71
Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын-ала жоспарлаудың
оқушының жүйелі əдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастырудағы рөлі.
Календарлық,
тақырыптық,
сабақ
жоспарларын
жасау
əдістемесі.
Тақырыптың
жəне
сабақ
жоспарларының құрылымы.
Сабақ түрлері. Жаңа сабақ, қайталау, бекіту сабақтары. Дəстүрлі емес сабақтар: экскурсия,
баспасөз, сайыс, дуэт, кітапханалық, мұражайда өтетін сабақтар т.б . Мұғалімнің сабаққа
əзірлігіне қойылатын талаптар.
Əдебиет оқулықтары мен оқу құралдары. Олардың педагогикалық-психологиялық,
оқыту əдістемесі ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сай жетілдіріліп, толықтырылып
отыратыны. Оқулыққа енгізілген шығармалардың
оқушылардың жас ерекшелігіне,
оқырмандық қызығушылығына сəйкестендірілуінің маңызы. Мектептік əдеби білім
жүйесіндегі екі сатылы оқытуға байланысты екі типті оқулықтардың пайдаланылу
себептері. Оқулықтың мазмұны мен нұсқаулардың, мұғалім кітапханасының, т.б. сериялы
ғылыми-əдістемелік, ғылыми танымдық əдебиеттердің оқушыға əдеби білім берудегі
пайдасы.
Əдебиетті оқыту əдістері
Əдебиетті оқытудың ғылымилығы жəне сөз өнері ретіндегі жетекші методологиялық
принциптерге сүйенетіндігі. Сол принциптерден туындайтын əдістемелік принциптер.
Əдебиетті оқыту процесі. Оқытудағы əдістердің
алатын орны, қызметі. Əдебиетті
оқыту əдістерінің мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегін тиімді ете түсетіндігі.
Оқытудың ауызекі əдістері: əңгіме, лекция, баяндау, пікірлесу т.б.
Оқытудың көрнекілік əдістері: кесте, ауызша журнал, схема, буклеттер, техникалық
құралдар, оқу фильмдері, телесабақтар, иллюстрация, демонстрация. Олардың оқушының
əдеби қабілетін дамытудағы орны.
Оқытудың практикалық əдістері: ауызша, жазбаша жаттығулар.
Олардың əдеби білімді бекітудегі рөлі.
Əдебиетті оқыту əдістерінің топтары. Скаткин, Лернер, Кудряшов, т.б
ғалымдар
ұсынған оқыту əдістерінің 5 түрлі жүйесі. Оқыту əдістері мен тəсілдерінің көптүрлілігі.
Əдістердің шəкірттердің ой белсенділігін арттырудығы қызметі. Проблемалап оқыту
(М.И.Махмутов т.б.), саралап оқыту (И.Э.Унт т.б.), дамыта оқыту (Ю.Б.Элконин). Саралап
оқыту оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуына, жан-жақтылығына
негізделетіндігі.
Мұғалімнің оқыту əдістерін таңдауына оны шығармашылықпен
қолдана білуіне
қойылатын талаптар. Оқыту технологиясының құрылымы: мақсаты, мазмұны, əдістері
мен тəсілдері, нəтижесі, оқыту технологиясы мен əдістемесінің мақсаты бір екендігі,
оқытудың тиімді жолдарын қарастыратындығы, инновация оқу білім беру жүйесіндегі
жаңа үлгідегі əдіс əрекеттер екендігі. Əдебиетті оқытудың шығармашылық оқу,
эвристикалық, зерттеу, репродуктивтік əдістері.
Шығармашылық оқу əдісі. Бұл əдістің əдебиеттің сөз өнері
əрі ғылыми ретіндегі табиғатын тереңдей түсінуге қолайлылығы. Бұл əдісті
қолдануда
шəкірттердің əдеби қабілеттерін шыңдауына, ықылас-зейінін көркем шығарманың ішкі
микроқұрылымына бағыттауына мүмкіндік алатындығы.
Шығармашылық оқу əдісінің мұғалімнің мəнерлеп оқуы, көркемсөз оқушы шеберлердің
көркем
шығармадан
үзінді
оқуы
мұғалімні
ң
көркем мəтінді оқи отырып түсінік беруі, мұғалім мен шəкірттердің
оқылған шығарма туралы өз əсерлерін бөлісуі, əрі қарай бағыт-бағдар беру мақсатындағы
пікірлесу тағы да басқа тəсілдер арқылы жүзеге асырылатыны.
Эвристикалық əдіс. Бұл əдістің қазіргі педагогика ғылымы мен
мектепте оқытуды эвристикалық пікірлесу арқылы ұйымдастырудың түрі екендігі.Бұл
əдістің
көркем
шығарманы
оқытудағы
шығармашылық
ə
діспен
72
сабақтастығы, бірін-бірі толықтыратындығы. Көркем мəтінді талдауда шəкірттің
интеллектуалдық ойлау қисынын қалыптастыратыны.
Əдеби шығарманың
бойындағы адамгершілік, отаншылдық, философиялық, т.б
құндылықтар жөнінде шəкірт түсінігін қалыптастырудағы эвристикалық əдістің орны.
Эвристикалық пікірлесу, оның əдеби материалды меңгертудегі
пайдалы жақтары. Эвристикалық əдісті жүзеге асыратын тəсілдер.
Зерттеу
əдісі.
Зерттеу
əдісінің
оқушылардың
алдына
жоғ
ары
дəрежедегі теориялық жəне практикалық зерттеу міндеттерін қоятындығы. Оқушылардың
əдеби
материал
жө
нінде
дерек
жинау
(тəжірибе жасау, эксперимент, бақылау, кітаппен жұмыс тағы да басқалар) жəне оны
жүйелеу, жинақтау, теориялық талдау жасау қабілетінің зерттеу əдісін қолдану процесінде
қалыптасып
дамитындығы.
Бұл
əдістің
эвристикалық
əдіспен
сабақтастығы,
айырмашылықтары. Зерттеу əдісінің сыныптағы əдебиет
сабақтарында тұрақты
қ
олданыла
бермейтіндігі.
Арнайы теориялық проблема төңірегіндегі жеке зерттеу жұмысын
жүргізуге лайықтылығы. Зерттеу əдісінің жас шəкірттерді ғылымға бейімдеудегі рөлі.
Репродуктивтік (жаңғырмалы) əдіс. Бұл əдістің мұғалім басшылығымен жүзеге
асырылатыны.
Оны
қ
олдану
процесінде
оқушының білімді мұғалімнің лекциясынан, оқулықтан, қосымша əдебиеттерден дайын
күйінде алатыны. Білімді берілген даяр қалпында қабылдау
арқылы екінші жақтың ойын
ұғып, қабылдауға, еске сақтауға
үйрететіндігі. Репродуктивтік (жаңғырмалы) əдісті жүзеге
асыратын тəсілдер.
Достарыңызбен бөлісу: