Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Ағзаның қанайналым жүйесі



Pdf көрінісі
бет102/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   128
Ағзаның қанайналым жүйесі 
Қанайналым жүйесін әдетте, «тасымалдау жүйесі» дейді. Неге бұлай аталатынын өздерің 
әңгімелеулеріңе болады. 
Жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы мен қызметі әрқайсысының даму 
деңгейіне қарай ерекшеліктері болғанымен, жалпы сұлбасы ұқсас. Бұл жүйе қантамыр 
жүйесінің «насосы» – жүректен және қанды бүкіл денедегі ұлпаларға жеткізетін 
қантамырлардан құралады. 
СҰРАҚТАР 
1.  Қанның ядросы жоқ, қызыл түсті жасушалары: 
2.  Эритроциттерден ірі, ядросы бар жасушалар: 
3.  Орыс ғалымы И. И. Мечников лейкоциттерді: 
4.  Эритроциттер түзіледі: 
5.  Қан плазмасында ағзаны әр түрлі микробтардан қорғайтын нәруыздар: 
6.  Ақ қан түйіршіктері олар: 
7.  Антидене нәруыздары түзіледі: 
8.  Организмнің ауру қабылдамайтын қасиеті: 
9.  Организмнің өмір бойы немесе көп уақыт сақталатын иммунитеті: 
10. Қанның қызыл түйіршіктері:  
V ТАРАУ. ОМЫРТҚАСЫЗ ЖӘНДІКТЕРДІҢ ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ 
ҚҰРЫЛЫСЫ. ОМЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ 
ҚҰРЫЛЫСЫ 
Шұбалшаңның қанайналым жүйесі әр буылтықта жеке болады. Сақиналы қан 
тамырлармен өзара байланысқан ірі арқа қантамырынан және құрсақ қантамырынан 


97 
 
тұрады (1-сурет). Бұл екеуінен қылтамырлар тарамдалып, теріні және зәршығару
асқорыту, жүйке жүйесі, т. б. ішкі мүшелерді түгелдей торлап жатады. Дененің алдыңғы 
бөлігіндегі ірілеу сақиналы қантамырлар – «жүрекше» деп аталады. Ол жиырылып 
босаңсуы нәтижесінде қан құрсақ қантамырлармен дененің артқы жағына, арқа 
қантамыры мен алдыңғы бөліміне қарай ағады. Дене қуысына тікелей құйылмай, 
қантамырлары арқылы таралып айналатын қан айналымы тұйық қанайналым жүйесі деп 
аталады. Шұбалшаңның қанайналымы осылай жүзеге асады. 
Ұлулардың, шаяндар мен өрмекшілердің қанайналымы ашық қан айналым жүйесіне 
жатады. Бұл жануарларда қан жүректен, ұшы тұйық емес қантамырларына, одан дене 
қуысына құйылады. Қан ұлпалар арасына жайылып, газ, зат алмасады да (оттегін, нәрлі 
заттарды ішкі мүшелерге олардан береді, қажетсіз заттарды сіңіреді) қантамырлары 
арқылы өкпеде оттегімен қанығып жүрекке келеді. 
Қорытынды. Сөйтіп қан ашық қанайналым жүйесімен қозғалады. Аталған жәндіктердің 
ішінде ұлудың жүрегі ғана екі бөлімнен – құлақшадан және қарыншадан тұрады (86-
сурет). Басқаларының жүрегі бір бөлімді. Бунақденелілерде де қанайналымы ашық; қан 
нәрлі заттарды тасымалдайды; тыныс алуға қатыспайды. 
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы 
Балық омыртқалы жануарларға жатады. Балықтың (1-сурет) жүрегі екі қуысты; ол дененің 
құрсақ жағында орналасқан. Қан жүрек қарыншасынан желбезектерге қарай шығатын ірі 
қантамыры – құрсақ қолқасына өтеді. Қарыншаның қақпақшасы қанның кері ағуына 
мүмкіндік бермейді. Бұл қан, көмірқышқыл газы көп болғандықтан, вена қаны деп 
аталады. Оның түсі қызыл қоңыр болады. Желбезекке келгенде құрсақ қолқасынан оңға 
және солға қарай қантамырлар таралады. Олар желбезекте ұсақ қылтамырларға 
тармақталып, оттегіне қанығады да, артерия қанына айналады. Артерия қан тамырлары 
жинақталып, хорданың астында созылып жатқан арқа қолқасына құйылады. Қолқадан 
дененің барлық мүшелеріне қылтамырлар тармақталады. Ондағы әр түрлі ұлпаларда 
артерия қаны оттегін беріп, көмірқышқыл газын және түрлі қажетсіз өнімдерді сіңіреді де, 
вена қантамырымен ағып, жүректің құлақшасына құйылады. Ол жиырылып, қан 
қарыншаға өтеді. Сөйтіп балықтың қаны бір шеңбер жасап, бүкіл денені айналып шығады. 
Сондықтан балықтың қанайналым жүйесін біршеңберлі қанайналым жүйесі дейді. 
 
 
1-сурет. Балықтың қанайналым жүйесі. 
Қосмекенділердің (2-сурет) жүрегі үш бөлімді, қарыншадан және екі құлақшадан тұрады. 
Қан дененің барлық мүшелерінен вена қантамырымен жүректің оң құлақшасына 
құйылады. Бұл қанда көмірқышқыл газы көп. Сол жақ құлақшаға өкпеден оттегін сіңірген 
қан құйылады. Құлақшалар жиырылған кезде қарыншаға екі құлақшадан біраз қан өтіп, 
артерия мен вена қаны араласады да, денесіне аралас қан тарайды. Қарыншадан ірі 


98 
 
артерия қан тамыры шығып, ол денені бойлап артқы жағына қарай ағады. Одан көптеген 
қылтамырлар шығып, бүкіл ұлпаларды торлайды. Оларды оттегімен, қоректік заттармен 
қамтамасыз етеді. Артерия біртіндеп вена қанына айналып, вена қантамырымен жүрекке 
қарай ағады. Бақаның қанайналым жүйесінде екі шеңбер бар (2-сурет). Қанды жүректен 
бүкіл денеге тарататын артерия қантамырлары мен денеден жүрекке оралатын вена 
қантамырын үлкен қанайналым шеңбері деп атайды. Қанның өкпе мен теріге баратын, 
одан жүрекке қайта келетін тармағы – кіші қанайналым шеңбері деп аталады. 
1
 2 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет