1. Кіріспе бөлім. Мақсаты – сабаққа деген қызығушылық тудыру, жұмбақты, бақылауды еске түсіре отырып, суреттерді көрсете отырып, қысқа кіріспе әңгіменің жолымен жететін, мәтінді балалардың қабылдауына даярлау.
2. Шығарманы оқу. Балаларға шығарманы таңдау ұсынылады, оның тақырыбы мен авторы хабарланады.
3. Оқылғанның мазмұны бойынша талдауға және мәтінді есте сақтауға бағытталған әңгіме.
4. Қайталап оқу.
5. Балалардың әңгімелеуі.
6. Сабақтың қорытынды бөлімі. Мұнда шығарманы ойыншықтардың, үстел үсті және көлеңке театрының көмегімен драматизациялауға болады.
Естиярлар тобында«Түлкі және шаян», «Өрт сөндіруші иттер», «Мысығым», «Маша қалай үлкен болды», «Өрт сөндіруші иттер» және т.б. ертегілерді айта алады. Әңгіме – балаларды әңгімелеуге даярлаудың міндетті тәсілі болып табылады. Оның негізгі мазмұны балаларға шығарманың мазмұнын түсінуге көмектесу. Мұндай әңгімесіз балалар кейде шығарманың идеясын түсінбейді. Әңгіме кезінде сұрақтардан тыс балалардың назарын шығарманың тіліне, кейіпкерлерге берілген автордың мінездемесіне аударатын әр түрлі тәсілдер қолданылады.
Ересектер тобында әңгімелеудің жоспары кеңінен қолданылады. Жоспар төмендегідей құрылады: 1. Алдымен, балаларды өрттен қорғау неге қиын болды. 2. Сосын, қалай өрт сөндіруші иттерге балаларды қорғауды үйретті. 3. Боб қалай қыз баланы құтқарды және неге ол алдымен өрттен қуыршақты шығарды. (Н.Толстойдың «Өрт сөндіруші иттер» ертегісі.). Бұл екі сөйлеу түрлерінің мәнерлігі жағынан айырмашылығы бар. Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы айтушы өз ойын білдіру, мазмұнды ой-пікірін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды оқи білу деген сөз. Ауызша сөйлеудің мәнерлігі тыңдаушының айтылған ойды дұрыс қабылдап, нақтылы түсінудің ең басты талаптарының бірі. Бұл сөйлеу түрінде мәнерлеп сөйлеу құралдары: дауыс күшін көтеру не бәсеңдету, қажетті сөзге, не сөз тіркестеріне екпін түсіру, негізгі ойды білдіретін сөзді ерекше айту, кідірістер жасау, мимика т.б. қолданылады.
ОРЫНДАУ ТҮРІ: Суреттер бойынша МНЕМОКЕСТЕ құру,
Сурет арқылы әнгіме құру.