әнұран
деп емес,
елұран
деп түзетіп қабылдаған дұрыс болар еді», - делінген. Сол
күнен бастап әлгі сөздің (әнұран, елұран) екеуі де қолданылудан қалды.
Халық «елұран» сөзін қолданайын десе, терминком оны «әнұран» деп
бекіткен, ал «елұран» деп қолданайын десе, ол сөз дұрыс емес деген пікір
айтылады. Оның үстіне ол пікірді айтқандар – анау-мынау адамдар емес,
халқымыздың белді де беделді ақын-жазушылары. Нәтижесінде көпшілік
әлгі екі сөздің екеуінен де іргені аулақ салып, «көрген жерде ауыл бар»
дегендей, баяғы «гимн» сөзіне қайта оралды. Оған дәлел – Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік гимні тексінің газет бетінде жариялануы
(1992 жыл, желтоқсанның 11-і). Онда «әнұран» да жоқ, «елұран» да жоқ –
«гимн» сөзі алынған.
Терминком бекітіп бергендей емес, өз қалаулары бойынша
қолданылып жүрген сөздер бір бұлар ғана емес. Олардың саны бұл жерде
көрсетілгендерден әлдеқайда көп. Мәселен терминком
баспабас, делдал,
қауымдастық, қолдаушы, демеуші, көлік, іссапар, төрелік, тұжырымдама
деп бекіткеніне қарамастан оларды бұрынғысынша
бартер, брокер,
ассоциация,фундатор,спонсор,транспорт,командировка,арбитраж,
концепция
деп қолданушылық газет-журнал беттерінде әлі де көптеп
кездеседі. Олардың бұлай кездесетіндігіне ешкім дау айта қоймас деп
ойлаймыз. Сондықтан бұл
20
жердегі айтпағымыз: егер тіліміз бірізді, жүйелі, әрі көпшілікке түсінікті
болсын десек, онда терминком бекіткен сөздерді бәріміз де сол терминком
бекіткен күйінде қолданғанымыз абзал.
Бұл игілікті істе, әсіресе, баспасөздің атқарар рөлі өте зор. Жаңа
сөздерді халыққа алғаш таныстыратын да, оларды дұрыс болса да, бұрыс
болса да қалыптастыратын да солар. Егер журналист бауырларымыз
ұқыпты, ықтиятты қарайтын болса, онда басталып кеткен бұл игілікті
ісіміздің ілгері басары сөзсіз. Өйткені жай халық көбінесе сол газет-
журналдардағы қолданыстарға қарайды, соларға сүйенеді.
Неге екенін қайдам, біздің зиялы азаматтарымыздың көбі белгілі бір
жаңа ұғым жайында айтқысы келсе, оны халыққа түсінікті қарапайым
сөзбен айтудың орнына, керісінше халық түсінбейтін, өзі ғана, өзі сияқты
оқығандар ғана түсінетін шет тілі сөздерімен айтуға тырысады. Мүмкін
олар әлгі сөздер өздеріне түсінікті болғаннан кейін өзгелер де түсінеді деп
ойлар, мүмкін өздерінің оқығандықтарын, көп білетіндікьерін білдіргісі
келер, қалайда әйтеуір жат жұрттың сөздеріне жандары құмар. Мысал
керек пе? Мысал көп:
бакалавр, ваучер, дивидент, концерн, консорциум,
корпорация, магистр, рейтинг т.б.
Жуырда мен «Халық кеңесі» газетінің (1993 жыл, наурыздың 13-і)
Э.Мұхамеджановтың «Төраға ма, әлде спикер ме?» деген мақаласын
оқыдым. Автор айтпақ ойын «ӨЗімізге түсінікті төраға сөзі тұрғанда
спикер сөзін қолданған жөн бола қоймас» деп аяқтапты. Біз де сол
азаматтың пікіріне толық қосыламыз. «Жоғары Кеңестің төрағасы» деген
өзіміздің төл сөзіміз тұрғанда «спикер» сөзінің (спикер – ағылшын тілінде
«парламенттің төменгі палатасының төрағасы» деген мағына береді) ешбір
қажеті жоқ.
«Төраға» демекші, еркек мұғалім болса – мұғалім, әйел мұғалім
болса – мұғалима, еркек кассир болса – кассир, әйел кассир болса –
кассирша деп жүргеніміз сияқты кейінгі кезде жиналыстарға басшылық
(төрағалық) етуші адам әйел болса, оған төраға сөзін қолданбай, «төрапа»,
«төрайым» сөздерін қолдана бастадық. Егер қызметкерлердің еркек-әйел
екендігіне қарасақ, онда «аға жылқышы» деген әйел үшін «апа жылқышы»,
«аға шопан» - «апа шопан», «аға ғылыми қызметкер» - «апа ғылыми
қызметкер» болып шықпай ма?!
21
Бұл, әрине, көпе-көрнеу қазақ тілі грамматикасына орыс тіліндегідей род
категорияын ендіру болып табылады. «Медсестра» дегенге бір түрлі
балама (медбике, бике), «медбрат» дегенге екінші түрлі балама (аяжан,
аякер, мейіркеш) іздеп, әуре болып жүргендігіміз, міне, осы жалған
пайымдаудың кесірі. Егер бұл сияқты жат аяқ алысты қазірден бастап
өзгертпесек, күндердің күнінде біреу болмаса біреу «Қазақ тіліндегі род
категориясы» деген тақырыпта диссертация қорғап, «жаңалық ашуы»
ғажап емес.
Соңғы кезде «қазақ тілінде шығатын газет-журналдарда, әсіресе
«Ана тілі» газетінде жаңа сөздер өте көп қолданылатын болды» депсары
уайымға салынушыларды, болмаса «оларды оқысақ, түсінбейтін болдық»
деп алдын-ала байбалам салушыларды кездестіруге болады. Бажайлап
қарасақ, бұлай деушілердің көбі қазақшадан гөрі орысшаны дақсы
сөйлейтіндер немесе өз сөздерінің арасына орыс сөздерін тоғытып
жіберуге бейім тұратындар екен. Әрине, ондай адамдар қазақша
баламаларды білсе де білмеген болады, түсінсе де түсінбеген болады.
Тілдеріне еніп, үйреншікті болып кеткен әлгі орыс сөздерінен ажыраса,
атақ-абыройынан, байлығынан айрылатындай көрінеді. Бірақ мұндайларға
қарап, тіл өз даму үрдісін тоқтата алмақ емес қой.
Мен жоғарыда «орыс сөздері» дегенді 2-3 рет айтып қалдым. Соған
жармасқан кейбір жолдастар «оның бәрі орыс сөздері емес, халықаралық
терминдер» деуі мүмкін. Ондайларға берер жауабым: халықаралық
терминдер дегеніміз – ең алдымен баяғыда «өліп», сүйектері әлдеқашан
«қурап» қалған грек, латын сөздері; қала берді Батыс Еуропа
халықтарының тілдерінен ауысқан сөздер. Бұл сөздерді қай қазақ грек,
латын елдеріне немесе Батыс Еуропа елдеріне барып алып келіпті?!
Олардың бәрі бізге орыс тілі арқылы келген. Ол сөздер орыс тіліне қандай
түр-тұрпатта енсе, біздің тілімізге де сол түр-тұрпатта енді. Мысалға
паспорт сөзін алалық. Ол француздың «пассепорт» деген сөзі. Бұл сөз орыс
тіліне «се» - сі түсіп қалып, «паспорт» болып енді. Бізге ауысқаны да осы
«паспорт» сөзі («пассепорт» емес). Олай болса, бұл сияқты орыс тілі
арқылы келген сөздерді қалайша «орыс сөзі» демессің.
Шындығына жүгінсек, тіліміз егемендік алғаннан кейін ол өзіне тән
заңдылықпен, өзінің сөздік қоры есебінен баюы, дамуы – заңды құбылыс.
Сондықтан жаңадан жасалып, енді ғана қаз тұра бастаған
22
жаңа сөздерге үрке қарағанымыз орынды бола қоймас. Қайта, керісінше,
олардың жақсысын асырып, жаманын жасырып («түзетіп» деген мағынада)
дегендейін ол жаңа сөздерге қолымыздан келгенше көптеп-көмектеп, қол
ұшын бергініміз жөн. «Қазақша сөз қаптап кетті» деп қарсы тұрғанша,
олардың ішіндегі олпы-солпы жасалған кейбіреулерін түзетіп, көпке
ұнайтын жақсы сөз жасауға атсалысқанымыз абзал.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, алғашқы кезде бір ұғымдцы
білдіретін бірнеше сөздің тілімізде қабаттасып, жарыса жүруі табиғи
нәрсе. Түптің түбінде олардың біреуі ғана, яғни көпке ұнаған таңдаулысы
ғана жеңіп шығатыны анық. Терминком сол жеңіп шыққандарын ғана
мезгіл-мезгіл бекітіп отырса, нұр үстіне нұр. Егер бұлай еткен болсақ,
біріншіден, осы жарыспалы сыңарлардың қайсысы дұрыс деген күдіктен
сейілеміз; екіншіден, ол сыңарлардың біреуіне ғана біржола тоқталып,
ешбір ала-құлалықтарға жол бермейміз. Сонда ғана біздің тіліміз
бірізділікке, тұрақтылыққа ие бола алады, сонда ғана тіліміз ұлттық негізде
көгеріп-көктейді, өсіп өркендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |