Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


-сурет. 1. Бақаның қанайналым жүйесі. 2. Қарыншадағы аралас қан



Pdf көрінісі
бет103/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   128
2-сурет. 1. Бақаның қанайналым жүйесі. 2. Қарыншадағы аралас қан 
Жорғалаушылардың жүрегі, қанайналым жүйесі бақанікіне ұқсас. Бұларда жүрек үш 
бөлімді: қарыншадан, екі құлақшадан тұрады. Олардың бақадан ерекшелігі жүрек 
қарыншасы жартылай пердемен екі бөлімге бөлінеді. Бірақ перде қарыншаны толық 
бөлмегендіктен артериялық қан мен веналық қан (бақамен салыстырғанда) аз мөлшерде 
болса да араласады. Сондықтан қосмекенділер мен жорғалаушылардың ағзасында зат 
алмасу баяу жүреді де, дене температуралары тұрақсыз, қоршаған ортаның 
температурасына тәуелді болады. Ауа райы салқын солтүстік аймақтарда қосмекенділер 
мен жорғалаушылардың сирек таралғаны және жылы аймақтарда қыста ұйқыға жататыны 
содан. Бұларды салқын қанды жануарлар дейді. 
Құстар мен сүтқоректілердің (3,4-суреттер) жүрегі төрт бөлімнен тұрады. Жүрек 
қарыншасының пердесі оны толық екі бөлімге бөліп, қан араласпайды. Дене мүшелеріне 
таза артерия қаны таралып, өкпеге вена қаны келеді. Бұл жануарларда зат алмасу 
қарқынды жүреді. Дене температурасы тұрақты, қоршаған ортаның температурасына 
тәуелді емес. Оларды жылықанды жануарларға жатқызады. Бұл жануарлар жер бетінің 
барлық аймақтарында таралған. 
 
 


99 
 
3-сурет. Құстың қанайналым жүйесі. 
 
 
4-сурет. Иттің қанайналым жүйесі. 
Қорытынды. Сонымен, көпжасушалы жануарларда шұбалшаңнан бастап қанайналым 
жүйесі болады. Қанайналым жүйесінің құрылысы жануарлардың әр түрлі топтарында 
түрліше және даму деңгейіне қарай біртіндеп күрделенеді. 
СҰРАҚТАР 
1.  Балықтың жүрегі: 
2.  Көмірқышқыл газы көп қан: 
3.  Оттегіне қаныққан қан: 
4.  Қосмекенділердің жүрегі: 
5.  Жорғалаушылардың жүрегі: 
6.  Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі: 
7.  Дене температурасы тұрақты, қоршаған ортаның температурасына тәуелді емес 
жануарларды таңдаңыз: 
8.  Ашық қанайналым жүйесі бар ұлудың жүрегі неше бөлімді? 
9.  Қанды жүректен бүкіл денеге тарататын артерия қантамырлары мен денеден жүрекке 
оралатын вена қантамырын не деп атайды? 
10. Төменде берілген омыртқасыз жәндіктердің қайсысында тұйық қанайналым жүйесі? 
V ТАРАУ. КӨПЖАСУШАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛУЫ. ТІРЕК-ҚИМЫЛ 
ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
Ағза үздіксіз қозғалыста тіршілік етеді. Қимыл-қозғалыстың түрі өте көп. Тіпті ұйқыда 
жатқан жануарды мұқият қарап, бақыласаңдар, денесінің алуан түрлі қимылдап-қозғалып 
жататынын байқайсыңдар. Жануар ағзасындағы көптеген қимыл-қозғалыстар мен 
(тынысалу, қанайналымы, астың қорытылуы, т. с. с.) таныстыңдар. Жануарлар бүкіл 
денесімен иіліп, бүгіліп немесе адымдап, жүгіріп орын алмастырып қозғалады. Жануарлар 
мұндай қозғалыс арқылы өз тіршілігіне қауіпті жағдайлардан қорғанады (амебаның тұз 
ери бастаған тамшыдан тұзы жоқ тамшыға өтуін еске түсіріңдер). Ол тіршілігіне қажетті 
жағдайларды іздеп табады (кірпікшелі кебісшенің пішен бактериялары көп жиналған 
жерге «жүзіп» баруы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет