Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет43/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   128
1-сурет. Жапырақтың ішкі құрылысы (көлденең кесінді) және жапырақ өңінің 
жасушалары. 
 
 
СҰРАҚТАР 
1.  Жапырақтың қызметі: 
2.  Жапырақтың кеңейген (жалпақ) бөлімі: 
3.  Жапырағы ине тәрізді өсімдіктер: 
4.  Жапырағы жебе тәрізді өсімдіктер: 
5.  Жапырағы жүрек пішінді өсімдіктер: 
6.  Қынапты жапырақтар: 
7.  Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы: 
8.  Саусақ салалы күрделі жапырақты өсімдіктер: 
9.  Таспа тәрізді жапырақты өсімдіктер: 
10. Жұп қауырсындылар: 
11. Тақ қауырсындылар: 
12. Жүйкелену деп: 
13. Жапырақтары доғалы жүйкелі өсімдіктер: 
14. Жапырақтары қауырсын тәрізді торлы жүйкелі өсімдіктер: 
15. Жапырақтары саусақ салалы жүйкелі өсімдіктер: 
16. Жапырақтары параллель (қатарласа) жүйкелі өсімдіктер: 
17. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан өсімдіктер: 
18. Жапырақтары топтанып орналасқан өсімдіктер: 
19. Жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан 2 жасуша: 
20. Өң жасушалары: 
21. Жарық мол түсетін үстіңгі өңнің астына жанаса жататын жасуша: 
22. Жасушалары тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болатын: 
23. Күн сәулесі мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында: 
 
 
 
 
IV ТАРАУ. ЖАПЫРАҚТА ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ЖАРЫҚТА ТҮЗІЛУІ 


41 
 
 
 
Фотосинтездің ашылу тарихы 1630 жылдан басталады. Голландиялық Ван Гельмонт 
өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай өздері түзетінін дәлелдеген. 
Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған атақты орыс ғалымы Климент 
Аркадьевич Тимирязев (1843-1920). 
Жарықта қанттың жапырақта түзілуін тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады (1-сурет). Кез 
келген бөлме өсімдігін (жапырақтары қалың, жылтыр болса тәжірибе шықпайды) әбден 
суарып, екі тәулік қараңғы жерге қояды. Жапырақта бұрыннан түзілген крахмалдар 
тамырға кетіп, жапырақтар крахмалсызданады. Екі тәуліктен соң өсімдікті қараңғы 
жерден алады. Екі-үш жапырағының біраз бөлігін жарық өтпестей етіп қара қағазбен екі 
жағынан жабады (жапырақ тақтасы қара қағазбен тұтас жабылмай, біраз бөлігі ашық 
қалуы керек). Бір тәулік жарық жерге қояды. Бір тәулік өткен соң жапырақты кесіп алады. 
Қара қағаздан босатып, алдымен ыстық суға бір минуттай салу (қайнату) керек (крахмал 
дәндері ісінеді). Судан алып жапырақ түссізденгенше спиртте қайнатылады (спирт 
құйылған ыдысты суы бар ыдысқа орналастыру қажет, (су ваннасы) ыдыстағы су қайнаған 
кезде спирт те қайнайды). Түссізденген жапырақты алып, суық сумен шайып, жайпақ 
ыдысқа салады. Бүктелген жерлерін сапты инемен түзетіп үстіне йодтың әлсіз ерітіндісін 
тамызады. Бір-екі минуттан кейін жапырақтың жарық түскен жері (жабылмай қалған) 
көгереді. Қараңғыланып жабылған жері өзгеріссіз қалады. Демек, қант жапырақта тек 
жарық түскенде ғана түзіледі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет