14
Су жинаушы ұлпаның жасушаларының қабығы қалың, ірі болады. Вакуолінде желімтек,
созылғыш заттар бар, ол ылғалды сақтап тұрады. Су жинаушы ұлпа шырынды (кактус,
бозкілем, семізот, алоэ, агава) және сортаң (тұзы көп) жерде өсетін өсімдіктерде (сораң,
сарсазан) болады.
Алоэ суды шырынды жапырағына, кактус өркеніне (сабағына)
жинайды.
Жасушалар арасындағы кеңістіктер ауаға толы болады. Іші ауаға толы жасушалар әсіресе
сулы және батпақты жерде өсетін өсімдіктерде кездеседі. Олар ұлпаларды оттегімен
қамтамасыз етеді. Су өсімдіктерінің жапырақтарын көмірқышқыл
газымен байытып, суда
қалқуын жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: