Баймукашева indd


Өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі



бет5/7
Дата15.11.2022
өлшемі327,83 Kb.
#50378
1   2   3   4   5   6   7

Өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі


Тез өтімділік коэффициенті кәсіпорынның қысқа мерзімді қарыздары- ның жалпы сомасына бірінші екі топтағы өтімділік қаражаттарының қатынасымен анықталады. Әдетте инвесторларды 0,7-ден 0,1-ге дейінгі қатынастар қанағаттандырады. Бірақ бұл қатынас жеткіліксіз болуы мүмкін, егер өтімділік қаражатының үлкен бөлігін дебиторлық берешек құрайтын болса, әсіресе өз уақытында табыла қоймайтындар. Бұндай жағдайда да көп қатынастар керек болады. Егер ағымдағы активтердің үлкен бөлігін ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері (бағалы қағаздар) құраса, онда қатынас аз болуы мүмкін.


Абсолютті өтімділік коэффициенті (ақша резервтерінің нормасы) алдыңғы көрсеткіштерді толықтырады. Бұл коэффициент кәсіпорынның қысқа мерзімді қарыздарының жалпы сомасына бірінші топтағы өтімді қаражаттардың қатынасымен анықталады. Абсолютті өтімділік коэф- фициент көлемі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қарыздарды өтеуге кепілдік көп болады, себебі мұнда кәсіпорынды жою жағдайында бұл активтер дің тобы өз құнын жоғалтпайды. Коэффициент ұғымы 0,2- 0,25-ті құрайтын болса, жеткілікті болып есептеледі. Егер кәсіпорын
ағымдағы уақытта өз қарызының 20-25% өтей алатын болса, онда оның төлем қабілеті дұрыс дер саналады.
Есте сақтау керек, абсолютті өтімділік коэффициенті жақсы немесе жаман төлем қабілеттіліктің деңгейін айқындамайды. Оның деңгейін бағалауда қысқа мерзімді міндеттеме айналымының жылдамдығы мен ағымдағы активтің айналым қаражатының жылдамдығын ескеру қажет. Егер төлем қаражаттары тезірек айналса, яғни төлем міндеттемелерінің мүмкін жағдайынан да жақсы айналса, онда кәсіпорынның төлем қабілеттілігі бірқалыпта болады. Сол уақытта қолма-қол ақшаның жоқтығы кәсіпорынның төлем қабілеттілігімен айырылуынан немесе банкроттыққа ұшырау жолына түсуіне алып келеді.
Тек осы көрсеткіш арқылы қателіксіз кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға болады, өйткені берілген процесс өте күрделі және оған 2-3 көрсеткіш арқылы толық мінездеме беру мүмкін емес. Өтімділік коэффициенттер салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады және белгілі бір мезгілде өзгермейді. Өнімділікті толықтан және объективті бағалау үшін факторлық модельді қолдануға болады:

мұнда х1 – түсімнің теңгеге айналатын ағымдағы активтің көлемін сипаттайтын көрсеткіш (активтер рентабельділігінің кері шамасы); х2 – өзінің қызметінің нәтижесінде өз қарыздарын жаба алатын қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын кәсіпорын көрсеткіші.


х2 көрсеткіші жоғары болған сайын, кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсара береді.
Өтімділік көрсеткіштерінің көлемі уақытша көлем болып келеді, өйткені активтер өтімділігін және бухгалтерлік баланс бойынша жедел міндеттемелерді белгілі бір шамада анықтауға болады. Мысалы, босалқылар өтімділігі оның сапасына, айналымына, тапшылық мөлше- ріне және жатып қалған материалдар мен дайын өнімге байланысты. Дебиторлық берешек өнімділігі оның айналымына мерзімі өтіп кет- кен төлемдер мөлшеріне және келіп түспеген төлемдерден тұрады. Сол үшін өтімділікті дұрыс бағалауда бухгалтерлік есептегі аналитикалық мәліметтер негізінде ішкі талдауға қол жеткізуге болады.
Осымен байланысты жеңілдіктер нормативін қолдана отырып ағымдағы өтімділік коэффициентінің есептеу әдістемесінің мағынасын артады. Бұл әдістің мәні өтімділіктің орташа статистикалық бағалау негізінде әр баланс статьясына арналып, нормативті жеңілдіктер өңделеді, және олардың негізгі баланс статья арасындағы жеке топтарды қайта бөлу
жүргізіледі. Мысалы, тез іске асатын активтерге дебиторлық берешектің 80%, дайын өнімнің 70%, өндіріс запасының және аяқталмаған өндірістің 50% қатыстыруға болады. Бұл активтерден қалған бөлігін жай іске асатын активтерге жатқызуға болады. Дәл осындай қайта бөлістіру кредиторлық берешекке де жасалады: ұзақ мерзімді берешектің бөлігі қысқа мерзімді берешекке жатқызылады және керісінше.
Сонымен қатар өтімділік коэффициенттері бір мерзімдегі міндет- темелерді жабу үшін қолма-қол төлем қаражаттарын статистикалық бейнесін келтіреді. Дұрыс жағдайда ағымдағы активтер айнала алады: қолданылған запастар қайта толтырылады, жабылған дебиторлық бере- шек қайта құрылғандарымен алмастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет