Бакыт құсын басыңа қондыру құпиясы indd


Қымбат Орынбаеваның екінші рет өлуі



Pdf көрінісі
бет41/56
Дата14.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24024
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
 Қымбат Орынбаеваның екінші рет өлуі
«Өлім алдында жатқан адамның алдына (Лә иллаһа 
иллаллаһу)  деп  калиманы  қайтаруды  естіртіп  айтып 
тұрыңдар».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
1997    жылы  қараша  айының  19  күні  үш  айдан  кей-
ін, ішегім қайта түйіліп, операцияға екінші қабат түстім. 
Бұрынғы операция қайта қайталанады. 


92
VI БӨЛІМ
  Бұрынғы көргендерім айна қатесіз қайта көремін. 
Алдындағы көріп тілдескен ата (ажал) айтады:
– Неге келе бердің? Сен қазір қалғың келсе мүмкіндік 
бар. Қалуыңа болады.Сен келе бердің, келе бердің ғой, – 
дейді.
–  Мен емес қой, осылай болып қалды ғой.
Ата:
–  Ойлан.
Мен  жұмақтың  алдынан  екі  баланы  тағы  көремін. 
Мараттың анасы ішке кіргізбей былай дейді:
–  Қайт қызым, райыңнан қайт. Тезірек қайт! 
Мен айтамын:
–  Апа! Маған бір мүмкіндік бересіз бе? Мен әжемді 
ішіне кіріп бір иіскеп қайтсам болды. Сонан кейін қайта-
мын.
Мараттың анасы:
–  Ол есікке кірген адам, екінші қайтып шықпайды. 
Ойлан. Қалғың келсе қал.
Осы  көргендерімді  бірінші  қабат  көргенде  жан  ба-
ласына  айтқан  жоқпын.  Қорықтым.  Бұл  көргендерімді 
екінші қабат көргенімде ойландым. Тәуекелге бел буып, 
алдымен күйеуім Маратқа айттым.
–  Сенің анаң мені о дүниеден қайтарды. Қасында үл-
кендеу қызы мен кішкентай ұлы бар.


93
Кейін бір жылдан кейін аяғым ауыр болып екінші қы-
зым Әйгерімге босандым. Одан кейін үшінші балам Ела-
манды дүниеге алып келдім.
  Басынан өткен тылсым дүниеде көрген адам сен-
гісіз ғажайып оқиғасын шұрайлы тілмен баяндап берген 
Қымбат  Қабдашқызы  сөз  соңын  былай  аяқтады:  «Мен 
бұрын қыл көпір, о дүние жайлы естігенмін, газет жур-
налдардан, кітаптардан оқығанмын. Бірақ, сенбейтінмін. 
Мен өзім көзіммен көрмесем ештеңеге сенбейтін адам-
мын. Екі қабат тылсым дүнинің тура солай қайталанып 
көрінуі мүмкін емес қой!
 Бұдан бұрын да, осыдан кейін де тылсым дүние ту-
ралы неше түрлі қызық жайттарды көріп тұрамын. Қазір, 
бір Алланың құдіретінің шексіз екенін және о дүниенің, 
әруақтардың бар екеніне шек келтіре алмаймын».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет