3.5 Апелляция рәсімі
Студенттердің апелляцияға өтініштері емтихан тапсырған күні қабылданады. Факультеттің деканаты студенттің өтінішін қабылдап, осы өтініш бойынша «Лука» деректер базасынан пән бойынша орташа рейтингін енгізіп, апелляциялық ведомостін даярлайды. Студенттердің өтініштері апелляциялық ведомостілермен бірге Тіркеу бөліміне тапсырылады. Тіркеу бөлімінің қызметкерлері өтініштерді тіркеп, оларды апелляциялық комиссиясы қарау үшін кафедраға тапсырады. Кафедра комиссиясы өтініштерді 3 жұмыс күні ішінде қарайды. Апелляцияның нәтижелері апелляция комиссиясының мүшелерімен ведомості мен хаттамаға жазылып, Деректер Базасына нәтижелерді енгізу үшін Тіркеу бөліміне қайтарылады. Апелляция бойынша жабылған ведомостілер деканатқа қайтарылады.
4. Курс саясаты
Аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу және дәрістерде, семинар сабақтарда, СОӨЖ сұрақтарды талқылау.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестелерін сақтау.
Бақылаудың барлық түрлеріне міндетті түрде қатысу (дәрістерге және семинар сабақтарға бақылау, СӨЖ тапсырмаларын орындауға бақылау, шептік бақылау, қорытынды бақылау).
Орынды себептер бойынша қатыспаған (медициналық анықтама, деканаттың рұқсаты) сабақтарға дайындалып, толық көлемде, силлабусқа сәйкес жауап беру.
Студент оқу тәртібін, академиялық адалдық Кодексін сақтауға, ҚҚЭУ ар-намыс Кодексін сақтауға, студенттердің сабақ кезінде ұялы телефонын өшіріп қоюға, сабаққа кешікпеуге және сабаққа іскер киімде келуге тиісті.
Бақылау кезінде (ағымдағы, шепті, аралық) көшіру және/немесе мобильдік байланыс құралдарын пайдалану фактілері орын алған жағдайда бағалар жойылады.
МОДУЛЬ 1. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1-ТАҚЫРЫП. ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ.
Дәрістер жоспары(2 сағат)
1 дәріс
Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия.
Философия – даналыққа құштарлық. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану.
Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі. Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты.
2 дәріс
Философия және дүниетаным. Мифология, дін және философия.
Философияның негізгі бөлімдері: онтология, гносеология, философиялык антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік философия, аксиология.
Философия және фәлсафа. Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін мәселелерін шешу жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |