5. Бактерияларды дақылдау. Бактериялардың таза дақылдарын бөліпалу әдістері және олардың идентификациясы.
Бактерияларды дақылдау микробиологиялық зерттеулердің бактериологиялық әдісінің негізінен орын алады.
Қоректік орталар.Микроорганизмдерді зертханалық немесе өндірістік жағдайларда өсіру (дақылдау) үшін қолданылады. Кез-келген қоректік орта мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
- бактериялардың өсуі мен көбеюіне қажетті барлық заттар жеңіл сіңімді формада болуы тиіс;
- физика-химиялық қасиеттері бактерия үшін аса қолайлы болуы тиіс: рН, ылғалдылық, осмолярлық және т.б.
Қоректік орталардың құрамалары.Органикалық компоненттерді құрау үшін микробты жасушаға азот, көміртегі, сутегі және оттегі қажет. Сутегімен және оттегімен қамтамасыз етілуі судың есебімен жүреді. Көміртегі көзі ретінде гетеротрофты микроорганизмдер органикалық қосылыстарды, ең алдымен қанттарды, көпатомды спирттерді және органикалық қышқылдарды пайдаланады.
Консистенциясы бойынша қоректік орталар сұйық, жартылай сұйық, тығыз болуы мүмкін. Сұйық ортаны тығыз ортаға айналдыру үшін оған теңіз балдырларының ерекше түрінің өңделген өнімін, яғни агар-агарды қосады. Агар-агар 80-86°С та балқып, 40°С та қатады. Тығыз орта алу үшін агар-агардың 1,5-2 %-ін, жартылай сұйық орта алу үшін 0,3-0,7 % -ін қосады. Кей жағдайда тығыз қоректік орта алу үшін онсыз да тығыз күйде болатын нативті компоненттер (қанның айқарылған сарысуы, жұмыртқаның айқарылған ақуызы) пайдаланылады.
Тығыз орталардың артықшылығы микроорганизмдердің таза дақылын алуға мүмкіндігі мен микроорганизмдердің макроскопиялық өлшемдегі қауымдастылығында (колониялар, бактериялық газондар).
Мақсатты тағайындалуы бойынша қоректік орталар негіздік, элективті және дифференциалды-диагностикалық болып бөлінеді.
IV. Қолданылуы бойынша:
1. Негізгі немесе универсальді (ЕПА, ЕПС)
2. Арнайы – микроорганизмдер қажет
ететін күрделі орта (Левенштейн-Йенсен)
3. Элективті (пептонды су, селениттік
орта, тұзды агар)
4. Дифференциалды-диагностикалық
(Гисс , Эндо, Левин, Плоскирев орталары)
Табиғи жағдайда микроорганизмдердің таза
дақылдары өте сирек кездеседі.
• Әдетте, бактериялардың таза дақылдарын бөліп
алуға
2-3 күн , бірақ кейбір микроорганимздер
үшін , бұл процесс 4-6 аптаға дейін кейінге
қалдырылуы мүмкін.
• Таза дақыл – бір ғана жасушаның немесе
клонның ұрпағы деп сипаттама беруге
болады.Микроағзалардың таза дақылдарын
қатты қоректік ортаның бетінде немесе
өте сирек жағдайда орта ішінде бөліп
алады.
• Таза дақылдарды бөліп алу – бір ғана
жасушаны жасушалар популяциясынан
бөліп алудан басталады.
24. Таза дақылдарды бөліп алудың негізгі этаптары:
• I этап Тығыз қоректік ортаға
егу (колония алу немесе жиынтықты дақылды алу).
• II этап Колонияларды
бақылау, талдау
Микроскопиялықталдаужүргізу
Таза дақылға
арналған бояулы агарлы ортаға себу.
• III этап (таза дақыл). Бактерия культурасын
культуралық, морфологиялық,биохимиялық және
т.б. қасиеттері бойынша идентификациялау.