ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ,
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК
128
Сурет 2 – Қышқыл ортада кеннен уран алу үдерісіне KMnO
4
тотықтырғышының әсері
Микроағзалар молибденге өте сезімтал, олар осы элементтің ерітіндідегі салыстырмалы аз
мөлшерінің өзінде (9-12 мг/л) өліп қалады.Селен, теллур, мышьяк және молибден аниондары
металдар катиондарының көпшілігіне қарағанда Acid.ferrooxidansүшін улырақ. Алайда бұл
бактериялар үшін ең улы болып кадмий, күміс, сынап және уран табылады.
Тәжірибе өткізу үшін құрамында Fe
3+
мөлшері әр түрлі қышқыл ерітінділері мен Acid.
Ferrooxidans бактерияларының 10
6
кл/мл қолданылды (сурет 3).
Сурет 3 – Кеннен уран алу үшін бактериялық ерітіндідегі Fe
3+
концентрациясы әсері
Барлық нұсқалардағы күкірт қышқылының бастапқы мөлшері 20 г/л, кен құрамында уран 0,210-
0,245% және молибден 0,030-0,035% болған. Т:Ж=1:5 қатынасында пульпаны 180 айн/мин
жылдамдығында 4 сағат бойы шайқаған. Нәтижесінде, темір мөлшері артқан сайын ерітіндідегі уран
мөлшері де артып, 0,519 г/л дейін жетеді және уран мен молибденді алу деңгейі сәйкесінше 100%
және 62,26 % құрайды.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ,
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК
129
Шаймалау ұзақтығының әсерін зерттеу бойынша тәжірибелерде оң нәтиже 4-сағаттық уақыт
нұсқасында алынған (кесте 2). Барлық қалған нұсқалар күтілген нәтиже бермеді, себебі барлық
нұсқаларда дерлік алу деңгейі бірдей болған. 2 % күкірт қышқылы нұсқасында уранның алынуы 25,5-
28,3% шамасында болды, ал бактериялық ерітінді нұсқасында уранды алу деңгейі 95,06-95,88% дейін
жеткен.
Кесте 2. Шаймалау уақытының уранды өндіру үдерісіне әсері
№
п/п
Тәжірибе
нұсқасы
Шаймал
ау, сағ.
Темір, г/л
U алынуы
H
2
SO
4
(кейін)
Fe
3+
Fe
2+
Fe
∑
мг
%
г/л
г/л
1
2 % H
2
SO
4
4
сл
1,4
1,4
1,25
25,5
-
-
8
сл
1,4
1,4
13,2
26,9
-
-
16
сл
1,6
1,6
13,9
28,3
0,006
1,18
2
2% H
2
SO
4
;
Fe
3+
- 6,86
г/лA.ferroxidans
10
6
кл/мл
4
6,0
1,4
7,4
46,6
95,06
-
-
8
6,1
1,4
7,5
46,8
95,47
-
-
16
5,5
1,6
7,1
47,0
95,88
0,034
0,17
Сонымен, уран алу деңгейі тотықтырғыш сапасы мен санына байланысты. Күкірт қышқылды
ортада ең тиімді және ең арзан тотықтырғыш болып құрамында үш валентті темір ионының 5-6 г бар
бактериялық ерітінділер табылады, ал тотықтырғыш қатысуынсыз күкірт қышқылының ерітінділері оң
нәтиже бермейді.
Тотықтырғыш құрамында екі пайыздық күкірт қышқылы мен 5-6 г/л мөлшерлі үш валентті
темірдің және Acid.ferroxidans хемолитоавтотрофты бактериялары енгізілген тәжірибе нұсқасында
құрамында ураны бар кеннен мына металдар алынған: уран 46,17мг және молибден 4,30 мг. Сонымен
қатар, сәйкесінше уран алуының 94,18% ең жоғарғы деңгейлеріне қол жеткізілді.
Қорытынды
1. Жоғары улағыш реагентті – яғни, күкірт қышқылын кеннен уранды бөліп алу үшін қолдану
үймелеп шаймалау технологиясының ерекше сипаты болып табылады, Күкірт қышқылының шығыны
шаймаланатын кеннің типі мен мекеменің өндіруіне байланысты жылына ондаған және жүздеген
тоннаны құрауы мүмкін. Сондықтанөндірістің ашық немесе шахталық әдісі және өндіріс барысында
улы реагенттердің қолданылуы кезіндегі басты міндет ауаны, топырақты, жоғарғы және жер асты
суының күкірт қышқылымен ластануынан сақтау болып табылады.
2. Қауіпсіз жаңа инновациялық технологиялардың бірі микробиологиялық шаймалау әдісі. Ол
микроағзалардың тірішілік барысында кейбір металдарды тотықтыру қабілетіне негізделген. Мұндай
әдіс өндіріс барысында жоғары улағыш реагентті, яғни, күкірт қышқылының қолдану көлемін бірнеше
есе төмендетуге мүмкіндік береді.
3.Мұның барлығы баланстан тыс және кедей кеннен шығатын уранның бактериялды-химиялық
шаймалау тәсілінің бағалылығын көрсетеді. Бірақ кен орындарындағы биогеохимиялық үдерістерге
қатысатын микроағзалар жайлы мәліметтер әліде зерттеулерді қажет етеді.
Әдебиеттер:
1 Камалов М. Р. Роль микроорганизмов в выщелачивании металлов из руд Казахстана // Моно-
графия. _Алматы,1990г. – С. 5-24
2 Камалов М.Р., Канаев А.Т., Бекбауов Т. К. Роль микроорганизмов в процессах извлечения
урана // Жур. Промышленность Казахстана. – Алматы, 2008г. - №1(46) С. 54-57.
3 Канаев А. Т., Нуркеев С.С., Бекбауов Т. К., Канаева З.К. Микробный ценоз отвальных руд ме-
сторождения «Восток» и извлечение урана биотехнологическим способом // Международная конфе-
ренция «Инновация – 2009». Ташкентский государственный технический университет им. Бируни, 23-
24 октябрь, 2009г. – Ташкент, 2009г. -Сб., – С.165.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ,
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК
130
4 Канаев А.Т., Ералиев С.С. Изучение сообществ микроорганизмов урановых месторождений //
ВЕСТНИК КазНУ «Серия экологическая» № 1/2 (40), Алматы-2014 г. С. 332-338
ӘОЖ 633.85
АЗЫҚ- ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАССЫЗ ЕТУДІҢ
АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Төлеубаев Ж. - а.ш.ғ.д.,проф., Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Зияева Г. - б.ғ.к.,доц., Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Алтынсариев А. - а.ш.ғ.к.,доц., Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақбаев Қ. - в.ғ.к., Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Ералиев С. - магистр., Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындаЖамбыл облысы жағдайында шет елдік
рапс майлы дақылының сұрыптарын сынақтан өткізіп, су режимдері мен өнімділігі анықталды.
Түйінді сөздер:рапс, сорт, технология, агроэкология, су режимі.
Қазақстанның табиғи – климаттық жағдайы рынокта сұранысқа ие әр түрлі майлы дақылдарды –
рапс, соя, күнбағыс, зығыр, мақсары т.б.өсіруге өте қолайлы. Майлы дақылдар Республикамызға
аудандастырылған өнімдік потенциалы жоғары сорттарды өсіруде үлкен резерв болып табылады.
Жамбыл облысының топырақ климаттық жағдайына бейімделген май алынатын өсімдіктердің
бірі Рапс (Brassica oleifera). Oleifera Metzger-шаршы гүлділер тұқымдасына жататын майлы және
малазықтық дақыл, ол әлем ауыл шаруашылығында негізгі майлы дақыл ретінде кең қолданылуда.
Облысымыздың топырақ-климат жағдайларына бейімделген майлы дақыл түрлерінің тиісті
дәрежеде зерттелмеуі және өндіріске енгізілмеуі салдарынан еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ете алатын дәрежеге жету үшін егіс дақылдарының құрамын оңтайландыру, егіншілікті
биологияландыру, экологиялық тазалығы мен экономикалық рентабельдігі жоғары технологиялар
жасап өнімділігі мен қоршаған ортаға бейімділігі жоғары майлы дақылдардың жаңа түрлері мен
сорттарын өндіріске кеңінен енгізу қажет. Осыған орай майлы рапс дақылының халық шаруашылығы
үшін құнды белгілері мен қасиеттерін, тұқымның өнімділігі мен сапасын нақты топырақ-климат
жағдайларына бейімділігін бағалап Жамбыл облысының таулы-дала аймағында өсіруге лайықты
диверсификациялық түрлерін ұсынуға және жалдап егу технологиясының агробиологиялық
заңдылықтарымен су режимдерін зерттеу ғылыми жұмыстың көкейтестілігін білдіреді.
Рапс өсімдігін өсіру экологиялық, экономикалық және агрономиялық көрсеткіштері жөнінен
тиімді:
1. Экологиялық жағынан – бір гектар күздік рапс егістігі 10,6 млн.л. оттегін бөліп, қант
қызылшасынан кейін 2-ші орынға иелік етеді. Бір гектар орман алқабы бар болғаны 4 млн. л. оттегін
бөледі, бұл рапс егістігінің бір гектары бөлетін оттегінен 2,5 есе аз. Сонымен қатар топыраққа төгілген
Рапс майы 7-күн ішінде 95% -ға дейін өздігінен ыдырап қоршаған ортаны ластамайды, ол минералдық
майлар осы уақыт (мерзім) ішінде бар болғаны 16% -ғана ыдырап қоршаған ортаны ластайды. Бір
литр минералдық май 1 млн. литр суды ауылшаруашылық дақылдарын суаруға жарамсыз етіп,
топырақты ластап оны өсімдік өсіру үшін көп жылдарға пайдалануға болмайтын жағдайға келтіреді.
Органикалық заттардан алынған бензин мен дизелдік жанармай тракторлар мен автомашиналардың
двигательдерінде жанып қоршаған ортаға көптеген зиянды заттарды бөледі, ал рапстық жанармай
жанғанда экологиялық таза газдарға айналады. Сондықтан рапс майынан алынған жанармайға
экологиялық тиімділігі жағынан тең келетін жанармай жоқ.
2. Агрономиялық көрсеткіші –потенциалдық өнімділігі жоғары, ауыспалы егістікке жақсы алғы
дақыл ретінде өзінен кейінгі егілген бидай мен арпаның өнімділігін 10-15%-ға арттырады, топырақты
органикалық заттармен байытып, оның сулық және ауа өткізгіштік қасиетін жақсартады, шикізат
ретінде биожанармай мен биомоторлық май шығаруда және өте бағалы мал азықтық жем ретінде
қолданылады.
3. Экономикалық тиімділігі –рапсты өсіру рентабельділігі 50 %-дан кем емес, сату бағасы тиімді
болғандықтан ішкі және сыртқы рынокта техникалық шикізат ретінде транспорт пен өнеркәсіпте кең
түрде қолданылады. Тағамдық және техникалық өсімдік майы ретінде әлемдік рынокта жоғары
сұранысқа ие.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ,
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК
131
Рапс – майлы дақылдарға жататын бағалы өсімдік. Оның дәнінде 43 пайыздан (жаздық рапс) 50
пайызға (күздік рапс) дейін май болады. Рапстың майын тағам үшін және техникалық мақсатта
пайдаланылады, сонымен қатар сабын қайнату, тоқыма, металлургия, бояу, полиграфия, тері
өндірісінде қолданылады. Күздікрапстың 100 кг. көк балаусасында 15,7 кг. малазықтық өлшем бар,
протейн мөлшері, минералды заттар және ол витаминдерге (әсіресе А,С) өте бай, жақсы қорытылады,
жасұнығы онша көп емес (11-13%). Бір киллограмм рапстың көк балаусасында 20г қорытылатын
протейн, 2,58г. калий, 0,75г. фосфор, 0,28г-магниий, 0,96г күкірт, 0,23г-натрий, 4,46г-калий, 0,75г-хлор
және 0,16 азықтық бірлік өлшемі бар.Шауып алғаннан кейін және мал жайған соң да көтеріліп өсуге
қабілеті бар өсімдік.[ 1]
Ауыспалы егістерде аралық дақыл ретінде себілген рапс малға күз айларында, немесе ерте
көктемде жақсы жайылым. Осы қасиеттері жағынан рапс жақсы мал азықтық дақыл. Май
зауыттарында өңделгеннен кейін қалған күнжарасы малазықтық қасиеті жағынан сұлыға тең келеді,
бірақ ондағы қорытылғыш протейін мөлшері сұлыдағыдан үш есе көп. Рапс күнжарасын малға таза
күйінде емес, құрамалы азықтардың қоспасы ретінде берген дұрыс.
Күздік рапс жасыл жапырақты, жоғарғы жапырақтары сабақтарын жартылай орап алады. Гүл
шоғыры –шоқ. Маусымның басында гүлдеген рапстың ашық сары түсі араларды өзіне тартады, олар
рапстан шырын мен тозаңды жинайды. Күздік рапстың гүлдеуі 25-35 күнге созылады. [2]
Рапс гүлінде шамамен 0,7 мг шырын, бар, ол 0,3 тен 0,9 мг аралығында ауытқып отырады,
қанттылығы 12-14 пайыз. Рапстың шырындылығы мен қанттылығы қолайлы табиғат жағдайларында
ұлғаяды. Бұған табиғат жағдайлары, агротехника деңгейі, калий тыңайтқыштары ықпал етеді. Рапстың
бал өнімділігі 1 га жерден 90 кг. Рапс балы ақ түсті, кейде сары түсті, өте тәтті, рапс гүлінің иісі бар. Ол
тез кристалданады, суда еруі қиын, қоспасы қою болады, сондықтан оны ара омартасында қысқа
қалдыруға болмайды [2-4 ]
Агротехникалық жағдай бойынша рапс өсімдігі көптеген дақылдарға өте жақсы алғы дақыл
болып саналады, егілген егістікті ерте босатып, топырақ құрылымы мен құнарлығын жақсартып,
алқаптың ластануын азайтады. Рапстан кейін егілген дәнді дақылдардың өнімділігін 10-15%- ға
арттырып еш қосымша материалдық шығынысыз-ақ өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттырады.
Рапсты кез-келген ауыспалы егістік схемасында қолдануға болады. Оны қант қызылшасы енгізілген
ауыспалы егістікке де қолдану тиімді, бірақ қант қызылшасы мен рапстың ауысып егілу жылдары ең
кемінде 3 жыл, немесе 4-5 жылдан кейін егілгені дұрыс.[3 ]
Рапс бағалы биологиялық қасиетке ие, ол фитосанитарлық және алғы жақсы дақыл болып
саналады. Рапсты сидерат ретінде қолдану топыраққа көңді бергенмен бірдей, бұл кезде шығын 1,5-2
есе аз жұмсалады. Топырақтың биологиялық активтілігі 10-15%-ға өсіп, қоректік заттардың
нифильтрациялық сулармен шайылып кетуі 50%-ға азаяды. Рапстан кейін егілген бидайдың ауруға
шалдығуы- зақымдануы 30-50% азайып, өнімділігі 5-10ц/га-ға артады. Сонымен қатар рапс өсімдігін
егу топырақ эрозиясын азайтуға көмектеседі.Оның барлық (жер асты- жер бетіндегі ) мүшелерінде
эфир майлары бар болғандықтан зиянкестермен ауруларға қарсы профилактикалық қорғану құралы
ретінде әсер етеді. Топырақ құрамында осы қалдық мүшелер шіріген кезде ондағы өмір сүретін жауын
құрттары мен топырақ микроарганизмдерінің қоректенетін азығы ретінде жұмсалып олардың өмір сүру
жағдайларын жақсартады. Бұл өз кезеңінде өсімдіктің түрлі аурулармен ауыруын төмендетіп
(азайтып) өнімділікті арттыруға көмектеседі.
Рапс топырақ тыңайтқыштарына өте талапты, сондықтан мол өнімді негізгі қоректік элементтер
жеткілікті кезде береді. Мұның себебі рапс вегетациялық кезеңде өсіп-жетілу барысында топырақтан
негізгі керекті қоректік элементтерді көп сіңіреді. Рапс дақылының 1 килограмм тұқымын алу үшін
топыраққа 3,9кг- азот, 1,8кг- фосфор, 1,1кг- калий, 0,6кг- магний тыңайтқыштарын беру қажет. Рапс
пісіп жетілгенше топырақтан 4,7кг азотты, 2,2кг фосфорды, 4,4кг калийді, және 0,95кг магнийді өзімен
бірге сіңіріп алып кетеді. Ең көп қоректік элементтерді вегетация кезеңінің басынан гүлдену
фазасының аяғына дейін қажет етеді. Егер бұл кезеңдерде қоршаған ортаның температурасы төмен
болғанда әсіресе ерте көктемде көп қажетсінеді. Бұл рапстың қыстық тыныштық (ұйқы) күйінің ерте
аяқталатындығымен түсіндіріледі.
Рапс дақылының мол өнім беруі топырақтағы фосфор мен калий элементтерінің мөлшеріне
байланысты. Фосфор-негізінен тамыр желісінің жақсы дамуына әсер ететіндіктен топырақтан басқа да
қажетті қоректік элементтерді сіңіруіне көмектеседі. Қысқа дейін ол өзіне қажетті норманың жартысын
сіңіріп пайдаланып қояды, ал калийді (1гектарға шаққанда) 70 тен 100кг дейін пайдаланады. Барлық
вегетация кезеңінде рапс 400кг дейін калийді сіңіреді, оның 75%-ға жуық мөлшері өсімдік сабағымен
бірге жерде қалады. Бұл элементтің ең көп қажетсінуі вегетация басынан гүлдену фазасына дейін (12-
15кг тәулігіне) ассимиляттардың қозғалуы мен су балансын қамтамасыз ету үшін қажет.
Рапс тұқымдарын көп уақытқа сақтау үшін ылғалдылық 8%-дан аспауы керек. Ылғалдылығы
одан жоғары тұқымдарды температурасы 25-37ºС-та кептіргіштерде кептіреді, бұл температурадан
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ,
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК
132
артық температурада тұқым өзінің өнгіштігі мен майлық сапасын жоғалтады. Сондықтан рапс
тұқымдарын 4-5ºС-температурада 50кг қаптарға салып сақтайды.
Рапс өсімдігінің майы бірнеше май қышқылдық қатардан тұрады. Эруктық және линолеиндық
қышқылдың азаюы мен тұқымдағы олейіндік және линолевтік қышқылдың көбеюі рапс майының
тағамдық сапасын жоғарылатады. Осы бағытта барлық әлем селекционерлері жұмыс атқаруда.
Шаруашылықтың тәжірибелік танаптарында екі нольдік (00) сорттары сыналуда, бір ноль (0) дәндегі
эруктік қышқылдың мөлшерін және екінші (00)-глюкозинолаттың мөлшерін көрсетеді. Рапстың
осындай екі нольдік (00) сорттарының дәнінен алынған май -өте жақсы тағамдық май тобына
жатқызылады. Оның құрамында пайдалы олейндік және линолевтік қышқыл мөлшері көп болады.
Рапс майының бағалылығы сонда оның құрамы полиқанныққан май қышқылдарына бай. Ол
жүрек қан тамыр қабырғаларын бекітуге және қан құрамындағы холестериннің –деңгейін азайтуға
тамыр жүйесінде тромбоның пайда болу қауіптілігін азайтуға көмектеседі, артериалдық қысым
деңгейін қалыптастырып диабетиктермен, гипертониктерге оң әсер етеді. Сонымен қатар рапс
майында линолеиндік қышқылдарының мөлшері көп, оның аздығы жетіспеушілігі ағзадағы тамыр
жүйелерінің тарылуына және қан айналуының бұзылуына әкеліп соғады. Бір ғана ас қасықтық рапс
майының салаттық соусқа қосылуы, ағзаның Е-витаминге деген тәуліктік сұранысының30%-ын
қамтамасыз етеді.
Рапс майы биологиялық жанармай ретінде соңғы кездерде кеңінен қолданыла бастады.
Биологиялық жанармай ретінде қолданылған рапс майы кезінде бөлінетін көмірқышқыл газы көп
мөлшерде азаяды, яғни бір литр дизель жанармайын қолданғанда 3кг СО
2
бөлінсе, ал биологиялық
жанармайды қолданған кезде бар болғаны 0,5кг СО
2
ауаға тарайды. Бұл әдіс дәнді дақылдардан
алынатын биологиялық жанармайдан қалыспай жер қойнауындағы мұнайдың қорын үнемдеуге
көмектеседі.
Еуроодақ елдерінде 2010 жылы жанар-жағар майдың 5,7 %-ын рапстан алынған биоотын
құрады. Сондықтан рапс майлы дақылы Еуропа фермерлері үшін мол пайда көзі болып табылады.
Өнімділігі 30ц/га рапстан 1300л биодизельдік жанармай алуға болады, Германияда оның мөлшерін 1,1
млн тоннаға жеткізу үшін 750 мың га. рапс егістігі қажет етілуде. Әлемде майлы дақылдарды өндіру
үрдісі тұрақты түрде өсуде. Оған сұраныс азық-түлік ретінде пайдаланумен қатар, өндірістік қайта
өңдеп биодизельді отын шығарумен түсіндіріледі. Бұл экологиялық таза жанармай мұнайдан
өндірілетін кәдімгі органикалық дизельді отынды сәтті алмастырып, бәсекеге қабілеттілігін жыл сайын
дәлелдеуде. Рапс майы –шетел нарығында аса өтімді өнім.[2,5]
Еуропа елдерінде органикалық жанармайдың экологиялық стандартына деген талаптардың
қатаңдатуына байланысты биожанармайдың бағасының өсуіне себеп болуда. Барлық елдер рапс
өсімдігінің өсіру егістігін көбейтуде. Мысалы Белоруссия 2015 жылы рапс өндіруді жылына миллион
тоннаға жеткізуді жоспарлауда, 2011 жылы жоспар бойынша 700 мың тонна өндірілген. Астық
өндіруден дүние жүзінде жетекші орын алатын Канаданың өзінде барлық егістік алқаптың 37 % -на
бидай, 16 % на рапс егіледі. Германияда бұл көрсеткіш барлық егістік алқаптың 20%-ын алып отыр.
Еуропа рыногында рапстың тапшылығы қазірдің өзінде сезілуде.
Біз тәжірибе жүргізген Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш аулында жер асты суы 5-20 м
аралығында тереңдікте орналасқан, суының тұздылығы 0,03 – 0,05 г/л. Учаскенің топырағы кәдімгі сұр
топырақты эрозияға ұшыраған түрлерімен бірлескен жағдайда түзілген.
Тәжірибелік-өндірістік танапта тұқымы Германия мемлекетінен әкілінген рапстың Rоhаn сорты
мен гибридтік Livius және Dunnastiе сорттары Жамбыл облысында Жамбыл ауданы Бесағаш
аулында топырақты жалдап қырына себу технологиясыменегіліп, олардың су режимдері мен өнімділігі
анықталды. Топырақты өңдеу 12-14см тереңдікте сыдыра жыртқыштармен жүзеге асырылса, себу
алдында культивация және топырақ бетін тегістеу жұмыстары жүргізілді. Рапсты себу арнайы тұқым
сепкішпен іске асырылды.
Rоhаn сортының себілу нормасы 4кг/га, ал Livius және Dunnastiе гибридтік сорттарының себілу
нормасы 3,5кг/га болды. Бұл сорттардың тұқымдарының егілу тереңдігі 1,5-2 см. Бірінші суару
1100м
3
/га нормасы бойынша қыркүйекте жүргізілді. Рапс өсімдігінің көгеріп, көктеп шығуы 5-6 күннен
кейінболды.
Өндірістік танаптың сұр түсті топырағының гумустық қабатының қалыңдығы 0,25-0,30м,
қарашірік мөлшері –0,9-1,5%, механикалық құрамы жағынан орташа сазды болып, тасты
қабаттарының орналасуы терең емес (0,6-0,8м). Бір метрлік топырақ қабатының тығыздығы γ
100
= 1,57
т/м
3
. Топырақтың метрлік абсолютті құрғақ қабатының ең аз су сыйымдылығы β
НВ
= 18,03%.
Топырақтағы су өткізгіштігі жоғары, бірінші сағаттағы судың сіңімділігі 21см/сағ, ал тұрақталған кездегі
су сіңімділігі 1,1см/сағ. болды.
Қараша айының 3-декадасында рапс өсімдігінің вегетациялық өсіп-өнуі 6 және 8-жапырақтан
кейін тоқтады. Өзінің биологиялық ерекшелігіне сәйкес жақсы бұтақтанып дамыған 8-жапырақты
күздік рапс қарсыз минус 16-21
0
С температураға үсімей шыдады. Олардың қыстан бұтақтанып оянуы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ,
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК
133
ақпан айының аяғы мен наурыз айының басында +2
0
С-те басталып, көктем айының 10 сәуірінде
гүлдену фазасы басталды. Гүлдену фазасы 15-20 күнге созылып, қамырланып пісуі 5 маусымға
сәйкес келіп, толық пісуі 15 маусымда толық аяқталды.
Әр түрлі өсіру технологиясы бойынша егілген күздік рапстың су режимі 1-кестеде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |