Оқу нәтижесі (құзыреттілігі), студент: 1. философияның тарихи дамуы контекстінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын білу; мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның мазмұны мен өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру;
2. қазіргі әлемдегі адамның әлеуметтік және тұлғалық болмысының құндылықтары ретінде негізгі дүниетанымдық ұғымдардың рөлі мен маңызын негіздеу;
3. әлемді ғылыми және философиялық таным әдістерін топтастыру; этикалық шешімдерді негіздеу және қабылдау үшін медиатекстердің философиялық аспектісін, әлеуметтік-мәдени және тұлғалық жағдайларды талдау;
4. қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзіндік адамгершілік ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәлелдеу; ақпаратты ұғынудың теориялық деңгейін коммуникативтік процестің тиісті деңгейіне өзгерту;
5. өмір бойы оқу мақсатында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын арттыру және жеке кәсіби өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін дамыту;
6. ойлау мәдениетінің жоғары деңгейін көрсету: рефлексивтілік, логикалылық, дәйектілік, стратегиялылық, академиялық хатты меңгеру, кәсіби саладағы проблемалардың философиялық мазмұнын анықтау үшін өзекті зерттеу жүргізу және талқылау үшін нәтижелерді таныстыру.
7. Ұлттық бірлік Доктринасын, "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясын, "Рухани Жаңғыру"бағдарламасын жүзеге асыру контексінде ұжымдағы жеке және ұжымдық жұмысты ұйымдастыру іскерліктерін меңгеру.
8. Академиялық адалдық принциптерін түсіну және академиялық адалдық мәдениетін көрсету.
Пәннің әдістемесі: «Философия» пәнін оқу барысында диалектикалық абстрактылықтан нақтылыққа көшу тарихи және логикалық, эмпирикалық және рационалистік, индуктивтік және дедуктивтік әдістер қолданылады. Сонымен қатар XX ғ. постклассикаға байланысты иррационалистік бағыт сарапталынады. Білім беру үрдісінде мақсатты түре әдістерді қолдану: мәселелік әдістер, бейне әдіс, тестілеу, жобалар әдісі, бақылау әдістері.
Пән бағдарламасы
2.1 кесте- Күндізгі оқу бөліміне арналған сабақ түрлеріне байланысты сағаттардың бөлінуі.