Оқытушы туралы мәлімет: Cәрсенбеков Н.Ж., философия магистрі, аға оқытушы. ӘЖ және ҚХА кафедрасы, 30 ғылыми мақала. Оқитын курстары: Философия, Мәдениеттану, Дінтану.
Офис: Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, № 259 оқытушылар аудиториясы
Толық мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Академия көшесі,9
Тел.: 44-16-34 ішкі байланыс 139 не 140
Факс: 44-16-32
E-mail: nsarsenbekov@bk.ru
Пәннің сипаттамасы
«Философия»курсы бакалавриаттың барлық мамандыктарына негізгі және жалпы міндетті болып табылады. Оны оқу барысында студент философияның нгізгі даму кезеңдері, қазақ халқының философиялық ойының ерекшеліктері туралы білім алады, философияның негізгі мәселелерімен, ұғымдарымен және категорияларымен танысады.
«Философия» пәнін оқытудың мақсатықазіргі заманғы маман дайындау жүйесіндегі рөлі оның зерттеу объектісін адам және оның табиғат пен коғаммен арақатынасы – арқылы анықталады. Философия адамның көзкарастық, адамгершіліктік және өмірмәндік құндылықтарын қалыптастырады.
Міндеттері – студенттердің бойында дүниені танудың ерекше формасы болып табылатын философия, оның негізгі бөлімдері, мәселелері және оларды зерттеудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді қалыптастыру;
– студенттерді ұлы ойшылдардың философиялық мәтіндерімен таныстыру және оларды сыни түсіну дағдыларын калыптастыру;
– өз ойларын логикалық түрде баяндай білуде, философиялық пікірталасты сауатты жүргізуді және қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша өзіндік көзқарасын дәлелді турде қорғай білуді дамыту;
– қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
– болашақ маманның қазірп күрделі де өзгермелі заманда көзқарастық және рухани бағдарға ие болуына ықпал ету.
– философияның тарихи даму кезеңдерін зерттеу;
– қазақ халкының кайталанбас философиялық дуниетанымымен таныстыру;
– философияның неізгі бөлімдері мен даму ағымдарын, оның рационалдылығының формаларының трансформацияларын қарастыру;
– ғылыми танымның қазіргі заманғы әдістері туралы білімді игеру;
– болашақ мамандардың бойында философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін қалыптастыру.