«Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны»
(ҚР «Білім туралы» Заңы 1 б., 56 т.)
ҰБТ "1 тестіленуші – 1 компьютер – 2 камера" қағидаты бойынша өткізіледі.
Түсушілер тестілеу орнын (аймақтық тестілеу орталығы - АТО), күнін және уақытын өз бетінше таңдай алады.
Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары қолданылады.
Апелляцияға мазмұны бойынша өтініштер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі.
* Талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында «Қазақстан тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін - бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).
2) * «Оқу сауаттылығы» бағытында 3 мәтін бойынша 15 тест тапсырмасы (15 балл) беріледі.
3) * Сонымен қатар, бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында жауап нұсқаларының саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) жауап нұсқаларының саны 8-ден 6-ға дейін азайтылды.
ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізілді, яғни төменде көрсетілген 3 білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер «Математика+Информатика» пәндері комбинациясы бойынша тест тапсырады:
- В011 - Информатика мұғалімдерін даярлау; - В057 - Ақпараттық технологиялар - В058 - Ақпараттық қауіпсіздік