Қазақ тілін оқытудың жаңа тенденциялары, парадигмалары, қағидалары мен бағыттары Үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім алушылардың тұлғалық, коммуникативтік,
мəдени-танымдық қабілеттерін қалыптастыру үдерісінде ана тілінің атқаратын рөлі.
Қазақ тілін оқыту үдерісінде білім алушылардың қоғамдық-əлеуметтік ортада өмір
сүруіне қажетті, олардың интеллектуалдық қасиетінің көрсеткіші саналатын тілдік-
танымдық құзіреттері мен елжандылық рухын қалыптастыру. Қазақ тілін оқытудың
ғылыми негіздерін тілдік қатынас, қатысымдық-когнитивтік, сөз мəдениеті жəне
функционалдық сауаттылықты қалыптастыру теориялары. Тілдік қатынас теориясы тілді
оқыту барысында сөйлесім əрекетінің түрлерін: тыңдалым, оқылым, айтылым,
жазылым, тілдесім процестерін кешенді жүзеге асыруға ғылыми негіз болатыны. Қазақ
тілінің бірліктерін тілдік əрі қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оның мəденитанымдық,
қатысымдық, əлеуметтік, кумулятивтік қызметтеріне сай жұмсалу жолдарын игерту.
Қазақ тілін оқытудың парадигмалары – тілді коммуникативтік-когнитивтік
тұрғыдан меңгертуге тірек болатын жаңартылған негіздемелер. Антропоөзектік
парадигманың тілдік білім арқылы адамзаттық өркениет пен ұлттық руханиятты бірлікте
меңгеру мəселесіне басымдылық беруге бағытталатыны. Интеграциялық білім беру
парадигмасының білім алушының дүниетанымын кеңейтуге бағытталатыны. Танымдық
білім беру парадигмасы, оның оқушының танымдық əлеуетін коммуникативтік
құзіреттіліктермен өзара сабақтастықта жетілдіруге бағытталуы. Аксиологиялық
парадигманың білім алушыға өз білімінің, өмірінің мəнін сезіндіруге бағытталатыны.
Білім беруді ізгілендіру парадигмасы – білім мазмұнын материалдық жəне рухани
құндылықтарды тіл арқылы танытудың негізі. «Қазақ тілі» пəнін оқытудың қағидалары
– оқу үрдісінің мазмұнын, ұйымдастыру түрлері мен əдістерін, оның жалпы мақсаттары
мен заңдылықтарын анықтайтын негізгі ережелердің жиынтығы. Білімнің үздіксіздігі
қағидасы, Мəдениет, ойлау, тіл бірлігін жүзеге асыру қағидасы,
Білімнің мотивациялық сипатын арттыру қағидасы, Өмірлік дағдыларды жетілдіру
қағидасы, Құзіреттілік қалыптастыра оқыту қағидасы, Табиғилық қағидасы, Білім
алушыны тұлға деп тану қағидасы, Тілдің əлеуметтік мəнін арттыру қағидасы, Білім
беруді демократияландыру қағидасы.