Бакыт құсын басыңа қондыру құпиясы indd


Қымбаттың енесінің әруағы бір жыл бойы



Pdf көрінісі
бет42/56
Дата14.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24024
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56
Қымбаттың енесінің әруағы бір жыл бойы  
жанында қолдап жүруі
«Әр  нәрсенің  кілті  бар.  Пейіштің  кілті  кембағал 
мүсәпірлерді жақсы көруде». 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Алдыңғы тылсым дүниені көрмес бұрын, тағы бір қы-
зық тылсым құбылыс болды. Маратқа тұрмысқа шықтым. 
Ол  кезде  Мараттың  анасы  қайтыс  болып  кеткен.  1994 
жылы келін болып түскеннен кейін түс көремін. Түсім-
де қазақи той көйлек киіп ақ волгамен үйге келеміз. Есік 
ашық  тұр.  Биік  тұғыр  тұр  екен.    Соның  үстіне  шығып 
тұрмыз. Мараттың әкесі 1980 жылы дүниеден өткен. Сол 
кісі жақсы киімін киіп бөлек күлімсіреп бізге қарап отыр 


94
VI БӨЛІМ
екен.  Мараттың  анасы  шашу  шашып  тұр,  соны  теріп 
алып жатырмыз. 
Мараттың анасы Маратқа:
– О! Мен қызды болып жатырмын. Ей, шешек! Осы 
қыздың  шашынан  бір  тал  түссе  оңбайсың  сен!  Мына 
бала  менің  қызым!  Балам,  мына  үйге  қара!,  –  дейді  де 
мені үйге кіргізіп жібереді. Өзі кірмейді. 
Мен:
–  Сіз үйге кірмедіңіз бе?
–  Жооқ! Мен көршілерге той жасаймын. Менің Ма-
ратым үйленді. Келін түсірді. Той жасаймын, той жасай-
мын! 
Таңға жуық оянайын деп жатсам біреу сыбырлап:
–  Қымбат! Қымбат!, – дейді.
Көзімді ашсам аяқ жағымда Мараттың анасы кәдімгі-
дей тұр. Өңім бе, әлде түсім бе деп өзімді шымшимын. 
Өңім  сияқты.  Маратқа  қарап  қолымды  созып  оятайын 
десем,  денемді  игере  алмаймын.  Қозғалмайды.  Өзімді 
шымшыласам сезіп  тұрмын. Мараттың  анасы қабырға-
дағы ілулі тұрған суретіне артымен жылжып кетіп қала-
ды. Мен тұрамын да:
–  Марат! тұр, тұр!
–  Не болды, не болды?!
–  Мамаң  менің  аяқ  жағымда  тұр.  Мені  оятты.  Қы-
зым! Тұр!, – деді маған. Қарасам таңғы сағат 7 екен.


95
Марат:
–  Қойшы, мүмкін емес.
–  Сенің анаң ана суреттегідей киімімен келді, – деп 
анасын суреттеп бердім. 
Опеарацияға  түсер  кезімде  Маратты  анасының  әру-
ағы:
–  Бұл үйден тезірек, кетіңдер!, – деп аян берді. Со-
нан кейін екі айрық жолға алып келеді:
–  Мына  жолда  ылғи  зираттар,  мына  жол  ұзын  жол 
сенің жолың.
Мен айтамын:
–  Мен сіздің үйіңізге барайын.
–  Жоқ! Менің үйіме баруға болмайды. Ол жақта тек 
зираттар.  Мен  зираттар  жаққа  барамын,  сенің  жолың 
мына ұзын жол, – дейді.
Осы түс 1997 жылдың шілде айында 4-5 қабат көрі-
неді. Осының бәрі тылсым дүниенің ескертуі екенін кей-
ін түсіндім.
Мараттың  анасының  әруағы,  үлкен  қызым  Азизаға 
ауыр аяқ болғанымда қасымда тура бір жыл жүрді. Ма-
рат көбінесе іс сапарға шығып кетеді. Үйде жалғыз қа-
ламын. Күнделікті кешкісін үйге анау-мынауларды кір-
гіземін. Үйде бақа болады. Бақаны көрмеппін. Аяғымда 
көтеріп енді басайын десем:
–  Қызым,  абайла.  Аяғыңның  астында  бақа  жатыр, 


96
VІI БӨЛІМ
–  дейді.  Жан-жағыма  қарасам  ешкім  жоқ.  Дауыс  Ма-
раттың анасынікі. Сонан кейін: ««Бисимилаһи раххман 
аррахим», – десем, бақа секіріп-секіріп өтіп кетті. Ауыр 
бірдеме көтерсем: «Абайла!», – дейді. Қорқатын жағдай 
болса: «Абайла! Қорықпа!», – дейді. Содан кейін шам-
ның  бәрін  жағып  қорықпай  ұйықтайтын  болдым.  Бо-
санған кезде Мараттың анасының әруағы төбемде тұрды. 
Дәрігерлер:
–  О!  Қыз  босандың,  қыз  босандың!,  –  деп  айтып 
тұрғанда  Мараттың  анасының  әруағы  күлімдеп  қарап 
тұрды.  Сонан  кейін  Мараттың  анасының  әруағы  қайта 
қайтып келген емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет