Байкалдан Балқанға, Алтайдан Ақтеңізге, Моңғолиядан Мажарстанға дейінгі ұлан-ғайыр алып аумақты мекендеген байырғы халықтардың арғы тамыры Ұлы даладан бастау алады


Темір дәуірінің соңғы кезіндегі (б.з.д. ІІІ – б.з. Ү ғғ) көшпелі және отырықшы өркениетті елдер арасындағы байланыстар



бет2/2
Дата27.09.2023
өлшемі18,9 Kb.
#110344
1   2
Темір дәуірінің соңғы кезіндегі (б.з.д. ІІІ – б.з. Ү ғғ) көшпелі және отырықшы өркениетті елдер арасындағы байланыстар.. үйсіндер мен қытайлар арасында жібек саудасының болғандығы тек жазба деректерден ғана емес, археологиялық деректерден де белгілі. Қаңлылардың қабірлері мен тұрақжайларына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде оларда б.з.д. 1 – мыңжылдықтың соңында басқа елдерден келген бұйымдардың көптен кездесетіні байқалған. Ерте орта (б.з. ҮІ – ІХ ғғ) және орта ғасырлардағы ( Х –ХІҮ ғғ) байланыстар оңтүстік – шығыс аймақтағы көшпелілер мен отырықшылар арасында үздіксіз байланыстың кең түрде қанат жаюы көшпелілерді қалалық өмірге біртіндеп бейімдеуге әсер етті. тырықшылар мен көшпелілердің арасындағы байланыстың күшеюі қалалық мәдениеттің дамуын тездетті. Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның бойында Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, ал Қаратаудың солтүстігінде Созақ, Баба ата, Құмкент, Шолаққорған, Сайрам сияқты қалалар бой көтерді. Жетісу аймағында Тараз, Талхиз, Мерке, Құлан, Баласұғын сияқты қалаларда қалалық отырықшылық мәдениет өркендеді, қалалар саны өсті. Егер жазба деректерде ерте орта ғасырларда 6 қала белгілі болса, орта ғасырлардың орта кезінде олардың саны 33- ке жеткен. Ал Жетісудың оңтүстік — батыс бөлігі бойынша 26 қала белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет