Кесте 2 - Емдеу үрдісінде хламидиозбен ауратын сиырлардың қан сарысуының
морфологиялық және иммунобиохимиялық көрсеткіштерінің нәтежиесі
Көрсеткіштер
Өлшеу
бірлігі
Физиол.
қалпы
Емдеуге дейін
Емдеуен кейін
1-ші
тәж.топ
10 бас
2-ші
тәж.топ
10 бас
бақылау
топ
6 бас
1-ші
тәж.топ
10 бас
2-ші
тәж.топ
10 бас
бақылау
топ
6 бас
Гемоглобин
г/л
99-129
89,0±4,8 81,0±1,6
88,1±2,9 125,3±1,2 99,2±1,6
71,0±3,6
Эритроциттер
10
12
/л
5,0-7,5
5,9±0,14 5,94±0,38 5,48±0,29 7,91±0,06 6,45±0,63 4,32±0,07
Лейкоциттер
10
9
/л
4,5-12,0 18,8±0,18 17,4±0,23 18,1±0,25 8,9±3,0
12,1±2,7
19,9±1,7
Лимфрциттер
%
45-66
38,5±1,2 41,0±2,1
37,8±1,2 54,7±1,6
44,7±3,1
32,6±4,2
Жалпы ақуыз
г/л
72-86
68,8±3,7 70,2±2,9
66,6±3,4 82,4±3,8
75,5±4,2
68,2±2,4
ЭШЖ
мм/сағ
0,6-0,8
15,6±0,6 14,2±0,3
15,0±0,4
4,1±0,3
8,1±1,4
19,5±1,3
2-ші кестеде барлық топтарда хламидиозбен ауратын сиырлардың қанын клиникалық зерттеу
нәтежиелері бойынша, емдеудің басында инфекциялық үрдістің бар екендігін көрсетеді. Бірақ, сәйкес
емдеуді өткізгеннен кейін тәжірибелік топтарда негізгі қалыпты иммунобиологиялық көрсеткіштер
байқалады. Осыған байланысты, бұл үрдіс 1-ші топтың сиырларында анық көрінеді. 2-кестенің
мәліметтеріне сәйкес, барлық топтарда емдеуге дейінгі эритроциттер саны физиологиялық қалыптан
төмен болды және 5,9±0,14*10
12
/л, 5,94±0,38*10
12
/л, 5,48±0,29*10
12
/л құрады. Емдеу нәтежиесінде
олардың эритроцит мөлшері 7,9±0,06*10
12
/л дейін ұлғайды және 2-ші топтан 18,5 %-ға жоғары болды.
1-ші тәжірибелік топ жануарларының гемоглобин деңгейі 89±4,8 г/л және 81,01,6 г/л-ден 125,3±1,2 г/л
және 99,2±1,6 г/л дейін ұлғайды. Қортынды бақылаудағы сиырларда 28-ші күні инфекциялық үрдістің
әсер ету салдарынан эритроциттердің деңгейі 30 пайызға және гемоглабин деңгейі 21,2 пайызға
ұлғайды.
Препаратты қолдануға дейін 1-ші тәжірибелік топтарда лейкоциттің мөлшері 18,8±0,18*10
9
/л
және емдеуден кейін 8,9±3,0*10
9
/л, ал 2-ші тәжірибелік топтарда 17,4±0,23*10
9
/л және емдеуден кейін
12,1±2,7*10
9
/л құрады. Емдеу кезеңінде 1-ші тәжірибелік топта лейкоциттердің 51,9 пайызға, 2-ші
тәжірибелік топтарда 30,5 пайызға дейін төмендегені байқалды. Қортынды бақылаудағы топтардағы
барлық жануарларда орташа көрсеткіштер қабынудың дамуын көрсетеді (қалыпты көрсеткіштердің
айтарлықтай өзгеруі 18,1±0,25*10
9
/л және 1,9±1,7*10
9
/л).
Лимфоциттердің көрсеткіштері 1-ші тәжірибелік топтарда 38,5±1,2%-дан 54,7±1,6%-ға дейін, 2-
ші топ жануарларында 41,0±2,1%-дан 44,7±3,1% -ға дейін, ал қортынды бақыланатын топта 28-ші күні
13,8%-ға дейін артуымен сипатталды.
Иммуногенезді оңтайландыру жалпы ақуыз мөлшерін қалыптандыру үшінмүмкіндік туғызды.
Жалпы ақуыз тез сауығу мен бактериалдық инфекциямен асқынудың алдын алуда қамтаммасыз
етеді. 2-кестедегі мәліметтерде 1-ші тәжірибелік топтағы сиырлардың қан сарысуында жалпы
ақуыздың мөлшері 28-ші күні 13,6 г/л-ге және 82,4±3,8 г/л, ал 2-ші тәжірибелік топтарда 75,5±4,2 г/л
дейін артты, бұл 1-ші тәжірибиелік топтармен салыстырғанда 8,4 %-ға жоғары екендігін байқатады.
Біздің зерттеулерімізде тәжірибиелік топтарда емдеуге дейін ЭШЖ-ң 11,5-6,1 есе ұлғайғаны
анықталды. Емдеуден кейін 1-ші және 2-ші топ жануарларында 4,1±0,3 мм/сағ және 8,1±1,4 мм/сағатқа
дейін төмендеді, ад бақылаудағы топтарда ешқандай өзгерістер білінбеді.
2-ші
кестенің
талдаулары бойынша, антибиотиктер мен иммуномодуляторларды 1-ші тәжірибелік топтың
сиырларына қолданғаннан кейін, қан сарысуының иммунобиохимиялық көрсеткіштері толық қалыпқа
келе бастады.
Кесте
3
-
«Москалевское»
ЖШС
шаруашылығының
жағыдайларында
сиыр
хламидиозымен ауратындарды емдеудің салыстырмалы емдік – сауықтыру тиімділігі
№ Көрсеткіштер
Сиырлар
1-ші тәж.топ
2-ші тәж топ
Бақ.топ
1
Емдеуге ұшыраған сиырлардың
саны, бас
10
10
6
2
Сауықты, бас
10
6
0
3
Терапиялық тиімділігі,%
100
60
0
4
Емдеу мерзімдері, күн
3,9±0,2
10,7±0,25
28,0
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ,
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК
124
5
Асқынулар, бас (%)
0
4 (40)
6 (100)
6
Шарасыз сойылғандар, бас
0
4
6
3-кестені талдауы бойынша, рибитонмен сәйкестендірілген доксилокс препаратымен ауру
сиырларды емдеудің ұзақтығы 6,9±0,2 күн, гидрохлоридті окситетрациклин – 10,7±0,25 күнге дейін
ұзарды. Бақылаудағы топтарда 28-ші күні 6 сиырда асқыну байқалды, кейін олар шарасыз сойылуға
ұшырады. 3-кесте мәліметтерінен біздің ұсынып отырған емдеу сызбамыздың (1-ші тәж.топқа)
терапиялық тиімділігі жоғары екендігін көруге болады және 100 пайыз құрады, ал қалған екі топта 60
және 0 пайыз болды.
Жүргізілген
зерттеулерден кейін, доксилокс пен риботанды қолданған соң, 1-ші тәжірибелік топтарда алғашқы
клиникалық белгілері 100 пайыз жоғалды. 2-ші тәжірибелік топтардағы жануарлардың 4-еуінде
асқынулар байқалды (40 пайыз) және оларды шарасыз союға ұшыратты.
Доксилокс қойылған сиырлардың қан сарысуын 28-ші күні серологиялық зерттеуден өткізгеннен
кейін, оң әсер етушілер анықталмады. 1-ші тәжірибелік топтағы сиырларды емдеудің тиімділігі 100
пайызды құрады. Екінші тәжірибелік топтарда күмәнді әсер етушілер 6 басты (60 пайыз) құрады.
Қорытынды
Жүргізілген зерттеулер, біздің ұсынып отырған емдеу сызбамызда хламидиозды емдеудегі
терапиялық тиімділікке әсері анық екендігін көрсетті. Жүргізілген
зерттеулер
негізінде
иммуномодуляторлармен сәйкестендірілген бактерияға қарсы доксициклин препаратының ірі қара
мал хламидиозын емдеудегі тиімділігі жоғары екендігі анықталды. Оны қолданудан кейін және қан
сарысуындағы юъбиохимиялық, морфологиялық көрсеткіштердің қалыпқа келуінен соң, бір айдан
кейін терапиялық тиімділігін сақтай отыра, клиникалық сауығу байқалды.
Хламидиоз бойынша қолайсыз шаруашылықтарды сауықтыру кезінде өндірістік жағыдайларда
иммуномодулятор кешені бар доксициклин преапаратын сынаудың терапилық тиімділігі анық жоғары,
ол емдеудің оңдығын төмендетуге мүмкіндік береді және ветеринар мамандардың жұмысын
жеңілдетеді.
Әдебиеттер:
1 Wheelhouse N, Longbottom D. Endemic and emerging chlamydial infections of animals and their zoonotic
implications // Transbound Emerg Dis. – 2012. - №59. – Р. 283–291.
2 Pospischil A, Thoma R, Hilbe M, Zimmermann D, Gebbers JO. Abortion in humans caused by
Chlamydophila abortus (Chlamydophila psittaci serovar 1) // Schweiz. Arch. Tierheilkd. – 2002. – Vol.144. –
Р. 463–466.
3 Welder G, Hotzel H, brezinka C, Gritsch w, Tauber R, würzner R, Ploner F. An unusal cause of sepsis
during pregnancy: recognizing infection with Chlamydophila abortus // Obset Gynecol. – 2005. - №106. – Р.
1215–1217.
4 Гланц С. Медико-биологическая статистика. – Москва, Практика. – 1999. – 459 с.
5 http://medstatistic.ru/calculators.html
ӘОЖ : 57083+546.71+6691
КҮКІРТ БАКТЕРИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ УРАНДЫ ШАЙМАЛАП
ӨНДІРУ ӘДІСІНІҢ ЭКОЛОГИЯДЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Канаев Ә. – б.ғ.д., проф., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Алматы,
Тараз
мемлекеттік педагогикалық институты
Ералиев С. - магистр, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Алматы,
Тараз
мемлекеттік педагогикалық институты
Зияева Г.- б.ғ. к.,доц, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Алматы,
Тараз
мемлекеттік педагогикалық институты
Тулеубаев Ж. - а.ш.ғ.д., проф., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Алматы,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Мақалада тион бактериаларын пайдаланып, уранды шаймалап өндіру әдісінің тиімділігі
көрсетілген.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ,
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК
125
Кілтті сөздер: тион бактериасы, уран, күкірт қышқылы, шаймалау әдісі.
Жер бетіндегі адам санының өсуі мен урбанизация үдерісінің қарқынды жүруі қазіргі таңда
ядролық энергетикаға деген сұраныстың артуына алып келуде, ал мұндай энергияның бірден бір көзі
− уран.
Қазақстан уран өндіруден алдынғы орындағы мемлекеттердің бірі. Қазақстанда барлығы 129
елді мекенде уран кені анықталған. Бұл Уран кен орындары алты уран провинцияларына біріктірілді
(Балқаштық, Каспийлік, Ілелік, Солтүстік Қазақстандық, Сырдариялық, Шу-Сарысулық). Алты
провинцияның ресурстары мен қорлары 1.69 млн. т. уранды құрайды. Олардың 1.2 млн. т. жерасты
шаймалау тәсілі арқылы өндіруге жарамды. Қазіргі кезде, өнеркәсіптік өңдіру алты елді мекенде
жүргізіледі, олар Шу-Сарысу, Сырдария (жерасты шаймалау технологиясы бойынша) және Солтүстік
Қазақстандағы (дәстүрлі шахталы тәсілмен) уран провинцияларында жүргізіледі. Шахталық тәсілмен
уран өндірілетін кен орындарының бірі, ол еліміздің Солтүстігіндегі «Шығыс» кен орны. Аталған кен
орны, уран және молибденнің қоры бойынша ен бай кен орындарының біріне жатады. Құрамында
металы жоғары кен өнімдері гидрометаллургиялық зауытта өңделеді, ал құрамында металы орташа
кен өнімдері радиометриялық кен-байыту фабрикаларында байытылады. Металы аз немесе
баланстан тыс кен өнімдері арнайы орындардарда күкірт қышқылының ерітіндісімен шаймаланады.
Жоғары улағыш күкірт қышқылын кеннен уранды бөліп алу үшін қолдану үймелеп шаймалау
технологиясының ерекше сипаты болып табылады, бұл оның экологиялық қауіпін анықтайды.
Өндірістің ашық немесе шахталық әдісі және өндіріс барысында улы реагенттердің қолданылуы бұл
аймақтағы антропогендік іс әрекет нәтижесінде табиғи биоценоздардың өзгеріп, тіпті жойылып кетуіне
алып келуде. Бұл кезде, басты міндет ауаны, топырақты, жоғарғы және жер асты суының күкірт
қышқылымен ластануынан сақтау болып табылады. Қалыптасқан жағдай теріс экологиялық әсері аз,
қауіпсіз жаңа инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді. Ал бұл «Индустриалды-
инновациялық даму» бағытын көздеген біздің мемлекетіміздің басты ұстанымы.
Соңғы кезде ауыр өнеркәсіптің металлургия саласында қолданылып жүрген осындай
технологиялардың бірі микробиологиялық шаймалау әдісі. Ол микроағзалардың тірішілік барысында
кейбір металдарды тотықтыру қабілетіне негізделген. Мұндай әдіс өндіріс барысында жоғары улағыш
реагентті, яғни, күкірт қышқылының қолдану көлемін бірнеше есе төмендетуге мүмкіндік береді және
уранның бактериялды-химиялық шаймалау тәсілінің бағалылығын көтереді.Бұл қоршаған ортаның аз
ластануының жоғарғы эффективтілігімен сәйкес келеді.
Уран кен орнының гидротермалды аймағы аса үлкен территорияларды қамтиды, сондықтан да,
хемоавтотрофты бактериялар мен олардың табиғат пен топырақтағы зат айналымындағы маңызын,
геохимиялық әрекетін, ашып көрсету және микробиологиялық жетістіктерді пайдалануөзекті болып
табылады.[1].
Уранды
микробиологиялық
шаймалау
үдерісінде
ерітіндідегі
хемолитоавтотрофты
бактериялардың қышқылдандыру қабілеттілігінарттыруда, металлды ерітуде тион бактериялары
маңызды роль атқарады.
Хемоавтотрофтар – органикалық заттектердің синтезі үшін бейорганикалық қосылыстың тотығу
энергиясын пайдаланады. Оларға күкірт бактериялары, метан бактериялары, темір бактериялары
және т.б. жатады.
Тион бактериялары (грек. theіon – күкірт) – күкірттің тотығуынан және оның тотықсызданған
бейорганикалық қосылыстарынан қуат алатын күкірт бактериялары. Тион бактерияларының ерекше
белгісі клеткалар ішінде молекулалық күкіртті (S
2
) түзуге қабілеттілігі болып саналады.
Тионды бактериялар ішінде маңызды орынды Acid.ferrooxidans алады. Олардың энергия көздері
ретінде қолданатын қосындылар спектрі әртүрлі болып табылады. Қышқылдық ортада
Acid.ferrooxidans, күкірттен басқа, металл сульфидттерін, тотыққан темір иондарын және аралық
қосындыларды тотықтырады, қышқылдандырады [1-4].
Тион бактериялары морфологиялық және биохимиялық жағынан ұқсас бір топты құрайды.
Көміртегіні игеруде, клетка денесін құруда және басқада тіршілік функцияларында барлық тион
бактериялары қалпына келген күкірт қосылыстарын күкірт қышқылына дейін тотықтыру кезінде
бөлінетін энергияны қолданауға қабілетті. Кейбір тион бактериялары тіршілік барысында күкірттен
басқа да қоспаларды тотықтыра алады, мысалы органикалық заттар немесе темірдің шала тотығы.
Көптеген тион бактериялары көмірқышқылын автотрофты ассимиляциялауға қабілетті. Олардың
кейбір түрлері көміртегінің көзі ретінде тек көмірқышқылын пайдаланады, бірақ тіршілік барысында
органикалық заттарды да қолданатын түрлері бар. Күкірт қоспаларын тотықтыра алатын
гетеротрофты бактериялардан тион бактериялары тотығу кезіндегі энергияны тіршілігі үшін қолдануы
мен
ерекшеленеді. Thiobacillus
туысына
жататын
хемоавтотрофты
бактериялар,
әдетте,
Acid.ferrooxidans бактериялардағы биохимиялық механизмдерінің біржақтылығына қарамастан, өмір
сүру ортасына байланысты, темір сульфиді минералдарының тотығуын жылдамдатады.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ,
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК
126
«Шығыс» кен орындарының кендері кешенді ураномолибденді кешендерге жатады. Уранның
негізгі құраушысынан басқа, мұндай молибденнің мәні де жоғары, оның құрамы және кендегі негізгі
металдың үлесі кен орнының кендік шөгінділерінің өңделу тереңдігі төмендеген сайын азая бастайды.
Кендегі молибден құрамы қатардағы және кедей кендерде пайыздың мыңнан бір бөлігінен оннан бірге
дейін өзгереді, ал бай кендерде орташа алғанда 0,038%. Оның үстіне, кенде қорғасын мен күмістің
біршама концентрациясы байқалады.
«Шығыс» кен орнының ураны бар кендердегі тепе-тең, кедей және қышқылданған түрлері алдын
ала әзірленген резина қабаттарына қатарымен жатқызылады. Осылайша жасалған үйіндінің үстіне
қышқылдандырғыш ретінде күкірт қышқылының 1,5-2,0% ерітіндісі қолданылады, ол технологиялық
ерітінді ретінде пайдаланылады. Суландырудан кейін қол жеткізілген уран құрамы төмен
технологиялық ерітіндіде 0,1 г/л U бар және ол сорбцияға өтеді. Әдетте адсорбциядан кейін
ерінтіндіде уран 0,01 г/л U дейінгі мөлшерге дейін азаяды, оның аналық ерітінді деп атайды. [3].
Үймелеп шаймалау нысандарындағы құрамында ураны бар кендерге күкірт бактериясы тән
екендігі белгілі, яғни күкірт пен күкірт қосылыстарын (сульфидтер) қышқылдандыратын тиондық
бактериялар. Сондықтан хемолитоватотрафты бактериялардың келесі түрлері өкілдерінің түрлік және
сандық құрамын зерттеуге көбірек назар аударылған: Acidithiobacillusferrooxidans, Leptospirillum
ferrooxidans,Acidithiobacillusthiooxidans, Sulfobacillus acidocaldarius. Зерттеу үшін сынақтарды уранды
үймелеп шаймалайтын аймақтың әр түрлі қатарларынанң ерітінділері іріктеліп алынған.
Соңғы кезде урандық кен орындарын ашу үшін шоғырлы био сілтілендіруяғниУранды
H
2
SO
4
,Fe
2
(SO
4
)
3
және KMnO
4
әр түрлі мөлшерлерімен алу.әдісі экологиялық және экономикалық
тиімділігінің жоғары болуына байланысты кең түрде қолданыла бастады.
Кейбір кен орындарындағы минералдардың төмен мөлшері мен аз қоры оларды қарапайым
тәсілмен пайдалану мүкіндігін біршама төмендетіп тастайды. Сондықтан мұндай жағдайларда тиімді
түрде бактериялық сілтілендіру әдісін пайдалануға болады, оның мәні бағалы металдарды кедей кен
орындарынан құрамында микроағзалары бар ерітінділерді кенді байытудың дәстүрі тәсілдерімен бірге
алу болып табылады.
Күкірт қышқылы мөлшерінің уранды алуға әсері. Үймелеп шаймалаудың технологиялық
ерітінділерінде күкірт қышқылы тотықтырғыштарсыз қолданылады.
Тәжірибені өткізу үшін ірілігі 0,055 мм, құрамында уран 0,285% және молибден 0,035% кені
қолданылды, сонымен қатар құрамына алдын ала Acid.ferrooxidans бактериясы ментемір қосылмаған
күкірт қышқылының ерітіндісі қолданылды. 200 мл күкірт қышқылына әрбір колбаға 10 нан 30 г-ға
дейін кен қосылып. 4 сағат бойы 150-180 айн/мин жылдамдықпен шаймаланды.Күкірт қышқылы
мөлшері жоғары болғанына қарамастан (25-30 г/л), уранды алу деңгейі бар жоғы 17,89-19,4%, құрады.
Бұл нәтижелер күкірт қышқылының ерітінділері тотықтырғыштың қатысуынсыз оң нәтиже
бермейтіндігін көрсетті. Сондықтан уранды аталған кен түрінен алу міндетті түрде тотықтырғыштың
қатысуына тәуелді. [4].
Металды кеннен қышқылдық сілтілендіру кезінде ерітіндіге: темір 2,45 г/л (Fe
2+
түрінде), уран -
19,4%, алынды, ерітіндідегі күкірт қышқылының мөлшері біршама жоғары (30 г/л) болғанына
қарамастан, уранның ерітінді құрамына өту деңгейі өте төмен болды.Ерітіндіге 10г/л күкірт қышқылын
қосу кезінде оның шығыны 50 кг/т құрайды. Күкірт қышқылы мөлшерін ары қарай арттыру қышқыл
шығынын 75-тен 150 кг/т дейін апарады. (Кесте -1)Күкірт қышқылының шығыны тиімді деңгейден асып
кеткен кезде, құрамында ураны бар ығыспа кендерді сілтілендірудің мұндай тәсілі экономикалық және
экологиялық тиімсіз болып есептелінеді.
Кесте 1 Кеннен уранды өндіру дәрежесіне күкірт қышқылы концентрациясының әсері
№п/п
H
2
SO
4
Темір, г/л
Уран
H
2
SO
4
шығымы
дейін кейін
г/л
г/л
рН
Fe
3+
Fe
2+
Fe
∑
г/л
мг
%
г
кг/т
1
10
-
5,01
0
0,22
0,22
0,0072
0,72
1,46
1,0
50,0
2
15
-
4,21
0
1,25
1,25
0,011
1,10
1,92
1,5
75,0
3
20
-
4,06
0
1,6
1,60
0,057
5,7
9,97
2,0
100,0
4
25
-
3,95
0
2,10
2,10
0,102
10,2
17,89
2,5
125,0
5
30
-
3,42
0
2,45
2,45
0,111
11,1
19,4
3,0
150,0
Тотықтырғыштың әр түрлі мөлшерінің уранды алуға әсері. Металдарды шаймалау үдерісінде
ерітіндіге тек қана металл ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа да бөлшектердің өтетіндігі белгілі,
сондықтан микроағзалардың дамуына белгілі элементтер иондарының жоғары мөлшері де, ерітілген
тұздардың бөлшектік құрамы да кедергі келтіруі мүмкін.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ,
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК
127
Кендерден күкірт қышқылымен тотықтандыру жағдайында уран мен молибден алу үдерістерін
қарқындатудағы тотықтырғыштардың ролін анықтау үшін тәжірибелер; 0,055 мм, құрамында уран
0,210-0,245% және молибден 0,030-0,035% кендерде жүргізілді. Суландыру тығыздығы 20-25%
(Т:Ж=1:4) құрады. Үгіттеу уақыты 180 айн/мин кезінде шайқағышта 28
о
С температурада 4-тен 16
сағатқа дейінгі уақытты құрады.
Тәжірибенің барлық нұсқаларында H
2
SO
4
мөлшері 15-20 г/л аралығында болды. Тотықтырғыш
ретінде Fe
2
(SO
4
)
3
күкірт қышқылды темір тұздары, (NH
4
)
2
S
2
O
8
күкірт қышқылды аммоний және KMnO
4
калий пермонганаты қолданылды.
Тәжірибенің бірінші нұсқасында тотықтырғыш ретінде Fe
2
(SO
4
)
3
(1,16 - 5,8 г/л) қолданылды және
онда заңдылық бақыланады, осылайша ерітіндідегі темір мөлшері артқан сайын сәйкесінше уранның
алынуы да артады. Уранның максималды алынуы (68%) темірдің 5,8 г/л мөлшерінде қол жеткізілді.
(сурет 1)
Сурет 1 –Fe
2
(SO
4
)
3
тотықтырғыш концентрациясының уран алуға әсері
Металдардың алынуының жоғары деңгейі сілтілендіру үдерісіне тотықтырғыштың қатысуымен
байланысты, себебі тотықтырғыш жоқ кезде темір іріктелініп, тек екі валентті түрде алынды,ал
тотықтырғыш қатысқан кезде барлық темір тотығып, қосымша төрт валентті урандар алынды.
Калий перманганатының (0,5-тен 3,0 г/л дейінгі) уранның алынуына әсері зерттеліп, KMnO
4
мөлшері 1,5-тен 3,0 г/л дейін болған жағдайда уранның алыну деңгейі 64,0-ден 69,6%, дейін
артқандығы, ал тотықтырғыш болмаған жағдайда тек 13,7 % уран алынды.(сурет 2)
|