Баймукашева indd


Активтер өтімділігін талдау



бет2/7
Дата15.11.2022
өлшемі327,83 Kb.
#50378
1   2   3   4   5   6   7

Активтер өтімділігін талдау


Баланс өтімділігін талдау кезінде активтерді салыстыру пассив бой- ынша мінездемесінің өтімділік деңгейімен топтастырылған және оларды жабу мерзімімен реттелген активтерді салыстырады. Кәсіпорын төлем қабілетті деп есептеледі, егер келесі шарт орындалса:


OA KO
мұнда ОА – айналым активтері; КО қысқа мерзімді міндеттемелер

Төлем қабілетінің көп кездесетіндері: егер өзімдік айналым қаражат- тары мерзімді міндеттемелерді (кредиторлық берешек) жабатын болса:


COC CO
мұнда СОС – өзіндік айналым қаражаттары (ОА-КО); СО – одан тез міндеттемелер

Тәжірибеде кәсіпорынның төлем қабілеттілігі баланс өтімділігі арқылы көрінеді. Баланс өтімділігін бағалаудың негізгі мақсаты кәсіпорынның міндеттемелерін өз активтерімен жабу көлемін бекіту, трансформация мерзімін яғни ақша қаражаттарының міндеттемелерді жабу мерзіміне сай келуін бекіту болып табылады. Баланстағы активтер мен пассивтерді тал- дауды іске асыру үшін келесі белгілері бойынша жіктеледі:



  1. Өтімділік (актив) дәрежесінің кемуі бойынша;

  2. Міндеттемелерді тез төлеу дәрежесіне байланысты.

Баланс өтімділігін анықтау үшін активтер және пассивтер топтарын өзара салыстырады. Абсолютті өтімділік шарты келесідей:

Абсолютті баланс өтімділігінің міндетті шарты болып, бірінші үш теңсіздіктің орындалуы табылады. Төртінші теңсіздік теңестіруші сипатқа ие. Оның орындалуы кәсіпорынның жекеменшік айналым қаражатының


бар екенін куәландырады. Капитал және резервтер айналым активтеріне жатпайды.
Бірінші топ (А1) абсолютті өтімді активтерді еңгізеді; оларға қолма- қол ақшалар және қысқа мерзімді қаржылық салымдар жатады.
Екінші топқа (А2) тез іске асатын активтер жатады: дайын өнім, жиелген тауарлар және дебиторлық берешек. Бұл топтың ағымдағы активтердің өтімділігі өнімді уақытылы тиюден, банктік құжаттарды дайындаудан, банктағы төлем құжатайналымдарының жеделдігінен, өнімге деген сұраныстан, оның бәсеке қабілеттілігінен, тұтынушылардың төлем қабілеттілігінен, төлем нысандарына тікелей тәуелді.


Сурет 8.2 Активтер мен міндеттемелерді өтімділік деңгейімен сарыстыр

Өндіріс запастарын және аяқталмаған өндірісті дайын өнімге, содан кейін оны ақшаға айналдыру үшін көп уақыт кетеді. Сол үшін олар жай іске асушы активтер (А3) үшінші тобына жатады.


Төртінші топ (А4) – бұл өткізілуі қиын активтер, бүған негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді қаржы салымдар, аяқталмаған құрылыс жатады.
Кәсіпорынның міндеттемелері де сәйкесінше төрт топқа бөлінеді:
П1 – жедел міндеттемелер (кредиторлық берешек және қайтару ауқыты келген банк несиелері);
П2 – орта мерзімді міндеттемелері (банктің қысқа мерзімді несиелері);
П3 – займдар және банктің ұзақ мерзімді несиелері;
П4 – меншікті (акционерлік) капитал.
Теория жүзінде активтер тобының біріндегі қаражат тапшылығы екінші бір топтағы артықшылықпен толықтырылады. Бірақ тәжірибеде өтімділігі төмен активтер жоғары өтімділікті активтердің орнын баса алмайды. Сондықтан теңсіздіктердің кез-келгені оңтайлы нұсқада көрсетілген таңбаға қарама-қарсы болса, онда баланс өтімділігі абсолюттіден ауытқиды. А1-ді П1-мен және А1+А2-ні П2-мен салыстыру жақын арада төлем қабілетті деп саналатындығын куәландыратын кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін анықтауға мүмкіндік береді. А3-ті П3-пен салыстыру ұзақ мерзімді төлем қабілеттілігін болжаудың негізі саналатын болашақ өтімділікті бейнелейді.
Баланс өтімділігін талдау кезінде таза айналым капиталы атты көрсеткішке назар аудару керек. Таза айналым капиталы (таза айналым қаражаттары) «Айналым активтері» мен «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімдерінің қорытынды нәтижелерінің айырмасына тең. Осы көрсеткіштің өсімі кәсіпорын өтімділігі деңгейінің өсімін бейнелейді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет