсе. Қазақшаға аударсақ, ол 
қазақша сөздер тілімізді неге жұтаң күйге түсіреді? Қайта, олар қазақ тілін 
байыта, нәрлендіре, әрлендіре түспей ме? 
Алтыншы, халықаралық сөздерді қазақшалау – «орыс тілінде ғана 
сөйлейтін қазақтардың өз ана тілін меңгеруіне көмектеспейді, қайта 
оларды қазақ тілінен алшақтата түседі» деген пікір де миға қонып тұрған 
жоқ. Өйткені бұл пікір де шындықтың ауылынан аулақта жатыр. 
Төлиелердің 
ойынша, 
қазақ 
тілін 
халықаралық 
сөздермен 
толықтырсақ (интернационалдық сөздерді қазақшаламай, сол күйінде 
алсақ), өз тілін білмейтін қазақтар ана тілін меңгереді екен, одан 
алшақтамайды екен. 
Мұндай да сұмдық болады екен-ау. Олай етсек, олар өз тілінің несін 
үйренеді, неменесін үйретеді? «Өз тілі» дегеніміздің бәрі олардың онсыз да 
өздері білетін орыс және орыс тілі арқылы келген еуропа тілдерінің сөздері 
болып шықпай ма? 
Жетінші, «бұл кертартпа әрекет (халықаралық сөздерді қазақшалау) 
Қазақстанның дүниежүзілік бірлестікке енуіне кедергі жасайды», - деу 
тіптен қате. Дүниежүзілік бірлестікке ену үшін немесе сол деңгейге 
көтерілу үшін, халықаралық сөздерді емес, экономикалық қатынастарды, 
экономиканың даму заңдылықтарын,
44 


техниканы, технологияны білу керек екендігін әркім өзі зерделеуге тиісті 
ғой деп ойлаймыз. 
Ал сөзде – заттың, ұғымның атауында тұрған ештеңе жоқ. Мәселе сол 
зат пен ұғымның мәнінде, мағынасында. 
Айталық, компьютерді «компьютер» дегеннен немесе Қытайдағы, 
Түркиядағы қазақтар сияқты оны «білгесаяр» дегеннен компьютердің мән-
мағынасы, жұмыс істеу тәртібі өзгеріп кете ме?! Жоқ, өзгермейді. Әңгіме 
сол компьютерді жасауда, онымен жұмыс істей білуде, оны тұрмысымызда 
қолдана алуда; атында емес.
Мақала төлиелері тағы да: «Орыс тіліндегі сөздердің үштен бірі басқа 
тілдерден ауысқан сөздер. Ал «
а
» әрпінен басталатын сөздердің 90 
проценттен астамы шетелдік екен. Бұлардың бәрін орыстар өздерінің төл 
сөздері ретінде қолданып жүр. Олар одан пайдадан басқа зиян көріп 
отырған жоқ. Біз неге сөйтпейміз?!» - дейді.
Рас, орыс тіліндегі «
а
» әрпінен басталатын сөздердің 90 пайыздан 
астамы шетелдік екендігі ақиқат. Бірақ, мұның төлиелер көңіл аудармаған, 
көрмеген, көргісі келмеген екенші жағы бар. Ол – шет тілінен ауысқан 
сөздерді өз тілінің заңдылығына бейімдеу деген мәселе.
Бізден (қазақтан) басқа кез келген халық, оның ішінде орыстар да бар, 
шет тілден сөз алса, оны өз тілінің айтылу, жазылу заңдылығына 
бағындырып, бейімдеп алады. Оған әлгінде ғана мақала төлиелері сөз 
еткен орыс тілі сөздіктеріндегі «а» әрпінен басталатын 4-5 қана сөзді 
мысалға алалық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет