Бакалавриат


Пəнді оқып-үйрену нəтижесінде студент міндетті



Pdf көрінісі
бет65/73
Дата02.03.2023
өлшемі1,85 Mb.
#71203
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

 
Пəнді оқып-үйрену нəтижесінде студент міндетті:
білу: əдебиетті оқытудағы жалпы ерекшеліктерді олардың негізгі сипаттарын əдебиетті 
оқыту əдістемесі ғылымының жетістіктерін пайдалана білу; 
игеру: əдебиетті оқыту əдістемесі пəніне қатысты ғылыми əдебиеттердегі ғылыми-
əдістемелік тəжірибені игеру; 
 меңгеру: мектеп бағдарламасына енген көркем туындылардың барлық жанрдағы 
үлгілерін оқушының жас ерекшеліктеріне жəне көркемдік ерекшеліктеріне сай талдап-
таразылау.
Пəннің мазмұны 
Кіріспе 
Əдебиетті оқыту əдістемесі пəні 
Əдебиетті оқыту əдістемесінің ғылыми пəн екендігі. Əдебиет пəнінің мектептік 
пəндер жүйесіндегі орны жəне өзіндік ерекшіліктері. Қазақ əдебиеті пəнін мектепке 
оқытудың мақсат-міндеттерін, əдеби білім мазмұнын оны анықтайтын ұстанымдар жəне 
өмір талабына сай оқыту əдістемесін жетілдірудің теориялық-методологиялық негіздері. 
Оқушылардың қазақ əдебиеті пəнінен алатын білім аясының ұлттық құндылықтарға 
негізделіп философия, тарих, əдебиеттану, тіл білімі, эстетика, педагогика, психология
т.б. ғылым салаларымен байланыстылығы. 
Мұғалім жəне оның əдеби білім берудегі орны. Əдебиетті оқытудың шығармашылық 
сипатын күшейту, оқушылардың шығармашылығына жүйелі ықпал жасай отырып, оқу 
еңбегіндегі ой дербестігін, оқу əрекетін, образды ойлау, өзіндік ой-пікірін дамытып, 
ұғымды шешен сөйлеуге баулу. Əдебиетші мұғалімнің кəсіби шеберлігі мен адамдық, 
азаматтық тұлғасына қойылатын өлшемдер. 
Əдебиетті ғылым жəне сөз өнері ретінде оқыту əдістемесінің дидактика, əдебиеттану, 
тарих, музыка, өзін-өзі тану өнері т.б сабақтастығы. Педагогикалық психология мен оқыту 
əдістемесінің тоғысар тұстары. 
Əдебиетті оқыту əдістемесінің қысқаша тарихы 
1917 жылға дейін қазақ жерінде үш түрлі мектептің өмір сүргендігі.
Қадым мектебі: оның өзіндік ерекшеліктері, білім берудегі көздеген мақсаты, пайдасы 
мен кемшіліктері. 
Жəдит мектебі: оның қадымша оқытудан айырмашылықтары, білім берудегі 
артықшылықтары мен жетімсіз жақтары. 
Медреселік білім беру жүйесі: оның прогресшіл жақтары. 
Ыбырай Алтынсарин-ағартушы ұстаз, тарихи тұлға. Оның халық ағарту саласындағы 
тарихи тəжірибесі. Ы.Алтынсариннің қазақ тіліндегі оқулықты қажет еткен таза қазақ 
мектептерін ашудағы еңбегі. Əдебиеттік оқулық жасаудағы «Қазақ хрестоматиясының» 
(1879) алатын орны, хрестоматиядағы материалдардың тəрбиелік-өнегелік жақтары. Өз 
халқының əдебиетін мəдени мұра ретінде тани білуі, оны жинап бастыруы. Оның əлемдік 
үздік туындылардың қазақ халқының рухани игілігіне айналуына өз үлесін қосып, 
жасөспірімдерді 
адамгершілік 
рухта 
тəрбиелейтін 
шығармалардан 
аудармалар 
жасағандығы. (Л.Н.Толстой, К.К.Ушинский, И.Паульсон т.б. еңбектерін). Ыбырайдың 
ағартушылық көзқарастарының қазақтың дəстүрлі мəдениетімен жəне орыс педагогтары 
К.К.Ушинский, Н.А. Корф, Л.Н.Толстой т.б. тəжірибелерімен байланыстылығы. 
Ыбырайдың оқыту əдістемесіне қосқан жаңалықтары. 


69 
Қазақтың ағартушы - демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі: 
Шоқан, Абай, Шəкəрім, С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, С.Торайғыров, А. Байтұрсынов, М. 
Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев тағы басқалар. 
Кеңестік дəуірдегі əдебиетті оқыту əдістемесінің дамуындағы үш кезең: 
1917-1927 жылдар. Əдебиет пəнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану 
пəні ретінде оқытылуы. Мақсаты мен міндеттері. 
1928-1938 жылдар. Отызыншы жылдардын басында əдебиеттің мектептік жүйеге 
негізделмеген тарихи-əдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері. Оның зиянды 
зардаптары. 
БКП (б) орталық комитетінің 1931-1932 жылдардағы «Бастауыш жəне орта 
мектептер» туралы қос қаулысының мектепте əдеби білім беруді жетілдіру, арнайы 
бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқыту тиімділігін арттырудың бағыт-бағдарын 
белгілеп бергендігі. 
Отызыншы жылдардың екінші жартысындағы əдебиетті оқытудың əдебиеттік оқу, 
тарихи-əдебиеттік курс ретінде алғаш рет жүйелеп берген бағдарламалардың мазмұны 
мен құрылысы. 
1970-1990 жылдар. КСРОда халыққа білім беру жүйесін одан əрі жетілдіру, дамыту 
мақсатындағы 1958 жəне 1985 жылдардағы мектеп реформалары. Бұл реформалардың 
мектепте əдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген əсері. 
1970-1990 жылдарда əдебиеттің мектепт е оқытылу жайы. Орыс əдебиетін 
оқытудағы əдістемелік тəжірибелердің қазақ мектебіндегі əдебиетті оқыту ісін жетілдіруге 
жəне ғылыми- əдістемелік зерттеулердің қанат жаюына тигізген əсер-ықпалы. 
1970-1972 жылдардағы «Литература в школе» журналының бетіндегі оқыту 
сапасын жақсарту, оқытудың жаңа əдістерін іздестіру мақсатындағы пікірталастардың 
маңызы. 
Əр кезеңде мектепке арналған əдебиет пəні бағдарламалары мен оқулықтарын 
жасаудағы С.Сейфулин, М.Əуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, 
Ш.Кəрібаев, Т.Ақшолақов т.б. еңбектері. Əдебиетті оқыту əдістемесінің негізгін 
қалаудағы Ə.Қоңыратбаев пен А.Көшімбаевтың алатын орны. Олардаң ғылыми- 
əдістемелік мұрасы. 
1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы жəне орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі 
бетбұрыс. Оның тарихи əлеуметтік себептері. 
Қазақтың ұлттық мектебі тұжырымдамасының дүниеге келуі. Ұлттық мектеп 
тұжырымдамасы ұсынған болашақ мектеп үлгісі мен білім берудегі жаңа жүйенің кеңестік 
білім жүйесінен айырмашылықтары. Қазақ мектебінің жаңа үлгісін белгілеп берген 
тұжырымдама негізінде əдеби білім тұжырымдамасының жасалғандығы (1991,1997жж). 
Əдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтар. 
Оқытудың жаңа технологиясы. Оның еліміздегі ғылыми-əдістемелік ізденістерді 
байыта түсуге тигізген ықпал- əсерлері. 
Əдеби білім берудегі модульдік жүйе. Оның өзіндік ерекшеліктері. Ғылыми -
əдістемелік басылымдар: «Қазақ тілі мен əдебиеті», Қазақстан мектебі» журналдары мен 
Қазақстан мұғалімі» газеті. Олардың мұғалім біліктілігін арттырудағы рөлі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет