оқыту əдістемесі Морфологияны оқытудың мақсат, міндеттері мен жалпы əдістемелік ұстанымдары.
Морфология – сөз жəне оның грамматикалық көрсеткіштері туралы ілім. Орта
мектепте морфология курсынан берілетін білім мазмұны жəне қалыптасатын қабілет пен
дағды.
Морфологияны
оқытудың
жеке
əдістемелік
ұстанымдары:
лексика-
грамматикалық, парадигматикалық, морфология-синтаксистік.
Мектепте морфологияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы. Морфологияның
оқушылардың логикалық ойлауын дамытудағы рөлі. Морфологияны теориялық деңгейде
оқытудың практикалық іскерлікті дамытудағы маңызы.
Негізгі морфологиялық ұғымдар. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұнын танытудың
жолдары. Атауыштық сөздер мен көмекші сөздерді оқытудың өзіндік ерекшеліктері.
Морфологияны оқытуды синтаксистік негізде жүргізудің маңызы. Морфологиялық
талдау, оны жүргізу əдістемесі. Грамматикалық қателер, оны болдырмаудың жолдары.
Морфологиялық жаттығулар, оларды қолдану жолдары. Морфологияны оқытудағы
көрнекілік пен қосымша оқу құралдар жүйесін пайдалану əдістемесі.
Синтаксисті оқыту əдістемесі Синтаксис – грамматиканың бір бөлігі. Сөз тіркесі жəне сөйлем синтаксисінен
берілетін білім мазмұны. Сөйлемнің түрлерін оқытудың жолдары. Мəтін синтаксисі,
мəтінмен жұмыстың түрлері. Қатысымдық синтаксис мəселесі, оның оқушы тілін
дамытудағы рөлі.
Мектепте оқылатын синтаксистік ұғымдар жəне оны меңгерту əдістемесі.
Синтаксистік байланыстар мен қатынастардың оқушының сөйлеу мəдениетін
дамытудағы маңызы. Синтаксистік жəне лексикалық тіркесімдік ұғымы. Синтаксис
бойынша оқушыда қалыптасуы тиіс білік-дағдылар мен іскерліктер. Синтаксистік талдау
жəне оны жүргізу тəсілі. Синтаксистің тілдің басқа салаларымен тығыз байланыстылығы
жəне оқушыларға осы мəселені ұғындыру жолдары.
Сөз тіркесі – сөйлем құрау материалы. Сөз тіркесін меңгертудің ұстанымдары мен
əдіс-тəсілдері. Сөз тіркесінің байланысу тəсілдері мен түрлерінің тіл дамытудағы рөлі.
Сөз тіркесін сөз таптарының тіркесімділік қабілеті арқылы жасалатын синтаксистік бірлік
ретінде таныту, сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыра беру, олардың
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын меңгерту. Сөз тіркесіне байланысты жаттығулар
жəне оның түрлері. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктер мен қосымша оқу-əдістемелік
құралдар.