Байынқол Қалиұлы


Қазақ терминологиясы және



Pdf көрінісі
бет47/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64
Қазақ терминологиясы және 
бұқаралық ақпарат құралдары, 
Астана, 2003. 33-41 бб. 
 
 
ЕКІ ТІЛДІ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР КЕРЕК ПЕ? 
Сөз жоқ, керек. Керек қана емес, терминологиялық сөздіктерді көптеп 
шығару – қазіргі заманғы зиялы қауымның бірден-бір міндеті десек
мұнымыз артық айтқандық емес. Өйткені еліміз егемендік алып, тіліміз 
мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазіргі кезеңде терминологиялық 
сөздіктер жасау – енді ғана еңсесін көтеріп келе 
116 


жатқан мемлекеттік тілді қолдау, оның бойына қан жүгірту деген сөз. 
Өйткені жан-жақты дамуға, өркендеуге бет алып отырған жас мемлекет 
үшін ұлттық терминдердің қолданылмайтын жері жоқ. 
Бұл ретте Қазақстан Респбуликасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 
келісім министрлігі, Білім және ғылым министрлігі мен Энергетика, 
индустрия және сауда министрліктерінің қолдауымен «Рауан» баспасы 
шығарған 31 томдық салалық ғылыми терминдердің сөздіктер сериясын 
құптап, мұндай сөздіктердің сапалы шығуына өз тілектестігімізді білдірген 
болар едік. Сол тілектестігіміздің белгісі ретінде біз осы жерде аталған 
сөздіктерде және бұған дейін жарық көрген терминологиялық сөздіктерде 
кездесетін кейбір кемшіліктерді көрсетіп тұр «келешек терминологиялық 
сөздіктер мұндай олқылықтардан ада болса екен» деген ақ ниетімізді 
айтқымыз келеді. 
Ол кемшіліктер мыналар: 
1. Терминологиялық сөздіктерге термин емес сөздер көптеп еніп, 
олардың көлемін шектен тыс үлкейтіп жүр. Мәселен, «Жалпы техникалық 
терминдер сөздігінен» біз 
углерод, хвоя, член, юбилей, словарь, пожар, 
задача, интерес, степень, условие
деген тәрізді жүздеген сөздерді 
кездестірдік. Бұл сөздердің техника ғылымына ешқандай қатысы жоқ.
Немесе «Іс жүргізу терминдері» деген сөздікпен 
бинокль, бюст, 
время, гравюра, добыча, завастовка, капитуляция, кружок, культура
мятеж, народ, наука, обратно, общество, разведка, свет, таможня, шило
деген сияқты сөздерді ұшыратсаңыз, сіз оған таңғалмай-ақ қойыңыз. 
Өйткені қазір біз термин сөздер мен термин емес сөздерді бір-бірінен 
ажыратып қарастыруды қойғанбыз. Біздің терминологиялық сөздік деп 
жүргендеріміздің 
әдеттегі 
аударма 
сөздіктерден 
ешқандай 
айырмашылықтары жоқ. Оның бірден-бір себебі терминологиялық 
сөздіктерді сөздік жасаудан хабары жоқ, сөздік теориясымен қаруланбаған 
адамдар жасайтын болды.
2. Орысша-қазақша терминологиялық сөздіктердің қазақша жағы 
көбінесе бірі – орысша, екіншісі – қазақша болып кеткен, 2 немесе 3 
сыңардан тұрады. Мыс.: анализ – 
анализ, талдау;
аргумент – 
аргумент, 
дәлел; 
адвокат – 
адвокат, қоғаушы
; анархия –
анархия, басиесіздік, 
бейбастақтық;
график – график, кесте т.б.
117 


Мұны қалай түсінуге болады? Аударсаң да болады, аудармасаң да 
болады? – деген сөз бе, жоқ әлде, аударғың келсе – қазақшасын ал, 
аударғың келмесе – орысшасын ал, - деген сөз бе?! Біздіңше, бұлай 
оқырманды әрі-сәрі күйде қалдыруға болмайды. Мұндайда екінің бірі: не 
аудар, не біржолата аударма. 
3. Терминологиялық сөздіктерді жасаушылар қазір орысша терминді 
қазақшаға аударғанда оның кейбіреулерінің екі, кейде үш түрлі қазақша 
сыңарын бірдей беруді әдетке айналдырып алған. Мыс.: аппарат – 
құрылым, аспап, құрал
; апелляция – 
шағым, жүгіну
; выступ – 
дөңес, 
шығыңқы
; разрыв – 
үзілу, үздік, үзіліс
; тип – 
тұрпат, үлгі
; шаг – 
адым, 
қадым,
т.б. Бұлай ету, әрине, дұрыс емес. Өйткені термин – бір 
сыңарлылығымен, бір мағыналылығымен термин.
4. Бір орысша терминді әр терминологиялық сөздік әр түрлі сөзбен 
аударатын да жағдайлар жоқ емес. Мәселен, 
блок
термині бір 
терминологиялық сөздікте – 
блок,
екіншісінде – 
бірікпе
, үшіншісінде – 
жиынтық
, төртіншісінде – 
кесек
, бесіншісінде – шығыршық деп 
аударылған. 
Добавка
термині де дәл сондай. Ол бір сөздікте – 
қоспа

екіншісінде –
қосымша
, үшіншісінде – үстеме. 
Сборка
термині 
жанама, 
құрастыру, құрам, жинау, жинақтау, жинақ 
сөздерімен аударылыпты.
5. Бұл айтылғанға керісінше, яғни бірнеше орысша термин қазақшаға 
аударылғанда бір ғана қазақ сөзімен берілетін сөздіктерді де жиі 
кездестіруге болады. Мыс.: сбережение – 
жинақ,
сборник – 
жинақ,
свод – 
жинақ,
график – 
кесте,
расписание – 
кесте,
таблица – 
кесте;
внедрение –
енгізу,
ввод – 
енгізу,
вгонка – 
енгізу;
обрез – 
қиық,
срез – 
қиық
т.б. 
Біздіңше, мағыналыс терминдерді өздері сияқты мағыналас синоним 
өздермен аударған жөн
6. Ең соңында айтарымыз: Бұрын терминком бекіткен қазақша 
терминдердің қазір жаңадан шығып жатқан терминологиялық сөздіктерде 
өзгертілмей, сол бекітілген күйінде алынғаны жөн болар еді. Бұлай деп 
отырған себебіміз – ондайлардың кейбіреулері кейінгі шыққан сөздіктерде 
қайтадан орысшаға айналып кетіп жатқанын байқамау мүмкін емес. Мыс.: 
арбитр, бартер, демагогия, зонд, информация, концепция позиция, 
программа, стереотип, схема т.б. 
Қысқасы, терминологиялық сөздіктер қажет. Олдарың шыққанына 
қуанбасақ қайғырмаймыз. Жалғыз-ақ тілек – біз
118 


сөздіктердің ғылыми теорияға негізделіп, әрі жүйелі, әрі сапалы болып 
шыққанын қалар едік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет