Байынқол Қалиұлы


Ана тілі,  29 қыркүйек, 1994 ж



Pdf көрінісі
бет12/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64
Ана тілі, 
29 қыркүйек, 1994 ж. 
 
ТЕРМИН ЖӘНЕ ТІЛ МӘДЕНИЕТІ 
 
Мақаламызды бұлай атауымызда мән жоқ емес. Егер тіліміздегі 
терминдер мәдениетті болса, тіліміз де мәдениетті. Керісінше, тіліміз 
мәдениетті болса, оның терминдері де мәдениетті. Бұл – ақиқат. Алайда 
осындай ақиқат нәрселердің өзі де кейде солай бола бермеуі мүмкін. 
Айталық, біздің тіліміздегі терминдердің бәрі мәдениетті терминдер 
ме? 
-Иа, мәдениетті терминдер, - деп айту қиын. Өйткені біздің қазақ 
тілінің терминдері деп жүргендеріміздің түгелге жуығы орыс тілінен және 
орыс тілі арқылы еуропа тілдерінен енген сөздер. Олар орыс тілінде қалай 
айтылса, бізде де солай айтылады, орыс тілінде қалай жазылса, бізде де 
солай жазылады. Сонда қазақ тілі мен орыс тілінің айырмашылығы қайсы? 
Күнделікті 
шығып тұратын газет-журанал беттеріне қарап 
көріңіздерші. Орыс сөздері, орыс тілі арқылы енген еуропа тілдерінің 
сөздері араласпаған бірде-бір мәтінді (тексті) кездестіре ала ма екенсіздер? 
Жоқ, кездестіре алмайсыздар. Мектептегі балаларыңыз оқып жүрген 
«Қазақ тілі» оқулықтарының бетін ашып қараңыздаршы, ондағы 
ережелердің үштен екісі орыс тілінен және орыс тілі арқылы еуропа 
тілдерінен енген сөздердің жазылуы мен оларға қосымшалардың қалай 
қосылатындығы жайында. Мысалға бірдей екі дауыссызға біткен 
грамм, 
класс 
деген сияқты сөздерге немесе
клуб, завод 
деген сияқты 
б, в, г, д 
әріптеріне аяқталған сөздерге, болмаса жіңішкелік белгісіне біткен 
роль, 
медаль
деген сияқты сөздерге қосымшалардың қалай қосылатындығы 
туралы ережелерді естеріңізге түсіріп көрсеңіздер де жетіп қалар деп 
ойлаймын.
Жарайды-ақ, сіздердің жұмыстарыңызды жеңілдету үшін мен 
олардың бәрін емес, тек екі-үш әліппе оқулығының ішінен бәйгеден озып 
келген, таңдаулы деген М. Жұбанованың бірінші класқа арналған
33 


«Әліппесін» ғана қарауды ұсынған болар едім. Онда шамамен 350-400-дей 
ғана сөз қамтылған. Солардың 50 шақтысы орыс тілінен және орыс тілі 
арқылы еуропа тілдерінен ауысқан 
артель, борщ, карта, концерт, лагерь, 
монтер, плащ, станция, съезд, телефон, электр, цемент, щетка, ферма 
деген сияқты сөздер. Егер бұл сөздерді қазақ тілінің терминдері десек және 
анаі-мынау емес, мәдениетті терминдер десек, онда бұлар 
әртел, борыш, 
қарта, кәнсерт, ләгір, мәнтөр, пылаш, ыстанса, сиез, телепон, електір, 
семент, шөтке, перме 
деп айтылған және солай деп жазылған болар еді. 
Амал не, олай емес. Біздің қазақ тіліндегі терминдерді мәдениетті 
терминдер деп айта алмай отырған себебіміздің бір жағы осы.
Қазақша термин жасауды ұмытқанымызға, міне, 60-70 жылдай уақыт 
болыпты. Сонау А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Е.Омаров, Т.Шонанов 
сияқты асыл азаматтарымыз өмірден өткеннен кейінгі кезеңде қазақ 
тілінде бірде-бір қазақша термин жасалынып көрмепті. Жалғыз-ақ, жақсы 
журналисіміз, тамаша аудармашы, марқум І.Жарылғапов ағамыз ғана 15-20 
сөз жасапты да, тілімізге солардың көпшілігін ендіріпті. Басқамыз тырп 
етпей жатыппыз. Тіпті «сөз жасаудың ұстаханасы» болуға тиісті біздің 
Ұлттық Ғылым академиясы Тіл білімі институты қызметкерлерінің өзі 
осынша уақыт уақыт аралығында бір ғана «сөзжасам» деген жалғыз 
терминнен басқа ешқандай термин жасауға талпынбапты да.
Қазірше сөз жасау, термин жасау ғылымымен шындап айналысып 
жүрген ешкім жоқ. Анда-санда біреу бұрын қазақ тілінде орысша 
қолданылып жүрген сөздің орнына бұған дейін ешкім естіп көрмеген 
қолдан жасалынған немесе ауызекі сөйлеу тілінен алынған жергілікті 
сөздердің біреуін балама етіп ұсына қалса (мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет