Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


тамырсабақты, қысқа тамырсабақты



Pdf көрінісі
бет32/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

тамырсабақты, қысқа тамырсабақты өсімдіктер деп бөлінеді. Тамырсабақтар 
– жатаған (бидайық, қоңырбас, бетеге), қысқарған (бүлдірген, 
шыршай), шырынды (қырлышөп, құртқашаш), түйнек тәрізді (канна) деп бөлінеді. 
Тамырсабақта қоректік заттар қоры мол жиналатын дықтан суыққа өте төзімді. 
Тамырсабақ та өнеркәсіп пен медицинада пайдаланатын әр түрлі заттар қорға жиналады. 
Мысалы, бояғыш заттар (риян), эфир майы мен ұшқыш қышқылдары бар шүйіншөп 
(валерьяна), қант (бидайық), крахмал (кендір) және т. б. 


33 
 
 
 
2-сурет. Інжугүл мен жатаған қазтабанның тамырсабақтары (1); қосалқы тамырлар 
(2). 
Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің 
ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп түйнекке айналады. Түйнектің бүршік 
қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майда қабыршақ тәрізді. Жетілмеген 
жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзше дейді. Түйнектегі бүршіктер сабақтағы 
сияқты кезектесіп орналасады. Түйнектің жер асты өркенге жалғасқан жерін – негізі, оған 
қарама-қарсы жағын төбесі дейді. Жапырақ ізі (көзшесі) мен бүршіктер төбе жағында 
жиірек орналасады. 
Түйнектің сыртын тоз қабық қаптайды. Картоп өсімдігінің түбіне топырақты неғұрлым 
көбірек үйіп түптесе, соғұрлым түйнектер көбірек түзіледі. 
Картопты көбінесе түйнектері арқылы көбейтеді. Түйнектен жер үсті өркендері дамиды. 
Уақыты жеткенде гүлдеп жеміс түзіледі. Жемістерінің үлкендігі шиедей, жидек жеміс деп 
аталады. Картоп жемісі – жидек жеміс, жер асты түйнегі түрін өзгерткен өркен. Жер асты 
түйнекке жер алмұрты (топинамбур) жатады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет