Байынқол Қалиұлы


Жас алаш, 1 қараша, 1994 ж



Pdf көрінісі
бет14/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64
Жас алаш,
1 қараша, 1994 ж. 
 
 
 
ТЕРМИНДІ ТІЛГЕ ТИЕК ЕТСЕК 
 
«Қазақ 
әдебиеті» газетінен филология ғылымының докторы 
М.Базарбаев ағамыздың «Дұрысы: тілге тиек пе? Әлде...» деген мақаласын 
оқыдық (7-қазан, 1994). Мақаланың бас жағында айтылған пікірлердің 
көпшілігіне риза болдық. Риза бола отырып, олардың кейбіреулерімен 
таласқымыз да келді.
Бірден айталық, мақала иесінің қазақ терминдеріне байланысты айтқан 
пікірлерінің біразымен біз келісе алмаймыз. Қане, бәріміз бірге ойланып 
көрелікші. Автор не деді? Алдымен соған көңіл аударарлық: 
«Юстиция, протокол, телеграмма, программа, метод, транспорт, 
календарь, музей... сияқты терминсөздер аударылмай, өзгертілмей жазылу 
керек. Себебі олардың бәрі латын, грек сөздері. Юстициялық дегенді 
әділет,
телеграмманы – 
жеделхат , 
транспортты – 
көлік, 
 
 
37 
 
 


 
 
кондукторды (?) – 
жолсерік 
деудің қанша қажеті бар. Бұл тіпті, тілдік 
қорымызды кедейлендіру, жүдету болып шығады. Демек шет елде келген 
әрі өзімізде бұрын болмаған зат, бұйымдарды таңбалайтын сөз-терминдер 
еш өзгеріссіз алынуы қажет».
«Гимн мен герб тұрғанда 
әнұран, ел таңба 
дегеніміз самаладай 
жарық кең сарайдан жер кепеге қайта кіргенмен бірдей. Финансы деген 
латын сөзін өзгертпей алу керек. Оның мағынасы тым үлкен. 
Қаржы – 
өте 
қораш. Осы сипаттас орыс тілінен енген поезд, съезд, товар, завод, пьеса, 
фабрика деген сияқты сөздер де өзгертілмей алынуы керек. Мәселен, 
поезды 
пойыз
дегенмен ол қазақша дөңгелемейді ғой» (Сонда қалай? 
Самолетті самолет демей, 
ұшақ 
десек, вертолетті вертолет демей, 
тікұшақ 
десек, олар ұшпай ма? Б.Қ.). 
«Құдай ондағанда, паспорт алынбай (?), оның орнына куәлік жүретін 
болды (?). Әйтпесе 
төлқұжат 
деген бір пәле тағы келе жатыр еді. Бәрібір, 
паспортты 
паспорт
деу керек. Ол тілге әбден сіңісіп кеткен сөз. Өйткені ол 
оның мағынасын бере алмайды».
Міне осылай кете береді.
Мақаланың мазмұнынан біздің ұққанымыз: Егер термин сөздер орыс 
тілінде қалай айтылып, жазылып жүрсе, біз де солай айтып, жазсақ, бұл – 
жақсы. Ал орысша сөздерінің қазақша баламаларын іздеп тапсақ және 
оларды солай қолдансақ, бұл – жаман. Оны автордың сол «жақсылар» мен 
«жамандар» үшін келтірген бейнелі сөздерінен-ақ көруге болады. Мысал 
келтірейік:
 
Автордың 
жазуынша, 
термин-сөздердің 
«мағынасы 
кең», 
«халықаралық мәні бар», «дені сау», «таза», «ұғымды», «жатық», 
«түсінікті», «тілімізге әбден сіңісіп кеткен», Бізді олар «дүниежүзілік 
прогреске жеткізеді», «цивилизацияға бір табан жақындатады», «бүкіл 
дүниелік мәдениетке қабыстырады». Сондықтан да, ол термин-сөздер 
«аударылмай, өзгертілмей жазылу керек». Егер бұлай етсек, ол – 
«кемелдену», «самаладай жарық, кең сарайға кіру».
Ал әлгі термин-сөздердің қазақша баламаларына келсек, олар: «салпы 
етек, малма тұмақ», «бір пәле», «қате», «асығыс істелген», «нашар», 
«әлсіз», «дәмсіз», «жүдеу», «түсіну қиын», «өте қораш», «айтар ойды 
түгел жеткізе бермейді», «терминнің мағынасын бере
38 


алмайды», «құлаққа жағымсыз», «көріксіз», «ұнамсыз», «жайсыз», 
«жексұрын», «сорақы», «қиқы-жиқы», 
«қойыртпақ», «былық», «шылық», 
«жабайы». 
Сондықтан бұл сияқты қазақшалаудан (
төлқұжат, тұғырнама
деген сияқтылардан) «тіпті аулақ қашу керек». Олай етпеген жағдайда
яғни термин-сөздердің қазақша баламаларын қолдансақ, мұнымыз 
«адасқандық», 
«жаңсақтық», 
«қараңғылық», 
«сауатсыздық», 
«тоғышарлық», «қаражаяулық», «зорлық», «тілді бұзу», «бүлдіру», 
«берекесін кетіру», «қор еткендік», «кері сүйрегендік», сөйтіп «жер кепеге 
қайта кіргендік...» (Бәрі де төлиенің сөздері – Б.Қ). 
Өз сөздерімізді осыншалық кемітіп, өзге тілдің сөздерін (яғни 
халықаралық терминдерді) соншалықты әспеттейтіндей, олар аспаннан екі 
аяғын салбыратып түскен сөздер емес қой. Ол сөздер де өзіміздей 
қарапайым халықтардың бірінің сөзі. Мән берсек, мағына телісек, өз 
сөздеріміз де халықаралық терминдер сияқты кең ұғымға ие бола алады. 
Мәселе соған ұмтылуда.
Әрине, халықаралық терминдердің ішінен өзімізге қажеттісі болса, 
оларды тілімізге алуға болады. Неге болмасын... Бірақ күні бүгінге дейінгі 
тәжірибеміздей ол сөздерді орыс тілінде қалай айтылып, қалай жазылып 
жүрсе, солай алуға болмайды. Оларды тіліміздің ішкі заңдылығына 
бағындырып алу керек. Сонда ғана ол термин-сөздер латынның, гректің не 
орыстың сөзі емес, қазақтың сөзі болып шығады. Өйтпеген жағдайда кірме 
сөздердің жат жұрттық болып қалғаны қалған. Араб-парсы тілдерінен 
енген сөздердің басым көпшілігі тіліміздің ішкі заңдылығына сай өзгеріп, 
етене болып кірігіп, сіңісіп кеткен жоқ па?! 
Әрі қарай автор: «Орыс тілінде көптеген түрік сөзі, оның ішінде қазақ 
сөзі жүргенде бірлі-жарым іргелес тұрмыс-тіршілікке байланысты енген 
орыс сөздерінен несіне қашамыз», - деп жазады. 
Біріншіден, Мүсекеңнің «орыс тілінде көптеген түрік сөзі, оның 
ішінде қазақ сөзі жүр» дегені онша дәл айтылып тұрған жоқ. «Жүрсе» 
бірді-екілі мысал келтіруге болатын еді ғой. Егер автор бұл жерде 
ауыл, 
қымыз
деген сияқтыларды айтып отырған болса, олар орыс тілінің 
сөздіктерінде 
ауыл, қымыз
деп емес, 
аул, кумыс
деп, өзгертіліп алынған. 
Ал біздің ағамыз болса, «Орыс тілінен енген сөздерді ешбір өзгертпей алу 
керек» дегенді айтады.
39 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет