Байынқол Қалиұлы


в, ё, ф, х, ч, ц, щ, ь, ъ, э, ю, я



Pdf көрінісі
бет7/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64
в, ё, ф, х, ч, ц, щ, ь, ъ, э, ю, я 
дыбыстары (әріптері) жоқ. 
Сондықтан ол сөздердегі бұл дыбыстар айтылу кезінде не қазақша басқа 
дыбыстарға ауысып кетеді (әбиекті, ыстанса, сүужет), не сөз құрамына 
мүлде түсіп қалады (әлбом, дипұз). 
Болмаса 
драма, жанр, метр, пункт, текст, форма 
сөздерін алалық. 
Бұл сөздердің фонетикалық құрамындағы ерекшелік сол: оларда қазақ 
тілінде жоқ 
ф 
дыбысы кездеседі және ол сөздерді 
др, нр, тр, нкт, кст, рм 
тәрізді екі үш дауыссыз дыбыстар қатар тұр. Бұлардың екеуі де қазақ тіліне 
жат құбылыстар. Сондықтан бұл сөздерді қазақша айтсақ, олар былай 
болып дыбысталады: 
дырама, жаныр, метір, пүнкіт, текіс (текісті), 
порым. 
Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, жоғарыдағы термин сөздер 
қазақша дыбысталған кезде олардағы қазақ тіліндегі жоқ дыбыстар қазақ 
тілінде бар дыбыстарға ауысады немесе ол сөздердегі қатар тұрған 
дауыссыздардың бірі түсіп қалады, болмаса іргелес тұрған жіңішке) 
дауысты дыбыстар қосылып айтылады.
Тағы да бір топ сөздерді алып көрелік. Олар – 
диктор, трактор 
тәрізді терминдер. Қазақ тілінде [o] дыбысы сөздің тек басқы буынында 
ғана қолданылады. Сондықтан жоғарыдағы сөздер қазақша айтылғанда 
диктір, тірәктір
болып, олардың соңғы буындарындағы [о] дыбысы [і] 
дыбысына ауысып ктеді. Ал 
макет, машина, номер 
тәрізді сөздердің 
құрамында тіліміздің фонетикалық заңдылығына қайшы келетіндей артық 
дыбыстар, дыбыстық тіркестер жоқ. Сол себептен де ол сөздер қазақ 
тілінде дәл осы жердегідей айтылады
17 


және осылай жазылады да. Асып кетсе, олар сингармонизм заңына сай – 
мәкет, мәшине, нөмір 
болып жіңішке айтылуы мүмкін. 
Қысқасы, тек осылай етіп, қазақша айтып, қазақша жазсақ қана біз 
нағыз қазақ тілінің терминологиясын жасай аламыз. Бұған дейінгі біздің 
қазақ терминологиясы деп жүргендеріміз, ол – қазақ тілінің 
терминологиясы емес, орыс тілінің терминологиясы. 
Әңгімемізді Халел атамыздың сөзімен бастаған едік. Соның да сол 
кісінің сөзімен аяқтағанды жөн көріп отырмыз: «Жат сөздерді өзгертпестен 
алып, бастапқы жат қалыбымен тілге сіңіреміз дегендік – шатасқандық. 
Бұл жолда жүрген адамдар тілімізге орасан зиян кетіреді. Жат сөздерді 
өзгерпейінше жүргіземіз деп қазақтың тілін бұрғандар да, «мәдениетке 
үйретеміз, өнер шашамыз» деп арақ пен шылым, жұқпалы ауру 
таратқандар да бір есеп. Арақ, шылым, аурулар адамның денесін бұзса, 
зорлықпен кіргізген жат сөздер елдің түп қазығы болған тілді бұзады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет