Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


-сурет. Өркен түрлері.  А. Ұзарған өркен:  Ә. Қысқарған өркен:  1 – буынаралығы;  2 – жылдық өсуі.  Бүршіктің түрлері



Pdf көрінісі
бет25/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128
1-сурет. Өркен түрлері. 
А. Ұзарған өркен: 
Ә. Қысқарған өркен: 
1 – буынаралығы; 
2 – жылдық өсуі. 
Бүршіктің түрлері. Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және қолтық 
бүршік деп бөлінеді. Төбе бүршік ұрықта қалыптасады, одан болашақта өркеннің барлық 
мүшелері түзіледі. Төбе бүршіктен өсімдік ұзарып өседі (2-сурет). Қолтық бүршік (жанама 
бүршік деп те атайды) жапырақ қолтығында орналасады. Өсімдік түріне қарай бір 
жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) 
болады. Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады. Бүршіктің және бір 
түрі қосалқы бүршік деп аталады. Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі олар өсімдіктің кез 
келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамиды. Мысалы, 
қалуеннің (осот) тамырынан жер бетіне қаулап өсетін атпалар (тамыр атпасы), кескен 
ағаштың томарының айналасына өсетін шыбықтар және т.б. Көптеген өсімдіктердің 
жапырақтарында дамитын қосалқы бүршіктер әсіресе бөлме өсімдіктерде анық 
байқалады. Мысалы, бриофиллюм (каланхое) жапырақ тақталарының жиегінде қаз-қатар 
тізіліп қосалқы бүршіктер шығады. Ол бүршіктердің әрқайсысы жапырақтан ажырап 
түсіп, өзінше жас өркендердің бастамасын береді. Көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау 
қолтық бүршіктер мен қосалқы бүршіктер ашылмай тыныштық күйге ауысады. 
Ол бұйыққан бүршік делінеді. Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап, 
өте баяу өседі. Бұйыққан бүршіктер гүлшетен, үшқат, сары қараған, ырғай, тобылғы 
бұталарынан басқа көп жылдық шөптесін өсімдіктерде де болады. Әсіресе бұталардың 
түптенуі осы бүршікке байланысты. Ағаштардың зақымдануы, басқа бүршіктердің өсуі 
баяулаған кезде бұйыққан бүршіктер дереу белсенді өсе бастайды. Оған ағаш дінінің 
кесілген бұтақтары мен кесілген ағаш түбінен өскен өркендер мысал болады. 


26 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет