деген сияқты сөздерде жат жұрттық, дәлірек айтсақ, ағылшынша сөздер
болып тұр. Бұл сөздердің бәрінің арғы тегі – латын, грек сөздері
екендіктерін өздеріңіз, оқырман қауым, жақсы білесіздер.
Халықаралық (интернационалдық) терминдер деп жүргендеріміз де –
шығу тегі жағынан латын, грек сөздері. Ол сөздердің халықаралық термин
деп танылуы үшін сөзге қойылатын шарттар қандай? Нендей өлшемдермен
латын, грек, ағылшын сөздерін халықаралық терминдер деп танимыз. Неге
тек латын, грек, ағылшын, орыс сөздері ғана дүние жүзі халықтарына
ортақ сөз (термин) болуға тиісті? Халықаралық терминдердің ішінде Азия,
Африка немесе шығыс халықтарының (олардың ішінде түркі тілдері де
бар) неге ең болмаса бір-екі сөзі жоқ?
Жарайды-ақ, халықаралық терминдердің шығу тегі еуропалық-ақ сөз
болсын делік. Бірақ ол сөздердің дыбысталуын өзгертіп, мәселен,
әкті
(акт),
білиәрт
(билльярд),
бәлзәм
(бальзам),
сүрпіріз
(сюрприз) деген
сияқты, өз тіліміздің дыбыстау заңдылығына орай ыңғайлауымызға неге
болмайды? Бұл – түптеп келгенде, құрылымы-құрылысы, шығу тегі мүлде
бөлек, турасын айтсақ, үндестік заңына негізделген жалғамалы
(аглютинативті) тілдерге жасалған зорлық емес пе? Түпкі мақсаттары –
еуропалық емес тілдердің тамырына балта шауып, оларды жер бетінен
құрту болып тұрған жоқ па?
Қысқасы, қойылар сұрақ көп. Ол сұрақтарды шешуге күш салып
жүрген, ойланып-толғанып, бас қатырып жүрген қазақ ғалымдарын, қазақ
жастарын сирек кездестіреміз.
Осы жерде менің «қазақ тілінің дбыстау заңдылығы дегеніміз не?»
деген сұраққа тоқтала кетікм келіп тұр. Бұл – әншейін айтыла салынған сөз
емес. Оның түп негізі қазақ тілінің үндестік заңында жатыр. Егер тоқ
етерін айтар болсақ, қазақ тілін тіл етіп тұрған – сол үндестік заңы.
Үндестік заңы бойынша бір сөзде не өңшең жуан дауыстылар, не өңшең
жіңішке дауыстылар тұруы керек. Ол заң бойынша түбір сөзде екі дауысты
дыбыс, екі дауыссыз дыбыс қатар тұрмайды (Ескерте кететін нәрсе: қазақ
тілінде екі дауыссыз қатар тұратын бір ғана жағдай бар. Ол –
Достарыңызбен бөлісу: