4. Қанатты жеміс – жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған. Жел арқылы
таралады (үйеңкі, шегіршін, қайың, шаған және т. б.).
5. Дәнек – бір тұқымды жеміс. Тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен. Бидай,
жүгері, арпа, тары, күріш жемістері дәнек деп аталады.
6. Тұқымша – дәнектен айырмашылығы жеміс серігі тұқымымен бірікпеген. Көбінде
үлпек айдаршасы болады (бақбақ, күнбағыс, қалуен, өгейшөп, таусағыз, кекіре).
7. Жаңғақ жемістің жеміс серігі ағаштанып қатайып кетеді. Тұқымдары жеміс серігімен
бірікпей бос жатады (емен жаңғағы, жаңғақша және т. б.).