Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет64/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128
Шырынды жемістер (1-сурет) шырыны мол, жұмсақ болады. Олар жидек, жидек 
тәрізді, сүйекті шырынды деп бөлінеді. Жидек жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, 
ішінде тұқымдары көп шырынды. Мысалы: қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім, қарақат, 
картоп, баклажан жемістері. Жидек тәрізді жемістер – көп ұялы, көп тұқымды. Жемістің 
сыртқы қабатында эфир майы көп, сары, қызғылт – сары түсті. Ортаңғы қабаты мақта 
тәрізді борпылдақ, кебу, ақ түсті. Сыртқы қабаты мен ортаңғы қабаты бірігіп жеміс 
қабығын түзеді. Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы. Мұндай жемістілерге – апельсин, 
мандарин, лимон жатады, өзінше гесперидий (померанец) тобына жатқызады. Асқабақтар 
тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемістері жидек тәрізді делінгенмен, өз алдына 
асқабақты жемістер деп аталады. Оларға: қияр, қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Алма 
жемісінің түзілуіне жатыннан басқа гүлтабаны, тостағанша мен күлтенің түбі, аталықтың 
төменгі бөлігі қатысады. Алма 5 ұялы жатыннан дамитындықтан жемісінің ішкі бөлігі 
қатты болады, әр ұясында 2-ден тұқым орналасады. Сыртқы қабаты шырынды. Сондықтан 
алма өзінше «алма жеміс» деп аталады. Алма жеміске: алма, алмұрт, беже және т.б. 
жатады. 
 
 
 
Алма Шие (сүйекті шырынды) Алхоры (сүйекті шырынды) 
 
 
Қарлыған (жидек) Жүзім (жидек) 
1-сурет. Шырынды жемістер. 


63 
 
Сүйекті шырынды жемістердің сыртқы қабаты жұқа, ортаңғы қабаты қалың етті – 
шырынды, ішкі қабаты – қатты сүйектенген. Бір тұқымды жемістерге шие, алхоры, өрік, 
шабдалы және т.б. жатады. Сүйекті жемістердің құрғақ түрі де кездеседі, мысалы, бадам, 
грек жаңғағы, кокос пальмасы және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет