Грам әдәсәмен бояу 1. Бекітілген жағындағы сүзгі қағаз арқылы генциан фиолеттің карбол – спирттік ерітіндісін тамызымыз
2. 1-2мин-қа люголь ерітіндісін тамызамыз
3. Этиль спиртімен 30-60 с бояудың күлгін түсі кеткенге дейін түссіздендіреміз
4. сумен шаямыз
5. 1-2 мин фуксиннің сулы ерітіндісімен бояп, сумен шаямыз, кептіріп микроскоптаймыз
Грам оң бактериялар қою күлгін түске, грам теріс бактериялар - қызыл түске боялады. Грам әдісі бойынша бояу әдісі бояу нәтижесінде бактерияның клетка қабырғасының химиялық құрамы мен құрылыс ерекшеліктері анықталады.
Фирмикутты бактерияларграмоң боялады. Грамоңбактерияларында- жасушақабырғасы жуан, пептидогликаны 90%, липополисахаридтер 10%, тейхой қышқылы бар.
Грациликутты бактерияларграм теріс боялады. Грамтерісбактерияларында пепидогликаны жіңішке 10%,липополисахаридтер 90%, тейхой қышқылы жоқ.
3. Бактериялардың морфологиясы: кокктар, таяқшалар, спирохеттер, құрылымдық ұйымы және негізгі компоненттері.
4. Бактериялардың биохимиясы және физиологиясы. Бактериялардың өсуі және көбеюі. Ұғымдардың анықтамасы: автотроф, гетеротроф,ауксотроф, прототроф, аэробтар, анаэробтар.
Автотроф- Автотропты бактериялар органикалық заттарды минералды қосылыстардан синтездейді.
Гетеротроф- өздерінің қорегін өндіре алмайтын организмдер; демек, олар тамақ үшін басқа организмдерге тәуелді.
Ауксотроф-Ауксотрофтар мутантты организмдер, әсіресе мутантты микроорганизмдер.
Прототроф- бұл өсуге қажетті барлық органикалық қосылыстарды синтездейтін қабілеті бар организмдер.
Аэробтар– молекулалық бос оттек (О2) бар ортада тіршілік етіп, дами алатын организмдер. Анаэробтар- қоршаған ортада бос оттегі жоқ кезде өмір сүруге және көбеюге қабілетті микроорганизмдер; атмосфералық оттегі болмайтын жерде тіршілік етуге бейім микроағзалар