15
қарасорада (конопля) 8-40 мм, қалақайдікі 5-55 мм-ге дейін жетеді. Бұлар өте мықты
болғандықтан себет, бас киім, т. б. тоқу үшін пайдаланылады.
Жануарлар денесінде
сүйектерден түзілген қаңқасы тірек болса, өсімдіктерде тірек ұлпасы «қаңқасы» болып
саналады.
Өсімдік мүшелеріндегі тірек ұлпаларының орналасуында белгілі заңдылық бар. Осы
заңдылықты зерттеп, құрылыста пайдаланады. Зәулім үйлерді, биік мұнараларды, шағын
бағаналарды, көпірлерді, аспалы жолдарды тірек ұлпа орналасуы тәртібін қайталап
отырып, жасайды. Мұндай құрылыстар бірнеше жүздеген жыл
өтсе де бұзылмай,
сақталып тұра береді.
СҰРАҚТАР
1. Қыртыс:
2. Негізгі ұлпа:
3. Су жинаушы ұлпа:
4. Жабын ұлпа:
5. Атқаратын қызметіне байланысты негізгі ұлпалар:
6. Ағаш діңдерінде, бұтақтарында, тамырларында жаңа қабаттар пайда болып:
7. Өсімдік сабағында, пиязшығында, жапырағында, жемтамырында кездесетін ұлпалар:
8. Негізгі ұлпа:
9. Жасуша қабықшасы жұқа, цитоплазмасы қабықшаны астарлай орналасқан:
10. Жасушаларының қабығы жұқа,
жасушааралықтары кең, хлоропластары көп ұлпа:
11. Фотосинтез реакциясы жүретін ұлпа:
12. Қиыршық жасушалар:
13. Өң:
14. Жасушалар тобы:
15. Тоз:
16. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-бірімен тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады:
17. Жасушаларының қабығы қалың, ірі болатын ұлпа:
18. Сабақтың, тамырдың ең ұшына орналасқан түзуші ұлпа жасушалары:
19. Өсімдіктердің ұзарып өсуі, ағаштың жуандауы, жас жапырақтардың үлкеюі:
20. Жасушаларының қабығы қалың, қатты, өсімдіктің сабақтарында, жапырақтарында,
жемістерінде болатын ұлпа:
21. Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайларынан сақтайтын ұлпа:
22. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде кездесетін ұлпа:
23. Өсімдіктердегі ұлпалардың түрлері:
24. Барлық ұлпалардан бұрын түзілетін ұлпа:
25. Шығу тегі,
құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобын:
I ТАРАУ. ӨТКІЗГІШ ЖӘНЕ БӨЛІП ШЫҒАРУШЫ ҰЛПАЛАР
1.
Өткізгіш ұлпа – қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді.
Тамырдың сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін жер үсті мүшелеріне
жеткізеді. Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесі тамырға өткізеді.
Атқаратын қызметіне байланысты өткізгіш ұлпа жасушаларының пішіндері де түрліше
болып өзгерген. Ұзынша жасушасының қабырғасы ағаштанған (сүректенген) қалың.
Жұқарған жерлері (саңылауы) арқылы қоректік ерітінді сүзіліп екінші жасушаға өтеді.
Жапырақта түзілген органикалық заттарды барлық мүшелеріне жеткізетін тірі жасушалар
сүзгілі түтіктер деп аталады. Бұл жасушалардың қабырғаларында өте көп сүзгі тәрізді
16
ұсақ саңылаулар болады. Сүзгілі түтік жасушалары ағаштар мен бұталарда 3-4 жылдан
кейін бітеліп, өлі жасушаға айналады. Өсімдікте өткізгіш ұлпа,
тірек ұлпасы, қоректік
ұлпа бірлесіп, өткізгіш шоқ немесе түтікшелі-талшықты шоқ түзеді. Өткізгіш шоқтардың
екі ұшы сүйірленген ұзынша жасушалары сүректе орналасады. Сүзгілі түтік
жасушаларының топтасқан бөлімі қабықта болады.
2.
Бөліп шығарушы ұлпа. Өсімдіктің жануарлар сияқты керексіз заттарды бөліп
шығаратын арнаулы мүшелері болмайды. Өсімдікте орналасуына байланысты бөліп
шығарушы ұлпа жасушаларының пішіндері әр түрлі.
Жасуша қабықшасы қажетсіз
заттарды бөліп шығару үшін жұқа күйінде ұзақ сақталады. Керексіз заттар жасушада
шектен тыс артық жиналғанда цитоплазмасы жойылып, қабықшасы қатайып, қалыңдап
тозданады. Керексіз заттар өсімдіктің зақымданған жерінен шайыр түрінде бөлінсе,
жапырақтан артық тұздар тамшы (сұйық ерітінді) күйінде бөлінеді. Керексіз қалдық
заттар өсімдік жапырақтарын түсіргенде, қабықтары сылынған кезде түгелімен сыртқа
шығарылады. Сондықтан бөліп шығарушы ұлпа дейді.
Өсімдікте зат алмасудың нәтижесінде бөлінетін қатты және сұйық заттардың бөліп
шығарылуы ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады. Бөлінген заттар
өсімдікті ауру
тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайды.
Бөлінетін заттардың біразы өсімдіктің ішінде қалса, біразы сыртқа шығарылады.
Сондықтан олар ішке бөлетін және сыртқа шығаратын ұлпалар деп екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: