Литература:
1 Bucca M., Brianti E., Giuffrida A., Ziino G., Cicciari S., Panebianco A. 2011. Prevalence and distribu-
tion of Sarcocystis spp. cysts in several muscles of cattle slaughtered in Sicily, Southern Italy. Food Control.
22, 105- 108.
2 EFSA (European Food Safety Authority). 2010. Development of harmonised schemes for the moni-
toring and reporting of Sarcocystis in animals and foodstuffs in the European Union Question No EFSA-Q-
2009-01074. Accepted for publication on 10 December 2009.
3 Fayer R. 2004. Sarcocystis spp. in Human Infections.Clin Microbiol Rev. 17(4), 894–902.
4 Rock A.A., Dan S.D., Mihaiu M., Taulescu C., Mihaiu R., Lapusan A. 2011. Risk Assesment Regard-
ing the Sarcocystis spp. Infestation at Ovine Carcasses Destined for Public Consumption. Bulletin UASVM,
Veterinary Medicine. 68(2), 1-7.
5 Daugschies A., Geldermann H. 2006. Variation in clinical and parasitological traits in Pietrain and
Meishan pigs infected with Sarcocystis miescheriana. Vet. Parasitol. 106, 99-113.
6 Damriyasa I.M., Bauer C., Edelhofer R., Failing K., Lind P., Petersen E., Schares G., Tenter A.M.,
Volmer R., Zahner H. 2004. Cross sectional survey in pig breeding farms in Hesse, Germany: seropreva-
lence and risk factors of infections with Toxoplasma gondii, Sarcocystisspp. and Neospora caninum in sows.
Vet. Parasitol. 126, 271-286.
7 Tabaran A., Mihaiu S.M., Dan R., Mihaiu I.V., Cordis D. 2013. Cordea incidence of Sarcocystis spp.
infestation in pork and wild boar samples in Transylvania. Porcine Research. 3, 36-39.
8 Claveria F.G., Cruz-Flores M.J., De La Pena C. 2001. Sarcocystis miescheriana infection in domes-
tic pigs (Sus scrofa) in the Philippines. J Parasit Dis. 87,918-919.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ,
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК
227
9 Yang Z.Q., Zuo Y X., Yao Y.G., Chen X.W., Yang, G.C., Zhang, Y.P. 2001. Analysis of the 18S
rRNA genes of Sarcocystis species suggests that the morphologically similar organisms from cattle and wa-
ter buffalo should be considered the same species. Mol Biochem Parasitol. 115(2), 283-288.
10
Yang Z.Q., Li X., Han L., Wang T. 2012. A rewiew of sarcocystosis in pigs. Chinese J.
Zoonos. 28(7), 90-99.
11
Domenis L., Peletto S., Sacchi L., Clementi E., Genchi M., Felisari L., Felisari C., Mo P., Mo-
desto P., Zuccon F., Campanella C., Maurella C., Guidetto C., Acutis P. 2011. Detection of a morphogeneti-
cally novel Sarcocystis hominis-like in the context of a prevalence study in semi-intensively bred cattle in It-
aly. Parasitol Res. 109(6), 1677-1687.
12
Chiesa F., Muratore E., Dalmasso A., Civera T. 2013. A new molecular approach to assess
the occurrence of Sarcocystis spp. in cattle and products thereof: preliminary data. Ital J Food Safety. 2,148-
151.
13
Lassen B., Talvik H. 2009. Parasitic protozoans in livestock and pets in Estonia. Review. Vet
Med Zoot. 46(68), 30-36.
14
Goncalo M.A. 2014. Parasitismo muscular por Sarcocystis spp. e Cysticercus bovis (Taenia
saginata) em bovinos da Região Autónoma dos Açores. Published by: FMV (Lisboa) XIII, 63-77.
15
Sertin M., Lemieux D, Rossero A., Alsaric O., Oudot N., Willemse C., Chiesa F., Magras C.,
Cappelier J.M. 2014. Sarcocystis hominis is frequently associated with bovine eosinophilic myositis. Rene
Reeh Ruminants. 21, 321-324.
16
Moré G., Pantchev A., Skuballa J., Langenmayer M.C., Maksimov P., Conraths F.J., Ventur-
ini M.C., Schares G. 2014. Sarcocystis sinensis is the most prevalent thick-walled Sarcocystis species in
beef on sale for consumers in Germany. Parasitol Res. 113, 2223-2230.
17
Moore G., Abrahamovich P., Jurado S., Baciqalupe D., Marin J.C., Rambeaud M., Venturini
L., Venturini M.C. 2011. Prevalence of Sarcocystis spp. in Argenitinean cattle. Vet. Parasitol. 177(1-2), 162-
165.
18
Chhabra M.B., Samantaray S. 2013. Sarcocystis and sarcocystosis in India: status and
emerging perspectives. J Parasit Dis. 37(1), 1–10.
19
Vangeel L., Houf K., Chiers K., Vercruysse J., D’Herde K., Ducatelle R. 2007. Molecular-
based identification of Sarcocystis hominis in Belgian minced beef. J Food Protect. 70, 1523-1526.
20
Grikienienė J. 1994. Sarcocystis in cattle and swine: significance for man and man’s role in
its spreading. Proceedings of the scientific conference Animal husbandry and ecology, Kaunas, Lithuania.
21
Grikienienė J., Senutaitė J. 1995. Sarcosporidians (Sarcocystis) and Trichinella (Trichinella)
of wild boar in Lithuania (prevalence, speciescomposition, epizootological and epidemiological significance).
Ekologija. 4, 28-35.
22
Tropilo J., Katkiewicz M.T., Wisniewski J. 2001. Sarcocystis spp. infection in free-living ani-
mals: wild boar (Sus scrofa), deer (Cervus elaphus), roe deer (Capreolus capreolus). Polish Journal of Vet-
erinary Sciences. 4, 15-18.
ӘОЖ 579.6/9
ҚОСМЕКЕНДІЛЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ
Сураганов
Е.Н.
-
магистрант,
Ш.Уәлиханов
атындағы
Көкшетау
Мемлекеттік
университеті.
Темирбеков Ж.Т.- м.ғ.д., профессоры, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік
университеті.
Хамитова
Г.Ж.
-
магистрант,
Ш.Уәлиханов
атындағы
Көкшетау
Мемлекеттік
университеті.
Бұл жұмыста қосмекенділердің зерттелу тарихына шолу жүргізілген. Қосмекенділердің шығу
тегі мен құрылысына сипаттама берілген. Бақалар мен құрбақалардың таралуы және
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ,
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК
228
классификациясы келтірілген. Қосмекенділердің тіршілік жағдайы мен олардың физиологиясы
сипатталған.
Түйін сөздер: герпетология, батрахология, қосмекенділер, амфибиялар, отряд, тұқымдас,
түр.
Антикалық дәуірде қосмекенділер мен жорғалаушылар туралы ең бірінші болып біршама
мәлімет берген Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) болатын. Ол сол кезде жыландардың бір ғана өкпесі
болатынын, сұр жыландардың тірідей туатынын және т.б. атап кеткен [1, 6 б.].
Осы күнгі зоологияның қалыптасуына жол ашқан Конрад Геснердің (1516-1565) еңбектерінің
маңызы зор. Оның «Истории животных» атты еңбегінің 2-ші және 5-ші кітабы (1554, 1587) жылан
шаяндарға арналған еді. Бұл еңбегінде ол жануарларды атауы бойынша әліпби ретімен
орналастырып, сипаттаған болатын. Геснер «бақалардың» әртүрлі 5 туысы туралы айтып кеткен,
бүгінгі күні олардың тек екеуі ғана бақаларға жатады (басқалары: орман бақасы, құрбақа, жерлянка).
Геснер су бақаларының судың түбінде қыстайтынын атап өтіп, «бақаның құйрықты дернәсілінің»
бірте-бірте ересек организмге айналатынын сипаттаған [1, 6 б.].
1507-1566 жж. өмір сүрген анатом Рондэле 1554-1555 жылдары бақа анатомиясы бойынша
жүргізген бірқатар бақылауларын жариялаған еді. Ол бақаның дыбыс қапшықтары, тіласты аппараты
және жүрегінің құрылысы туралы жазған. 1572 ж. анатом Койтер (1534-1576) ең бірінші рет бақаның
толық қаңқасының құрылысын сипаттап, оның суретін салған [2, 6 б.].
Джон Рей (1628-1705) су және ағаш бақаларын, құрбақаларды, тасбақалардың 10 түрін,
кесірткелердің 21 түрін және жыландардың 49 түрін ажыратқан болатын. Зоология номенклатурасын
құрастырушы Карл Линней (1707-1778) Amphibia класын анықтап, оны үш отрядқа бөлген: Reptiles (15
түрден тұратын Testudo, 2 түрден тұратын Draco, 49 түрі бар Lacerta және 17 түрі бар Rana
туыстары), Serpentes (5 түрден тұратын Crotalus, 10 түрден тұратын Boa, 97 түрден тұратын Coluber,
16 түрі бар Anguis, 2 түрі бар Amphisbaena және 2 түрі бар Coecilia туыстары) және Nantes. К. Линней
ең алғаш болып бақа туысын (Rana) бөліп көрсеткен және оған систематикадағы барлық
құйрықсыздарды жатқызған болатын. К. Линнейдің бақа туысына жатқызған 17 түрінің тек 2-уі ғана
бүгінгі күні аталған туысқа кіреді [1, 7 б.].
Сваммердам (1637-1680) бақаның метаморфозын зерттеп, оның жыныс мүшелерінің суретін
салған, ит балықтарды сойып, бұлшықетіне тәжірибе жасаған. Ол ең бірінші болып бақаның сырттай
ұрықтанатынын және еркек бақаларды (брачные мозоли) сипаттаған еді. 1758 ж. Рёзель-фон-
Розенгофтың орталық Еуропаның құйрықсыздарын сипаттаған жұмысы жарық көрді. Осы еңбекте
автордың өзі салған (суретші болған) түрлі-түсті кестелері нақтылығымен және дәлдігімен таң
қалдырады. Бұл суреттерде бақалардың тек сыртқы құрылысы ғана емес, сонымен бірге онтогенезі
көрсетілген және ең алғаш рет олардың қаңқалары мен ішкі мүшелеріндегі түрлік ерекшеліктері де
бейнеленген [2, 6 б.].
Ресей Империясында ХVIII ғ. Императорлық Ғылым академиясының ұйымдастырған бірқатар
экспедицияларының нәтижесінде, ең бірінші рет ғылыми герпетологиялық және батрахологиялық
мәліметтер пайда болған. Бұл И.И. Лепехиннің (1768-1769), П.С. Палластың (1768-1774), И.Г. Георги
(1775) және т.б. ұйымдастырған экспедициялары еді. 1791 жылы И.В. Фишер, 1809 жылы Э.В.
Дрюмпельман және В.Х. Фрибе, 1861 жылы Г. Зейдлиц Ресей Империясының Балтық
провинциаларының батрахофаунасы бойынша маңызды очерктерді жариялаған болатын. ХVIII ғ.
аяғында және ХІХ ғ. басында К.Линней, Ж.Л. Бюффон, Ш.Бонне және т.б. ғалымдардың классикалық
еңбектері орыс тіліне аударылған. П.С. Паллас (1814) және И. Двигубский (1832) Ресей
Империясының қосмекенділерінің толық тізімін құруға талпыныс жасады [3, 10 б.].
ХІХ ғ. ортасында атақты орыс зоологы К.Ф. Кеселер (1815-1881) «Животные земноводные»
деген атпен үлкен мақаласын жариялайды [3, 11].
1813 ж. Палластың «Zoographia Rosso-Asiatica» еңбегінің үшінші томы жарық көрді. 1825 ж.
Ловецкийдің систематика мәселелерін қарастыратын кітабы шықты. 1834 ж. Дюмериль мен
Бирбонның еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте сол кезде белгілі болған бақалардың 20 түріне сипаттама
берілген, ал ІХ ғ. 80-жылдары систематиктер бақа туысының 117 түрін анықтаған болатын
(Буленджер, 1882) [2, 7 б.].
ХІХ және ХХ ғғ. бақа анатомиясын зерттеуге көптеген еңбектер арналып, алайда
монографиялар өте аз жазылған еді.
1864-1882 жж. Эккердің бақа анатомиясына арналған монографиясы ағылшын тілінде жарық
көрді. 1886 ж. осы монографияның І бөлімі (қаңқа және бұлшықет) орысшаға аударылып жарияланды
[2, 7 б.].
1877 ж. Гексли және Мартиннің кітабының аудармасы жарық көрді, бұл кітаптың екі жүздей беті
арнайы бақаға арналып жазылған болатын. 1896 ж. Маршаль кітабының аудармасы шықты. 1899 ж. П.
Беркос және К. Ингеницкийдің (3-басылым, 1910) орыс тілінде жазылған бақа туралы кітабы, ал 1905
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ,
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК
229
ж. Қазан университетінің профессоры В. Мейснердің бақаны сипаттап жазған кітабы жарық көрді [2, 6
б.].
ХХ ғ. басында Харьков университетінің профессоры, кейін Украина ҒА академигі А.М.
Никольский (1858-1942) қосмекенділер және жорғалаушылар туралы жиналған барлық мәліметтерді
жинақтап, қорытындылаған еді. Ол бірнеше экспедицияларға (Кавказға, Сахалин аралы және Орта
Азияға) шыққандағы жинақтаған материалдарын, сонымен бірге мұражай коллекцияларын қолданған.
Осының негізінде ол бірнеше кітап жазды, соның ішінде ең алғаш Ресей Империясының
қосмекенділері
мен
жорғалаушылардың
анықтауышын
шығарды.
1905ж.
Никольскийдің
«Пресмыкающиеся и земноводные Росийской Империи» деген кітабы жарық көрді. Бұл кітапта ол сол
кездегі Ресей және шектес аумақтардың герпетологиясы мен батрахологиясын толығымен
сипаттаған. Кейін Никольский бұл кітабын толықтырып «Фауна России и сопредельных стран» (1915-
1918) деген еңбегін үш томдық монография ретінде шығарған [4-5].
Егер революцияға дейінгі Ресейде бақаларды зерттеуде систематикалық бағыт басым болса,
кеңес үкіметі уақытында бақалардың экологиясы мен экономикалық мәніне зор көңіл бөлінген:
Б.Кузнецов (1926), Б.Гумилев (1931), В.Сигова (1936), Б.Красавцев (1935-1941) және т.б. [2, 8 б.].
Кеңестік батрахологияның негізін қалаушы П.В. Терентьевтің ең бірінші жұмыстары бақалардың
систематикасына арналған болатын және 1924 ж. оның ең бірінші кітабы жарық көрді. Бұл еңбек
Мәскеу губерниясының қосмекенділеріне арналған еді. Кейін, ол КСРО ҒА Зоология институтында
жұмыс істеп және Ленинград университетінің профессоры бола отырып, қосмекенділердің
биометриясы, систематикасы және зоогеографиясы бойынша маңызды зерттеулер жүргізген
(Терентьев, 1949, 1960, 1961, 1962 және т.б.). Оның бірнеше кітабы жарық көрді: «Герпетология»
(1961), «Лягушка» (1950) және «Определитель земноводных и пресмыкающихся СССР» [3, 12 б.].
Кеңес үкіметі кезеңінде Батыс Қазақстан территориясында КСРО ҒА (Чернов, 1954) және
ҚазССР ҒА Зоология институттары (Параскив, Бутовский, 1960) герпетологиялық материалдарды
жинаумен айналысты.
Қазан революциясынан кейін Қазақстанның омыртқалы жануарлар фаунасы кең зерттеле
бастағанымен, қосмекенділерге әлі де көңіл бөлінбеген еді. Тек К.Искакованың, 1959 еңбегі жарық
көргеннен кейін Қазақстанда мекендейтін амфибиялардың тізімі белгілі болды [6].
Қазақстанда Зоология институтының герпентология мектебінің қосқан үлесін ерекше атап кетуге
болады. Бұл мектептің негізін қалаушы К.П. Параскив болған. Қазақстанда қосмекенділерді
зерттеумен айналысқан ғалымдар қатарына Искакова, 1959; Параскив, 1948; Параскив, 1956 [7];
Параскив, Бутовский, 1960; Брушко, 1988; Брушко, Кубыкин, 1990; Дуйсебаева, 2002 [8, 73-86 б.].
Қосмекенділер төменгі немесе орта девон дәуірінде, яғни 300 млн. жыл бұрын пайда болған.
Олардың ата-тектері көне саусаққанат балықтар болатын. Саусаққанатты балықтардың аяқтарының
қаңқалары, қосмекенділер аяқ сүйектерінің орналасуына ұқсас болды және олар өкпемен тыныстаған
болатын [9, 31 б.].
Қосмекенділер басқа жануарлар арасында ерекше орын алады. Құрылықта мекендейтін
жануарлар болғандықтан олар өкпемен тыныс алады, оларда қанайналымның екі шеңбері бар, жүрегі
үш камерадан тұрады. Қосмекенділер буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты
жұп аяқтарымен қозғалады. Бассүйегі омыртқамен қозғалмалы байланысқан (екі айдаршықпен). Бас
қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен). Иіс сезу жақсы дамыған. Көзінің
қасаң қабығы дөңес, көз бұршағы екі жақты дөңес шыны пішінді. Көзінің айналасында қозғалмалы
жұқа терілі қабақтары болады. Қосмекенділерде, ішкі құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы
пайда болған. Құлағының құрылысы балықтарға қарағанда жетілген. Ортаңғы құлақ қуысында бір ғана
үзеңгі сүйегі болады. Оның сырты дабыл жарғағымен қапталған.Ортаңғы құлақ қуысы арнайы түтік
арқылы ауыз- жұтқыншақ қуысымен де байланысты. Көздері алыстан көруге бейімделген. Дәм сезуі,
тері арқылы сезуі нашар дамыған [10, 5-6 б.].
Қосмекенділер, немесе амфибиялар басқа омыртқалы жануарлардан ерекшеленеді. Олар
тіршілік барысында басынан екі кезеңді өткізеді: дернәсілдері суда тіршілік етеді де, балықтарға ұқсас
болып, желбезектермен тыныстайды, ал содан соң тек түрленіп дамығаннан кейін өкпемен тыныс
алатын жануарларға айналып, ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер
қалыптасады. Сөйтіп, қосмекенділердің даму циклінде басқа омыртқалыларда кездеспейтін, және,
керісінше төменгі омыртқасыз жануарларда кең тараған, түрленіп даму кезеңі орын алады [11, 71 б.].
Тіршілігі және сыртқы түрі бойынша қосмекенділер, бір жағынан, бауырымен жорғалаушыларға,
ал екінші жағынан, балықтарға ұқсас келеді.
Амфибиялар, немесе Қосмекенділер (Amfibia) класы омыртқалы жануарлар ішінде саны аз
класқа жатады. Ол 3 отрядқа ғана жіктеледі: құйрықсыз, құйрықты және аяқсыз қосмекенділер .
Қосмекенділер классификациясы [11, 74-75 б.]:
І-отряд. Ecaudata, немесе Anura, 2 отряд тармағына жіктеледі:
1-отряд тармағы. Phaneroglossa.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ,
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК
230
Осы отрядқа жататын негізгі тұқымдастар:
1-тұқ. Ranidae, маңызды 2 туысы бар:
1)
Rana: R. esculenta, R. esculenta var. ridibunda және т.б.;
1)
Rhacophorus.
2-тұқ. Cistignathidae, маңызды 2 туысы:
1)
Hylodes;
2)
Ceratophrys.
3 тұқ. Bufonidae: Bufo туысы (B. vulgaris, B. variabilis).
4 тұқ. Hylidae, маңызды 2 туысы:
1)
Hyla (H. arborea);
2)
Nototremata.
5 тұқ. Pelobatidae, Pelobates туысы.
6 тұқ. Discoglossidae, маңызды 2 туысы:
1)
Bombinator;
2)
Alytes.
2 отряд тармағы. Aglossa:
7 тұқ. Pipidea, Pipa туысы.
ІІ отряд. Caudata, 4 тұқымдастан тұрады:
1 тұқ. Salamandridae, маңызды 4 туыс:
1)
Salamandra;
2)
Molge;
3)
Salamandrina;
4)
Amblystoma.
2 тұқ. Amphiumidae, 2 туыс:
1)
Megalobatrachus;
2)
Amphiuma.
3 тұқ. Proteidae, Proteus туысы.
4 тұқ. Sirenidae, 1 туыс Siren.
ІІІ отряд. Apoda, 1 тұқымдастан тұрады:
1 тұқ. Coeciliidae, 3 туыс:
1)
Siphonops;
2)
Caecilia;
3)
Ichtyophis.
Бақалар мен құрбақалар Антарктидадан басқа, жер бетінің барлық материктерінде таралған, ең
көп түрі тропикалық Америкада кездеседі. Бақалардың тіршілік жағдайы алуан түрлі: олар суда,
жағалауда, шабындықтарда, орман мен бұта тоғайларында, тұрғын үйлердің маңайында, басқаша
айтқанда барлық жерде тіршілік етеді [11, 74-75 б.].
Барлық ересек қосмекенділер жануартекті тағаммен қоректенеді және, алуан түрлі орындарда
бау-бақшаларда, егістікте, орман мен шабындықта мекендеуіне байланысты зиянды насекомдармен
қоректене отырып, пайда келтіреді.
Қосмекенділердің қорегіне ауру тарататын насекомдар мен паразит құрттардың аралық иелері
де кіреді: сары масалар, москиттер, бөгелектер, соналар мен олардың дернәсілдері, сондай-ақ
моллюскілер мен құрттар.
Бақа оңай препаратталады, оның мөлшері және ұзақ сақталатыны эксперименттер үшін өте
қолайлы келеді, сондықтан да оларды зертханаларда тәжірибелер жасауға кең қолданады [12, 65 б.].
Қосмекенділердің тіршілік жағдайы олардың құрылысы мен физиологиясына байланысты.
Қосмекенділердің терісінің бетінен су үнемі буланып отыруына байланысты, олар қоршаған ортаның
ылғалдылығына тәуелді келеді. Амфибиялар үшін қоршаған ортаның температурасының да әсері зор.
Қосмекенділер класының әр түрлі өкілдерінің өкпесі біркелкі дамымаған. Тыныс алу мүшелерінің даму
дәрежесі жануардың жасына байланысты өзгеріп отырады. Көлбақалар мен субақалардың өсуіне
қарай олардың тері капиллярларының жалпы ұзындығы артады, алайда олардың 1 г салмаққа
шаққанда саны төмендейді, себебі осы тамырлардың тек азғана бөлігі қайтадан жасалады.
Сүйіртұмсық көлбақа мен шөпбақаларда 1г салмаққа шаққанда тыныс алу капиллярларының жалпы
ұзындығы артады [9, 32 б.].
Қосмекенділердің жеке дамуы барысында қандағы гемоглобиннің қасиеті де өзгереді.
Қосмекенділердің саны мен алуан түрлілігі ылғалдылығы және температурасы жоғары
тропикалық жерлерде басым болады. Полюстерге қарай қосмекенділер түрлері азая түседі. Жер
шарының ерекше құрғақ және суық аудандарында амфибиялар өте аз кездеседі. Қосмекенділер су
қоймалары жоқ жерлерде уақытша болса да мекендемейді, себебі олардың жұмыртқаларының дамуы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ИННОВАЦИОННОЕ РАЗВИТИЕ АПК КАЗАХСТАНА: ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ,
ВЕТЕРИНАРНЫХ И ТЕХНИЧЕСКИХ НАУК
231
үшін су өте қажет. Терісінің ерекше құрылысына байланысты амфибиялар гипертоникалық ортада
осмостық қысымды ұстап тұра алмайды, ал тұзды тоғандарда ол мүлдем жойылады. Тұзды
тоғандарда олардың жұмыртқалары да дамымайды [9, 33 б.].
Қaзiргi кeздe қoршaғaн oртaның лacтaнуы экoлoгиялық мәселелердің бірі болып саналады.
Қaлaлардың тeз қaрқындa өcуi, өндiрicтiң құрылуы жәнe aвтoтрaнcпoрттaрдың дaмуы қoршaғaн
oртaғa, aдaмдaрғa eрeкшe қaупiн төндiрeдi. Aуaның, cу қoймaлaрының, тoпырaқтaрдың тeхнoгeндi
лacтaнуы өciмдiктiң жәнe жaнуaрлaр әлeмiнiң биoaлуaнтүрлiгiнe жәнe aдaм дeнcaулығынa қaрcы
әceр көрceтeдi [13, 56 б.]. Экoлoгиялық жүйeдe әр түрлi лacтaнулaрдың жинaлу oрындaрын aнықтaу,
қoршaғaн oртaдa бoлып жaтқaн өзгeрicтeрдiң жылдaмдылығын бaқылaу, тeк биoиндикaтoр aрқылы тiрi
тaбиғaт үшiн coл жәнe бacқa зaттaрдың қaуiптiлiк дeңгeйiн қaрacтыру; экoжүйeнiң әрi қaрaй дaмуын
бoлжaу биoиндикaтoрдың көмeгiмeн жүргiзiлeтiн жұмыстар болып саналады [14, 943 б.].
Қазыргі кезде қoршaғaн oртa жaғдaйының биoиндикaтoры рeтiндe қocмeкeндiлeр мeн
рeптилиялaрды қoлдaну ұcынылудa. Биoлoгиялық организмдердің көптeгeн eрeкшeлiктeрi oлaрды
биoиндикaцияның қoлaйлы oбъeктici ретінде пайдалануға жағдай жасайды. Oлaрдың iшiндe:
aнтрoпoгeндiк жүктeмeлeргe қaрcы тұруы, экoлoгиялық иiлiмдiлiгi, көп тaрaлуы, дeнeнiң қалыпты
мөлшeрi, тiршiлiк eту ұзaқтығы, cубcтрaтпeн тығыз бaйлaныcтылығы, жoғaры өciмтaлдылығы жәнe
тiршiлiк eту тұрaқтылығы, жинaу жәнe бaқылaу қaрaпaйымдылығы, экoлoгиялық иiлiмдiлiгi жәнe
мoрфoқұрылымдық мoбильдiлiгi
жәнe
зeрттeу
жұмыcтaрынa
қoлaйлылығы.
Қaзiргi
тaңдa
қocмeкeндiлeр мeн рeптилиялaрдың қoлдaнылуымeн биoиндикaциялық зeрттeу жұмыcтaрындa нeгiзгi
бaғыттaр көрceтiлгeн [15]. Қocмeкeндiлeр биoиндикaция мaқcaтындa қoлдaнылaтын бaрлық
талаптарға жaуaп бeрeдi, яғни, cудa жәнe құрлықтa тiршiлiк eтуi, қoрeктeнуi, тыныc aлуы. Aл
кceнoбиoтикaлық тaбиғaттың пaтoгeндi фaктoрлaры oлaрдың oрганизмiнe тeрi aрқылы, acқoрыту жәнe
тыныc aлу жoлдaры aрқылы, яғни әртүрлi жoлдaрмeн түceдi [16].
Сондықтан осы бағытта жүргізілген зерттеу жұмыстарының маңызы жоғары болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |