ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ
ВОПРОСЫ
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
И
НАУКИ
55
Біздің елімізде оқу тақырыптық сөздіктерді құрастыру жағынан тәжірибе әзірге жоқ.Алайда XIX
ғасырдың өзінде ақ идеографиялық сөздік түзудің алғашқы тәжірибелері болғанын атап өтуіміз
қажет.Ондай сөздіктердің қатарында Н.И.Ильминский «Материалы к изучению киргизского наречия»,
Ж. Кушербаев «Краткий русско – киргизский дорожник со словарем», Бекчурин «Начальное
руководство арабского,персидского и татарского языков» , И.Букин «Русско – киргизский и киргизско
– русский словарь», В.В.Радлов «Опыт словаря тюркских наречий», Ы.Алтынсарин «Оқу-
методикалық шығармаларын» т.б. атауға болады. Аталған сөздіктер негізінен екі тілді, бірнеше тілді
аударма сөздіктер болып келеді. Бұл еңбектер бірнеше тілдің материалдарын бір – бірімен
салыстыру, баламасын көрсетуді мақсат еткен.Идеографиялық сөздік қазақ тіл білімінде осы уақытқа
дейін қолға алына қоймады дегенмен, оның алғашқы үлгілері бар екенін көреміз.Бұл орайда сөздік
түзушілер халықтың салт – дәстүрін таныстыру мақсатын көздеп,екі тілді сөздіктерді пайдаланса,
сонымен қатар әдңстемелік мақсатта да (Ы.Алтынсарин) қолданылғанын көреміз.
Сөздік бірліктерді тақырыптық жағынан топтастырғанда, тілдің коммуникативті, функционалды
жағы ескеріледі. Сол себепті сөздердің ішкі, тілдік байланыстары тілден тысқары факторларды
ескеріп отыруы тиіс. Лексикалық идеографиялық сөздіктерге тақырыптық сөздіктер, лексика –
семантикалық топ сөздіктері жатады, онда сөздер мағынасы, тақырыбы бойынша белгілі бір
логикалық схемаға сәйкес орналасады. Тақырыптық сөздіктерге лексикалық бірліктерді сұрыптауда
функционалды – семантикалық принцип басшылыққа алынады. Лексикалық бірліктердің тақырыбы
олардың қарым – қатынас барысындағы қолданыс ерекшелігімен, қай салада қолданылуымен тығыз
байланысты болады.
Тақырыптық сөздіктер құрастыру ісі басқа тілді аудиторияға қазақ тілін оқытуда өте маңызды.
Оның өзіндік бірқатар ерекшеліктері, артықшылықтары бар. Атап айтқанда :
белгілі бір тақырып төңірегінде топтасқан сөздерді пайдалана отырып, жаттығу,тіл ұстарту, тіл
дамыту жұмыстарын жүргізген әлдеқайда жеңіл;
бір тақырып төңірегінде топтасқан сөздер есте сақтауға ыңғайлы;
оқу материалын белгілі бір тақырып бойынша топтастыру оқушыларға тілдің өзіндік ерекшелігін,
болмысын, сипатын түсінуге көмектеседі.[7,4]
Тақырыптық үлгідегі идеографиялық сөздіктерде кез келген лексикалық бірліктер беріле
бермей, онда нақты бір тақырып бойынша шоғырланған мағыналар ғана ашылады. Сөздік түзуде
алдымен қажетті тақырыптар анықталып, кейін әр тақырыпқа қажетті сөздер нақтыланады. Сөздік
кешенді сипат алуы тиіс. Әр тарау өз ішінен тақырыпшалар мен шағын тақырыптарға жіктелуі керек.
Оқу материалын тақырыптық – жағдаяттық шеңберде топтастыра отырып, тақырыптық сөздік оқу
мақсатында тілдегі сөз бірліктерін сипаттауда жүйелі де коммуникативті принциптердің өзара
байланысына әсер етеді. Тақырыптық микрожүйе құрастыруда сол тақырыпқа сәйкес сөзжасам
модельдері, сөзжасамдық ұялар да ескерілуі тиіс.
Идеографиялық сөздіктер түзуде түсіндірме сөздіктерді пайдалана отырып, сөздерді алфавит
тәртібімен орналастырумен қатар ішкі мағыналық байланыста беруге болады. Сондай – ақ белгілі бір
семантикалық бірліктегі сөздерді жүйелі түрде шоғырландыру арқылы материалдарды іріктеуге
болады. Сөздің мағыналық құрылымын сипаттаудың түрлі тәсілдері бар. Идеографиялық
сөздіктердегі мағынаның ашылуы тілдік материалдың ерекшелігіне және сөздіктің түріне ,оның мақсат
– міндеттеріне байланысты. Екі тілді сөздікте сөз мғынасын ашудың ең бір маңызды тәсілінің бірі -
аударма болып атбылады. Қостілді сөздік жасаушының міндеті аударылатын сөздегі ақпаратты
барынша көп беретіндей ең дұрыс баламасын таңдау болып табылады.
Сөздіктегі әр сөздің мағыналық құрылымының негізгі сипаттамасы кейбір ескірген, аз
қолданылатын сөздерді идеографиялық сөздіктерде қамтымай, тастап кетуге де болады. Ауыспалы
мағыналарды есептемегенде, сөздікте полисемиялық етістіктің негізгі атауын мағынасы ғана
сипатталатын болады, басқаша айтқанда, көпмағыналы етістіктердің біразы бір мағыналы
етістіктердің қатарына тек қана бір мағынасымен ғана алынады. Осылайша,оқу лексикографиясының
тәжірибесінде бір мағыналы және көп мағыналы сөздердің айырмашылықтары анық көрсетіле
қоймайды. Идеографиялық сөздіктерде жүргізілетін сөз мғынасының іріктелуінде полисемиялық
сөздердің мағыналық құрылымы толық көрінбейді, көп мағыналы сөздің көбіне бір ғана негізгі
мағынасы беріледі. Мұндай жағдайда көп мағыналы сөздің оқу сөздіктегі негізгі мағынасын сипаттау
бір мағыналы сөздің сипаттамасына ұқсас болады.
Соңғы жылдары қазақ тіл білімінде прагматикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жазылған
еңбектер көбейіп келеді. Тілді коммуникативті - прагматикалық тұрғыдан сипаттап, қарым-қатынас
лингвистикасын қалыптастыру мақсатына орай тілді үйрететін пәндер қалыптасты. Олардың нысаны –
қарым-қатынас жасаушылардың әлеуметтік өзгешеліктері, тілдің қызмет ететін саласы, әлеуметтік-
тілдік жағдаят болып табылады. Яғни прагмалингвистикада тілде бейнеленген тілдік таңбалар адамға
бағытталады, сөйленім/мәтінді дайындауда ең қолайлы бірліктер (жалпы жағдаятты, адресатты
ескеріп) таңдап қолданылады. Мәтін түзуші ретіндегі адресант мәтінді қабылдаушы адресатпен,
оқырманмен, тыңдарманмен яғни сөйлесудің белсенді субъектісімен ақпар алмасады.
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ
ВОПРОСЫ
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
И
НАУКИ
56
Ғылыми мәтіннің ерекше типі ретіндегі сөздікте прагматика жетекші категория болып саналады.
Біріншіден, прагматика, жетекші ерекшеліктердің бірі ретінде, мәтіннің анықтамасына енеді.
Екіншіден, мәтіннің тағы бір маңызды категориясы – мәтіннің тәмәмдалымдығы да прагматика арқылы
анықталады. Үшіншіден, сөздіктің прагматикалық бағдарын жасау, анықтау ісі практикалық
лексикографиялық қызметтің ең маңызды элементі, сөздіктің негізгі сипаттамаларын анықтайтын
элемент ретінде мойындалады. Сөздіктің прагматикалық бағдарының сипаты өзара байланысты төрт
элементпен
(сөздіктің
интенциясы,
сөздіктің
аудиториясы,
лексикографияланатын
көлем,
лексикографияланатын нысан) байланысты болады. Интенция сөздікке тән прагматиканың, яғни
сөздіктік прагматиканың жетекші элементі болып табылады. Интенция - латын тілінде «сананың
белгілі бір затқа, ойға, мақсатқа бағытталуы» мәнінде қолданылатын intentio сөзінің негізінде
қалыптасқан терминдік аталым. Бұл жерде сөздіктің концептуалдық негізі, құндылығы, басты бағдары
ұғымдарында қолданылып отыр. Сөздікте ғылыми, анықтамалық және дидактикалық интенциялар
болады. Сөздіктің құрылымы мәселелеріне арналған жұмыстарды зерттеудің негізгі бағыты - жүйеден
бірлікке қарай жүргізілетін мәтіндік бағыт. Бұл бағыт бойынша сөздік ғылыми-дидактикалық мазмұнды
мәтін ретінде ұғынылады.
Сөздікке тән баяндау типінің өзі сөздіктің дидактикалық жанрға жататындығын және оның
бойында педагогикалық дискурстың барлық негізгі сипаттарының бар екендігін байқатады. Сөздіктегі
педагогикалық дискурс (discours pedagogique) оқулықтардағыдан өзгешелеу болады. Сөздікті
дидактикалық жанрдағы өзге туындылармен жақындастырытын нәрсе – оны түзуші адам мен оқушы
адам арасындағы ерекше сабақтастық. Француз ғалымдары К.Дюбуа мен Ж.Дюбуа өздерінің
«Лексикографияға кіріспе» деп аталатын еңбегінің «Сөздіктің педагогикалық тілі» атты тарауында
сөздікті дидактикалық жанрдағы туындылардың қатарына жатқызады. Авторлардың пікірі бойынша,
сөздік - тілдегі жеке сөздерді қалай қолдануды үйрететін педагогикалық құрал, сөздіктің тілі
адамдардың бір-бірімен күнделікті сөйлесетін тілі емес. Сөздіктің тілі – педагогикалық тіл. Ол
сарапталған, талданған тіл. Педагогикалық тілдің түрі болғандықтан, сөздік оқырманды
коммуникацияның нақты бір типіне бағдарлап, барша қауым мүшелерінің, яғни «мен», «сен» және
«ол» арасындағы анық қарым-қатынастарға бағыттайды. Әрі сөздіктің авторы, әрі коммуникация
субъектісі болып табылатын лексикограф пікірлесушілер (оқырмандар) тарапынан өзіне қойылатын
сауалдарға бағдар ұстайды. Сауалдарға жауап бере отырып, лексикограф коммуникациядағы айқын
субъект рөлінде көрінбейді, коммуникацияның ұжымдық субъектісі (қоғам) атынан сөйлейтін
байланыстырушы, аралық бейне рөлінде көрінеді. Яғни лексикограф қоғам тарапынан жүзеге
асырылатын ұжымдық айтылымның болжалды субъектісіне айналады. Оқырмандар өздерін идеалды
түрдегі сөйлеуші субъект ретіндегі лексикографпен бірге, бір бүтін санайды. Ал берілетін жауаптар
нақты мәдени қауымдастық атынан айтылатын соңғы ақиқат болып табылады. Сөздіктен алынатын
білік, білім оқырмандардың мәтіндерді түсінуге кедергі келтірген кемістіктерінің орнын толтыруға
көмектеседі. Жауаптар норманың кепілі ретіндегі лексикографтың білігі мен жекелеген
оқырмандардың толымсыз білігі арасындағы алшақтықты жояды [1,13]. Демек, лексикографиялық
хабарламаның табиғаты да ұстаздың педагогикалық хабарламасының табиғатымен бірдей. Сөздік
нұсқау жасайды. Мұның өзі сөздіктегі деректерді осылайша қолданудың қажеттігін байқатады. Сөздік –
анықтамалық құрал болғандықтан, оның айтылымдарының заңды күші бар, оның беретін
анықтамалары құқықтық әлеуетті мәтін түзеді. Ұжымның пікірін білдіруші ретіндегі лексикограф шын
мәнінде сенімхаты бар заңдастырушы болып табылады.
Ғалымдар осы еңбектері арқылы сөздік тілінің ең алдымен педагогикалық тіл болып
табылатынын бұлтартпастай дәлелдейді. Оқу лексикографиясының негізгі туындысы ретіндегі оқу
сөздіктерінде дәл осындай педагогикалық қызмет орын алады. Лексикограф оқырманның тілді
өзбетінше меңгеруіне жағдай туғызады. Ол оқырманмен белгілі бір қашықтықтан, оқу сөздігінің
беттерінен тілдесіп отырады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытар болсақ, кез келген
сөздіктің ең әуелі дидактикалық туынды, яғни оқытуға, үйретуге арналған туынды болып
табылатындығына көз жеткіземіз.
Дидактикалық элемент сөздіктің бәрінде де бар. Алайда, ол сөздіктің түрлі типтерінде әрқилы
көрінеді. Яғни, түрлі сөздіктердегі дидактикалық элементтің ашық, айқын көрінім дәрежесі (степень
эксплицитности) әрқалай. Әрине, ол әсіресе ғылыми зерттеулерге қажетті материал даярлайтын таза
лингвистикалық салалық сөздіктерде (этимологиялық, жиілік,т.б.сөздіктер) аз көрініс береді. Мұндай
сөздіктерде міндеттеуші, белгілеуші элемент өте аз дәрежеде, ақпараттық сипаттағы материал басым
дәрежеде көрінеді. Тілдегі сөздіктің ең негізгі, орталық типі – түсіндірме сөздік. Түсіндірме сөздіктерде
дидактикалық интенция айқын байқалады. Ол сөздіктің құрылымындағы элементтердің барлығында
да, сөзді сұрыптап алудан түсіндірме жасаудан бастап, шартты белгілер жүйесіне дейін, – бастан-аяқ
көрініс береді. Тілді үйрету, оны жүйелеу, тілдегі сөздерге анықтама беру, нормалау қызметтері, яғни
оқыту, жүйелеушілік, анықтамалық, нормалаушылық қызметтер - барлық тілдік сипаттамалардағы
жалпыға ортақ дидактикалық қызмет түрлері болып табылады.
Лексикография теориясында сөздік түрлерін анықтау мәселесі маңызды орын алып келеді. Бұл
орайда Л.В.Щербаның сөздіктерді жіктеуі бөлек. Ғалым сөздіктерді:
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ
ВОПРОСЫ
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
И
НАУКИ
57
академиялық үлгідегі сөздік – анықтама-сөздік;
энциклопедиялық сөздік- жалпы сөздік;
тезаурус – қарапайым сөздік;
қарапайым сөздік – идеологиялық сөздік;
түсіндірме сөздік – аударма сөздік;
тарихи емес сөздік – тарихи сөздік түрінде өзара қарама-қарсы қоя отырып жіктейді. Келтірілген
антитезалардың ішіндегі қарапайым сөздік – идеологиялық сөздік жұбы біздің зерттеуімізде сөз болып
отырған идеографиялық сөздікке төтенше қатысты екендігі анық. Бұл жерде ғалым қарапайым сөздік
түрлерінде сөздік бірліктердің әліпбилік ретпен берілетініне, ал идеологиялық сөздіктерде
семантикалық жүйе бойынша, тақырыптық топтамалар түрінде берілетініне ерекше назар аударады.
Лексикография теориясы бойынша жазылған бұл еңбектегі бірінші антитезада (академиялық
сөздік – анықтамалық сөздік) келтірілген тұжырымдардан академиялық сөздік пен анықтамалық
сөздіктің әрі ғылыми, әрі нормативті сөздік болып табылатындығын аңғаруға болады. Демек, бұл
екеуі де тілді үйрету ісінде оқулық пен сөздіктің міндетін бірегей түрде атқаратын оқу құралы болып
табылады.
Р.Түсіпқалиева өзінің «Қазақ лексикографиясы: екітілді шағын сөздіктердің құрылымы» атты
еңбегінде лексикограф ғалым А.Е. Супрунның тілді үйрету мақсатында жасалатын сөздіктердің
жіктемеде ерекше орын алуын қолдап, оларды жеке қарастыруды, академик Л.В. Щербаның
дихотомиялық жіктемесіне қосалқы топ ретінде қосуды ұсынатындығы туралы жаза келіп, ғалымның
өз тарапынан жалпы сөздік – оқу сөздігі түріндегі жетінші дихотомиялық жұпты ұсынғанын айтады [3,
15-16 бб.]. Автор бұл ұсынысты қолдайды. Соңғы 20-30 жылда қарқынды дамып келе жатқан оқу
лексикографиясының жетістіктерін, оқу сөздіктерінің мәні мен маңызын мойындай отырып, біз де өз
тарапымыздан бұл ұсынысты қолдаймыз.
Лексикографиялық туындылардағы сөздік бірлікке анықтама беру‚ түсіндірме жасау кезінде
жеке лексикалық бірліктер мен тұтас лексикалық жүйенің ішкі құрылымын‚ заңдылықтарын көрсетуге
талпыныс жасалады. Осы мәселеге қатысты мынаны ескерген жөн: тілді қолданудың екі түрі бар. Ол
халықтың қолданатын құралы болғандықтан қоғамдық құбылыс ретінде, жеке адамның қолданатын
құралы болғандықтан индивидуалды құбылыс ретінде қарастырылады. Тіл білімінің тілді қалыптасқан
қоғамдық құбылыс ретінде қарастыратын бөлігі - с и п а т т а м а л ы - ж і к т е м е л і лингвистика
деп аталатын болса‚ оны жеке адамның ішкі дүниесінен өсіп шығып‚ ұлғая беретін тірі организм
ретінде қарастыратын бөлігі - а н т р о п о ц е н т р и с т і к лингвистика аталып келеді.
Идеографиялық сөздіктегі бірліктерге сипаттама жасалған кезде мәселенің осы екі аспектісі де
міндетті түрде ескерілуі қажет деп ойлаймыз.
Оқу лексикографиясы - тіл білімі ғылымының кейінірек дамыған жас саласы. Осы саланың
ғылыми-теориялық тұрғыдан қалыптасуына мүмкіндік тудырған жұмыстардың авторы В.В.Морковкин.
оған «Оқу лексикографиясы – басты мазмұны лексикаға тілүйретімдік мақсатта сипаттама жасаудың
теоретикалық және практикалық аспектілері болып табылатын, арнаулы мақсатта қолданылатын
лексикографиялық, лингвоәдістемелік пән» түрінде анықтама бере отырып, оқу сөздігінің алатын
орнының, ерекше екендігін жазады. Оның тілдік қатынас пен тілдесім құралы көлемі мен типі жағынан
алуан түрлі болып келетін лексикографиялық туынды болып табылатындығын тұжырымдайды [1,12].
Оқу лексикографиясында, жалпы лексикографиядағы тәрізді, сөздіктің микроқұрылымын яғни
оның элементтері мен параметрлерін зерттеу мәселесі маңызды орын алады. Сондықтан‚ сөздіктің
тіліне жасалатын талдаудың алғашқы түрі параметрлік талдау болмақшы.
Ю.Н.Караулов
әлем
тілдеріндегі
түрлі
типтегі
сөздіктерді
талдау
нәтижесінде
лексикографиялық параметрлер санын алпыс беске жеткізеді. Солардың ішіндегі қазақ тіліндегі
сөздіктері үшін маңыздылары төмендегідей: «Тілдер саны. Сөздік кірісі (әліпбилік, тура және кері;
мағыналық; сөздің ұзындығына байланысты әліпбилік - хронологиялық транскипциялық, т. б.).
Хронологиялық параметр (сөздің бірінші жазбаша тіркелу уақыты, сөздіктің хронологиялық рамкілері).
Сандық параметр (сөздіктегі сөздердің саны). Орфографиялық (әрбір әріп бойынша әліпбилік). Сөздің
ұзындығы (әріптер саны). Екпін. Айтылым. Буынға бөліну. Сөз табы. Жекеше/ көпше. Сын есімдердің
шырайлары. Сабақты/ салт етістік. Етістер. Райлар. Тұйық етістік. Көптік, жіктік, септік, тәуелдік
жалғаулар. Көмекші етістіктер. Есімше. Етістіктің шақтары. Сөздің морфологиялық құрылымы.
Сөзжасамдық параметр. Аббревиятуралар. Көп мағыналылық/ бір мағыналылық. Семантема
(семантикалық эквивалент, дифиниция). Мағынаның транспозициясы. Ареалдық параметр.
Синтагматикалық тіркес (еркін тіркесім). Фразеологиялық тіркес (тұрақты тіркесім). Лексикалық
тіркесімділік. Иллюстративтік параметр. Стилистикалық параметр. Эмоционалды - бағамдық
параметр. Нормативтілік пен вариациялық. Статистикалық (сөздің қолданым жиілігі). Лингвотарихи
параметр (сөз тарихы). Лингвоелтанымдық (этномәдени, тарихи) параметр. Ономастикалық параметр.
Терминологиялық параметр. Тектестік (этимологиялық, генетикалық, біртектілік) параметрі. Кірмелілік
параметрі синонимдік параметр. Антонимдік параметр. Омонимдік параметр. Паронимдік параметр.
Ассоциативтік параметр. Семантикалық өріс. Тақырыптық топ. Библиографиялық (сөз туралы
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ
ВОПРОСЫ
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
И
НАУКИ
58
зерттеулерді көрсету) параметр. Лексикографиялық параметр (сөз туралы қажетті дерек алуға
болатын сөздіктерге сілтеме)».
Ж.Байниязова лесикографиялық параметрлердің көпшілігі оқу лексикографиясында
жасалатын сөздіктерге тікелей қатыстылығын, оқу лексикографиясындағы тоғыз аспектіні бейнелейтін
тоғыз оқу сөздігінің түрлерінде (түсіндірме, идеографиялық, фразеологиялық, лингвоелтанымдық,
грамматикалық сөздіктер, синонимдер, антонимдер, омонимдер, паронимдердің оқу сөздіктері)
көрсетілген параметрлердің басым көпшілігі қолданылатындығын атап өтеді .
Әдебиеттер:
1. Түсіпқалиева Р. Қазақ лексикографиясы: Екітілді шағын сөздіктердің құрылымы: фил. Ғыл.
Канд. Автореф. – Алматы , 2007.24 б.
2. Малбақов М. Қазақ сөздіктері . – Алматы: Ана тілі, 1995. – 112
3. Ш.Бектұров пен А.Бектұрова «Қазақша – орысша » сөздік
4. Букин И. Русско – киргизский и киргизско – русский словарь. Казань, 1889. 124 с
5. Балақаев.М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. – Алматы: Ғылым, 1984, 143б
6. Анар Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі» оқу құралы,337 бет,Алматы, Қазақ университеті
баспаханасы, 2008 жыл
7. Иісова Э.Ә, «Идеографиялық оқу сөздігінің тілдік жүйені меңгертуегі орны», Қостанай 2011,
149
8. Ильминский Н.И. Материалы к изучению кирзизского наречия Спб, 1861 . 200 c
9. Алтынсарин Ы. Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку. – Оренбург ,
1879. – 63 c
10. Тихонов А.Н. Русско – узбекский тематический словарь. – М: 1979. 276 c
11. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Дайк – Пресс баспасы, 2008,965
ОСОБЕННОСТИ ПЕРЕВОДА ЛИНГВОКУЛЬТУРНЫХ КОНЦЕПТОВ
Назаренко О. С. - старший преподаватель кафедры иностранной филологии КГУ им. А. Бай-
турсынова, г. Костанай
Статья рассматривает трудности перевода лингвокультурологических концептов и воз-
можные способы их перевода. Переводить концепты можно следующими способами: модуляцией,
описательным переводом, текстовой нейтрализацией, экспликацией с историко-культурным
комментарием.
Ключевые слова: концепт, перевод, лингвокультурология
Важным условием достижения стилистической адекватности в переводе является параметр
адекватной передачи когнитивной, лингвокультурологической и прагматической информации. Свое-
образный диалог культур возникает в рамках заданного в тексте оригинала коммуникационного фона,
который тоже следует перенести в текст перевода. Исследователи выявили, что наличие или отсут-
ствие лакун в переводном тексте является “свидетельством успешности или неуспешности его нату-
рализации в определенном культурном контексте” [1, с.129]. В основе культурологической лакунарно-
сти лежит различие – несоответствие в способе организации либо репрезентации экстралингвистиче-
ского знания в культуре оригинала и культуре перевода. Культурологическая лакуна как фрагмент
ценностного опыта культуры представляет собой когнитивную модель культуры отправителя и высту-
пает как ее культурологически значимый концепт.
Переводчик должен постичь когнитивную модель культуры-отправителя таким образом, чтобы
переносимый фрагмент ценностного опыта, представленный в оригинале, перестал быть в его созна-
нии лакуной, а стал частью его коммуникативной компетенции. При интерпретации текста система
вербальных значений соотносится с социо- и этнокультурной компетенцией носителя языка, концеп-
туальное наполнение которой и является одной из определяющих черт менталитета, так как “концепт
– это фрагмент этнокультурной среды в ментальном мире человека” [2, с.45]. Формирование культу-
рологического концепта предполагает глубокий анализ всего сообщения и стоящей за лакуной экст-
ралингвистической ситуации. Только лишь соответствие концептуальных структур в контексте пере-
вода служит условием оптимальной реализации самого процесса перевода. Дефиниция культуроло-
гического концепта по отношению к процессу перевода должна включать интеллектуальную деятель-
ность переводчика по постижению фреймовой пресуппозиции носителей языка, представленной в
культурологической лакуне. Переводной текст переносит концепт в новую культурно-языковую среду
и в зависимости от его образных функций и ассоциативных связей, которые он порождает, сохраняет
|