Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет26/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   128
Бүршіктің ішкі құрылысыКөктемде кез келген ағаштың бүршігін дәл ортасынан 
ұзынынан теңдей 2-ге бөліп, ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қараймыз. Бүршіктің сыртын 
қалың, тығыз қабыршақтар қаптайды. Қабыршақтың саны өсімдік түріне қарай 1, 2, 3 
және одан да көп болады. Қабыршақ – түрі өзгерген сыртқы жапырақтар. Қабыршақтар 
құрғақ, жабысқақ, шырышты, түкті, қоңыр, қызғылт, сарғылт түсті болады. 
Қабыршақтарының түкті, жабысқақ болуы су булануын азайтып, үсуден, құстардың 
шоқып, зақымдауынан қорғайды. Әдетте бүршіктердің пішіндері мен қабыршақтарының 
ерекшеліктеріне қарап, өсімдік түрлерін оңай ажыратуға болады. 
Бальзамды теректің бүршік қабыршақтары өзінен бальзам бөлетіндіктен жылтыр, өткір 
иісті. Қолмен ұстағанда саусаққа желім сияқты жабысады. Сыртында қабыршағы 
болмайтын ашық бүршікті өсімдіктерге морт сынғыш итшомырт жатады. 
Ашық (қабыршағы жоқ) бүршіктердің сыртын бөбешік жапырақтар, жапырақ қынабы 
жауып тұрады. Бүршіктің ішкі жағында дәл ортасынан біркелкі тығыз ақшыл-сары түсті 
бастапқы сабақты көреміз. оның жан-жағынан бастапқы жапырақшалар көрініп тұрады. 
Бастапқы сабақтың ұшы өсу нүктесімен бітеді (2-сурет). 
Бүршік көктемде өсімдіктің тамырында, сабағында жиналған қоректік заттар қорымен 
қоректеніп, ісінеді. Сыртындағы қалың қабыршақтары түсіп, ашылады. Қабыршақтың 
үзіліп түскен жерінде сақина тәрізді дөңгелек із қалады. Сол ізден бастап өлшегенде 
өркеннің бір жылда қанша мөлшерде өскені анықталады. Әдетте ең ірі төбе бүршіктері 
мен жанама бүршіктер ғана ашылып, өркен дамиды. 
 
2-сурет. Өркен және бүршік: а) өркеннің құрылысы; ә) бүршіктің ішкі құрылысы (тігінен 
қақ жарып көрсетілген). 
 
Өсу бүршігінің құрылысы Гүл бүршігінің құрылысы 
Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: өсу бүршігі және 
гүл бүршігі (3-сурет). Өсу бүршігі тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған 
өркен мен жапырақ өсіп шығады. Гүл бүршігі тек қысқарған өркенге орналасады. 
Ұзынынан жарып қарағанда бастама сабақтың жан-жағына гүлшанақтар (ашылмаған 
гүлдер) бекиді. Гүлшанақ гүл шығарып, жеміс береді. Бірі – өсу, екіншісі – көбею бүршігі. 
Бүршік бастама сабақтан, бастама жапырақтан тұратындықтан, өркен дамиды. 
СҰРАҚТАР 


27 
 
1.  Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ: 
2.  Сабақ: 
3.  Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі: 
4.  Бір буын мен екінші буынның арасын: 
5.  Жапырақтың сабаққа орналасқан жерін: 
6.  Қолтық бүршік: 
7.  Төбе бүршіктен: 
8.  Қолтық бүршіктен: 
9.  Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі: 
10. Бұйыққан бүршік: 
11. Бұйыққан бүршіктер: 
12. Бүршіктің сыртын: 
13. Қабыршақ: 
14. Жапырақ тақталарының жиегінде қаз-қатар тізіліп бүршіктер шығатын өсімдік: 
15. Жылтыр, өткір иісті саусаққа желім сияқты жабысатын өсімдік: 
16. Сыртында қабыршағы болмайтын ашық бүршікті, морт сынғыш өсімдік: 
17. Бастапқы сабақ: 
18. Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай: 
19. Өсу бүршігі тек: 
20. Гүл бүршігі тек: 
21. Гүлшанақ: 
22. Бүршік көктемде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет