Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет44/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   128
1-сурет. Жарықта, жасыл жапырақта органикалық заттың түзілу тәжірибесі. 
1. Пеларгония герань (қазтамақ) бөлме өсімдігі. 
2. Жапырақ жұмсағының көлденең кесіндісіндегі хлорофилл дәндері. 
3. Хлорофилл дәндерінің бірнеше мың есе үлкейтілгендегі жеке көрінісі. 
4. Жарық түскендегі жасыл түсті жапырақ. 
5. Тәжірибе үшін жапырақтың біраз жерін ғана қара қағазбен жабу. 
6. Жапырақты түгелдей (ашық жерін қалдырмай) қара қағазбен жапқандағы көрінісі. 
7. Қара қағазбен түгел жабылмаған жапырақты кесіп алып қайнаған ыстық суға 1 минутқа 
салу. 


42 
 
8. Ыстық судан алып спиртте қайнату (қауіпсіздікті сақтау үшін спирт бар ыдысты су 
ваннасына орналастыру). 
9. Спирттегі түссізденген жапырақты сумен шайып йодтың әлсіз ертіндісін тамызу. 
Крахмал бар жер көк түске боялады. 
Фотосинтез кезінде оттегі бөлінеді. Оны дәлелдеу үшін мына тәжірибені жасап көруге 
болады: бөлме өсімдігі традесканцияның кішкене 2 өркенін алып, ішіне аздап су құйылған 
шыны ыдысқа салады. Екі ыдыстың ішіне жанған май шамды сөнгенше ұстайды. Майшам 
сөнген кезде ыдыстың бетін әйнекпен жабады. Біреуін жарық жерге, екіншісін қараңғы 
жерге қояды. Бір аптадан соң тағы да ыдыстың ішіне жанған шырақты ұстайды. Жарыққа 
қойған ыдыста шырақ жануын тоқтатпайды. Қараңғыға қойылған ыдыстағы шырақ тез 
сөніп қалады. Жасыл өсімдік оттегін тек жарықта ғана бөлетіні белгілі болды. 
СҰРАҚТАР 
1.  Жапыраққа күн сәулесі түскенде: 
2.  Фотосинтез: 
3.  Өсімдіктердегі қанттың түзілуі: 
4.  Көмірқышқыл газы мен тамырдан келген су қосылып: 
5.  Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған: 
6.  Фотосинтез әсерінен түзілген қант хлоропластарда өзгеріп, қандай затқа айналады? 
7.  Жапырақта бөлінген оттегі ауаға қалай таралады? 
8.  Жарық әсерінен фотосинтез кезінде атмосфераға қандай зат бөлінеді? 
9.  Фотосинтездің ашылу тарихы қай жылдан бастау алады? 
10. Алғаш өсімдіктердің органикалық заттарды өздері  түзе алатындығын дәлелдеді? 
IV ТАРАУ. ЖАПЫРАҚТЫҢ СУДЫ БУЛАНДЫРУЫ. ЖАПЫРАҚТЫҢ 
ТҮРӨЗГЕРІСТЕРІ 
 
Өсімдік тіршілігіне қажетті құбылыстың бірі – суды буландыру. Өсімдіктер суды 
жапырақтары арқылы буландырады. Неғұрлым жапырақ тақтасы үлкен болса, соғұрлым 
су көп буланады. Жапырақтың суды буландыруын білу үшін кез келген бөлме өсімдігінің 
өркенін (жапырақтары бар сабағы) алады. Өсіп тұрған жерінде үзіп алмай, жеңіл, аузы кең 
шыны ыдысқа кигізеді. Аузын мақтамен тығындап, ыдысты тұрғыға бекітеді (1-сурет). 
Екі-үш күн өткенде ыдыстың қабырғасы мен түбінен су тамшыларының жиналғанын 
көреміз. Екінші тәжірибеге ішіне су құйылған 3 сынауыр (пробирка) немесе тарлау ыдыс 
алады. Біріншісіне қалыңдығын 0,5 мм өсімдік майын құйып, ішіне жапырағы бар өркенді 
салады. Екінші сынауырдағы суға да май құйып, еш нәрсе салмайды. Yшінші 
сынауырдағы суға май құймайды, өсімдік те салмайды. 2-3 күн өткен соң қарағанда 
бірінші сынауырдағы су өркеннің жапырақтары арқылы буланып, азаяды. Екінші 
сынауырдағы судың деңгейі өзгермеген. Бетіндегі май суды буланудан сақтайды. Yшінші 
сынауырдағы су бетінде майы болмағандықтан, ауаға буланып азайған. Су – жапырақ 
өңіндегі жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы буланады. Су жеткіліксіз болса, 
саңылау жабылып, булану тоқтайды. Өсімдікке су жетіспесе өсуі баяулайды, солып, 
қурайды. Су өсімдік бойымен (сабағымен) минералды тұздардың ерітіндісінің қозғалуы 
үшін қажет. Судың қатысуымен жапырақта органикалық заттар түзіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет