Бактерия жасушасының құрылысы: негізгі құрылымдық компоненттері және олардың қызметі


Интегративті вирустық инфекция: түсінігінің анықтамасы, вирустың жасуша иесімен әрекеттесуінің негізгі кезеңдері



бет7/22
Дата07.12.2022
өлшемі9,38 Mb.
#55686
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Микробио сессия, баска гр уяттарын былсын, салеммен 206А тобы-1

8.Интегративті вирустық инфекция: түсінігінің анықтамасы, вирустың жасуша иесімен әрекеттесуінің негізгі кезеңдері.




9. Бактериялық вирустар (фагтар): құрылысы, көбеюі. Вирулентті және орташа фагтар. Фагтардың медицинада қолданылуы.
Бактериялардың вирусы немесе бактериофагтар (фагтар), қоршаған ортада – су қоймаларында, топырақта кеңінен тараған. Ішек бактерияларының (ішек таяқшасының, шигеллалардың, сальмонеллалардың) фагтарын тоған сулар мен нәжістерден бөліп алуға болады.
Стафилококктардың фагтары мұрын-жұтқыншақ кілегейінен, тері мен жарақат бөліндісінен, анаэробты жарақат инфекциясын тудырушы клостридия фагтары жарақат бөліндісінен, топырақтан табылып жатады. Бір ортада фагтың кездесуі сол жерде оған сезімтал бактерияның болуының айғағы.
Фагтар вирулентті және әлсіздеу болып бөлінеді.

  • Вирулентті фагтар аяқталатын өнімді инфекция тудырады.

  • Әлсіздеу фагтар интегративті инфекция туғызады.

Бұл фагтардың ДНҚ-сы бактерия хромосомасына тіркесіп, бактерия бөлінген сайын оның ұрпақтан ұрпағына тарайды.
Фагтар Петри табақшасындағы тығыз қоректік ортада өсірілген сезімтал бактериялардың газонында концентрацияларына байланысты ошақтық немесе тұтастай лизис аймақтарын тудырады. Ошақтық лизис аймақтары фагтардың негативті колониялары, немесе стерильді дақтар – теңбілдер деген атқа ие болды. Олардың морфологиясы жекеленген фагтарға тән болып келеді және де бір фагтық денешікті. бактериялық жасушаға еніп әрі қарай сонда репродукциялануынан туындайды. Фагпен инфекцияланған әрбір бактерия лизистенеді де жүздеген жаңа фагтық денешіктерден тұратын сол фагтың ұрпағын босатып шығарады. Олар көрші жатқан жасушаға енеді де осы циклді қайталай береді. Жасушалардың лизисі нәтижесінде тұтастай бактериялық газонда фагтардың негативті колониялары пайда болады. Фагтардың "таза" ұрпағын алу үшін (басқа фагтардың қоспасы жоқ) морфологиялық тұрғыда біртекті негативті фагтық колонияларды сол бір бактериялық штаммның газонында бірнеше рет қайта егу жүргізеді. Көптеген фагтар бактерияға қатысты түрспецификалық қасиет көрсетеді. Бірақ, сол бактерия түрінің қайсыбір варианттарын ғана залалдайтын фагтар да кездеседі. Оларды сол түр ішінде фаготипті (фаговариантты) анықтау үшін қолданады. Сонымен қатар, бақтериялардың туыстас түрлерін де лизистеуші фагтар кездеседі.
10. Вирустар: дақылдау әдістері, индикациясы және идентификациясы.

Вирустарды дақылдау әдістері
Вирустарды дақылдау үшін жасуша дақылы, тауық эмбрионы және сезімтал зерттханалық жануарлар қолданылады. Бұл әдістер риккетсиялар мен хламидияларға да қолданылады.
Ж а с у ш а д а қ ы л д а р ы. Жасуша дақылдары алғашқы (қайта дамымайтын), жартылай қайта дамитын және қайта дамитын болып бөлінеді.
Жасушалардың алғашқы дақылдары тікелей көпжасушалы микроорганизмдердың тіндерынан алынады.
Жартылай қайта дамитын дақылдарға шектеулі in vitro көбеюге қабілетті әртүрлі тіндер мен мүшелердің диплоидты жасушалары жатады.
Қайта дамитын жасуша дақылдарын белгілі бір жағдайларда шектеусіз in vitro көбею қабілетіне ие қатерлі жасушалар қатарынан дайындайды.


Т а у ы қ э м б р и о н д а р ы. Тауық эмбриондары жасуша дақылдарымен салыстырғанда вирустармен және микоплазмалармен едәуір сирек контаминацияланады, сонымен қатар, әртүрлі әсерлерге қарсы жоғары тұрақтылық пен өміршеңділік қасиеттеріне ие.

Аллантоисты қуысқа залалдау үшін қайшыменен, скальпельменен немесе арнайы бұрғыменен ақ қабықтың кеуекті камерасы үстінен кішкене саңлау жасаймыз (жұмыртқаны жарыққа қарсы ұстап тұрып оның шекарасын қаламмен сызып аламыз). Кеуекті камера шегінен 2-3 мм төменгі тереңдікке 0,1-0,2 мл вирусы бар материалды шприцпен ендіреміз. Ақ қабықтағы саңлауды еріген парафинмен тығындаймыз. Залалданған эмбриондарды жару вирустардың максимальді жинақталу мерзімінде жүргізіледі (37°С та инкубациялаудың 48-72 сағаттарынан соң). Спиртпен немесе 2% йод ерітіндісімен өңдеген соң қайшыменен кеуекті камераның шекарасын қалам сызығы ізінен сәл жоғары ала, ақ қабықты кесеміз. Кесіп жатқанда ақ қабық кеуекке түсіп кетпеу үшін жұмыртқаны аздап еңкейтіп ұстаймыз. Кесілген ақ қабықты сыртқа тастаймыз да, абайлап, оның астындағы қабықшаны ашып, хорион-аллантоисты қабықшадағы залалдау орны айналасын қараймыз. Егер вирус репродукциясы жүріп жатса, зақымдалу ошағы – геморрагиялар, теңбілдер т.б. байқалады. Сонан соң, хорион-аллантоисты қабықшаның қан тамырларынан бос бөлігін Пастер тамызғышымен тесіп өтіп, аллантоисты сұйықтықты сорып аламыз. Соңында хорион-аллантоисты қабықшаны алып, натрий хлоридінің ерітіндісімен екі мәрте шайып, Петри табақшасына саламыз да қара фонда спецификалық зақымдалуларды байқайды.




З е р т х а н а л ы қ ж а н у а р л а р. Жануарлардың түрлік сезімталдылығы, олардың жасы вирустардың репродуктивті қабілетіне ықпал етеді. Көптеген жағдайларда тек жаңа туылған жануарлар қандайда бір болмасын вирусқа сезімтал (мысалы, тышқан балалары Коксаки вирустарына).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет