Практикалық сабақ 9. Алқап аудандарын өлшеу үшін аэрофототүсіріс материалдарын қолдану
9.Аэрофототүсіріс
9.1Аэротүсіріс және оның түрлері.
9.2 Тусіріс материалдарын дайындау
9. Аэрофототүсіріс
Аэро және ғарыштық түсіріс деп әуедан немесе ғарыштан жер бетін түсіру арқылы оның кескінін алуды айтады. Қазіргі уақытта ғарыштық түсіру негізінде жер бетінің картографиялық кескінін алу үшін жүргізіледі. Сонымен қатар, жер планетасының жер қыртысын және қазба байлығын, әр түрлі табиғат құбылыстарын, ауа райын, т.б. зертгеу үшін де жүргізіледі. Соңғы кезде «қашықтан бақылау» термині кеңінен қолданылып келеді. Қашықтан бақылау деп жер бетін және жер қыртысын, бөлек объектілер мен қүбылыстарды тіркеу және сараптауды айтады.
Жерге орналастыру орталықтарының тапсырмалары бойынша үлкен территориялар планын және карталарын дайындау арнайы Мемлекеттік ауылшаруашылық аэрофотогеодезиялық ізденіс институты жүргізеді. Бұндай жағдайда план жэне карта қүрастыру үшін стереотопографиялық тәсілдер қолданылады. Әр түрлі жерге орналастыру жэне кадастр жүмыстарын орындауда фотосхема,үлкейтілген аэрофотосурет жэне де басқа аэротүсіріс материалдары қолданылады. Сол себепті оқулықта план жэне карта дайындау, жаңарту жэне түзеру әдістемелері қысқаша жазылған. Сондай-ақ, жер бетіндегі стереотопографиялық түсіріс жэне аралас түсіріс тәсілдері берілген. Перспектива теориясы, аэрофотосуреттерді геометриялық талдау, аэрофотосуреттерді дешифрлеу тәсілдері жэне аэрофотоматериалдарды әр түрлі жерге орналастыру есептерін шешуде жэне басқа зерттеу жұмыстарында пайдалану мәселелері қарастырылған.
Аэрофототүсіріс материалдары ауыл шаруашылығында 1931 жылдан бері қарай кеңінен қолданылып келеді. Бұндай қарқын негізінде ауыл шаруашылығындағы ірі әлеуметтік жэне экономикалық өзгерістерге байланысты болды. Ауылшаруашылық өндірісінде үжымдастыру өтті, мыңдаған колхоздар мен совхоздар қүрылды. Эр колхоз бен совхоздың жер аумағын тиімді ұйымдастыру,пайдалану жерлерін қалыптастыру, жер бөліп беру сияқты мәселелер пайда бола бастады. Бұндай ірі мәселелерді тез және қысқа уақыт аралығында пландық-картографиялық материалдар көмегімен орындай алатын еді. Қысқа мерзімде пландық-картографиялық материалдарды тек аэрофототүсіріс тәсілімен алуға болатын болды.
9.1.Аэротүсіріс және оның түрлері
Аэрофототүсіріс дайындық, аэрофототүсіру, фотолабораториялық жэне материалдарды фотограмметриялық өңдеу жүмыстарынан тұрады. Аэро жэне ғарыштық түсірулер келесі негізгі көрсеткіштермен кластарға бөлінеді: міндетіне, түсіру масштабына, көрністі көрсету тәсілдеріне, АФА-ның оптикалық осінің вертикаль жазықтықтан ауытқуына жэне фотосуреттердің санына қарай. Аэротүсіріс міндетіне қарай топографиялық және арнайы болып екіге бөлінеді.
Ғарыштық түсіріс негізінде арнайы түсіріске жатады. Топографиялық аэрофототүсіріс материалдары мен топографиялық жэне арнайы карталар халық шаруашылығының көптеген жерлерінде, сондай-ақ, жерге орналастыру бөлімшелерінде кеңінен қолданылады. Арнайы аэро жэне ғарыштық түсірістер жер беті туралы системалық немесе оперативті ақпарат алу, сондай-ақ, жер бетіндегі объектілер, жер қыртысы жэне әр түрлі құбылыстардың, процестердің өзгерісі туралы ақпарат алу үшін жүргізіледі.
