Электрондық ресурстар: 1. Қалыпты анатомия кафедрасының компьютерлік базасында кафедра оқытушылары дайындаған қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі видеоматериалдар бар
2.Миология. Оқу құралы https://drive.google.com/file/d/1ByzpiCk03FdJ6POQ4tK3-fzVLkW0RMsF/view?usp=sharing
https://youtu.be/05GWM8T0GuI
Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: 1.Бұлшықеттердің құрылысы мен жіктелуі.
2. Бұлшықеттердің көмекші аппараты: фассия, синовиальды қаптар, сіңір қынаптары, бұлшықет блоктары, сесамоидты сүйектер.
3. Бұлшық еттердің қызметтік ерекшеліктері.
Сабақты өткізу түрі: Ылғалды материалмен, кестелермен, диаграммалармен және буын муляждарымен шағын топтарда жұмыс жасау. Ауызша сұрау. Тесттік және жағдайлық есептерді шешу.
Сабақты бақылау: Бағалау – суммативті, ауызша жауап, тәжірибелік дағдыларды қабылдау, тесттік және жағдайлық есептерді шешу негізінде қойылады.
ҚО кезінде Moodle dis.kaznmu, Microsoft Teams және Zoomплатформаларда.
БОӨЖ арналған тапсырма:
Мәйіт пен муляждарда иықтың екібасты және үшбасты бұлшықеттерін табыңыз: олардың топографиясы, қызметі.
Мәйіт пен муляждарда тістік алдыңғы бұлшықет, кеуделік үлкен және кіші бұлшықеттерін табыңыз: олардың топографиясы, қызметтері.
Мәйіт пен муляждарда трапециятәрізді бұлшықет және арқаның аса жалпақ бұлшықеттерін табыңыз: олардың топографиясы, қызметі.
Мәйіт пен муляждарда белдік шаршылық бұлшықет, іштің көлденең және тік бұлшықеттерін табыңыз: олардың топографиясы, қызметі.
БОӨЖ бақылау:формативті баға (кері байланыс түрінде).
ҚО кезінде: кестелермен жұмыс жасау, жағдайлық және карточкалық есептерді шешу Moodle dis.kaznmu, Microsoft Teams және Zoom платформаларында.
БӨЖ арналған тапсырма:
Шаптық өзек, оның қабырғалары, терең және беткей сақиналары; өзектің құрамы. Жарықтар туралы түсінік.
БӨЖ бақылау: формативті баға (кері байланыс түрінде). БОӨЖ және БӨЖ сұрақтары сабақ кезінде талқыланбайды, бірақ аралық бақылау сұрақтарына енгізіледі.