Көрініс тұрғызу тәсіліне қарай кадрлік, жарықшақ (щелевой)жэне аумақтық болып бөлінеді.
Кадрлік фототүсіруде жер бетінің көрінісі бөлек фототүсіруден тұрады. Ондай түсіріс кадрлік аэрофотоаппараттармен жүргізіледі, оларға топографиялық АФА жатады.
Жарыңшақ түсіруде жер бетін үздіксіз түсіреді. Бұндай түсірісті жарықшақ аэрофотоаппараттармен жүргізеді жэне аэрофотопленка камераның жылжу жылдамдығына (жер бетіне қарағанда) сәйкес жүріп отырады. Жарықшақ аэрофотоаппараттарда затвор болмайды және түсіру уақыты объектив диафрагмасына жэне жарықшақ еніне қарай өзгеріп отырады. Аумақтық түсіруде бөлек-бөлек жолақтардан тұратын көрініс жиынтығын айтады. Аумақтық фототүсіруде көрініс цилиндр немесе конус бетінде салынады. Аумақтық фототүсірудің артықшылығы өріністі өте жоғарғы ажырату қабілеттілігі.
9.2.Тусіріс материалдарын дайындау
Аэрофотосуреттерді пландық жэне биіктіктік байланыстыру жүмыстары материалдарды дайындау, байланыстыру жобасын құрастыру, негіз нүктелерін жер бетінде бекіту, далалық өлшеу, есептеу жүмыстары, материалдарды көркемдеу жэне өткізуден тұрады.
Материалдарды дайындау кезінде жүмыс жүргізу объекті фотомонтажын жэне сурет жинағын таңдайды. Карталардағы геодезиялық пункттерді фотомонтажға түсіреді, содан соң оларды суреттерде орналасуы мүмкін деген жерлерге белгілейді.
Фотоплан дайындау кезінде пайдалану жерлерінің шекараларында көшірме жасайды және бүл шекараларға геодезиялық мәліметтер жинайды. Ауылдық тұргын елдің фотопланын дайындау кезінде пайдалану жерінің көшірмесін жасайды. Көшірмеде ауыл шекарасының бойындағы геодезиялық мәліметтер, ауыл жанындағы ауыспалы егістіктердің шекараларын, топографиялықжағдай элементерін, ауылдық тұрғын елге жақын жерлердегі пайдалану жерлерінің шекараларын және олардың шекаралық нүктелерінің номерлерін көрсетеді. Сондай-ақ, көшірмеде облыстың, ауданның, тұрғын елдің, қожалықтың аттарын көрсетеді. Фотомонтаждың үстінде негіз нүктелерін байластыру жэне түсіру негізін дамыту жобасын қүрастырады. Үлкейтілген (шамамен 4 есе) фотокөрініс қолданылса, біріңғай пландық байланыстыру қолданылады. Қалған жағдайларда сиретіп пландық байланыстыру қолданылады. ¥қсас және аналитикалық тәсілдермен фотограмметриялық жиілендіру кезінде негіз нүктелерінің тыгыздығы есептелінеді. Жабық жерлерде суреттерді пландық байланыстыру үшін теодолиттік жүрістерді түйық полигондар жүйесі немесе түйін нүктелерден түратын жүрістер ретінде жүргізеді, ал ашық жерлерде тура және кері қиылыстыру тәсілдері көмегімен орындайды. Байланыстыру тәсілін таңдауда негіз нүктелерінен триангуляция пункттеріне көрініс болатындай мүмкіндікті анықтау жэне жергілікті кедергілерді айналып өтетін тәсілдерді қарастыру үшін суреттермен топографиялық карталарды мүқият оқиды. Содан соң фотомонтажға және суреттерге негіз нүктелерінің орналасу зоналарын жобалайды. Жобаланған негіз нүктелері орны фотомонтажда диаметрі 5 мм қызыл шеңбермен көрсетіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Аэрофтотүсіріс дегеніміз не?
2. Аэрофототүсірістің сапасын кім багалайды?
3. Аэрофотоаппараттар міндетіне қарай қандай топтарга бөлінеді?
4. Аэрофототүсіріс өндірісінен кейін цандай материалдар өткізіледі?
Достарыңызбен бөлісу: |